Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 2949

Скачиваний: 101

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ал тәрбие теориясы мен әдістемесінде жаңа болжамдар жасау күрделірек. Бұл жерде бұрынғы болжамдардың жаңа негізде қайта жасалуы турасында айтуға болады. Мысалы, тәрбие жүйесі ретіндегі ұжым (Л.И. Новикова, В.А. Караковский және т.б.), жеке тұлға тәрбиесінің құралы ұжымдық шығармашылық әрекет (И.П. Иванов және т.б.), мектеп пен ортаның бірлігін талап ететін кең көлемді әлеуметтік тәрбие (Л.И. Новикова, В.Г. Бочарова және т.б.).

Сонымен, зерттеудің теориялық платформасының құрамына ұғымдық-терминологиялық жүйе, теориялар (зерттелетін мәселенің теориясы), тұжырымдамалар, ұстанымдар, тұғырлар және т.б. енеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Ғылымдағы әдіснамалық негіздің түрлерін сипаттаңыз.

  2. Ғылыми-зерттеу практикасында зерттеушілердің “осы әдіснамалық негізді біз жасаймыз” деген тұжырымына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

  3. Зерттеудің әдінамалық негіздерін тиімді анықтау алгоритмін сызба түрінде көрсетіңіз.

  4. Зерттеудің теориялық негіздерінің құрамын сипаттаңыз.


Сонымен, әдіснамалық тұғырлар дегеніміз – қайсыбір педаго-гикалық мәселені зерттеудегі қолданылатын ұстанымдар, әдістер, тә-сілдер жиынтығы. Әдіснамалық ұстанымдар деп педагогикалық жүйе-лерді зерттей отырып, өзгерткенде негізге алынатын қағидаларды айтады. Ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру ұстанымдары – жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қойылатын жалпы талаптар, же-текші идея, түпкі қағида. Ғылыми әдебиеттерде жалпы ғылымилық ұстанымдар қатарына объективтілікті, ғылымилықты, жүйелілікті, та-рихилықты, сабақтастықты және т. б. жатқызады. Демек, тұғыр ұста-нымға қарағанда кең ұғым. Бұл тұғырлар мен ұстанымдар барлық ғы-лымға тән. Сондықтан, педагогикада аталмыш тұғырлар мен ұстаным-дарды зерттелетін нысандардың мәніне сай қолданып, ізденушілер өз зерттеулерін ұйымдастырады. Нақты тұғыр бірнеше ұстанымдар арқы-лы іске аспақ. Бұл ретте әдіснама негізінен ғылыми әрекеттің логика-сына қатысты түсіндіріледі. Әдіснама – педагогика ғылымының жаса-лу зертханасы, сол әдіснама арқылы зерттеудің қазіргі талапқа сай екендігі көрсетіледі және ғылыми қызметкерлердің кәсіби деңгейі бағаланады.

Әдіснамалық негізде автордың дүниетанымдық және зерттеушілік тұжырымдамасы сипатталады, зерттеу құбылыстарын талдауға объективті, ғылыми тұрғыдан келуді ойластыралы, сонымен қатар, білім беру теориясы мен тәжірибесіне қажетті одан шығатын қорытынды мен ұсыныстар, алынған нәтижелердің ғылыми құндылығы да маңызды болмақ. Зерттеушілер зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін анықтау барысында педагогика әдіснамасы қорына, педагогикалық ойларға, тұжырымдамалар мен теорияларға сүйенеді, олардың зерттеу болжамы негізінде ғылыми теория құру мен педагогикалық дәлелдерді ашу мен түсіндіру үшін қажетті және жеткілікті болып табылады.


