ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2939
Скачиваний: 101
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Педагогика ғылымының әдіснамасы дегенді қалай түсінесіз? -
Педагогика ғылымының әдіснамасының деңгейлеріне тоқталыңыз. -
Философиялық заңдар, заңдылықтарға тоқталыңыз. -
Педагогикалық теориялардың мәнін ашыныз. -
Педагогика әдіснамасынығ даму тарихы.
4-тақырып. ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
-
Тәрбие философиясы.Шығыстың ғұлама ойшылы әл-Фараби «Адамға ең бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі»,- деген тұжырымы қоғам алдына үлкен жауап-кершілікті мақсат етіп қояды. ХХІ ғасырдың сұранысы әлемдік білім көшіне ілесе алатын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Тәрбие философиясы тұлғаның өздігінен дамуын мәдениет-тендіру мен әлеуметтендіруді біртұтас тұрғыда қарастырады. Адамның даралық қасиеті оның құндылық сипатын көрсетеді. Сол даралық си-паты өзгелердің назарына ілініп, төңірегіндегі адамдар сол қасиеттері үшін оны құрметтейді. Баланың мінезін қалыптастыру үшін ата-ана мен мұғалім оның жалпы дамуымен қатар, ішкі жан дүниесіне де күшті ықпал етуі тиіс. Адамның жеке тұлғалық қасиетінің жетілуі оның өзін-өзі құрметтеуіне, өмірде табысқа жетуіне тәрбиелейді.
Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде түсінуде педагогиканың негізгі категориялары тәрбие, білім, оқыту, құзыреттілік және т.б. негізгі орын алады. Тәр-биенің педагогиканың категориялары қатарындағы орны - тәрбиенің тарихилығының айқындалуы, мақсаты, міндетіне, әдіс - тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра білу, бірізді, сабақтастықта ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени дәстүрлер тәрбие үдерісіне жаңа-шыл көзқарастармен енгізе отырып, тұлға бойындағы ізгілік қасиет-терді оның іс – әрекеті, қарым - қатынас, мінез – құлқында көрініс табуына бағытталады. Қазіргі таңда тәрбиенің әдіснамалық негіздері тәрбие парадигмасына қоғамның дамуына байланысты өзгеріп отыра-тын жаңашыл әдіс тәсілдерді, ұстанымдарды, тұғырларды қажет ететін зерттеу әрекеттерін қалыптастыру мүддесін негізге алады.
Адамның дамуындағы және оның тұлға ретінде қалыптасуын-дағы биологиялық, әлеуметтік арақатынас тұжырымдамасы қалып-тасты.
Жеке тұлға біртұтас құрылым. Сондықтанда оны бойындағы барлық сапаларымен кешенді түрде қарастыру керек. Тұлғаның
ішкі көзқарасы тұлғаның мінез-құлық әрекетінде ашылады. Әдетте адам қалай тәрбиеленген болса, солай әрекет етеді. Сонымен бірге педагог тәрбиеленушілік ситуация туғызу әдісі сияқты мінез-құлықты айқын-даудың диагностикалық тиімді тәсілін де қолданады. Ол екі міндетті бірлікте шешуге мүмкіндік береді:талап ететін сапалардың даму дең-гейін диагностикалау және осы сапаларды тәрбиелеу.
Тәрбиелеуші жағдаят – табиғи немесе тәрбиеленуші әрекет ету-ге және өзінің әрекеттерінде өз бойындағы белгілі бір сапалардың қалыптасу деңгейін көрсетуге мәжбүр болуға әдейі жасаған жағдай.
Соңғы жылдары педагогикада проблемалық тәрбиелеуші жағдаяттарды жасауға көңіл бөлуде. Осылайша балалар алға қойылған мәселені шешуге мәжбүр, ал тәрбиеші бұл кезеңде ұжымның және оның әрбір мүшесінің қандай жағдайда болатынын айқындап, нә-тижесінде тәрбиелік үрдісті дұрыс құратын болады.
Тәрбиелік баға негізіне оның жекелеген сапалары емес, тұл-ғаның жалпы адамгершілік бағыттылығы жатқызылуы керектігін әр-қашан есте сақтаған жөн.
Мұғалім мен оқушылар арасындағы бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас құралы ретінде. Мектептегі педагогтар мен оқушылар ара-сындағы өзара қарым-қатынас бүкіл қоғамдық, саяси, құқықтық, мо-ральдық қатынастарды қамтып, педагогтың басшылығымен бағыты айқындалып, шешімін тауып отырады. Мектептегі педагогтар мен оқу-шылар арасындағы қалыпты қарым-қатынас ізгілікті немесе басқа сөз-бен айтар болсақ, педагогикалық мақсатты қатынастар болып аталады. Мұндай қарым-қатынастың орнығуы тәрбиеліктің нәтижесін көрсете-ді, ол оқушылардың педагогтың беделін, құқын, тәжірибесін құрмет-теп, мүмкіндігінше сондай педагогқа ұқсауға еліктейді.
Мұғалім оқыту үдерісінде, оқу бағдарламаларын іске асыру бары-сында оқушылармен өзара қатынастарын нығайтады. Онда оқушы-лардың оқу әрекетіне, еңбекке оқушылармен саналы қарым-қатынасын қа-лыптастыру көзделеді. Мұғалім оқушылардың өзіндік қызметі мен белсенділігін арттырып, олардың әлеуметтік тәжірибесін ізгілік негі-зінде дамытады. Оқушының өзіндік өмірлік ұстанымы қалыптаспай, кез келген күрделі жағдайда, адамгершілікке негізделген шешім қа-былдай алмайды. Педагог осы жағдайды педагогикалық үдерісті бас-қару ісінде ескеруі тиіс.
