ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 57
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Типтік оқу бағдарламасы
___________________________________________________
Жоғары кәсіптік білім
«Бекітемін»
ОӘжТЖ проректоры
проф. Шортанбаев А.А.
_____________________
«___»___________2008ж
Валеология мамандықтары бойынша :
051301 «Жалпы медицина »
041104 «Тіс емдеу »
(сағат саны -50)
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі
Алматы 2008
№ 051301 – « Жалпы медицина» № 041104 – « Тіс емдеу » мамандықтары бойынша , 2006 ж. мемлекеттік білім стандыртына сәйкес пәннің типтік оқу бағдарламасын м.ғ.к., проф. Әбішова З.С., м.ғ.к., доцент Жетписбаева Ғ.Д. құрастырды .
«15» мамыр 2008 ж. қалыпты физиология кафедрасының мәжілісінде қаралды. Хаттама №11
Қалыпты физиология кафедрасы
валеология курсының меңгерушісі , профессор Соколов А.Д.
Типтік оқу бағдарламасы 22.05.2008 ж. медико-биологиялық мамандығының пәні бойынша циклдық әдістемелік комиссиясы талқылады. Хаттама №5
ЦӘК. төрағасы, профессор Юй Р.И.
С.Ж.Асфендияров ат. КазНМУ-дың методикалық кеңесінде мақулданды. «16» 06.2008 ж.,хаттама №5
Төраға, прфессор: А.Аканов
Алғы сөз
-
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Универиситеті әзірлеген және ұсынған
-
Алғаш рет енгізілген -
Типтік оқу бағдарламасы 2006 жылғы мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес 0513001 «Жалпы медицина », 051104 «Стаматология » мамандықтары бойынша жасалды.
Бұл типтік бағдарламаны Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің рұқсатынсыз шығаруға, таратуға болмайды.
Мазмұны:
1. Түсініктеме хат 3
2. Пәннің мазмұны 5
3. Білім беру және оқыту әдісі 9
4. Білім бағалау 9
5.Құрал жабдықтар және жабдықталуы 10
6. Пән сағатын бөлу 10
7.Дәрістер, тәжірибелік сабақтар, СӨЖ-дің тақырыбтық
жоспарлары . 10-12
8.Ұсынылған әдебиеттер тізімі 12
9. Авторлары 13
Түсініктеме хат
Валеология – денсаулықты сақтау және оны нығайту туралы ғылым. Соңғы он жыл шамасында дүниежүзіндегі көптеген елдерде, сонымен бірге ТМД-ға мүше елдердегі халық денсаулығының едәуір нашарлауына және адамның өмір сүру деңгейінің қысқаруына байланысты – осының себептерін анықтайтын және салауатты өмір сүруді қалыптастыру бағытындағы адам денсаулығы жөніндегі ғылым болып қалыптасты. Бұл ғылымның негізін қалаушы профессор И.И.Брехман болып саналады(1980ж.). Адам денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің төмендеуі көптеген себептер мен факторларға, денсаулық туралы ілім жаңалықтарынан адамдардың беймағұлымдығына және немқұрайлығына да байланысты екенін аңғарамыз. Сонымен бірге аурудың алдын алудың бірінші деңгейдегі бірегей амалдар жүйесінің едәуір нашарлауы да осындай жағдайларға әкеп соқты .
Медицина ғылым болып қалыптасқаннан бері оның басты мақсаты – адам денсаулығын сақтау және нығайту, ал ауруларды емдеу –медициналық докторинаның екінші бөлімін құрастырады деген тұжырымға ден қойсақ, көне шығыс ғалымдарының денсаулық сақтауды өте дәріптегенін көреміз .
Кез келген заманның медицина саласымен айналысқан кемеңгерлері денсаулықты табиғаттың керемет сыйы ретінде бағалап, денсаулықты сақтауға көп мән берген .
Адам денсаулығы деген ұғым бір ғана шеңбер ауқымында қарастырылмауы керек, ол көптеген факторларға тәуелді, ішкі және сондай-ақ сыртқы себептермен бірге, бір адамның және тұтастай әлеуметтік, мемлекеттік тұрғыдағы денсаулығына кемел, ұтымды да, тиімді қөзқарастарды қалыптастырғанда ғана денсаулық ауқымын тұтастай қамтуға болады .