Қазіргі уақытта педагогикалық зерттеулерге, білім беру ұйымдарындағы тәжірибелікэксперименттік жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде. Зерттеушіпедагогтің, педагогикалық ұжымның, эксперименттік алаңдардың ғылыми ізденісінің бағдарламалары мен әдістемелері жазылып даярлануда. Нақты мәселе бойынша зерттеу жұмысының тәжірибесі жинақталуда. Ғалымдардың іргелі еңбектерінде педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі кеңінен берілген. Дегенмен, осы уақытқа дейін ғылыми-педагогикалық зерттеудің бағыттарын, тұжырымдамасын, әдістемесін анықтайтын ұғымдық-түсініктік-терминологиялық аппараты жеткілікті деңгейде жүйеленбеген Сондықтан да бүгінгі күні жас зерттеушілер де, тіпті тәжірибелі ғылыми қызметкерлер де зерттеудің ғылыми аппаратын тұтасымен, сондай-ақ, оның жеке бөліктерін құрастыруда қиналатыны байқалады. Әсіресе, зерттеудің әдіснамалық негіздерін анықтау мәселесіне келгенде ізденушілердің көпшілігі бұның құрамына не кіретінін іздестіріп, тек зерттеудің ғылыми аппаратын үлгілерден алып жазып қоюмен шектелетін жәйттер де кездеседі. Ғылыми-зерттеу практикасында зерттеушілер «осы әдіснамалық негізді біз жасаймыз» деген пікірде болады да, солай жазады да. Ал шын мәнінде, ізденуші зерттеудің әдіснамалық негізін тек анықтайды. Демек, әдіснамалық негізді әдебиеттен қарастырып, өз тақырыбының мәніне, мазмұнына сай таңдап алады. Әдіснамалық негіздің құрылымына, біздің пайымдауымызша, педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізінің алғашқы құрамдас бөлігі болып табылатын өз зерттеу пәнінің – философиялық заңдар, категориялар, ұстанымдар мен әдістерге қатысын ойластыру кіреді. Әдіснамалық негіздің келесі бөліктеріне педагогикадағы әдіснамалық тұғырлар, әдіснамалық ұстанымдар, зерттеудің тұжырымдамалық негізіне алынатын зерттеудің логикасы (зерттеудің ғылыми аппараты, зерттеудің түсініктік аппараты, зерттеудің өлшемдік аппараты) енеді. Әрине, зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары зерттеудің ғылыми аппаратының құрамына да кіреді. Әдіснамалық тұғыр мен әдіснамалық ұстанымды бөліп көрсету себебіміз ізденушінің назарын ерекше аудару мақсатында болып отыр.

Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері бағытындағы ізденістерде зерттеудің логикасы, зерттеу әдістері, нәтижелері, зерттеу сапасын бағалау мәселелері қарастырылып жүр. Ал енді әдіснамалық тұғырлар туралы білімдер жиынтығы әдіснамашы ғалымдардың еңбектерінде, түрлі ғылыми басылымдар, ғылыми-практикалық конференциялар, әдіснамалық семинарлар, интернет-конференциялар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар материалдарында көрініс тапқан.



Әдіснамалық тұғырлардың құрылымы мен мазмұны «Педагогика әдіснамасы» (2013 ж.) атты оқу құралында ашып көрсетілген. Зерттеудің әдіснамалық негізін сызба түрінде жобаласақ, төмендегідей үлгі шығады

(8-сурет. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздерінің құрамы).98-беттен суретті әкелу.

3.3.Педагогикалық зерттеудің әдістері. Ғылыми-педаго-гикалық танымның эмпирикалық әдістері. Зерттеу әдісі белгілі бір ғылыми міндетті, амалдар мен рәсім-тәртіптерді орындауға бағыт-талған зерттеу әрекетінің нормативті моделі арқылы түсіндіріледі. Неғұрлым ғылымдар әдістерге бай болса, соғұрлым ғалымдардың істері сәттірек болады. Ғылыми міндеттердің күрделілігі өскен сайын, зерттеу құралдарының өңделуіне алынған нәтижелердің дәрежесінің тәуелділігі арта түседі. Педагогика ғылымының әдістерінің сипаттама-сынан бұрын, нақты зерттеу міндеттерін шешуге арналған екі негізгі таңдау ұстанымдарын есепке алу қажет. Олардың біріншісі - зерттеу әдістерінің көптүрлілігіұстанымыкез келген ғылыми мәселені ше-шуге бір емес, бірнеше әдіс қолданылатынын білдіреді. Екіншісі - алынған әдістің зерттелетін пәннің мәніне және алынатын нәти-жесіне сәйкестігі ұстанымы.

Педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістеріне тоқталайық. Оларды ғалымдар эмпирикалық және теориялық деп бөліп қарастырады.

Эмпирикалық білім – зерттелетін пәннің нақты қасиеттері, фактілер, істің мән-жайы туралы білім. Бұл мәліметтер эмпирикалық деп аталатын танымның арнайы әдістерінің көмегімен алынады. Олардың қатарына байқау мен эксперимент енеді.Байқау– жаңа педа-гогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдап, оларды бұрынғы қоғамның даму кезеңдеріндегі мектептер мен педагогикалық ойлардың даму сатыларындағы ұқсас құбылыстармен салыстырып, олардың ара-ларындағы сабақтастықты, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі кемші-ліктер мен жетістіктерін саралап дәлелдейді. Байқау әдісі өте қара-пайым ұйымдастырылады.

