Файл: аза тілі пнінен (оыту аза тілінде) жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 5сынып 20192020 оу жылы дістемелік сыныстар малімге, 5сынып білім алушыларына аза тілі (оыту аза тілінде).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 166

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис»





Оқу мақсаты

5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Тірек сөздер мен жетекші сұрақтардың көмегімен мәтіннің негізгі ойын анықтайды


Қолдану


Орындау уақыты


15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият тыңдап, оның негізгі ойын беретін 3 тірек сөзді жазыңыз.

  1. ________________

  2. ________________

  3. ________________


Астрономиялық бақылаулар

Ерте кездің өзінде-ақ алыс сапарға саяхатқа шыққан адамдар түнде жұлдыздарға, күндіз күнге қарап жол таба білген. Астрономиялық бақылаулар бүгінде халық шаруашылығының қатарына: уақытты өлшеу, дәл географиялық карталарды жасау, теңізде, әуеде, ғарыш кеңістігінде аспан шырақтары бойынша бағдар алу жатады. Дегенмен де бүгінде астрономияның мәні бұлармен шектеліп қала алмайды. Ай мен Күн жүйесінің ғаламшарларын зерттеу өзіміздің Жерімізді жақсырақ білуге тудырады. Жер айналасындағы ғарыш кеңістігі мен Жерге жақын маңдағы аспан денелері қазірдің өзінде-ақ адам қызметінің шеңберіне еніп отыр. Болашақта ғарышты игеру адам баласының өмір сүру ортасын кеңейтеді, экологиялық көкейтесті мәселелерді шешуді жеңілдетеді.

Аспан денелерінің көрінбейтін сәулелерінің негізгі бөлігі Жер атмосферасына жұтылады және Жердің бетіне жетпейді. Сондықтан да Жерден жүргізетін бақылауды атмосферадан тыс кеңістіктен жүргізумен толықтыруға болады.
2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

  1. Адамдар не себепті ерте замандарда жол табу үшін аспан денелеріне сүйенген?

  2. Адамдар не себепті аспан әлемінің құпияларын зерттеуге асық болды?

  3. Адамның тағдырын аспан денелерімен байланыстыру қаншалықты орынды?

  4. Өзіңіз мәтіннен қандай ой түйдіңіз?





Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтардың көмегімен мәтіннің негізгі ойын анықтайды

1-2

Тірек сөздерді анықтайды:

1-тірек сөз;

2-тірек сөз;

3-тірек сөз;


1

1

1

Сұрақтарға жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ.


1

1

1

1

Барлығы 7



«Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты


ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _____________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтардың көмегімен мәтіннің негізгі ойын анықтайды

Мәтіннің негізгі ойын беретін үш тірек сөзді анықтап, сұрақтарға жауап беруде қиналады

Мәтіннің негізгі ойын беретін үш тірек сөзді анықтап, сұрақтарға жауап беруде қателеседі




Мәтіннің негізгі ойын беретін үш тірек сөзді анықтап, сұрақтарға жауап береді



Бөлім «Саяхат және демалыс. Синтаксис»





Оқу мақсаты

5.2.4.1 ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру

5.3.3.1 сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Ауызекі стильде берілген мәтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік құралдарын салыстырады

  • Сюжетті суреттердің көмегімен әңгіме құрастырады


Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұны, сөз қолданыстарындағы айырмашылықтары мен ұқсас тұстарын анықтаңыз.





1-мәтін


2-мәтін


Екі мәтіннің ұқсас тұстары

Тақырыптары









Жазпы мазмұны не туралы? Қысқаша көрсетіңіз







Қандай ерекше сөздер кездеседі? Сөз, сөйлемдерде қандай ерекшеліктерді байқадыңыз








1-мәтін
Сұхбат

- Құрметті Сабыр Шәріп мырза, қазіргі таңда Қазақстанды туризм орталығына айналдыру туралы мәселе көтеріліп отыр. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген қазақ мақалына сай, өз елімізде де демалатын орындар жетерлік емес пе? Осы орайда өз пікіріңізді ортаға салсаңыз.

- Иә, дұрыс айтасыз. Қазақстандағы туризмнің келешегі зор. Оның басты себептерінің бірі - географиялық және табиғи шарттар. Жазғы маусымда қазақстандықтар демалыс орындарында демала алады. Бурабай демалыс аймағы өзінің сұлулығы, көлдерінің молдығымен, жасыл желегімен және жануарлар әлемімен - «Қазақстан інжуі» деген поэзиялық атауға ие. Бурабайда тыныс алу мүшелерін және асқазан-ішек жолдары, жүрек-тамырлары жүйесі, тірек-қозғалыс аппараттарының ауруларын емдейді. Бурабай өзінің қымызымен, емдік лайларымен және минералды суымен танымал. Курорттағы ауа, керемет, дала шөптері мен қылқанды орман иісімен қаныққан таза ауа.
2-мәтін

Нұсқаулық

Саяхат ережесі

Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам баласының ағзасына демалыс кезінде  жаңа ортаның климаты, тамағы  әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар өршіп жүреді. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаған жөн. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексеріп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз...

Саяхатқа шықпас бұрын:

Барар мекеннің климатын, салтын, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан қарап, біліп алыңыз;

Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алыңыз.
2. Суреттердегі көріністерді негізге алып, «Жазғы демалыс қызықтары» тақырыбында әңгіме жазыңыз. Әңгімеңізде міндетті түрде кейіпкерлердің болуын ескеріңіз. Қандай да бір оқиға желісіне құрыңыз. Кейіпкерлер арасындағы диалогке мән беріңіз.

Мысалы:

Көптен күткен жазғы демалысқа да шықтық-ау!






Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Ауызекі стильде берілген мәтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік құралдарын салыстырады

1

Екі мәтіннің тақырыптарын көрсетеді;


2

Екі мәтіннің қысқаша мазмұнын жазады;

2

Екі мәтіннің сөз қолданыстарынан мысалдар келтіреді;

2

Екі мәтіннің ортақ ұқсастықтарын көрсетеді;

1

Сюжетті суреттердің көмегімен әңгіме құрастырады


2

Тақырыпты ашады;

1

Жанрлық ерекшелікті ескереді;

1

Суреттер желесін негізге алады;

1

Жалпы сауаттылықты сақтайды.

1

Барлығы

11



«Саяхат және демалыс. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні __________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Ауызекі стильде берілген мәтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік құралдарын салыстырады



Мәтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік қолданыстарын салыстырып, олардың өзара ұқсастықтары мен ереркшеліктерін анықтауда қиналады




Мәтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік қолданыстарын салыстырып, олардың өзара ұқсастықтары мен ереркшеліктерін анықтауда қателеседі




Мәтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік қолданыстарын салыстырып, олардың өзара ұқсастықтары мен ереркшеліктерін анықтайды

Сюжетті суреттердің көмегімен әңгіме құрастырады


Суреттерді негізгі ала отырып, тақырып бойынша жанрлық ерекшеліктеріне сай әңгіме жазуда қиналады




Суреттерді негізгі ала отырып, тақырып бойынша жанрлық ерекшеліктеріне сай әңгіме жазуда қателеседі




Суреттерді негізгі ала отырып, тақырып бойынша жанрлық ерекшеліктеріне сай әңгіме жазады