Файл: аза тілі пнінен (оыту аза тілінде) жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 5сынып 20192020 оу жылы дістемелік сыныстар малімге, 5сынып білім алушыларына аза тілі (оыту аза тілінде).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 172
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика»
2-тоқсан Бөлім «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика»
«Менің бос уақытым және хобби. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қиял әлемі. Морфология», «Көлік және жол белгілері. Морфология»
Бөлім «Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология»
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис»
«Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
«Қазақ тілі» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
5-сынып
2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Мазмұны
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 5
Бөлім «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика» 5
1-мәтін бойынша тірек сөздер: тіл, достық, халық, ұлт 5
2. Мәтіндермен жұпта алмасыңыз. Жұбыңыздың мәтінін тыңдаңыз (оқыңыз). Мәтін мазмұны бойынша жұбыңызға 2 сұрақ дайындаңыз. 5
Ұлт бірлігі – мемлекеттік тілде 5
- Тіл – халық пен халықтың, ел мен елдің және ұлттар арасындағы достықтың ең негізгі құралы. Осы орайда «Қазақстан халқының тілдері күні» еліміздегі ұлттар достығын нығайтуда қандай рөл атқарады? 5
2-мәтін http://imurat.kz/shet-tilin-uirenu/ сайтынан алынған «Шет тілін білу не үшін қажет?» тақырыбындағы мәтін. 6
Шет тілін білу не үшін қажет? 6
Шетел тілдерін университеттің тиісті кафедрасында не болмаса, өз бетінше мамандандырылған курстарда оқып, үйренуге болады. Тілдерді өз бетінше үйрену кезінде сөздіктерді оқу, (тіпті түсінбесең де) радио тыңдау пайдалы. Үйренуді сөздікпен бастаңыз; өзіңізге белгілі бір жағдайларды ойдан шығарыңыз: досыңызбен кездесу, кино, спорт және т.б. жайлы. Дұрыс сөйлеп үйрену өте маңызды – бұл тек ауызша сөйлеуді ғана емес, сонымен қатар жазбаша сөйлемдерді де дұрыс және жеңіл айту, жазудың кепілі. Шет тілінде сөйлеу – сол тілде ойлау дегенді білдіреді. 6
«Киім. Сән. Талғам. Фонетика», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 9
Мұқасан Шахзадаев: «Сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын». 9
2-мәтін. http://collegy.ucoz.ru/publ/89-1-0-12313 сайтынан алынған. 9
2-тоқсан Бөлім «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика» 13
«Менің бос уақытым және хобби. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 16
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 19
Бөлім «Қиял әлемі. Морфология», «Көлік және жол белгілері. Морфология» 19
Қиял туралы жалпы ұғым 19
Бөлім «Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология» 22
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 25
Бөлім «Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис» 25
«Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты 27
Бөлім «Саяхат және демалыс. Синтаксис» 28
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика»
Оқу мақсаты | 5.1.1.1 тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау; 5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру |
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі | Білім алушы
Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