Әңгімелесу қосымша ақпарат алуда педагог ғалымдармен, бі-лім беру саласына еңбегі сіңген адамдармен алдын-ала күрделі мәсе-лелерге байланысты, сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу арқылы тиісті жауаптар алынып, жүйеленеді. Сұхбат бұл зерттеудің дербес және қосымша әдісі, байқаудың жетіспей жатқан және алған ақпараттардың толық болмау жағдайларында қолданылады. Сауалнама жүргізу ма-териал жинауда көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып, зерттел-ген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алу үдерісі.


Эмпирикалық танымда байқаудан бөлек экспериментті қол-данады. Эксперименттің мақсаты, пәні, анықталған шарттары, құрал-дары, әдістері және т.б. нақты болғанда ғана толыққанды ұйымдас-тырылады. Педагогикалық эксперименттің мақсаты - заңдылықтарды орнату, фактілерді табу.

Педагогикалық эксперимент жүргізу күрделі және біршама еңбектенуді талап етеді. Көбінесе экспериментті дайындау оны өткізуден күрделі рәсім.

Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдісіне сондай-ақ, сұ-рақ–жауап (сұхбат, тест); қызметтің нәтижесін зерттеу мен бағалау (тәуелсіз эксперт немесе құзырлы сот әдісі) және т. б. жатады. Педа-гогикалық консилиум әдісі.Оқушылардың тәрбиелілігін белгілі бағ-дарлама арқылы және бірыңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның ерекшеліктерін бағалау, қалыптасқан нышандардың мүмкін болатын ауытқулары себептерін табу немесе сонымен қатар басқалармен кемшілікті жеңу құралдарын бірге талқылауды қамтиды. Диагности-калық бақылау жұмыстары әдісі. Мұндай жұмыстар жазбаша немесе зертханалық-тәжірибелік сипатта болуы мүмкін.


Тестілеу зерттеу әдісі ретінде және оның түрлері. Тестілеу – бұл жеке тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданыла-тын стандартты әдіс. Тестерді бұл мәселемен арнайы айналысатын кә-сіби психологтар мен педагогтар жасайды. Педагогикалық тестілеу – мақсатқа бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық үдерісті объективті бағалауға көмектеседі. Көптеген педагогикалық тесттер белгілі талаптарға сай лайықты құрастырылып, компьпютердің көмегі-мен тестілеудің нәтижесі шығарылды. Үлгерім тестісі, қарапайым бі-ліктілік тестісі, оқу-тәрбие деңгейін диагностикалау тестісі қолданы-лады. Қазіргі уақытта психометриялық тесттердің ішінен жобалау тестері кеңінен таралған. Олар адамның әрдайым өзі болған жағдайларда түрленетін /қабылдау мен ұсынуда/ алғы шарттарға не-гізделген. Бұл тесттер өзінің сипаттаушылық түсінігін беру, өмірде жоқ жануарларды салу, аяқталмаған сөйлемді жалғастыру қажеттігі бар формада болуы мүмкін, кейде суреттегі сюжетке өз түсінігін бе-руді ұсынады. Мысалы: белгісіз формадағы сия дақтары /Роршах тесті/.

Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдісі. Іс-құжаттарды талдау және зерттеу зерттелетін үдерістер мен құбылыстар туралы нақты материалдар жинау үшін қажет. Мысалы баланың жұмыстары оның тек білімін, қызығушылығын білдіріп қана қоймай, тәрбиеші жайлы психологиялық, педагогикалық ақпарат алуына мүмкіндік береді. Мысалы, сурет, мүсін-деу, қол еңбегі, тіл дамыту, бақылау жұмыстарының нәтижелерін тал-дау баланың психикалық үдерісінің даму ерекшелегін, білімін, білік-тілігін, дағдысын және құзыреттілігінің даму деңгейі туралы қорытын-ды шығаруға болады.

Балалармен танысу барысында көбіне, сауалнамаларға қараған-да, олардың ойынға, еңбекке, сабақ түрлеріне және бос уақытындағы әуесіне, өмірдің басқа да аспектілеріне қатынасын көрсетуге қабілетті шығармалар жиі қолданылады. Мысалы, мектепке дейінгі балалар-дың салған суретін талдау жолымен тек танымдық қызығушылықтар-дың болуын ғана емес, сонымен қатар, эмоциясын, сенсорлық және эстетикалық қабілеттерін, сөздік қорын, бейнелі, логикалық ойлауы туралы ұсыныс жасау қажет.

Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жинақтау әдісі. Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жинақтау зерттеу жұ-мысына құнды материалдар береді. Зерттеу нысаны ретінде