Файл: Семей Медициналы колледжі мекемесі Орта білімнен кейінгі, техникалы жне ксіптік білім беру йымдарына арналан педагогіні саба жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 73
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары
Паллиативті-құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері медициналық көмек. (сабақ тақырыбы)
Модуль/ пән атауы: Әртүрлі жастағы науқастарға күтім жасау / Онкологиялық бейіндегі науқастарға паллиативтік көмек және күтім көрсету
Дайындаған педагог: Қапсеметова Тоғжан Сержанқызы
2023 жылғы «____» ___________
1. Жалпы мәліметтер
-
Курс: ІІІ -
Оқу жылы: 2022-2023. -
Топ:3мсА, 3мсВ, 3мс4к -
Сабақ типі: Аралас сабақ
2. Мақсаты, міндеттер: «Онкологиялық бейіндегі науқастарға паллиативтік көмек және күтім көрсету» пәнінің оқу мақсаты:
Білімділік: «Паллиативті көмек» түсінігі. Паллиативті көмектің қажеттілігі. Паллиативті күтімді мейіргерлік үрдістің бес кезеңі бойынша жүргізіп, дәрігерлік және мейіргерлік диагноз айырмашылығын біліп, ұзақ, қысқа мерзімді мақсатты қоя білу. Халі нашар науқастарды тамақтандыру. Науқастың функциональді жағдайын бағалау. Халі нашар науқастарға гигиеналық емшараларды жүргізу.
Дамытушылық: Болашақ мейіргерлерге паллиативті көмекті көрсету мақсатын түсіндіру, паллиативті пациенттердің физикалық, психикалық, рухани жағдайын анықтау дағдыларын дамыту. Білімгерлерді болашақта паллиативті науқастарға және олардың отбасының қайғысына ортақтасып, психологиялық көмек көрсете алатын өз күшіне сенімді жеке тұлға ретінде дамыту. Студенттерді мейіргерлік үрдіс кезеңдері бойынша 1 кезеңде науқас туралы обьективті және субьективті зерттеу жұмыстарын жүргізіп,толық ақпарат жинақтап,2 кезеңде мейіргерлік диагноз коя білуге және 3 кезең бойынша күтімге байланысты жоспар кұрып паллиативті науқастарға сапалы көмек жүргізуді үйрету. Мейіргерлік үрдіс бойынша тәуелді, тәуелсіз, аралас көмекті 4 кезеңде іске асырып, нәтижені бағалау дағдылырын дамыту. Дәрігер тағайындауларын жазып алып, уақытында орындап, науқас жағдайын дәрігерге бірден хабарлап асқынулар алдын-алу, және әр түрлі жүйелер мен ағзалардың қызметі бұзылған науқасты бақылауда және күтуде,жедел жағдайларда науқасқа дәрігергі дейін жедел көмек көрсетуді үйрету.
Тәрбиелік: Паллиативті науқасқа және оның отбасынының ауыр қайғысына жан ашырлықпен қарап, оларға психологиялық, мейіргерлік көмек көрсетуге тәрбиелеу. Паллиативті науқастармен болашақта жұмыс істегенде мейіргерлердің пациенттерге мейіріммен қарап, қайырымды, шыдамды болуға және науқастың денсаулығы үшін жауапкершілік, ұқыптылық қасиеттерін дамытып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Жұқпалы аурумен ауырытын науқастарға күтім жүргізгенде мейіргердің техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, алған білімдерін күнделікті өмірде және кәсіптік жұмыста қолдана білуді, науқастармен, олардың туысқандармен, қызметтестерімен қарым-қатынас жасағанда этико-деонтология сақтауға тәрбиелеу. Студенттерді хәлі ауыр науқастар кіші дәретін іш киімге , төсекке жіберіп қойса адамгершілік және аяушылық сезіммен қарап уақытысында күтім жасауға және ойылудың алдын-алып,күтім жүргізе білуді үйрету.
Пәнді игеру міндеттері: «Паллиативтік көмек және онкология» оқу пәнінің негізгі міндеттері:
1) Дәлелдік медицина тұрғысынан негізгі онкологиялық ауруларды, оның асқынуының алдын алуды, диагностикасын, клиникалық симптоматикасын, негізгі даму механизімін үйрету.
2) Онкологиялық науқасты қарау және емдеу кезінде аргументтер келтіру және мәселені шешу.
