Файл: аза тілі пнінен (оыту аза тілінде) жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 5сынып 20192020 оу жылы дістемелік сыныстар малімге, 5сынып білім алушыларына аза тілі (оыту аза тілінде).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 177
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика»
2-тоқсан Бөлім «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика»
«Менің бос уақытым және хобби. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қиял әлемі. Морфология», «Көлік және жол белгілері. Морфология»
Бөлім «Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология»
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис»
«Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
«Менің бос уақытым және хобби. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ________________________________________
«Қиял әлемі. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
«Көлік және жол белгілері. Морфология», «Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ____________________________________
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ________________________________________
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қиял әлемі. Морфология», «Көлік және жол белгілері. Морфология»
Оқу мақсаты | 5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру |
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі | Білім алушы
Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
Тапсырма ЖЖ. 1. Мәтінді мұқият тыңдап, оның жалпы мазмұнына қатысты жұбыңызға 2 сұрақ дайындаңыз. Сұрақтарыңызбен алмасып, жауап беріңіз. Қиял туралы жалпы ұғымЕртегі десе әдетте әрдайым шындық, әділет жеңетін, ізгілік үстемдік құратын, бай мен кедей теңесетін әлем ретінде қабылдаймыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан қыз ауқатты жігіттің етегінен ұстаса, оны Күлше қызға теңеп жатады. Бірақ Күлше қыз ауқатты отбасынан болған. Жай ғана кедей шаруаның қызы болса патша сарайында би кеші өтетінін қайдан білсін?! «Сұлу мен Құбыжық» ертегісінде жазушының айтпағы, сырт келбеттің маңызды емес екендігі болса, кейіпкер неге соңына дейін құбыжық болып қала бермейді? Неге құбыжық та, бақа да қарапайым жігіт емес, ханзадаға айналады? Адамның сырт келбетті жоғары қоятыны, билікті, байлықты аңсайтыны ертегілерде де көрініс тапқан сияқты. Ал сіз ертегілерден қандай шындықты байқай алдыңыз? Сайып келгенде ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па? 2. Мәтінен қандай ой түйдіңіз. Автордың «қиял-ғажайып ертегілердің түп негізі шынайы өмірден алынған» деген ойына Сіздің көзқарасыңыз қандай? |
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді | 1 | Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырады: 1-сұрақ; 2-сұрақ; | 1 1 |
Сұрақтарға жауап береді: 1-жауап; 2-жауап; | 1 1 | ||
Көтерілген мәселеге өз пікірін білдіреді | 2 | Сұраққа өз көзқарасын білдіреді; Көзқарасына дәлелдер келтіреді; Жүйелі сөйлейді. | 1 1 1 |
Барлығы | 7 |
«Қиял әлемі. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді | Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырып, қойылған сұрақтарға жауап беруде қиналады | Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырып, қойылған сұрақтарға жауап беруде қателеседі. | Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырып, қойылған сұрақтарға жауап береді |
Көтерілген мәселеге өз пікірін білдіреді | Көтерілген мәселеге өз көзқарасын дәлелді білдіріп, ойын жүйелі жеткізуде қиналады | Көтерілген мәселеге өз көзқарасын дәлелді білдіріп, ойын жүйелі жеткізуде қателеседі | Көтерілген мәселеге өз көзқарасын дәлелді білдіріп, ойын жүйелі жеткізеді |
Бөлім «Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология»
Оқу мақсаты | 5.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу 5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру |
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі | Білім алушы
Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
Тапсырма Мәтіні мұқият оқып, мазмұнын 4 сөйлеммен жазыңыз. Нақты 2 ақпаратты анықтаңыз. «Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып, әр адам өз мінезін танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», - деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әртүрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стилін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз. Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар шиеленістерді шешуде, ұжымда жағымды психологиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет. Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрыны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ, ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің. Бұл - адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан әлдекімді бір көргенде-ақ, «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады. 2. Мәтіннің кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдеріне тақырып ұсынып, қарапайым жоспар құрыңыз. Жоспар: Кіріспе бөлім_____________________________________ Негізгі бөлім_____________________________________ Қорытынды бөлім_________________________________ |
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Оқылым стратегияларын қолданады | 1 | мәтін мазмұнын 4 сөйлеммен жазады; | 4 |
нақты 2 ақпаратты анықтайды; | 2 | ||
Мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады | 2 | мәтіннің кіріспе бөліміне тақырып ұсынады; | 1 |
негізгі бөліміне тақырып ұсынады; | 1 | ||
қорытынды бөліміне тақырып ұсынады. | 1 | ||
Барлығы | 9 |
Білім алушының аты-жөні ____________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Оқылым стратегияларын қолданады | Мәтін мазмұнын 4 сөйлеммен жазып, нақты 2 ақпаратты анықтауда қиналады | Мәтін мазмұнын 4 сөйлеммен жазып, нақты 2 ақпаратты анықтауда қателеседі | Мәтін мазмұнын 4 сөйлеммен жазып, нақты 2 ақпаратты анықтайды |
Мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады | Мәтіннің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдеріне тақырып ұсынуда қиналады | Мәтіннің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдеріне тақырып ұсынуда қателеседі | Мәтіннің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдеріне тақырып ұсынады |