Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 2912

Скачиваний: 101

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Педагогикалық үдеріс дамушы жүйе. Қарама-қайшылық – пе-дагогикалық үдерістің қозғаушы күші.Педагогикалық үдеріс, со-нымен қатар, педагогикалық үдерістің тұтастығы, педагогикалық үде-рістің заңдылықтары, педагогикалық үдерістің кезеңдері, педагоги-калық инновациялар, қазіргі мектеп мұғалімі сияқты жүйе ретінде де қарастырылады .

Педагогикалық үдеріс – «мұғалім - оқушылар» жүйесінің үздік-сіз әрекеті, ол осы жүйе жағдайының алмасуынан көрінеді. Педагоги-калық үдерістің мақсаты әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қалып-тастыру. Педагогикалық үдеріс көп деңгейлі және көп құрылымды жүйе, онда жеке бір оқушы, жеке дара мұғалім бірінші реттегі дербес жүйе болады.

В.А. Кан-Калик «ұстаздың шығармашылық үдерісі оқушылар-дың шығармашылық үдерісін тудыратын үдеріс ... сонымен бірге бұл өзара әрекет әрбір нақтылы жағдайда байқалады, өз жағынан ол, бір сыныпта жұмыс істейтін ұстаздар ұжымының және ұжымдағы барлық оқушылардың ұжымшыл шығармашылық іс- әрекеттерінің арасында-ғы ерекшеліктері» деп пайымдайды.

Педагогикалық үдерістің қозғаушы тетіктері (құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер немесе технология). Педагогикалық үдеріс - мақсат пен мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талап-тарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, түр, әдіс-тәсілдерінің, дидактикалық талаптарының педагогикалық-психо-логиялық нұсқауларының жиынтығы.

Педагогикалық үдерістің тәрбиелік тетіктері – педагогтар мен оқушылар арасындағы, ұжым ішіндегі қарым-қатынастар.

Балалар ұжымын тәрбие құралы ретінде көптеген жылдар бойы зерттеген Л.И. Новикова: «оларды мақсатты басқарудың тиімділігі кө-бінесе балалар ұжымында болып жатқан әлеуметтік-психикалық үде-рістерді білуге және оларды тәрбие субьектісі ретінде сипаттауға байланысты»,- дейді.

В.С. Ильин: «толыққанды жеке тұлға тек біртұтас педагоги-калық үдерісте ғана қалыптасады, онда педагогикалық ықпалдың үйлесімділігі қамтамасыз етілуі керек», - дейді .

Б.Т. Лихачев педагогикалық үдерістегі ересектің орнын ұйым-дастырушы ретінде жоғары бағалай отырып, бала ықпал ету обьектісі ғана емес, даму үстіндегі белсенді әрекеттенуші, ол әрқилы әлеуметтік себепші іс - әрекеттердің нәтижесінде өзгеріп, дамып отыратын және осыған сай өзін - өзі тәрбиелеудің субьектісі бола алатынын көрсетеді. Бұған қоса Б.Т. Лихачев педагогикалық үдерістің тағы басқа бір ерек-шелігін – оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің бірлігін көрсетеді.


М.А. Данилов: «үнемі қозғалыс пен даму барысында қарасты-рылған тәрбие өте күрделі, қозғалыстағы, қарама – қарсылықтағы құ-былыс ретіндегі педагогикалық үдеріс болып саналады. Әрқашанда оның өз ішінде көптеген әртүрлі күштер мен ықпалдар өзара әрекет-тестікте болады, олардың ішіндегі ең бастысы үдерісті бағыттаушы мұғалім мен тәрбиеленушілер ұжымы болып есептеледі» деп анықтама береді.

Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің негізгі қағидалары бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкінді-гіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдық рөлін арттыруда. Осы-ған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара бай-ланысты екі топқа бөлуге болады: үлгілі және өзекті, соңғысы тұл-ғаның дамуы мен даралығын қалыптастыру және тәрбие қоғамдық құрылыс ретінде өте күрделі, әрі қарама-қайшылықты тарихи үдеріс. Ол жас ұрпақтың қоғам өміріне қосылуына, тұрмыс-тіршілікке, қоғамдық өндірісте қызметке араласуына, шығармашылық пен рухани-мәдени игіліктерді игеруіне, қоғамдық болмыстың негізін игеріп, жеке тұлға ретінде дамып, азамат ретінде қалыптасып жетілуіне негіз бола-ды. Тәрбие қоғамдық прогресті дамытып, ұрпақтар жалғастығын қам-тамасыз етеді. Ол әрбір жеке тұлғаның, қоғамның маңызды өндіргіш күшінің бөлшегі ретінде өз бақытын өзі құруға көмектеседі.

1.7.Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы туралы білім – мұ-ғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізі. Психологиялық-педагогика-лық әдебиеттерде кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: «құзыреттілік» және «құзырет» ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі, С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызмет-ке байланысты, «қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделді-лік», ал екіншісі, «қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеме-нің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықты-лық шеңбері». Құзырет – нақты әрекет пен үдерістерге байланысты тиімді, өнімді әрекеттер жасай алатындай дара тұлға сапаларының өза-ра байланысқан жиынтығы (білім, білік, дағдылармен қызмет түрлері).

Болашақ мұғалімдердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қа-лыптастыруға байланысты «құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік», «мұғалім құзыреттілігі» ұғымдарына берілген әртүрлі түсініктемелер бар. Бұдан «құзыреттілік» ұғымы білім беру, маман даярлау сала-сының қолданыстағы терминіне айналғанын көреміз. «Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби мәртебе иесіне байла-нысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс жұмыстың нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.



Л.М. Митина мұғалімнің кәсіби дамуының психологиялық фак-торларын, шарттары мен қозғаушы күштерін зерттей келіп, тұлғаның интегралдық сипаттарының қатарындағы кәсіби даму факторларының бірі ретінде мұғалімнің кәсіби бағыттылығын және педагогтік құзырет-тілігін бөліп көрсетеді.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің психологиялық тұжырымда-масын жасай отырып, А.К. Маркова оған мынадай анықтама береді: «кәсіби құзыреттілік - бұл мұғалімнің білім, білік және осы еңбекті жү-зеге асыруға қажетті олардың нормативтік белгілерінен хабардарлығы; психологиялық сапаларды меңгеруі, нормаға және үлгіге сай нақты кә-сіби әрекет» және оның мазмұнын екі көрсеткішке – үдерістік және нәтижелілікке бөледі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «базалық құзырет» ұғымы қолда-нылып келеді. Бұл құзыреттіліктер - өмірдегі мәселелер мен жағдаят-тарды шешуде іс-әрекеттің сапалы, табысты өтуін қамтамасыз ететін жеке тәжірибеге енген білім, білік, дағды, қабілеттің жинағы немесе әмбебап жүйесі. Сондықтан, осы тұрғыда жоғары кәсіби білім беру ба-залық құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Құзырет бі-лім, білік, шығармашылық әрекеттің қорытындысына сүйеніп, төмен-дегідей негізгі белгілерімен ерекшеленеді:

1) Көпқызметті күнделікті, кәсіби және әлеуметтік өмірде кез-дескен кез келген жағдайдан шыға алады және кез келген мақсатты және міндетті шеше алады;

2) метапәнділік және пәнаралық – бұл түрлі жағдайда қолда-нылады;

3) зияттық дамуды, яғни дерексіз ойлауды, рефлексия, өзінің жеке ұстанымын анықтай алуды, өзін-өзі бағалауды, сын тұрғысынан ойлауды талап етеді;

4) көпқырлылығы – түрлі ақыл-ой үдерісін, зиятты біліктілікті, ақыл-ойды қажет етеді.

Отандық педагогикада «құзыреттілік» ұғымы көбіне кәсіби дайындық, кәсіби шеберлік пен мамандықты меңгеру деңгейі ретінде қарастырылып келеді.