Валеологияның обьектісі – дені сау немесе ауырайын деп жүрген адам болып табылады. Бұндай адамдар денсаулық сақтау ұйымының назарынан тыс қалады. Валеология осындай адамдармен жұмыс жасай отырып, денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтын қалыптастыруда адам ағзасының қызметтік қорларын пайдаланады .
Пәннің мақсаты:
Студенттерге денсаулық сақтау және нығайтудың әдістерін мен тәсілдерін үйрету, өзінің денсаулығына және өз ортасының денсаулығына сауатты көзқарасқа тәрбиелеу.
Пән міндеті:
1. Адам денсаулғын және адам ағзасының қорларын анықтау және сандық баға беру.
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру .
3. Студенттерге денсаулықты сақтау және нығайту әдістерін үйрету
Оқудың қорытынды нәтижелері
Студент нені білуі керек:
-
Пәннің мақсатын, міндетін және оның болашақ мамандық үшін маңыздылығын; -
Денсаулық туралы негізгі түсінікті; -
Денсаулыққа қауіп төндіретін факторларды; -
Денсаулықтың жасқа байланысты ерекшеліктерін; -
Денсаулық сақтау әдістері мен тәсілдерін; -
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негіздерін; -
Ағзаны сауықтырудың әдістерін;
Нені игеруі керек:
-
Жеке адамның және ұжымдық денсаулық сақтаудың деңгейін талдау және болжауды; -
Денсаулық сақтау және нығайту үшін қажетті валеологиялық білімді қолдануды; -
Оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуді;
Қандай дағдыларды игеруі керек:
-
Антропрометриялық көрсеткіштерді өлшеуді; -
Артериялдық қан қысымын өлшеуді; -
Жүрек қағысы мен тыныс алу жиілігін анықтауды; -
Өкпенің тіршілік сиымдылығын анықтауды (ӨТС); -
Адам денсаулығын сипаттайтын жүктемелерге сынақ жүргізуді ( Мартине сынамасы, , Штанге сынамасы, Генче сынамасы, Гавард степ-тесі, Купердің 12-минуттық сынамасы); -
Балалалар мен іштегі нәрестелердің физикалық дамуын есептеуді; -
Сауалнама жүргізу,тестер ; -
Ағзаны сауықтыру және шынықтыруды;
Валеология пәнін оқығанға дейінгі және кейінгі пәндер:
Пәнге дейінгі: философия, психология, педагогика, анатомия , физиология .
Пәннен кейінгі: жалпы гигиена , терапия, гинекология , отбасылық медицина.
3.Пән мазмұны
Жалпы валеология
Кіріспе :
Валеологияның зерттеу объектісі – адам, оның өмір сүру сапасын көрсететін категория ретіндегі – жеке денсаулығы. Басқа ғылымдарға қарағанда валеология адам денсаулығын өзінше бөлек категория ретінде қарастырады, оның мәні сан және сапа жағынан да анықталуы, сондай ақ әр түрлі деңгейлерде – физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік- экономикалық болжануы мүмкін. Валеология ағзаның жеке жүйелерінің қорларын,олардың психофизиологиялық және регенеративтік тұрақты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, өзара бейімделу– компенсаторлық қызметін зерттейді.
Валеологияны зерттеудің әдістері:
- клиникалық- физиологиялық (артериялық қан қысымының антропометриялық көрсеткішін, қан ағымының минуттік және систолалық көлемін, тамыр соғысының және тыныс алу жиілігін, өкпенің тіршілік сйымдылығын, жүктемелік сынаманы өлшеу және т.б);
-
гигиеналық (адам ағзасына қоршаған ортаның жәйсіз факторлары әсерін); -
әлеуметтік (сауалнама); -
психофизиологиялық (тестер, сұрақтар, тұлғалық мазасыздануды бағалау және т.с.); -
ағзаны сауықтыру және шынықтыру әдістері (қимыл белсенділігі , рефлексотерапия , аутотренинг, тыныстау гимнастикасы , тиімді тамақтану т.б.); -
отбасын құруды жоспарлау әдістері (контрацепция).
