ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2918
Скачиваний: 101
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- жеке тұлғаның даралық және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсатқа сәйкес, тәрбие мынадай кешенді міндет-терді шешуді алға қояды: дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жеке тұлғалық қасиеттері дамыған адамның негізін қалыптастыру; еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты тиімді пайдалана білу тәрізді әлеумет-тік қызметтерді өз мәнінде қабылдап, оларды пайдалана білуге даяр-лау, кәсіп таңдау; өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, оқу-шылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндіктер туғызу.
Тәрбие - педагогикалық үдерістің жетекші компоненті ретінде тәрбие мақсатын жүзеге асыру, оның құрамды бөліктерінің байланыс-тарын шешуді талап етеді. Тәрбие мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін оның мазмұны, тәрбие әдістері мен құралдары, формалары бірімен-бірі тығыз байланыста қарастырылуы тиіс.
Тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудыңөзара байланысы тәрбие үдерісінің мақсаттылығы нақты өмір талабына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін береді. Оны тәрбиешілер өз қалауымен анықтай ал-майды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның саяси-экономикалық, мәдени даму деңгейімен тығыз байланысты.
Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады және тұл-ғаны дамытуда шешуші рөл атқарады. Тәрбие дегеніміз тұлғаның ал-дыңа мақсат қою арқылы іске асатын іс-әрекеті. Тұлғаның тәрбиелі-гінің іс-әрекет, қарым қатынасы, мінез-құлқы және тұлғаның өзіне де-ген қатынасы, яғни өзін-өзі бағалауы арқылы айқындауға болады. Іс-әрекет – тұлғаныңқызығушылығы, сезім-санасына, жауапкершілігіне-гізіндесыртқыортаменәсерлесуарқылыдамуүдерісі.
Қазіргі таңда тәрбиені мәдениет, қарым-қатынас, құндылық тұр-ғысынан қарастырады. Қазақ педагогикасының негізін қалаушы М.Жұмабаев тәрбиені екі тұрғыдан қарастырады – дене тәрбиесі және жан тәрбиесі.
В.С.Безрукова“Тәрбиедегеніміз- адамзат қоғамының өмір сү-руіне сай ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан, дәйекті түрде үздіксіз бері-летін мәдениет»,- деп тұжырым жасайды.
И.П.Подласый тәрбиені мәдениет тұрғысынан қарастыра келе, адамгершілік мәдениет, ақыл-ой мәдениеті, эстетикалық мәдениет, дене мәдениеті тұрғысынан жіктейді.
С.Әбенбаев “Тәрбие - халықтық ғасырлар бойы жинақтап, ірік-теп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым - қатынасын, өмірге көзқарасын жә-не соған сай мінез - құлқын қалыптастыру құралы”,- деп түсіндіреді.
Қазақстан Республикасы бүкіләлемдік білім кеңістігіне енуді мақсат етуіне орай, қазіргі заман оқушыларын тәрбиелеу мақсаты із-гілікті, білікті, мәдениетті, өзіндік өмірлік ұстанымы бар, қарым-қаты-нас мәдениеті жетілген, өз өмірін құруға, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға бейім жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.
Тәрбиенің мәдени құбылыс ретіндегі міндеттеріне мәдениетті кешенді түрде қалыптастыруды жүзеге асыру, жеке тұлғаның сапалық қасиетін арттыру болып табылады. Тәрбиенің мазмұнына бүкіл мәде-ниет жетістіктері қамтылады. Тәрбие мазмұны тәрбие міндеттерін толықтай жүзеге асыруды қарастырады.
Тәрбиенің қоғамда атқаратын қызметіне қарай, өзіндік ерекше-ліктері болады. Тәрбие - қоғамдық құбылыс. Адам қоғамнан тысқары өмір сүре алмайды. Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты, тәрбие-нің мақсаты толығып отырады. Тәрбиенің қоғамдық мәні жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қа-лыптасуына әсер ете отырып, рухани жағынан үнемі жетілу және баюуда көпсалалы үдеріс тұрғысынан қамтылады. Халықтар бойына білімге негізделген этникалық ізгіліктер мен өнерлерді дамытуды т.б. қамтиды. Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі ұрпақтан - ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез - құлық нормаларына қатысты білім, білік, дағдыларды беру, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қа-лыптастыру, баланы әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру бо-лып табылады.
Тәрбие - біртұтас үдеріс. Тұлғаның кісілік қасиеттерін қалып-тастыру бірыңғай жағдайда, бір уақытта іске асырылады. Тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді.
Тәрбие - ұзақ, әрі күрделі үдеріс. Адам туып, есею барысында тәрбиенің ықпалында болады. Онан кейінгі уақытта өзін-өзі тәрбиелеу үдерісімен жетіледі. Тәрбие мақсатының нәтижесіне дереу қол жеткі-зуге болмайды. Мектепте әр оқу сатысындағы оқушылардың тәрбиелік деңгейіне талаптар қойылып, соған қол жеткізу көзделеді. Тәрбиеге іштей және сырттай ықпал жасалады.
Тәрбие - көпжақты үдеріс. Мектеп оқушыларын тұлға етіп тәр-биелеу, дамыту,қалыптастыру, оларды қоғамдық өмірге даярлау бар-лық қоғам азаматтарының міндеті. Қоғамның тәрбиелік әрекетін бі-рыңғай бағытта ұйымдастырып, оқушының тұлғалық қасиетін қалып-тастыруды жүзеге асыратын мектептегі ұстаздар ұжымы мен отбасы.
Тәрбие көп факторлы, екі жақты және белсенді үдеріс. Тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Тұқым қуалаушы-лық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуымен қалыптасуының не-гізгі обьективті факторлары болып табылады. Биологиялық фактор, тұ-қым қуалаушылық пен адамға тән қасиеттер: іс-әрекеттің кез-келген түріне бейімділігі жатады. Адамның биологиялық жетілуі мен өзгеру үдерісі оның мінез-құлқына әсер етеді.
Адамның жеке тұлға болып қалыптасуына сөйлеу, ойлау секілді адамға тән бейімділіктердің дамуы үшін қоғам мен орта қажет. Адамның мейілінше дамуына әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе, қазіргі уақыттағы экономиканың өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық және демографиялық үдерістер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмірінің ұзақтығындағы өзгерістер т.с.с. жатады.
Тәрбие - жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісі. Ол білім беру орындарында жүргізіледі. Мектепте педагогикалық үдерісті сауатты ұйымдастырумен бірге, оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін тиімді ұйымдастыру, жеке тұлға дамуының шарты болып табылады.
2.2.Жалпы адамзаттық құндылықтар - тәрбие мақсатыныңнегізі. Қазақстан Республикасы бүкіләлемдік білім кеңістігіне енуді мақсат етуіне орай, үздіксіз білім беру жүйесінде түбегейлі өзгеріске түсуі тұлғаның тәрбиелік, мәдени деңгейін әлемдік жетістіктер дең-гейіне көтеруді, жаңаша пардигманы қажет етеді. Тәрбие парадигмасы қоғамның дамуына байланысты, мақсат, міндеттеріне сәйкес өзгеріп отыратын жаңашыл әдіс - тәсілдерді, ұстанымдарды, тұғырларды қа-жет ететін зерттеу әрекеттерін қалыптастырады. Білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне кіріктірілуі де тәрбиеге жаңаша көзқарасты – жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарастыруды көздеп отыр.
Тәрбиенің негізі болып саналатын жалпы әлемдік құндылық-тардың бірі – тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адам-дарды сүйе білу қажеттілігі болып табылады. Әр адамның тағдыры әр-қашан әлемдік дүниемен, адамдармен, ұжыммен байланысты. Сондық-тан демократияландыру, адамның құқығы мен бостандығын сақтау жағдайларында ұжымдағы қарым-қатынас мәселелері бұл күнде ерек-ше маңызға ие болуда.
Құндылықты құбылысты қоғамдық сана түрінде (әділеттілік не-месе әділетсіздік) сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге оларға баға береді, оларды мақұлдайды немесе айыптайды және олардың жүзеге асуын талап етеді немесе кемшілікті жоюдың өлшемі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтардың арасында философтар мен прог-ресшіл ойшылдар мен педагогтар әрқашан бірінші орынға адамның құ-қығын, оның бостандығын және соған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп қарастырған.
Жалпыадамзаттық құндылықтар халықтық дәстүрлерде, адам-гершілік принциптерде, діни мәдениетте нақты жазылып қойылған және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабыл-данған үлгісі ретінде көрінеді.
Ғалым-педагогтар осы заманғы педагогиканың алдында басты екі міндет тұр деп көрсетеді. Біріншіден, педагогиканы жалпыәлемдік құндылық (педагогикада адамды жақсы көру және адам бостандығын қамтамасыз ету) деңгейіне көтеруге әрекет жасаған жөн. Екіншіден, барынша жетілген адамзаттық идеалды құру. Осы екі міндетті кірік-тіріп адами мұрат жасауда бостандық пен сүйіспеншілік сияқты құн-дылықтарды да ескеру қажет.
Жалпы әлемдік құндылықтар – түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс. Сол себепті де ол жалпыадамзаттық деп аталады. ХХ ғасырдың соңында Халықаралық топ алғаш рет дүниежүзілік тарихта адамның құқықтары туралы халықаралық негізге алынатын құжаттар жасады. “Адам құ-қықтарының жалпыға бірдей Декларациясы”, “Баланың құқықтары ту-ралы конвенция” және т.б., оларда тәрбиенің әдіснамасы мен теория-сы, жаңартылған мақсат пен мүдделер қарастырылған. Онда халықтар-дың рухани құндылықтарын дамытуда жаңа көзқарастарға негізделген халықаралық стандарт болып табылатын жалпыадамзаттық құндылық-тар - адамның құқықтары мен бостандығы көрсетілген.
Қазақстан Республикасы аталған құжаттардың басты идеяларын білім саласында негізге алды. Мектептегі тәрбие жұмысын жалпы әлемдік құндылықтарға негіздей отырып, жаңа құндылықтар жасауға талпыныс жасау көзделуде. Оның мәні жас ұрпақты басқаларда бар нәрсені бағалай білуге үйрету, жалпыадамзаттық дамуға үлес қосуға, халықтардың күш-жігерімен жасалған құндылықтарды құрметтеуге және қорғай білуге тәрбиелеу.
Педагогикалық үдерісте оқушылардың рухани байлығын арт-тыру үшін әр халықтың жетістігімен бірге алуан түрлі мәдениетін пайдалану да қарастырылады.
2.3. Тәрбиенің қағидалары.Тәрбиелік мақсатқа сәйкес, тәрбие кешенді міндеттерді шешуді дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жеке тұлғалық қасиеттері дамыған адамның негізін қалыптастыру; еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты тиімді пайдалана білу тәрізді әлеумет-тік қызметтерді өз мәнінде қабылдап, оларды пайдалана білуге даяр-лау, кәсіп таңдау; өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, оқушы-лардың өзін-өзі тәрбиелеуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндіктер туғызуды алға қояды.
2015 жылы ұсынылған «Тәрбиенің тұжырымдамалық негізде-рінде» тәрбие қағидасына жан - жақты тоқталады. «Тәрбие қағидасы – тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдасытрудың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі дей келе, кағиданың барлық ба-ғыттарына тоқталады: табиғилылық қағидасы, мәдени сәйкестілік қа-ғидасы, гуманистік бағыт қағидасы, этникалық қағида, бiрлiк талабы мен сабақтастықты қамтамасыз ету қағидасы, тәрбиенің үздіксіздік қа-ғидасы, әлеуметтік өзара іс-әрекеттер тиімділігі қағидасы, әлеуметтік барабар қағидасы, демократияландыру қағидасы, вариативтілік қағида-сы. Ал,
мақсатттылық қағидасына мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысқа нақты есеп жасауды, тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады»,- деп анықтама берілген. Тәр-бие табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде олардың жеке тұлға-лық және жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне, жалпы адамзат-тық құндылықтарға, құндылықтарға сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады, әрбір же-ке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның бостандығын және әлеуметтік құқын мойындайтын гуманистік идеяны және бағытты бірінші орынға қояды; педагогтың білім алушыларға және тәрбиешілерге өздерін-өз-дері дамытуға жауапкершілікті субъекті ретінде қарауын, сондай-ақ, субъектінің-субъектіге көңіл бөледі.
Тәрбие үдерісінің қағидалары: ізгілік бағыттылығы, жалпыадам-заттық құндылықтар, мәдениеттілік, үздіксіздік, табиғилық, тұтастық, ұлттық т.б. бірі-бірімен сабақтастықта кешенді түрде үйлескенде тәрбиенің жетістікке жетеді.
Тәрбиенің ізгілік бағыттылығы - тәрбие мазмұнының құнды-лық, дүниетанымдық бағытын немесе құндылықтар жүйелерін және өмірдің мәнін, рухани байлықты түсіну, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу; жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениетті игеру; әлеуметтендіру, қо-ғамдық тәжірибені жинақтап, тұлғаның азаматтық іс-әрекет тәжіри-бесін дамыту; тұлғалық бағдарын дамыту (өзін-өзі тану, өзін-өзі рет-теу, өзін-өзі бақылау, өз өмірін ұйымдастыру қабілетін жетілдіру); тұлғаның денсаулығы мен тән түзілісіне байланысты табиғи бағдарын ескеру.
Жалпыадамзаттық құндылықтар - халықтық дәстүрлерде, адамгершілік үдерістерде, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үл-гілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ре-тінде, түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс.
Мәдениеттілік- адамзат игілігі ретіндеұрпақтан–ұрпаққа, материалдық және рухани байлық жасауынан көрінетін, қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі, қазақ халқының мәдени мұра-ларында мемлекет құраушы ұлттың дүниетанымы,тілі мен ділі, бол-мыс-бітімі көрініс тауып, олар ұлттық мәдениетті адамды қоғамға лайық тәрбиелеу, жетілдіру, қызмет істетуОтан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әді-леттілік, білім, ғылым, өнер адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы.
Ұлттық тәрбие беру - әр азаматтың өз Отанына деген саналы қатынасын, мемлекеттік тілді, мемлекет құрушы ұлттың мәдениетін меңгеруді, мемлекеттің ұлттық бірлігін нығайту қажеттілігін түсінуді қалыптастыру. Сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне мақтанып, ұлттық рухты күшейтуге, азаматтық борыш, перзенттік па-рыз ұғымдарын дұрыс қалыптастырып бағыттауға, болашақ маман-дардың кәсіби жауапкершілігін дамытуға ықпал ету.