3) Социалды, этикалық және ғылыми сұрақтарды ескере отырып ішкі ағзалар ауруларының түйткілдері бойынша ақпаратты синтездеу, жинау және анализ жасау, ақпаратты компилирлеу, өз пікірін айту, халық алдында өзін ұстай білуге дағдыландыру.
4) Паллиативті көмектегі негізгі сұрақтарды мамандарға сонымен қатар, маман еместерге ақпаратты, ойды жеткізу; науқастарға салауатты өмір салты туралы нұсқаулар беру.
2.1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі :
Студент білуі тиіс:
• «Паллиативті көмек» түсінігі. Паллиативті көмектің қажеттілігі. Паллиативті күтімді мейіргерлік үрдістің бес кезеңі бойынша жүргізіп, дәрігерлік және мейіргерлік диагноз айырмашылығын біліп, ұзақ, қысқа мерзімді мақсатты қоя білу. Халі нашар науқастарды тамақтандыру. Науқастың функциональді жағдайын бағалау. Халі нашар науқастарға гигиеналық емшараларды жүргізу.
Студент істей білуі тиісті:
• Паллиативті науқасқа және оның отбасынының ауыр қайғысына жанашырлықпен қарап, оларға психологиялық, мейіргерлік көмек көрсету. Паллиативті науқастармен болашақта жұмыс істегенде мейіргерлердің пациенттерге мейіріммен қарап, қайырымды, шыдамды болуға және науқастың денсаулығы үшін жауапкершілік, ұқыптылық қасиеттерін дамыту. Жұқпалы аурумен ауырытын науқастарға күтім жүргізгенде мейіргердің техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, алған білімдерін күнделікті өмірде және кәсіптік жұмыста қолдана білуі, науқастармен, олардың туысқандармен, қызметтестерімен қарым-қатынас жасағанда этико-деонтология сақтау.
3. Сабақты жабдықтау: презентация, оқулық.
3.1. Оқу – әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Қолданылған әдебиеттер:
-
Бланк М. А., Бланк О. А. Фитотерапия в онкологии. – СПб.: Роза ветров, 2012. – 480 с. -
Болевой синдром в онкологии / под ред. М. Е. Исаковой. – М.: Практическая ме-дицина, 2011. – 384 с. -
Введенская Е. С. Паллиативная помощь: быть рядом с больным до конца… − Н. Новгород: Изд-во НГМА, 2011. – 356 с. -
Венедиктова М. Г., Доброхотова Ю. Э. Онкогинекология в практике гинеколога. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2015. – 288 с. -
Ганцев Ш. Х., Старинский В. В., Рахматуллина И. Р., Кудряшова Л. Н., Султанов
3.2. Техникалық құралдар, материалдар: мультимедиялық тақта, теледидар, компьютер.
4. Сабақтың барысы:
4.1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут). – Сәлеметсіздер ме? – Отырыңыздар. – Кім кезекші? – Сабақта кім жоқ?
4.2. Оқытушының кіріспе сөзі (3 минут). Бүгінгі бірінші сабағымыздың тақырыбы: Паллиативті-құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері медициналық көмек.
4.3. Үй тапсырмасын тексеру(15минут) 1.Ауырсынудың түрлері ауырсыну сипатына қарай?
Ауырсыну сапасына қарай әртүрлі: шаншу, сыздау,сырқырау, ашыту,солқылдау.
-
Ауырсынудың түрлері қарқыны бойынша?
Қарқыны бойынша: қатты, орташа шамалы, әлжуаз
3.Каузалгия дегеніміз не?
Каузалгия- кауза-күйдіру, альгос-ауырсыну, ауырсынудың теріні күйдіргендей болып сезілуі.Бірақ терінің қай тұсының аурып тұрғаны онша мәлімді емес.Каузальгияны дәрі-дәрмектер арқылы емдеумен қайтару өте қиын. Оған дымқыл шүберек басу арқылы ғана тойтарыс беруге болады.Сондықтан каузальгияны анықтаудың белгісі ол дымқыл шүберек симптомы.Оның пайда болуы миеленсізденген жұқа нерв талшықтарының тітіркенуіне байланысты.Сол себепті каузалгия көбіне ортаңғы немесе жіліншік нервтері жарақаттанғанда кездеседі.
4.Ноцирецепторлардың түрлерін атаңыз?
