Файл: алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Геометрия 8сынып рметті малім!.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 151

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»


Оқу мақсаты

8.1.1.7 Фалес теоремасын білу және қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Фалес теоремасын есеп шығаруда қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Аспалы көпірді бекіту кезінде арқандарды орнату үшін үшбұрышты конструкция қолданылды. Бұл үшбұрыштың төбелерін АВС арқылы белгілеп, АВ ретінде конструкцияның 150 м болатын ең ұзын арқанын қабылдайық.

Берілген конструкцияның көлденең бетінде (ВС қабырғасы) басқа арқандарды бекітуге арналған екі нүкте белгіленген, олар осы қабырғаны тең 3 бөлікке бөледі. Осы бекіту нүктелері арқылы өтетін арқандардың ұзындықтарын табыңыз, егер олар АВ қабырғасына параллель орналасқаны белгілі болса.



Дескриптор: Білім алушы

- есеп шартына сай сызбасын салады;

- ВС қабырғасындағы нүктелер арқылы АB қабырғасына параллель түзулер жүргізеді (AB||A1B1||A2B2);

- Фалес теоремасын қолданады;

- арқандардың ұзындықтарын табады.


Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»


Оқу мақсаты

8.1.1.8 пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Пропорционал кесінділер туралы теореманы қолданады.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

АВС үшбұрышының АВ және АС қабырғаларынан сәйкесінше Р және К нүктелері алынған. Мұндағы . ВС = 8 екені белгілі болса, РК кесіндісінің ұзындығын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

  • АК:КС, АР:РВ қатынастарын анықтайды;

  • екендігін дәлелдейді;

  • К нүктесі арқылы АВ-ға параллель немесе Р нүктесі арқылы АС-ға параллель түзулер жүргізеді;

  • пропорционал кесінділер туралы теореманы қолданады;

  • параллелограммның қасиетін қолданады;

  • КР кесіндісінің ұзындығын табады.


Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»


Оқу мақсаты

8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Трапецияның қасиеттерін есептер шығаруда қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

1-тапсырма

Тікбұрышты трапецияның бір бұрышы 1150-қа тең. Трапецияның қалған бұрыштарын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

- тікбұрышты трапецияның сызбасын салады;

- трапецияның қасиеттерін қолданады;

- белгісіз бұрыштарды табады.
2-тапсырма

Суретте берілген трапецияның периметрін табыңыз.


Дескриптор: Білім алушы

  • D немесе С нүктелерінен табанына перпендикуляр түсіреді;

  • тік бұрышты үшбұрышта 300-қа қарсы жатқан катетті табады;

  • тең бүйірлі трапецияның қасиетін қолданады;

  • DC табанының ұзындығын табады;

  • трапецияның периметрін табады.



Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»


Оқу мақсаты

8.1.1.12 үшбұрыштың орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Үшбұрыштың орта сызығының қасиетін қолданып, есептер шығарады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

1-тапсырма

АВС үшбұрышында ВЕ=ЕС, АК=КС екені белгілі. ЕСК үшбұрышының периметрі 15,5 см екені белгілі болса, онда АВС үшбұрышының периметрін табыңыз.



Дескриптор: Білім алушы

  • үшбұрыштың орта сызығының қасиетін қолданады;

  • есеп шарты бойынша КЕ кесіндісі АВС үшбұрышының орта сызығы екенін көсетеді;

  • АВС үшбұрышының периметрі КЕС үшбұрышының периметрінен екі есе үлкен екенін көрсетеді;

  • АВС үшбұрышының периметрін табады.


2-тапсырма

Үшбұрыштың қабырғаларының қатынасы 5:6:7 қатынасындай. Үшбұрыштың орта сызықтарынан салынған үшбұрыштың периметрі 36 см. Берілген үшбұрыштың қабырғаларын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

- үшбұрыштың орта сызығының қасиетін қолданады;

- периметрдің формуласын пайдаланады;

- үшбұрыш қабырғаларының қатынасын қолданып, теңдеу құрады;

- үшбұрыш қабырғаларын анықтайды.



Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»


Оқу мақсаты

8.1.1.13 трапецияның орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Трапецияның орта сызығының қасиетін есептер шығаруда қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

1-тапсырма
MPLT теңбүйірлі трапецияның кіші табанындағы Р төбесі арқылы МТ үлкен табанына РН биіктік жүргізілген. Трапецияның орта сызығының ТН кесіндісінің ұзындығына қатынасын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

  • LE биіктігін жүргізеді;

  • табандарының ұзындығын айнымалылар арқылы өрнектейді;

  • орта сызықтың қасиетін қолданады;

  • орта сызықты айнымалылар арқылы өрнектейді;

  • тіктөртбұрыштың қасиетін қолданып НЕ-ні өрнектейді;

  • ЕТ –ны табады;

  • ТН-ты табады;

  • ТН пен орта сызықтың қатынасын табады.



2-тапсырма
Теңбүйірлі трапецияның кіші табаны – 8см, ал бүйір қыры – 9см. Теңбүйірлі трапецияның доғал бұрышынан шығатын биссектрисалар, үлкен табанында жатқан, бір нүктеде қиылысады. Трапецияның орта сызығын табыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- теңбүйірлі трапецияның қасиеттерін қолданады;

- түзулердің параллельдік қасиеттерін қолданады;

- трапецияның үлкен табанын анықтайды;

- трапецияның орта сызығының қасиетін пайдаланады;

- трапецияның орта сызығын табады.



Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»


Оқу мақсаты

8.1.3.1 үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медианалар, биссектрисалар, биіктіктер және орта перпендикулярлар қасиеттерін білу және қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Үшбұрыш медианаларының қасиетін қолданып, есептер шығарады

  • Үшбұрыш биіктіктерінің қасиетін қолданып, есептер шығарады

  • Үшбұрыш биссектрисаларының қасиетін қолданып, есептер шығарады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма
АВС үшбұрышында, О нүктесінде қиыласатын, АК және ВТ медианалары жүргізілген. ВО, ОТ, АО, КО кесінділерінің ұзындықтарын анықтаңыз, егер ВТ=18 см, ал АК=24 см болса.
Дескриптор: Білім алушы

- сызбасын салады;

- үшбұрыш медианасының қасиетін қолданады;

- есептеулер жүргізеді;

- ізделінді кесінділердің ұзындықтарын табады.

2-тапсырма
Доғалбұрышты АВС үшбұрышының АА1 және ВВ1 биіктіктері О нүктесінде қиылысады. ВАО және ВСО бұрыштары тең болатынын дәлелдеңіз.
Дескриптор: Білім алушы

- сызбасын салады;

- үшбұрыш биіктігінің қасиетін қолданады;

- үшбұрыш бұрыштарының қосындысы теоремасын қолданады;

- бұрыштардың теңдігін дәлелдейді.

3-тапсырма
АВС үшбұрышында А бұрышы 60˚ тең, ал . Үшбұрыштың АD, BE, CF биссектрисалары О нүктесінде қиылысады. табыңыз.


Дескриптор: Білім алушы

- үшбұрыш биссектрисаларының қасиетін қолданады;

- үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы теоремасын қолданады;

- аралық есептеулер жүргізеді;

- бұрышты анықтайды.