4.2.Тұлға - тәрбиенің, өзіндік дамудың объектісі және субъектісі.Жеке тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының обьектісі ғана емес, сонымен қатар субьектісі екенін ескеру керек. Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психо-логияның ең маңызды заңдылығы болып табылады. Субъектінің әре-кеті – жеке тұлға дамуының факторы.
Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен (материалдық, рухани, қоғамдық) туады. Сыртқы орта мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторына жатады. Ішкі факторға бейімділік пен әуестік, адамның сезімдері мен күйзелістері және сыртқы ортаның ықпалынан пайда болатын қажеттіліктер жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактормен тығыз байланысты.
Оқушының белсенділігі іс-әрекеттің алуан түрінде көрінеді. Өмірдегі қарым-қатынас, таным, өзін-өзі жетілдіру, айналаны өзгерту және түрлі белсенділіктері дамиды. Қарым-қатынас бала белсенділі-гінің ең алғашқы белгісі. Ол түрлі қатынасқа түсу арқылы өзінің ең маңызды жақтарын дамытады. Бала өскен сайын оның танымдық белсенділігі тереңдей түседі. “Бұл не? Бұл кім? Қалай аталады?” – де-ген сұрақтарға жауап іздей бастайды. Мектептегі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен тереңдеуіне мүмкіндік жасай-ды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын өз бетінше білімді игеруге, оларды практикалық әрекетте пайдалану қабілетіне ие болады. Адам-ның әлеуметтік белсенділігі өзін қоршаған ортаға ықпал етеді, бол-мысты өзгертуге, қайта құруға бағытталады.
Тұлғаның дамуын зерттеу философия, педагогика, психология, әлеуметтану, медицина, мәдениеттану, этика, физиология т.б. ғылымдары кіріктіре жүргізеді. Адамның дамуы және оның тұлға ретінде қалып-тасуы биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік тұрғыдан қарасты-рылады:
-
биологиялық бағыт - адам табиғаттың бір бөлшегі, оның іс-әрекеттері мен мінез-құлқы көбінесе табиғи қажеттіліктерге негіз-деледі; -
әлеуметтік бағыт - адам биологиялық тіршілік иесі ретінде әлеуметтік топтардың қарым-қатынас ықпалынан әлеуметтенеді, қоғам-дық ортаға бейімделеді; -
биоәлеуметтік бағыт - жүре пайда болатын қасиеттерге негізделеді.
Жеке тұлғаның белсенділігінің бағыттары оқушының әр-алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады. Олар: білім алу - танымдық, еңбек, қоғамдық пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауық-тыру әрекеттері. Жеке тұлғаның мүмкіндіктерінің ашылуына барынша көмектесуге мүмкіндік туғызатын қызмет - әрекетті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру – баланың дамуын қамтамасыз ететін тәрбиенің басты құралы. Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі.
«Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олар-дың арақатынасына тоқталатын болсақ, тұлға – іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі, индивид көп адамдардың бірі, биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырылады.
Тұлға ол субъект, объект те бола алады. Себебі, субъект тұр-ғысынан алатын болсақ тұлға саналы іс-әрекет ете алатын қабілетті тұлға болып табылады. Әлеуметтік ортада тұлға объекті ретінде білім, тәрбие ала отырып, әлеуметтенеді.
Тәрбиенің екі жақты сипаты болады: тәрбиешіден тәрбиеле-нушіге дейінгі тікелей байланыс - міндетті саналатын әрекет. Тәрбие-шінің қолында кері байланыстан алынатын мәлімет неғұрлым көп болса, тәрбиелік ықпал соғұрлым мақсаттылықпен іске асырылады. Бұл заңдылық мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің және тәрбие нәтижелерінің арасындағы байланыстың болуын қарастырады.
Жеке тұлға – адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-же-тілуі, оның жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғам-дық-саяси көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу үдерісі.
«Жеке адам», «жеке тұлға» түсініктерінің сипаттамасы «дара-лық» түсінігімен толықтырылады. Даралық түсінігі бір адамды екін-шісінен айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді. Даралық бір адамның екіншісіне ұқ-самайтын өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды. Даралық, әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері, шығармашылық іс-әрекет және қабілетінің ерекшеліктерінің өзіндік көріністерімен бөлектенеді.
Жеке тұлға даралығы – индивид тұлғасының және психолог-гиялық өзіндік ерекшелігі, қайталанбастығы, оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан, интеллектуалдығынан, қабілеттерінен көрініс береді.
Жеке тұлғаның әлеуметтенуі В.А.Соковиннің көрсеткеніндей, үш деңгейде жүзеге асады:
1) қоғамның жалпы индивидке ықпалы, қоғам өз байлығын және әлеуметтік құндылықтарын, арман-мұратын, мақсатын қарым-қатынас арқылы – оның «әлеуметтік ұйымдастырылған құрылымы» арқылы;
2) жалпы қарым-қатынас үдерісінде жеке тұлғаға ықпал ету жалпы ақпарат құралдары арқылы ;
3) жеке топ ішінде қоғамға ықпал ету қарым-қатынасы арқылы;
Кіші топта қарым-қатынас әрбір индивидтің шығармашылық өсуіне қосымша мүмкіндіктер жасайды. Мысалы, өз идеяларын, көз-қарастарын әсерлерін тексеруге; өзін-өзі түсінуге, өз жетістіктерін бағалауға және қателіктерін түсінуге көмектеседі.