Файл: ошаан тобыны атааналар жиналысыны 1 хаттамасы атысан атаана саны 19 атыспаандар саны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Қошақан» тобының ата-аналар

жиналысының №1 хаттамасы
Қатысқан ата-ана саны: 19

Қатыспағандар саны: 3

Уақыты:___________
Күн тәртібі:

1. Кіріспе сөз

2. Тренинг: «Кел танысайық!»

  1. Балабақшаның күн тәртібі.

  2. Баяндама «Баланың балабақшаға бейімделуі».

  3. Ата-аналар комитетін сайлау.

  4. Әртүрлі мәселелер.




  1. Кіріспе сөз.

Тәрбиеші:               
Құрметті ата - аналар! Сіздерді біздің балабақшада көргенімізге қуаныштымыз. Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен балабақша. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. Олай болса біз сіздермен ең алдымен танысып алайық.


  1. Тренинг: «Кел танысайық!»

Ата-аналар шеңбер құрып тұрады. «Менің есімім .... мен ... анасымын (әкесімін). Өз баласы туралы айта кету. Сіздермен танысқаныма қуаныштымын»-деп жұмсақ ойыншықты көрші тұрған ата-анаға беріп, әр бір ата-ана өзін таныстырып шығады.


  1. Бұл сұрақ бойынша, тәрбиеші топ бөлмесімен ата-аналарды таныстырып өтті. Биылғы оқу жылына жаңа стандарттың енуіне байланысты оқу іс-әрекетіндегі өзгерістермен, оқу сағаты жүктемелерімен, алда келе жатан «Күзгі балл» ертеңгілігі туралы, балабақшаның күн тәртәбәмен таныстырды.

Шешім: 2022-2023 оқу жылының іс-жоспары қанағаттандырылсын.


  1. Төртінші мәселе бойынша «Қошақан» тобының тәрбиешісі: Хамидолла Махаббат Мұратқызы «Баланың балабақшаға бейімделуі» атты баяндама оқылды.

Баланың балабақшаға бейімделуі (баяндама оқу), баланың бейімделуіне байланысты жүргізілетін іс-әрекет


Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады,мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды,балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

-        Басқа  адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен,

-        Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен.

-        Кейбір  тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан).

-        Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

Ата-аналардың балаға эмоцияналдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады.

Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар.

-   жеңіл түрі- баланың мінез- құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;

- орташа ауырлық бейімделу- 1 айдың ішінде;

-   ауыр бейімделу- 2 айдан 6 айға дейін өтеді. Кей жағдайда 11-12 айға дейін.

Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды.  Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек.

Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

-Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз.

Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады.

-Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз.

-Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.

-Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатпаңыз.

-Балаға анық түсінік беру керек.

Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі.

Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.

Сондықтан кеңес береміз:

-          Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.

-          Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз

-          Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт:

шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

-          Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.

-          Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне  керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз  мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

-          Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні – ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3 – 4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.

-          Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.

-          Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады. Соған байланысты балалардың бейімделуіне көз жүгіртіп шығайық. (Бейімделуге байланысты слайд көрсету)

Шешім: Баяндама бір ауыздан мақұлдансын.

Жауаптылар: ата-аналар мен тәрбиеші.

Мерзімі: келесі ата-аналар жиналысына дейін.


  1. Бесінші мәселе бойынша «Қошақан» тобының ата-аналар комитеті болып Арман Ерасылдың анасы, Қожахмет Ақбота бір ауыздан сайланды.

Шешім: ата-аналар комитетінің төрайымы болып Саткалиева Айнұр сайлансын.


  1. Алтыншы мәселе бойынша Хамидолла Махаббат Мұратқызы әртүрлі мәселелерді ортаға салды. Оқу құралдарын толық келулерін талап етілді.

Ата-ана мен балаға байланысты жағдаяттарды шешу.


Үрленген шардың ішінде жағдаяттар жазылған. Сіздер сол шарды жарып, ішіндегі жағдайды оқып, сол жағдайдан шығу жолдарын ұсыныңыздар.

1. Сіз балаңызбен саябақта қыдырып жүріп, өсіп тұрған әдемі гүлдердің біреуін жұлып алдыңыз. Сол кезде балаңыз сізге: «Ана, ол гүлді неге жүлып алдың? олай жасауға болмайды ғой»-деген сөзін естігенде сіз не істейсіз? Балаға қандай жауап қайтарасыз?

2. Сіз балаңызбен аулаға серуендеп, балаңызбен ойнап келуге шықтыңыз. Ойын алаңында сіздің балаңызбен тектес жасар балалар ойнап жүр. Сіздің балаңыз да сол балалардың қастарына ойнауға барды. Бірақ басқа балалар сіздің балаңызды ойынға қоспай тұр. Ал сіздің балаңыз мұңайып, жылап тұр. Сол кезде сіз қандай әрекет етер едіңіз?

Ата-аналардың жауабы.

Барлықтарыңыз білесіздер біз балабақшада бір тәрбие берсек, үйде бала басқа тәрбие алады. Сондықтан да, үйдегі тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыру үшін біз сіздерден мына сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймыз.

Ол үшін нөмірленген асықтарды сіздер таңдайсыздар, сол нөмірдің сәйкесінше сіздерге сұрақтар қойылады.

1.Егер балаңыз балабақшаға келгісі келмесе, қандай амалдар қолданасыз?

2. Балаңызға жиі-жиі ертегі айтып бересіз бе?

3.Балаңызбен қандай ойындар ойнайсыз?

4.Теледидардан балаларға арналған қандай бағдарламаларды қарайсыздар?

5.Өзіңіздің балалық шағыңыз туралы балаңызға айтасыз ба?

6. Баламен қандай тілде сөйлесесіз?

7.Өзіңіздің бала кезіңіздегі тәрбие мен қазіргі кездің тәрбиесінің айырмашылығы бар ма? Қандай?

8.Бала тәрбиесінде сізге кездескен қиыншылықтар, оны шешудің жолы қандай?

9.Балаңыздың денсаулығына қалай көңіл бөлесіз?

10.Балаға ойыншық алғанда ойланып аласыз ба, әлде кез кеген ойыншықты ала бересіз бе?

Өте жақсы.

Шешім: «Қошақан» тобындағы кезекті ата-аналар жиналысында қаралған мәселелерді бір ауыздан мақұлдансын.

Жауаптылар: барлық ата-аналар мен топ тәрбиешісі.

Мерзімі: келесі ата-аналар жиналысына дейін «Қошақан» тобының балаларының жаңа оқу жылына толық дайындықпен қатыссын.

Дауыс беру нәтижесі: «иә»
Төрайым: Саткалиева Айнұр

Хатшы: Сабденалиева Аяулы