Файл: ЫСамерзімді жоспарсаба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 1209

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


63






Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап,

алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!



Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз!







Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Р» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

«Р р» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«Р р» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау.



а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:


Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.


  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: Бұл – робот. Робот адаммен сөйлесе алады. Ол үйді күзетеді. Дүкенде сауда жасай алады.

  2. Әңгіме құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды.

  3. «Бұл – робот» сөйлемінде неше сөз бар екенін анықтайды.

  4. Өтілетін жаңа дыбысы бар

«робот» сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Сөзде екі дауысты


Қолдау

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Суреттер, оқулық Сызба



64






 Мынау не?

– Бұл – робот.

 Робот не істейді?

– Робот адаммен сөйлесе алады. Ол үйді күзетеді.

Дүкенде сауда жасай алады.

ә) Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме құрау: Бұл – робот. Робот адаммен сөйлесе алады. Ол үйді күзетеді. Дүкенде сауда жасай алады.

  1. Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтату.

  2. Қажетті сөйлемді (Бұл – робот) бөліп алып, оны сөздерге (бұл, робот) ажырату. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «робот» сөзін бөліп алып, дыбыстық талдау жасау. Сөздің екі буынды екендігін және сөздегі жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  4. «Р» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  5. «Р» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  6. Түймелерден «р» әрпінің сұлбасын жасау.

  7. «Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру.

(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

Оқылым.

  1. Оқулықтың 18-бетінде берілген дыбыстық сызбадағы сөздерді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтастай оқуы.

  2. «Р» дыбысының сөз алдында, ортасында, соңында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  3. Сөздікпен жұмыс ұйымдастыру.

болғандықтан, бұл сөз екі буынды екендігін анықтайды.

  1. «Робот» сөзіндегі «р» дыбысын

«р-р-р» деп, біраз созып айту арқылы анық естиді.

  1. «Р» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  2. «Р» дыбысының таңбасы оның әрпімен танысады.

  3. Түймелерден «р» әрпінің сұлбасын жасайды.



  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

  4. «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «ара», «анар» «керік» сөздерінің түсіндірмесін мұғалімнің көмегімен тауып оқиды.


Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.


Мақтау
Оқушыларға қолдау көрсету.


Түймелер

«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы
Оқулық



65






Жазылым

  1. Оқулықтағы «Р» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «Р» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «Р» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.




  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы Р әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

  2. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс

«Бәрекелді!», «көк» түс –

«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».





Жазу дәптері

Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

Дыбыс сызбасын оқы. Дыбыс сызбасы қай сурет атауына сәйкес келетінін анықта.

  1. деңгей:

Р дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықта.

  1. деңгей:

Тырна, радио, анар сөздерімен сөйлем құра.


«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің жаңылтпаштың мағынасымен жұмысты QR немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы.

Қырда тырна жүр, Тырна қырда жүр.


Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.


  1. деңгейдегі оқушылар дыбыс сызбасы қай сурет атауына сәйкес екендігін анықтайды: тырна.

  2. деңгейдегі оқушылар Р дыбысының сөздегі орнын (ортасында, алдында, соңында) анықтайды.

  3. деңгейдегі оқушылар тырна, радио, анар сөздерімен сөйлем құрайды.


1. Оқушылар жаңылтпашты тыңдайды.






Әліппе. Үнтаспа.

«Атамұра», 2020


66






Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу.

2. Жаңылтпашты қатесіз оқып, сөздегі «р» дыбысын анық айтуға жаттығады.







Рефлексия




Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы




  1. сабақ




Бөлім: Әліппе кезеңі




Педагогтің аты- жөні:

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Р дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрайды; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады. Дамытушылық: сөздік қоры байиды; байланыстырып сөйлеуге үйренеді.

Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату. Ойсергек: «Суреттер жауыны»



Суреттердегі Р әрпі бар сөздерді табады. Оларға дыбыстық талдау жасайды.






Суреттер



67



Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сурет, сызбаның көмегімен сөздер құрап, оларды дыбыс сызбасы арқылы

«оқисыңдар», дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ара» сөзі екі түрлі мағына беретінін білесіңдер. Сурет арқылы шағын мәтін құрайсыңдар.

«Р р» әрпі кездесетін сөздерді көркем жазып үйренесіңдер.


Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.


Қолдау







(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту жұмысы. Оқылым.


1.Оқулықтың 19-бетінде берілген нар, қасқыр, қарға, құр суреттерінің дыбыс сызбасын «а», «р» дыбыстарымен толықтырып оқыту, дыбыстық талдау жасау.

2.. «А», « р» дыбыстарының сөз алдында, ортасында, соңында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.




  1. «Нар», «қасқыр», «қарға», «құр» сөздерін сурет және дыбыс сызбасының көмегімен «оқиды».

  2. Бос ұяшықтағы дыбысты табады.

  3. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөзді буынға бөліп, «а», «р» дыбыстарының сөз алдында, ортасында, соңында келетін орнын анықтайды.

  4. «Ара» сөзінің беретін мағыналарын мұғалімнің көмегімен сурет және

«Менің алғашқы сөздігім» арқылы ажыратады, дыбыстық талдау жасайды.

«Нар», «арлан» сөздерінің түсіндірмесін де мұғалімнің көмегімен тауып оқиды.

  1. Оқушылар «Ара!», «Ара!» сөйлемін мәнерлеп оқиды.

  2. Сурет бойынша сөйлем құрайды:

1) Баланы ара шақты. 2) Бала «А-а-а!» деп қашты.

7. Жоғарыдағы сөйлемдермен мәтін құрастырады: Баланы ара шақты. Ол

«А-а-а!» деп қашты.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Мақтау

Қолдау көрсету

Суреттер, оқулық Сызба


68






  1. «Ара» сөзінің әртүрлі мағынасымен жұмыс ұйымдастыру. Сөздіктен табуға үйрету.

  2. «Ара! Ара!» сөйлемін оқу. Сурет бойынша әңгіме құрау.

Оқушылар «ара» сөзінің әртүрлі мағынасын қимылмен көрсетеді.

















Сызба, оқулық

«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы

5. Екі мағынадағы араның қимылын жасау арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру.

Жазылым

Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.



Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды:

  1. Үзік сызықтарды бастырып жүргізеді, көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазады.

  2. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс

«Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!»,

«қызыл» түс – «Ойлан!».


Оқушыларға қолдау көрсету.


Мақтау, қолдау.

Оқулық Жазу дәптері

Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастырылады:

  1. деңгей:

«Нар» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

  1. деңгей:

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.
1-деңгейдегі оқушылар «нар» сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Бір буынды сөз екенін, «р» дыбысы сөздің соңында

тұрғанын айтады.





Оқулық
«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы