Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 2923

Скачиваний: 101

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру;

- арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, меке-мелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.

Инклюзивті білім берудін мазмұны. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдар-ламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шек-теулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы негізінде іске асыруды қажет етеді. 

Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саяса-тының міндеттері мынадай болып ерекшеленеді: әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс; әрбір баланың дара қабілеттері, қызығу-шылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады; білім беру жүйесіне оң өзгерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағат-тандыру мақсатына орай өзгертуге болады.

Инклюзивті білім берудің 8 ұстанымын меңгеруге қол жеткізуі:

1. адами құндылық оның қабілеті мен жеткен жетістіктеріне байланысты емес;

2. әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті;

3. әрбір адамның қарым-қатынас жасауға, тыңдалуға құқығы бар;

4. барлық адамдар бірін- бірі қажет етеді;

5. шынайы білім беру нақты контекстегі қарым-қатынас жағдайында ғана жүзеге асуы мүмкін;

6.барлық адамдар құрдастарының қолдауы мен достығына мұқтаж;

7.  барлық білім алушылардың прогреске қол жеткізуі үшін біреу жасай алмайтын нәрсені жасауы болар;

8. адам өмірінің барлық жағын алуан түрлілік күшейте түседі.

Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білімін бағалау жүйесі. Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бағалау жүйесі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік құралда нақты көрсетілген. Білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және олар орындауы қажет міндеттері тең болуының маңыздылығына баса назар аударылған. Осы орайда, олардың жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеуді, яғни бұзылысты (көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, әлеуметтік-эмоциялық сала) ескере отырып, қалыпты да-мыған балалармен бірдей болуы қажет. Бұл жағдайда бағалануы керек:


  • арнайы оқу дағдыларының қалыптасқандығы, мысалы, көру бұзылыстары бар балалардың Л. Брайль шрифтін меңгеріп және/немесе тегіс баспалы шрифтпен жазу мен оқу;

  • білім беру салалары бойынша құзырет: ауызша және жаз-баша коммуникацияны қолдану, саналы оқу мен жазуға қабілетті болу; математикалық білімнің элементтерін практикалық қолдану іскерлігі, олардың өмірге қажетті мәнін түсіну және т.с.с.;

  • әлеуметтік-тұлғалық нәтижелерді бағалау: өз күшін адекват-ты бағалай алу, физикалық жүктемеде, медициналық препараттарды қолданғанда, аз таныс заттық-кеңістіктік ортада (бөлмеде, көшеде) өз бетінше қозғалу кезінде ненің болатынын және болмайтынын түсіну.

Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл ап-паратында бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психика-лық дамуы тежелген түлектер алған білім деңгейін растайтын мемле-кеттік үлгідегі құжат алады.

ҚБТ қағидалары барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек болып табылатын білім алушылар үшін қолданылады. Тестілеу бойынша оқуға ниет білдірген білім алушылар білім беру ұйымы басшысының атына растаушы құжаттарды ұсына отырып, оқуда ҚБТ пайдалану мүмкіндігі туралы уәждемелі негіздемелері бар еркін түрде өтініш жазады. Мүгедек балаларға ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысу мүмкіндігі туралы психологиялық-медициналық-педа-гогикалық консультация ұсынымдарын береді. Жалпы білім беру ұйым-дарында ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу жоспарлары негізінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес экстер-нат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдар-ламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі болып табылады. Жергілікті атқарушы орган негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасу факторларына тоқталыңыз.

  2. Адамның дамуындағы және оның тұлға ретінде қалыптасуындағы биологиялық және әлеуметтік арақатынас тұжырымдамасын ашыңыз.

  3. Іс-әрекетпен қарым-қатынастың тұлғаның дамуындағы және қалыпта-суындағы рөліне тоқталыңыз.

  4. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама беріңіз.

  5. Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы («жас ерекшеліктер дағдарысы», «дарынды балалар», «акселерация») және балалардың базалық психоәлеуметтік талаптарына тоқталыңыз.