Валеология терминін (латынша valeo-дені сау болу, logos- ілім, ғылым деген ұғымды білдіреді ) алғаш рет И.И.Брехман 1980 жылы айналымға енгізді .Валеология қазіргі кезде ғалымдық деңгейдегі ең бір шешілмеген мәселелелерге – бүкіл адамзамат үшін өмірлік маңызы бар адам денсаулығын сақтау, нығайту және қалыптастыру мәселелелеріне байланысты пайда болды.
Валеология адам денсаулығын сақтаудың әлеуметтік қажеттілігін меңзейтін ғылым ретінде бүгін ғана пайда болған жоқ. Бұл міндет адамзат алдында әр кезде тұрған. Алайда оның шешімін табу осы бүгінгі күні ғана мүмкін болып отыр, өйткені адамды терең біле бастадық, оның биологиялық, физиологиялық, психологиялық мәні диагностикаға, болжауға, ағзадағы жүйелердің жағдайын және олардың өзара қарым-қатынасын басқаруға, болжауға жоғары мүмкіншілік жасап отыр.
Негізгі ұғым
Студенттерге онтогенездің әр түрлі кезеңіндегі жыныстық деморфизмді ескере отырып, мүшелер мен жүйелердің құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері туралы түсінік беру керек. Өмір сүрудің физиологиялық тетіктері, ағзадағы ішкі ортаны тұрақтандырытын реттеуші жүйелердің өзара қарым-қатынасы және өмірдің әртүрлі жағдайларында адамның орынды мінез құлқын қалыптастыру туралы мәліметтерден хабардар болуы қажет.
Денсаулық–экологиялық категория. Қолданбалы мәнде дені сау адам. Абсолюттік денсаулық. Денсаулық ағзаның қоршаған ортамен байланысындағы біркелкілігі іспетті. Денсаулық тұрақтылықты сақтаудың амалы, ортаның сандық және сапалық өлшемдеріндегі өзгерістерге деген икемділігі. Денсаулық адамның биологиялық, әлеуметтік және психологиялық бірлігінің көрінісі ретінде. Денсаулық анықтамасы (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, академик В.П.Казначеев және т.б. ).
Дене және психика саулығы. Жеке адамның және қоғамның денсаулығы, олардың өлшемдері. Денсаулықтың бір қалыпты болуы жеке адамның денсаулығының өлшемі іспетті. Денсаулықтың бір қалыпты болуы туралы ұғым. Физиологиялық қалып. Жеке адамның қалыптасуындағы онтогенетикалық және физиологиялық өзгерістеріндегі генотиптің, фенотиптің рөлі. Денсаулықты бағалаудағы қалып ұғымының жеткіліксіздігі .
Денсаулықтың «саны» мен «сапасы » туралы ұғым. Денсаулық қоры . Денсаулықтың саны мен сапасы – негізгі қызмет атқаратын жүйелердің «қорлық мүмкіндіктерінің » қосындысы ретінде.
Бағдарламалық материял.
Валеология –адам денсаулығы туралы ғылым
Валеология – адам денсаулығы туралы ғылым. Оның пайда болу тарихы және дамуы. Бүкіл әлемдегі, ТМД елдеріндегі және Қазақстандағы тұрғындар денсаулығының жағдайы. Валеологияны өзінше дербес ғылым ретінде бөліп шығарудың әлеуметтік-экономикалық қажеттігі. «Қазақстан-2030» – халықты сауықтырудың ұлттық стратегиялық бағдарламасы. Валеологиян пәні, оның міндеті мен мақсаты. Дәстүрлі ғылымдар жүйесіндегі валеологияның алатын рөлі. Валеологияның дамуының қазіргі кездегі негізгі бағыттары. Валеологияның негізін қалаушылар. «Денсаулық», «аурулар», «үшінші жағдайлар» «тән саулығы», «психиканың сау болу» және т.б. туралы қазіргі кезеңдегі теориялар мен тұжырымдамалар.