Тапсырма ЖЖ. 1. Берілген тірек сөздердің негізінде жұбыңыздың мәтінін болжаңыз. 1-мәтін бойынша тірек сөздер: тіл, достық, халық, ұлт2-мәтін бойынша тірек сөздер: тіл үйрену, шет тілі, дұрыс сөйлеу 2. Мәтіндермен жұпта алмасыңыз. Жұбыңыздың мәтінін тыңдаңыз (оқыңыз). Мәтін мазмұны бойынша жұбыңызға 2 сұрақ дайындаңыз. 1-мәтін Тілеуберді Сахабаның Павлодар облыстық Тілдерді дамыту басқармасы Ұлттар тілдерін дамыту бөлімінің басшысы Қымбат Сәкеновамен «Ұлт бірлігі – мемлекеттік тілде» тақырыбындағы сұхбатынанүзінді. Ұлт бірлігі – мемлекеттік тілде- Тіл – халық пен халықтың, ел мен елдің және ұлттар арасындағы достықтың ең негізгі құралы. Осы орайда «Қазақстан халқының тілдері күні» еліміздегі ұлттар достығын нығайтуда қандай рөл атқарады?- Өзіңіз айтып өткендей, тіл – барша халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды сақтаудың негізгі құралы. Адам тіл арқылы түсініседі, өзге ұлттың тілін қаншалықты меңгерген болса, соншалықты сол ұлтқа жақындай түседі. Мұндай құбылысты қазіргі қоғамнан анық байқауымызға болады. Бұл тұста тілдің тілден еш артықшылығы жоқ екендігін айтып өткім келеді. Адам алдымен өз тілін білуі қажет. Одан кейін неше тілді білсе де артықтығы жоқ. Қазіргі таңда өзге ұлттардың қазақ тілін білуге деген ниетінің болуы – қазақ халқын құрметтеуі. Жиырма жыл ішіндегі жеткен жетістігіміз. Ел бола алатынымызды дәлелдедік, соның арқасында қазақ баласына, қазақ халқына деген сый-құрмет едәуір артты. 2-мәтін http://imurat.kz/shet-tilin-uirenu/ сайтынан алынған «Шет тілін білу не үшін қажет?» тақырыбындағы мәтін. Шет тілін білу не үшін қажет? Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді, сондықтан өмірден өз жолын табуға, беделді кәсіпті игеруге, өзіне және өзінің отбасына жақсы көңіл күй, жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттілігі туындап отыр. Шетел тілдерін университеттің тиісті кафедрасында не болмаса, өз бетінше мамандандырылған курстарда оқып, үйренуге болады. Тілдерді өз бетінше үйрену кезінде сөздіктерді оқу, (тіпті түсінбесең де) радио тыңдау пайдалы. Үйренуді сөздікпен бастаңыз; өзіңізге белгілі бір жағдайларды ойдан шығарыңыз: досыңызбен кездесу, кино, спорт және т.б. жайлы. Дұрыс сөйлеп үйрену өте маңызды – бұл тек ауызша сөйлеуді ғана емес, сонымен қатар жазбаша сөйлемдерді де дұрыс және жеңіл айту, жазудың кепілі. Шет тілінде сөйлеу – сол тілде ойлау дегенді білдіреді. |
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл | |
Білім алушы | ||||
Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды | 1 | Тірек сөздерге сүйенеді; | 1 | |
Тақырыптың не туралы болуы мүмкіндігін болжамын айтады; | 1 | |||
Мазмұнға қатысты көтерілген мәселеге сұраққа жауап беру арқылы ойын білдіреді | 2 | Мәтін мазмұны бойынша жұбына 2 сұрақ қояды; | 1 1 | |
Сұрақтарға жауап береді; | 1 | |||
Жауабына дәлелдер келтіреді; | | |||
Жүйелі сөйлейді. | 1 | |||
Барлығы | 7 |
«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орташа | Жоғары | |
Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды | Тірек сөздерге сүйене отырып, мәтін мазмұны не туралы болатындығына болжамын айтуда қиналады | Тірек сөздерге сүйене отырып, мәтін мазмұны не туралы болатындығына болжамын айтуда қателеседі | Тірек сөздерге сүйене отырып, мәтін мазмұны не туралы болатындығына болжамын айтады |
Мазмұнға қатысты көтерілген мәселеге сұраққа жауап беру арқылы ойын білдіреді | Мәтін мазмұнына қатысты сұрақ құрастырып, қойылған сұрақтарға дәлелді жауап беруде, ойын жүйелі жеткізуде қиналады | Мәтін мазмұнына қатысты сұрақ құрастырып, қойылған сұрақтарға дәлелді жауап беруде, ойын жүйелі жеткізуде қателіктер жібереді | Мәтін мазмұнына қатысты сұрақ құрастырып, қойылған сұрақтарға дәлелді жауап беруде, ойын жүйелі жеткіз |
«Киім. Сән. Талғам. Фонетика», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты | 5.2.5.1 мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру 5.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу |
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі | Білім алушы
Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
Тапсырма | |
