Файл: аза тілі пнінен (оыту аза тілінде) жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 5сынып 20192020 оу жылы дістемелік сыныстар малімге, 5сынып білім алушыларына аза тілі (оыту аза тілінде).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 175
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика»
2-тоқсан Бөлім «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика»
«Менің бос уақытым және хобби. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қиял әлемі. Морфология», «Көлік және жол белгілері. Морфология»
Бөлім «Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология»
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис»
«Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
«Киім.Сән.Талғам. Фонетика», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ________________________________________
2-тоқсан Бөлім «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика»
Оқу мақсаты | 5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдап (оқып), сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақтар:
Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны. 1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары халқаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды. «Қызыл кітапқа» құлан, арқар, дуадақ, сонымен бірге барыс, аққу, бүркіт, бір қазан, тырна, қызыл қасқыр, жабайы қызғалдақ, аңдар мен құстар, өсымдыктер кіреді. Бүгінгі күні қазақстанның «Қызыл кітабына» балықтар, қос мекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүт қоректілер, өсімдіктер енгізілді. Қызыл кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Олар: дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт. Жойылып кету қаупы бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады. Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар. Олар: Ақсу Жабағылы, Барса келмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, БатысАлтай, Алматы, Марқа көл, Ала көл, Қара тау. 2. Мәтіннен 2 негізгі, 2 қосымша ақпараттарды анықтап, себебін төмендегі клишеге сүйеніп түсіндіріңіз. Клише: Менің ойымша ... негізгі ақпарат/қосымша ақпарат. Себебі... |
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді | 1 | Сұрақтарға жауап береді: 1-сұрақ; 2-сұрақ; 3-сұрақ; | 1 1 1 |
Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды | 2 | Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтайды: 1-ақпарат; 2-ақпарат; Мәтіннен қосымша ақпараттарды анықтайды: 1-ақпарат; 2-ақпарат; | 1 1 1 1 |
Барлығы | 7 |
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Жоғары | Орта | Төмен | |
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді | Мәтіннің жалпы мазмұнына бағытталаған сұрақтарға жауап беруде қиналады | Мәтіннің жалпы мазмұнына бағытталаған сұрақтарға жауап беруде қателеседі | Мәтіннің жалпы мазмұнына бағытталаған сұрақтарға жауап береді |
Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды | Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, себебін түсіндіруде қиналады | Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, себебін түсіндіруде қателеседі | Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, себебін түсіндіреді |
«Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
«Менің бос уақытым және хобби. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты | 5.2.3.1 хабарлама құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату 5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазу | | | ||||||
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі | Білім алушы
Жоғары деңгей дағдылары | | | ||||||
Орындау уақыты | 15-20 минут | | | ||||||
Тапсырма 1. Хабарландыруды оқып, оның құрылымы мен рәсімделуі, тілдік ерекшеліктерін көрсетіңіз. Хабарландыру!!! Құрметті қала тұрғындары! 2019 ж. 6 шілде күні қала күніне орай «Нұр-Сұлтан қаласы менің көзіммен…» тақырыбында әуесқой суретшілердің шығармашылық байқауы өткізілетіндігін хабарлаймыз! Байқауға 11-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады. Байқаудың өтетін орны: Нұр-Cұлтан қаласы, Орталық саябақ Басталуы: сағат 10.00-де. Қажетті құрал-жабдықтар ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылады. Жеңімпаздар жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі номинацияларда анықталады және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқауға қатысу үшін төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласып, алдын ала тіркелу қажеттігін ескертеміз. Байланыс тел.: 8 747 565-66-87, 8 701 550-49-65.
2. Жоғарыдағы хабарландыру мәтініне сүйене отырып, қала тұрғындарының ермегі мен бос уақыттарын шығармашалықпен өткізулеріне арналған қандай да бір шараның хабарландыру мәтінін құрастырыңыз. | | | |||||||
| | |
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Құрылымы мен ресімделуіне сүйеніп хабарландырудың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады | 1 | Құрылымдық ерекшеліктерін көрсетеді; | 1 |
Ресімделудегі ерекшеліктерді көрсетеді; | 1 | ||
Жанрға тән тілдік қолданыстардан мысал келтіреді: 1-мысал; 2-мысал; | 1 1 | ||
Ресімделуі мен құрылымы бойынша жанрлық ерекшеліктерін ескеріп, хабарландыру жазады | | Белгілі бір шараны негізге алады; Жанрлық ерекшеліктерді сақтайды; Жанрға сай ресімдейді. | 1 1 1 |
Барлығы | 7 |
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Жоғары | Орта | Төмен | |
Құрылымы мен ресімделуіне сүйеніп хабарландырудың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады | Хабарландырудың құрылымдық, ресімделудегі және жанрға тән сөз қолданыстардағы ереркшеліктерді анықтауда қиналады | Хабарландырудың құрылымдық, ресімделудегі және жанрға тән сөз қолданыстардағы ереркшеліктерді анықтауда қателіктер жібереді | Хабарландырудың құрылымдық, ресімделудегі және жанрға тән сөз қолданыстардағы ереркшеліктерді анықтайды |
Ресімделуі мен құрылымы бойынша жанрлық ерекшеліктерін ескеріп, хабарландыру жазады | Құрылымыны мен ресімделуіне сай жанрлық ерекшеліктерін ескеріп белгілі бір шараның хабарландыру мәтінін құрастыруда қиналады | Құрылымыны мен ресімделуіне сай жанрлық ерекшеліктерін ескеріп белгілі бір шараның хабарландыру мәтінін құрастыруда қателеседі | Құрылымыны мен ресімделуіне сай жанрлық ерекшеліктерін ескеріп белгілі бір шараның хабарландыру мәтінін құрастырады |