Денсаулықтың анықтамасы . Жеке адамның және қоғам денсаулығын болжау
Маңызды физиологиялық жүйелердің қызмет атқару қалпына баға берудегі қолданылатын негізгі әдістемелік тәсілдер. Жеке адамның және қоғам денсаулығын бағалаудағы негізгі өлшемдер. Тән саулығын сандық тұрғыдан бағалау әдістері, кардиореспираторлық жүйенің қызмет атқару қалпына баға берудің әдістері: антропометриялық (бой-салмақ арақатынасы, Брок индексі және т.б.), физиологиялық (жүктемелік сынамалар, Гавардтың степ – тесті , Купердің 12 минуттік тесті, дене еңбегіне деген қабілетті анықтау - PWC 170 , Штанге сынамасы, Генче сынамасы және басқалар ). Тест бойынша адамның психикалық саулығын бағалау.Әртүрлі жас кезеңдеріндегі физиологиялық жүйелердің жағдайы. Тән және психика саулығының «сапалық» және «сандық» экспресс анықтамасы .
Жеке адамның және қоғамның денсаулығын болжау. Денсаулықты болжаудың негізгі принциптері. Денсаулықтың демографиялық көрсеткіштері. Сауықтыру бағдарламаларының эканомикалық тйімділігін бағалау. Салауатты өмір салтының негіздемелері. Қатер факторларына жоламау, денсаулық қажеттілігінің белгісі ретінде зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау. Өз денсаулығыңды бағалау және денсаулығыңа деген көзқарас .
Жас айырмашылығына байланысты денсаулық ерекшеліктері . Геронтология .
Жасқа орай кезеңге бөлудің негіздері. Жас кезеңдерінің физиологиялық сйпаттамасы. Жас ұрпақтың денсаулығын қорғаудағы отбасы мен қоғамның рөлі .
Геронтология және гериатрия. Кәрілік адамның физиологиялық дамуының қалыпты кезеңі. Ағзаның қартайған кездегі физиологиялық ерекшеліктері. Қартайған кездегі тамақтанудың физиологиясы мен гигиенасы. Биологиялық және күнтізбелік жас. Қартаю мен кәріліктің демографиялық, әлеуметтік, гигиеналық көрсеткіштері. Кәрілікте денсаулық сақтау. Геропротекторлар. Қартаю теориялары.
Ұрпақ өрбітер денсаулық
Ұрпақ өрбітер денсаулық ұғымының анықтамасы. Ұрпақ өрбітер денсаулықты қорғау және сақтау. Отбасын жоспарлау. Жыныстық қатынастар және денсаулық. Адамгершілік – жыныстық және рухани тәрбие. Отбасы –адам денсаулығын қалыптастырудың негізгі әлеуметтік институті ретінде. Ұрпақ өрбіту жүйесіне әсер ететін факторлар. Жыныстық қатынас арқылы таралатын аурулар .
Денсаулықты нығайтатын факторлар
Салауатты өмір салтының маңызды белгілері: ұтымды қимыл белсенділігі, теңдестірілген тағам және еңбек пен демалыстың дұрыс тәртібі, психологиялық сәттілік.
Қимыл белсенділігі гомеостатикалық реттелістің маңызды факторы. Қимыл икемделу мінезінің құралы. Психикалық, эмоциялық жағдайды реттеудегі қимыл белседілігінің рөлі. Қимыл белсенділігі жеке дамуды жеделдетуді ынталандырады.
Денсаулық үшін тағамның маңызы.Тағам қажеттілігін қалыптастырудың және оның белгілерінің негізгі заңдылықтары. Тағам мөлшерін, сапасын және уақытын реттейтін физиологиялық тетік-тегершіктер. Тағам өнімдері . Өнімдердің коллориясы . Теңдестірілген, жұғымды тағам туралы ұғым. Су – денсаулық пен өмір негізі . Дәрумендер және микроэлементтер .
Денсаулықты сақтай білудегі және нығайтудағы еңбек пен демалыстың маңызы. Демалыс туралы ұғым. Демалыс еңбектенудің түрін алмастыру ретінде. Ұйқының маңызы.
Гигиена – салауатты өмір салтының негізі. Гигиенаның мақсаттары және міндеттері. Гигиена түрлері. Тән, киім, аяқ киім, үй –жай және жұмыс орнының гигиенасы .