1. Мәтінді оқып, оның жалпы мазмұнына қатысты 2 сұрақ, мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты 3 сұрақ құрастырыңыз. Жалпы мазмұнға қатысты 2 сұрақ 1)_______________________________________________________________________ 2)_______________________________________________________________________ Нақты ақпараттарға қатысты 3 сұрақ 1)_______________________________________________________________________ 2)_______________________________________________________________________ 3)_______________________________________________________________________ Мәтіндер 1-мәтін. Самал Шорманованың әнші Мұқасан Шахзадаевпен жүргізген сұхбатынанүзінді. Мұқасан Шахзадаев: «Сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын». – Мұқасан аға, сізді қазақ эстрадасындағы жоғары талғаммен киінетін әншілердің қатарына жатқызады. Өзіңіздің ойыңызша қалай? – Мен өзін сыйлаған, өзін жақсы көрген әрбір адам дұрыс киінеді деп ойлаймын. Оның үстіне, өнер жолында жүргеннен кейін, халықтың алдында жүреміз. Дұрыс киініп жүрмесе, онда адам өз-өзін сыйламағандығы. Өзіме келер болсам, сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын. Себебі, анам тігінші болған. Кеңес үкіметінің кезінде ақшаң болған күннің өзінде киім тапшы болатын. Сондықтан анама әртүрлі сән журналдарындағы киімдерді көрсетіп, тіктіртіп алатынмын. 2-мәтін. http://collegy.ucoz.ru/publ/89-1-0-12313 сайтынан алынған. Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық киімін - баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты жұмсақ нәзік маталарды пайдалана отырып, бүрмелі етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп көлбеңдете тіккенінде қазақтың бүкіл тұрмыс-салты жатыр емес пе?! Қыз балалардың, әйел адамдардың киімін жұмсақ, нәзік матадан тігетіні нәзіктігі мен әдептілігі үстіндегі киімінен-ақ көрініп тұрған ғой. Етек-жеңінің кең болатыны – қазақтың дархандығын, үрімді-бұтақты екендігін, мейірімін, қонақжайлылығын, даладай кең пейілін, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата тазалығы осы ұғымға сиып тұр. Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ілтипат көрсетіп, дәмін ұсынған әйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді таныған. 2. Мәтінді мұқият оқыңыз. Негізгі ойын сақтай отырып, көлемін шамамен 30-40 сөзге дейін ықшамдаңыз. «Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. 15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. |
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл | |
Білім алушы | ||||
Мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады | 1 | Жалпы мазмұнға қатысты 2 сұрақ құрастырады: 1-сұрақ; 2-сұрақ; | 1 1 | |
Нақты ақпараттарға қатысты 3 сұрақ құрастырады: 1-сұрақ; 2-сұрақ; 3-сұрақ; | 1 1 1 | |||
Оқылым мәтінінің негізінде негізгі ойды сақтай отырып, компрессия жасайды | 2 | Мәтіннің негізгі ойын сақтайды; | 1 | |
Сөз санына сәйкес ықшамдайды; | 1 | |||
Компрессия тәсілдерін қолданады. | 1 | |||
Барлығы | 8 |
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Жоғары | Орта | Төмен | |
Мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады | Мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастыруда қиналады | Мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастыруда қателеседі | Мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады |
Оқылым мәтінінің негізінде негізгі ойды сақтай отырып, компрессия жасайды | Компрессияның түрлі тәсілдерін қолданып, мәтіннің негізгі ойына нұқсан келтірмей көлемін ықшамдауда қиналады | Компрессияның түрлі тәсілдерін қолданып, мәтіннің негізгі ойына нұқсан келтірмей көлемін ықшамдауда қателеседі | Компрессияның түрлі тәсілдерін қолданып, мәтіннің негізгі ойына нұқсан келтірмей көлемін ықшамдайды |