ІІІ бөлім. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
1 тақырып. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ (ТПҮ) МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1. «Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары.Оқыту мен тәрбие үдерісін ажырамас бірлікте қа-растыру идеясы XIX ғасырдың ортасында өмірге келді. Біртұтас педагогикалық үдерістің мәні туралы түсінік ғалымдар-дың XIX-XX ғасырларда арнайы зерттеулерінің нәтижесінде қалып-тасты. Ал «педагогикалық үдеріс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф. Каптерев ендірді. «Педагогикалық үдеріс – өзінің та-биғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғаның жан-жақты жетілуі». Ол педагогикалық үдеріс пен тәрбиені үйлесім-дікте, яғни педагогикалық үдерісті тұлғаның жан-жақты жетілу үдерісі ретінде қарастырды. П.Ф. Каптерев педагогикалық үдерісті әртүрлі қырлар мен құралдардан тұратын біртұтас құбылыс ретінде түсін-діріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезеңдері болатынын атап көрсетті

Педагогика ғылымында ХХ ғасырдың 20-жылдарында тәрбие-нің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К. Гончаров, А.Г. Калашников). Біршама кейін педагогикалық үрдерістің құрамдас бөлігі оқыту үдерісі заңдылықтарын В.И. Загвязинский, Г.И. Щукина, Н.И. Болдырев және т.б. өз еңбектерінде нақты ашып көрсетті. ХХ ғасырдың соңғы жыл-дарында біртұтас педагогикалық үдеріс заңдылықтарын М.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б.Т. Лихачев, В.А. Сластенин сияқты ғалымдар педагогика әдіснамасы жетістіктеріне сүйеніп, зерделеді.

М.А. Данилов «Педагогикалық үдеріс – көптеген үдерістердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні тәрбие арқылы адамның әлеу-меттік құнды тәжірбиесі қалыптасушы адамның сапасына айналатындығы» деген анықтама береді. Педа-гогикалық үдерістің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында. Педа-гогикалық үдерістің барлық құрауыштары бір мақсатқа бірігеді: білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік. Педагогикалық үдерістің тұтас-тығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігі-мен және нақты оқу-тәрбие үдерісінің барысымен сипатталады

«Педагогикалық үдеріс» ұғымының даму динамикасын қарас-тыралық.Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин, Н.А.Сорокиннің «Педаго-гика» оқулығында педагогикалық үдеріс қандай да біртұтас қасиетте-рімен сипатталады: тәрбие, білім беру, оқыту, дамыту үдерістерін өза-ра органикалық бірлікте қарастырады, оның құрамына кіретін барлық үдерістерді өзара бірлікте қарайды: оқыту мен тәрбие әдістерінің бірін-бірі толықтыруына мүмкіндік береді, түпкі нәтижесі – тұлғаның бәсе-кеге қабілетті, инновациялық ойлауының дамуына бағытталған тұжы-рымдаманы мектептегі педагогикалық үдерісте жүзеге асыру; педаго-гикалық және оқушылар ұжымын тұтас жалпы мектептік ұжымға бі-ріктіреді, тұтас мектеп ұжымы оқушының нәтижеге бағытталып да-муында субъект рөлін атқарады, педагогикалық үдеріске оның тұтас-тығын қамтамасыз ететін заңдылықтары мен ұстанымдары тән», -делінді.

1.2.Педагогикалық үдеріс - әлеуметтік жүйе.И.П.Подласыйдың пікірінше, педагогикалық үдеріс - әлеуметтік тәжірибе адамның сапасының қалыптасуына айналатындай өзара іштей байла-нысқан әлеуметтік жүйе ретінде «педагог-оқушылар» - мұғалім іс-әре-кетінің объектісі ретінде қарастырылады. Оның барлық құрамала-рының бір мақсатқа бағынатынын айқындайтын тұтастық, ортақтық, бірлік – педагогикалық үдерістің басты сипаттары.

