Файл: Мектеп математикасындаы математикалы статистика элементтерін оыту дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 29

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектеп математикасындағы математикалық статистика элементтерін оқыту әдістемесі

КІРІСПЕ​

Мектеп бағдарламасына ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерінің енгізілуі оқушылардың қоршаған ортаның әртүрлі құбылыстарының ықтималдылық табиғатымен танысуына, жалпы мәдени потенциалды өсіруге, жаңа пәнаралық байланыстардың пайда болуына коп ықпал етеді.

Статистика - мақсаты әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым.  «Статистика» термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) – «мемлекет» және statista (статиста) – «мемлекет білгірі» деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы Г.Ахенваль 1749 жылы мемлекеттану атты кітабын шығарып енгізді. Статистиканың ғылым ретінде қалыптасуы XYII  болып табылады.

Бастауыш және негізгі орта білім беру деңгейлерінде статистика элементтерін оқытып-үйретудің жалпы бағытын беретін келесі мақсаттарды ұсынамыз:

- Күнделікті өмірде, сондай-ақ бастауыш және негізгі орта білім беруде қоғамдық және жаратылыс ғылымдары пәндерін қазіргі деңгейде оқып-үйрену үшін қажетті стохастикалық түсініктер жүйесін меңгерту.

- Ықтималдық-статистикалық заңдардың жан-жақтылығы, әлемнің ғылыми бейнесін сипаттау базасы, қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық және жаратылыс ғылымдық үдерістері мен құбылыстарын модельдеу құралы ретінде стохастика туралы түсініктерін қалыптастыру.

- Статистика ұғымдарын интеллектуалдық дамуда меңгерту, сонымен қатар ықтималдық интуицияны, статистикалық мәдениетті қалыптастыру, бар ақпараттармен негізделген қорытынды жасай білуі бойынша оқу іс-әрекетін бағдарлау.

- Статистикалық ұғымдардың философиялық - әлемтанушылық аспектілерін, олардың қалыптасуы мен дамуы тарихын ашу арқылы жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу.

Статисканы есептеудің бір түрі дөңгелек диаграмма. Дөңгелек диаграмма толық бір шаманы (100%-тік) құрамды бөліктерге бөліп, сол бөліктерді салыстыра кескіндеу үшін қажет. Дөңгелек диаграммада дөңгелектің центрі болатын О нүктесінің айналасындағы толық (360°) бұрыш, шамамен құрамды бөліктеріне сәйкес бөлінеді.

1-мысал. Қоспаның 45%-і күміс, 30%-і мыс, қалғаны мырыш. Қоспа құрамының дөңгелек диаграммасын сызу қажет. Қоспа құрамында үш зат болғандықтан, центрі О нүктесі болатын дөңгелек үш бөлікке бөлінеді. Ол үшін, дөңгеектің центрі О нүктесінің айналасындағы толық бұрыш - 360° 100% болғандықтан, оның 1%-іне сәйкес бұрышты табу керек. Ол 360/100=3,6°. Демек, 1%-ке 3,6° бұрыш сәйкес. 3,6 * 45 = 162 болғандықтан, қоспадағы 45% күміске 162° бұрыш сәйкес келеді. 3,6 * 30 = 108 болғандықтан, қоспадағы 30 % мысқа 108° бұрыш сәйкес келеді. Енді мырышқа сәйкес бұрыштың градустық өлшемі 360° - (162° + 108°) = 90°. Төмендегі суретте қоспа құрамының дөңгелек диаграммасы салынған.




Сурет-1. Дөңгелек диаграмма

Статистика элементтерін оқып-үйрену кездейсоқ деректер тобындағы заңдылықтар туралы саналы түсініктер әлеміне көзқарастар жүйесін байытады, қазіргі ғылыми әлемтануды, ерекше философиялық көзқарастарды қалыптастыруға, қазіргі ғылымның көптеген тараулары үшін сипатты өзгеше әдіснаманы меңгеруіне көмектеседі. Оқушылардың математиканы меңгеру деңгейі көбінесе олардың математикалық есептерді шығаруға қаншалықты төселгендігі арқылы бағаланады. Шешу жолы алгоритмдік сипаттағы есептерді шығару оқушылар үшін біршама жеңіл. Ондай есептердің шешімін анықтау оқушыдан белгілі әдіс-тәсілді нақты жағдайда қолдана білуді, сонымен қатар берілген есепті қарапайым амалдар орындауды қажет ететін жағдайға түрлендіре отырып, есеп шешімін жоспарланған жолмен аяғына жеткізе білуді талап етеді.

1 ​Мектеп математикасынан қолданыстағы және қолданыста болған оқулықтардағы математикалық статистика тақырыбына шолу​

1.1 ​Елімізде мектеп математикасынан қолданыстағы және қолданыста болған оқулықтардағы математикалық статистика тақырыбына шолу​

1.2 ​Өзге мемлекеттердегі мектеп математикасынан қолданыстағы және қолданыста болған оқулықтардағы математикалық статистика тақырыбына шолу​

1.3 ​Математикалық статистика элементтері тақырыбын оқытудың теориясы мен әдістемелік ерекшеліктері​

1.4​ 0Зерттелген оқулықтар негізінде жүргізілген эксперимент