Негізгі құзыреттіліктер жалпы орта білім беру саласында қалып-тасып, қандай да бір мамандықтың іргетасын құрайтын құрауыш-тардан тұратын базалық құзыреттіліктердің негізіне дайындайды. Э.Ф. Зеердің пайымдауынша, базалық құзыреттіліктерге жататындар:

- жалпығылыми ұғымдар – табиғат, қоғам және адамның іс-әрекетінің негізгі заңдары;

- экономика мен мінез-құлықты ұйымдастырудың негізін құрай-тын әлеуметтік-экономикалық;

- азаматтық-құқықтық;

- ақпараттық-коммуникациялық;

- политехникалық – техника мен технологияның, жаратылыс-ғылыми, автоматтандырылған өндірістік қызмет ету ұстанымы, бақы-лау және басқару жүйелері;


- жалпы кәсіби мамандықтар тобына қатысты.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, білім мазмұнын дамытудың бүгінгі жағдайын есепке ала отырып, Қазақстан Республи-касындағы 12 жылдық орта білім беру стандартында қабылданып отырған негізгі құзыреттіліктерді мәселенің шешімін табу (өзіндік менеджмент), ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерді қа-лыптастырып дамыту көзделіп отыр. Олай болса, аталған құзырет-тіліктерді оқушылар бойында қалыптастыруды болашақ маман жоғары оқу орны қабырғасында меңгеріп шығады.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Педагогикалық үдеріс ұғымының мәнін ашыңыз.

  2. Мұғалімнің іс-әрекет объектісі дегеніміз не?

  3. Педагогикалық үдерістің белгілері мен сапа-қасиеттеріне тоқталыңыз.

  4. Білім беру парадигмасы дегеніміз не?

  5. Педагогикалық үдерістің субъект-субъектілі қатынас ұғымының мәнін ашыңыз.



2-тақырып. ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ, ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫДАН НЕГІЗДЕЛУІ
2.1. Тәрбиенің мақсаты. Мақсат дегеніміз алға қойылған биік мұратқа ұмтылу, оны іске асыруға әрекет ету. Мақсат жас ұрпақтың болашағын алдын-ала ойластырып, оларды өмірге әзірлеу барысында жүргізілетін тәрбие жұмысының нәтижесінде, жеке басына тән сапа-лық қасиеттерінің дамуын қамтамасыз ету. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі қоғамның дамуына тәуелді.

Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Тәрбиенің жал-пы мақсаты барлық азаматтардың бойында сапалық құндылықтардың, ал жеке мақсаты - жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді. Тәрбиенің мақсатына обьективті себептер ықпал етеді, олар: адамның физиоло-гиялық жетілуі мен психикалық дамуы, философия мен педагогика ғылымның жетістіктері, әлеуметтік ортаның қоғам мүддесіне қарай, үнемі өзгеріп отыруы. Қоғамның мәдени деңгейі тәрбие мақсатының жалпы бағытын анықтап, қоғамның нақты тарихи сипатына қарай өзгеріп отырады.

«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» тәрбиенің мақ-саты: ата-анасын қадірлеп, қастерлейтін, туған жерін, Отаны Қазақстанды сүйетін, қазақ тілін, мәдениетін, тарихын меңгерген және ардақтайтын, толерантты, халықтар достығын, ел бірлігін сақтайтын, дені сау, жан дүниесі бай, еңбекке бейім, ана тілін және шетел тілдерін еркін менгерген, сапалы білім алған, құзыретті, дарынды, өзінің бола-шақ кәсібін таңдай алатын азамат тәрбиелеу.

Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның обьективті даму заңдылықтарына сүйену керек.

Тәрбиенің обьектісі - тұлға болса, ұстаз оларды дамыту үшін оларға тәрбие субьектісі ретінде қарап, олардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастырып, басшылық жасауы қажет. Тәрбиенің барлық түрі бір-тұтас педагогикалық үдеріс шеңберінде қарастырылады.

Тәрбиенің мақсаты - жастардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, олардың жоғары адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу.

Осыған байланысты тәрбиенің қойылатын негізгі мақсаттары мынадай:

- жеке тұлғаның дүниеге ғылыми көзқарасын дұрыс қалып-тастыру;