Педагогикалық үдерістің белгілері мен сапа-қасиеттері.Ға-лымдар тұтас педагогикалық үдерістің бірқатар қасиеттерін былайша сипаттайды:

1) педагогикалық үдеріс әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қыз-мет істеуі оған қатысушылардың өзара іс-әрекеттерінің алмасуымен анықталады;

2) ынтымақтастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, оқушылар бір-бірімен де) оқушы үшін әр түрлі іс-әрекеттәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық үдерістегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының шарттарын бейнелейді;

3) «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық үдеріс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттесуі бары-сындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;

4) педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік қасиетін әр-түрлі тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйе-лердің оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъек-тілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен сипатталады.
1.3.Білім беру парадигмасы және субъект-субъектілі қаты-нас.Білім берудің жаңа парадигмасының пайда болуы әлемдік білім кеңістігіне енудегі өркениетті дамудың маңызды жақтарының бірі бо-лып табылады. Тұтас педагогикалық үдерістің қызметі бүгінгі күні бі-лім беру парадигмасына сай ұйымдастырылуды талап етеді. Сондық-тан білім беру парадигмасының нақты мәнін зерделеу қажет. Ғылыми зерттеулерде «парадигма» ұғымына әртүрлі анықтамалар береді.

Білім беру және педагогика сөздігінде «парадигма (бейне, үлгі, мысал деген грек сөзінен шыққан) - сол кезеңдегі ғылым дамуының, ғылыми зерттеу стандартының, алынған мәліметтерді, ғылыми зерттеу нәтижелерін бағалау мен жүйелеудің моделі ретінде қабылданған тео-риялық және әдіснамалық ереже, тұжырымдамалық схема». Парадиг-маны ғылыми термин ретінде енгізген Т. Кун, оның ғылымды тану тұжырымдамасында
«парадигма танымал болған ғылыми жетістік-тер» деп түсіндіріледі, яғни берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы, соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, әдістер жүйесі); қоғамдағы ғылыми қауымдастықта басым болатын зерттеу әдістерінің, мәселені қою мен оларды шешудің бастапқы тұжырым-дамалық сызбасы, моделі.

Кунның тұжырымдамасына сүйене отырып, философтар пара-дигманы ғылымның нақты саласының белгілі бір даму кезеңіндегі тео-риясының қолдану тәсілдері ретінде қарастырады.Логикада парадигма ғылымның дамуындағы белгілі бір кезеңдегі ғылыми зерттеуге қажет үлгі, модель, стандарт, ғылыми таным үдерісінде туындаған мәселе-лерді болжау және шешуге арналған түсіндіру, бағалау және ғылыми мәліметтерді жүйелеу ретінде пайдаланылатын ғылыми қоғамдастықта қабылданған теориялық және әдіснамалық ережелердің жиынтығы ретінде айтылады. Психологияда парадигма белгілі бір тарихи кезең-дегі берілген білім аймағындағы (пәндік) ғалымдардың зерттеушілік тәжірибесінің үлгісінде ұйымдастырылған негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, әдістер) жүйесі ретінде зерделенеді.

Әлемдік педагогика ғылымы үшін білімнің өркениет дамуын-дағы жалпы жағдайымен және жүріп жатқан үдерістермен байланыс-тылығы мен сәйкестігі кең өріс алуда.

Ғалым педагогтар педагогикалық үдерістегі үш парадигмалық кеңістікті атап өтеді. Ең байырғы генетикалық парадигманы олар «дәстүрлер парадигмасы» деп атайды. Бұл парадигма әртүрлі тарихи және мәдени жағдайларда дәстүрлілікті сақтауды қолдайды.

Бұдан кейін келген ғылыми–техникалық парадигма материал-дық құндылықтар, ғылым мен техниканы дамыту, соған сәйкес нақты ғылымдардың үстемдігі негізінде құрылған. Технократтық логика ұс-танымдарына сәйкес бұл оқыту парадигмасына көшірілді. Осы ғылыми-техникалық прогресте жетістікке жеткізгенімен онда физиология, пси-хология мен адамгершіліктің астарларына, оқушының жан дүниесін-дегі құбылыстарға бойлауға орын берілмегені белгілі болды.

Уақыт өте келе парадигма категориясының талаптары ғылым-нан білім беру үдерісіне көшірілді. Демек, білім беру үдерісінің негізі-не ғылыми жетістіктерді енгізу ғалымдарды парадигманы тек ғылымда емес, білім беру тәжірибеснде пайдалануды негіздеді. Сол себепті адамның әлеуметтік мәдениетте дамуы барысында білім берудің гума-нитарлық парадигмасы қалыптасты. Бұл парадигма аясында кәсіби педагогиканың құндылық негізі –