Ноцицепторлардың екі түрі бар -механоцицепторлар және хемоноцицепторлар. Біріншісі механикалық әсерлерге қозады, нәтижесінде натрии иондарына клетка мембранасының өткізгіштігі артады, ал бұл өз кезегінде афферентті талшықта ӘП-ын туғызатын деполяризацияға әкеледі/ рецепторлық потенциал/. Хемоноцицепторлар химиялық заттарға жауап береді, атап айтқанда , сутегі иондарының, калии иондарының артық мөлшеріне, сондай-ақ брадикинин, гистамин, соматостанин сияқты заттардың әсеріне жауап береді.
5. Штрюмпель-Майкевич симптомы бұл?
Етпетінен жатқан сырқаттың аяғын қылтасынан бүккен сәтте саның алдыңғы тұсынан ауырсыну білінеді.
4.4. Жаңа тақырыпты түсіндіру (40 минут).
Жоспары:
-
Паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты -
Паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары -
Паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін мультипәндік топ ( -
Амбулаториялық деңгейде және үйде стационарды алмастыратын жағдайларда паллиативтік медициналық көмек көрсету -
Паллиативтік медициналық көмектің мобильдік бригадалары
Паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қарашада № 21687 болып тіркелді
Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) амбулаториялық жағдай – тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде медициналық бақылау мен емдеуді көздемейтін медициналық көмекті көрсетудің шарттары;
2) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) жақынынан айырылу кезінде қолдау көрсету (пациенттің қайтыс болуы) – жақын адам қайтыс болған кезеңде отбасы мен күтім жасаған адамдарға паллиативтік көмектің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтері шеңберінде психологиялық көмек көрсету;
4) жоспарлы медициналық көмек – оны көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациент жай-күйінің нашарлауына алып келмейтін, пациенттің өміріне қатер төндірмейтін аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде көрсетілетін медициналық көмектің нысаны;
5) кезек күттірмейтін медициналық көмек – пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмектің нысаны;
6) медициналық көрсетілетін қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылдары;
7) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
8) өмір сапасы – науқастың субъективті қабылдауына негізделген оның физикалық, психологиялық, эмоционалдық және әлеуметтік қызметінің интегралдық сипаттамасы;
9) паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін мультипәндік топ (бұдан әрі - МПТ) – паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
10) паллиативтік медициналық көмек - радикалды емдеу жүргізуге көрсетілімдері болмаған кезде жазылмайтын ауру пациенттің ауырсынуын және ауруының (жай-күйінің) ауыр көріністерін жеңілдетуге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;
11) паллиативтік медициналық көмек бөлімшесі (палатасы, төсек) – жазылмайтын ауру пациентке паллиативтік медициналық көмек көрсететін көпбейінді немесе мамандандырылған аурухана құрамындағы бөлімше;
12) паллиативтік медициналық көмектің мобильдік бригадалары (бұдан әрі – МБ) - паллиативтік медициналық көмек көрсету жөніндегі көшпелі топтар;
13) стационарлық жағдайлар - тәулік бойы медициналық бақылау, емдеуді, күтім, сондай-ақ тамақпен бірге төсек-орын беру көзделетін стационарлық жағдайларда, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін алғашқы тәуліктер ішінде тәулік бойы бақылау көздейтін "бір күннің" терапиясы және хирургиясы жағдайларында медициналық көмек көрсету жағдайлары;
14) стационарды алмастыратын жағдайлар - тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеу қажет етілмейтін және төсек-орын бере отырып, күндізгі уақытта медициналық бақылау мен емдеу көзделетін медициналық көмек көрсету жағдайлары;
15) үйде көрсетілетін медициналық көмек - медицина қызметкерін, мобильдік бригаданы шақырған, медицина қызметкерлерінің белсенді патронажы кезінде, үйде (үйдегі стационар) емдеу ұйымдастырылған кезде көрсетілетін медициналық көмектің жағдайлары;
16) хоспис – ауыр және жазылмайтын аурулары бар (жағдайлар) пациенттерге, сондай-ақ олардың отбасылары мен күтім жасайтын адамдарға стационар жағдайында паллиативтік көмек (медициналық, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер, рухани қолдау) көрсететін медициналық (медициналық-әлеуметтік) ұйым;
17) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек нысаны.
Паллиативтік медициналық көмек денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде (бөлімдерде, палаталарда, төсектерде), дербес мамандандырылған медициналық ұйымдарда (мейіргерлік күтім ауруханаларында, хоспистерде) стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде, оның ішінде мобильдік бригадаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Паллиативтік медициналық көмек ұйымдары аудандық және облыстық орталықтарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылады.
Паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары: