Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 2977

Скачиваний: 101

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазіргі уақытта осы жетістіктер негізіінде дидактика жиырма бірінші ғасырдың оқыту жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін нақты зерделеуде.

Ресей педагог-дидактары М.Н.Скаткин, Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.Занков, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, Ю.К.Бабанский, В.С.Леднев, Б.С. Гершунский оқыту ұстанымдары, оған қойылатын дидактикалық талаптар, білім мазмұны мен құры-лымы, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формалары, мектеп оқушыларының меңгеруге тиісті білім көлемі, оқу әрекеттері, пәннің мазмұнына қойылатын талаптар, жаңа оқыту технологияларын ғылы-ми тұрғыдан пайымдайды. Олардың еңбектерінде: «Білім – адам, қо-ғам, табиғат, заттар мен құбылыстар жайлы ғылымда жинақталған білім жүйесі; адамзаттың жинақтаған мол тәжірибесі; ұғымдардың, заңдылықтардың, тұжырымдардың, қағидалардың, деректердің, пайымдардың жиынтығы т.б; Білім беру – қоғамдық, әлеуметтік, мәдени құбылыс; қоғам мен мемлекеттің өзінің азаматына қатысты қызметі; тұлғаның мәдениеті, мәдени құндылық; білім, білік, дағ-ды-машықтардың және ойлау құралының жүйесі; ғылыми көзқарастар, шығармашылық қабілеттер мен мүмкіндіктерді дамыту үдерісі; терең сапалы білім негізінде жеке тұлғаның еркін бағдарлай білу, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамыту үдерісі; білім, білік, дағды мен іс-әре-кеттердің жиынтығы және оны жүзеге асырудағы адамның іс-тәжі-рибесі; білім берудің тұтастығы, нәтижелілігі т.б. Оқыту – дидак-тиканың маңызды категорияларының бірі; оқытушы мен оқушының өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынасы, іс-әрекеті; білім бе-ру, біліктері мен дағдылары, іс-әрекеттерді меңгерту үдерісі; белсенді шығармашылық әрекетті басқарудың негізгі жолы; сапалы білім беру, тәрбие, дамыту мқсаттарына сай оқушылардың шығармашылығын да-мытуға бағытталған арнайы ұйымдасқан іс-әрекеті т.б.

Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұнының тәрбиелік аспектісі.Білім берудің мазмұны – дидактиканың негізгі нысаны; ғылыми білім мен білік, оқу дағдыларының қалыптасу жүйе-сі; өзіндік шығармашылық, ізденушілік әрекет тәжірибесі; жеке тұлға-ның жан-жақты дамуының сапалық мазмұны мен сипаты.

Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі – еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жалпыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа идеологиялық тұжырымдама «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыру болып табылады.


«Мәңгілік Ел» – ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың да-муының жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғам-ның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу. «Мәңгілік Ел» жал-пыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының қоғамдық санада, білім беру және тәрбие жүйесінде бекуін қамтамасыз ету керек.

Осы мақсатта мектеп басшылары мен тәрбие жұмысын ұйым-дастырушыларға көмек ретінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруды әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қолдау бойын-ша жұмыстар жүргізілуде.
8.4. Білім мазмұнын ізгілендіру, гуманитарландыру, этнопе-дагогикаландыру. Білім беру мазмұнынізгілендіру, гуманитарланды-ру, этнопедагогикаландыру Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан басталды. Бұл үрдістер педагогика ғылымы аясында алдымен теориялық-әдіснамалық деңгейде зерделеніп, тұжырымдамалар дайын-далып, білім беру мазмұнын жаңа ұстанымдарға негіздеп жасауды та-лап етті. Сондықтан ғалымдар осы кезге дейінгі жасалған педагогика-ның әдіснамалық қорын қайта қарастырып, әлемдік педагогикадағы жетістіктерді саралады. Білім беру мазмұнын ізгілендіру және гумани-тарландыру мақсатында барлық педагогикалық мәселелерді шешу әлеуметтік, этикалық нұсқауларға байланысты екендігі ескерілді. Демек, білім мазмұнын зерттеушілер мен құрастырушылар гуманитар-лық әдіснаманы басшылыққа алды.

Гуманитарлық әдіснама педагогикалық нысандардың қызметі-нің құндылық-бағдарлы мәнін түсіну модельдерін құрады. Гуманитар-лық әдіснамаға ерекше педагогикалық құбылыстар мен үдерістердің сапалық жақтарын зерделеу тән, өйткені педагогикалық зерттеу бары-сында алынған тұжырымдар мен нәтижелердің құндылық сипаты пе-дагог әрекетімен шартты байланыста деп түсініледі.Гуманистік тәрбие – рухани құндылықтардың әдіснамалық негізі. Мектеп педагогикасы бүгінгі күні көптеген жалпы ғылымилық, әлеуметтік-философиялық; әлеуметтік-мәдени және адамгершілік-эстетикалық үдерістердің тоғы-суына тап келіп отыр, өйткені қоғамдық өмірдің күрделі талаптарына сәйкес тәрбиенің құндылық сипаттарын қайта анықтау өзекті мәселе ретінде қарастырылуда. Ал оның алғышарты ретінде басты гуманистік құндылықтарды дамыту, яғни жеке тұлға бойында қайырымдылықты, шыншылдықты, әділдікті, еркіндікті қалыптастыру педагогика ғылы-мының прогрессивті ұстанымдарының бірі болып табылады. Олар әсі-ресе, білім беру мен тәрбие практикасында бүгінгі күні жалпыадам-заттық негізгі құндылықтарды анықтау, бекіту үшін аса қажет. Бола-шақ ұрпақтыы даярлау барысында негізгі мақсат – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, гуманистік көзқарасы мен сенімдері қалыптасқан тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Өйткенідүниежүзілік экономика-лық форум XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Олар: командадағы жұмыс дағдылары; көшбас-шылық қасиет; бастамашылық; IT-құзыреттілік (айти-құзыреттілік); қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б.; озық экономика бі-лім беру мақсаттарын «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлай-тын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді.



Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсіл – ол оқу әре-кетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған оқу үдерісі білім алушының бойында тұлғалық құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықты бағдарлау – тұлғаның өз әрекетінде жекелеген құндылықтарды (құндылықтарға бағдарлану қабілеттілігі) бағдар ретінде таңдап алу қабілеттілігі (қасиеті), сондай-ақ оларды өзінің жеке әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезі-ну және қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды іске асыру құнды-лықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні белгілі бір қоғамның сәтті әрекет етуі үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, мінез-құлық мәнерін қалыптастыруда көрініс табады.

Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идея-сының құндылықтарына негізделген. Орта білім берудің құндылық-тары ретінде: 1) қазақстандық патриотизм және азаматтық жауап-кершілік; 2) құрмет; 3) ынтымақтастық; 4) еңбек пен шығармашылық; 5) ашықтық; 6) өмір бойы білім алу белгіленді. Ұлттық мектеп деп өз рухани кеңістігімізбен ғана шектелуге болмайды әрине, ол ұлттық мектептің мазмұны мен түрі өркениеттік болмақ. Мақсаты – ұлттық сананы, психологияны, ойлау жүйесін, дүниетанымын, парасатын, ру-хын, бейнесін, сондай-ақ ұлттың инновациялық қабілетін дамыту. Бұл дегеніміз – ұлттың генеалогиялық құрылымы мен генетикалық қорын белгілі бір тұжырымдама негізінде пайымдау. Осының бәрі – ұлттық қауіпсіздігіміздің, өркениетке алдыңғы қатарда кіріге алуымызға себеп болмақшы.

Сол себепті де білім беру мазмұнын этнопедагогикаландыру да өте маңызды. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегінде, яғни 1974 жылы профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Ресей білім академиясының академигі Г.Н. Волковтың «Этнопедагогика» атты оқу құралының дүниеге келуі, педагогтардың ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін шұғыл іздестіріп, оның ғылыми негіздерін дәлелді теориялар мен тұжырымдардан табуға, өз ұлтының бай тәлімдік тәжірибесін зерттеуге бірден бір себепші болды. Жалпы адамзаттық білім беру мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, әдістері анықталып, оқушылар тәрбие-сінің үлгілі мазмұны толығымен іске асырылып жатқан уақыт еді.

Жаңа ғылыми білім, яғни этнопедагогиканың пайда болуы бір-қатар әдіснамалық мәселелерді туындатады. Ғылымтанудағы, әсіресе педагогикалық ғылымтанудағы қағидаларға сүйенсек, зерттеушілер этнопедагогика ғылымының негіздерінің, әдіснамасымен теориялары-ның, ұстанымдарының, әдістерінің қай уақытта, кімнің еңбегінде, қай түрде бастау алғанын қазақ тілінде жете танысуға мүмкіндік алып отыр. Осы материалдардың жинақталуымен тұспа-тұс жүйелі ғылым-дардың жетік меңгергендігінің арқасында этнопедагогиканың теория-лық-әдіснамалық негіздері зерделене бастады. Этнопедагогиканы пе-дагогикалық ғылымдар жүйесінде қарастырады, этнопедагогиканы этнография, педагогика, фольклор ғылымдарының түйіскен саласы екендігін нақтылай түсті. Жаңа ғылыми білім ретінде этнопедагоги-каның пайда болуы, оның жеке ғылыми пән ретінде қарастырылуының заңды екендігі, этнопедагогиканың пәні, құрылымы және қызметтері, оның педагогикалық ғылыми білім жүйесіндегі орны туралы мәселе-лерді шешуді қажет етеді.



Этнопедагогика әдіснамасы дегеніміз – этникалық топтардың балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы, сондай-ақ, отбасы, ру, тайпа, халық, негізінде моралдық–этикалық және эстетикалық дүниетаным-дарының қалыптасуына қоғамның өзсанасының дамуына сәйкес, болмысты қайта құру мақсатында этникалық топтардың бала тәрбиелеу және оқытудағы эмпирикалық тәжірибесінің тарихы мен теориясын зерттеу және талдау әдістері туралы ілім. Бұл ғылымның бұдан әрі та-бысты дамуы оның әлемнің заманауи сипатымен қаншалықты байла-нысты екендігімен анықталады.

Қазақ ұлты ұлт болып, саяси бостандықты баянды ету үшін оның жан дүниесі мен жүрегі ұлттың терең тарихынан өрбіген білім мен тәрбиеге сусындап, өзін өзгеден кем көрмейтін, өз мәртебесін түсінетін болып өскені, өзін-өзі толық танығаны, мына жаһандану за-манында ұлттық білім мен тәрбие мазмұнын ертеңгі интеллектуалдық ұлттың меңгеруі дағдарысты еңсеруге даяр болуы бірден бір төте жол болмақ.
8.5. Функционалды сауаттылық – тұлғаның өмір тіршілігінің әр түрлі саласындағы міндеттерді шешу нәтижесі және негізі.

Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсатта-рының бірі ретінде айқындалып отыр.

Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалып-тасады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; эконо-микалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.

«Құзыреттілік» термині Webster сөздігіне сүйенсек, сауаттылық сөзінің синонимі ретінде 1596 жылы пайда болды. Уақыт өте келе бұл терминнің мағынасы өзгерді. ХХ ғасырдың екінші жартысында дағ-дының қолданбалы мәніне байланысты «функционалдық сауаттылық» мағынасына ие болды. 1980 – 1990 жылдары сауаттылық анықтамасы жаhанданудың, оның ішінде жаңа ақпараттық технологиялардың қол-данылуына байланысты одан әрі кең мағынаға ие бола бастады. 2002 жылы БҰҰ ның Бас Ассамблеясы «Сауаттылықтың он жылдығы» туралы резолюция қабылдап, сауаттылықты «адам құқықтарын негіз-деуші» және адамның өзіне барлық «өмірлік дағдыларды» сіңіруінде маңызды мәнге ие деп көрсетті. Оқушылардың функционалдық сауат-тылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған ұлттық жоспардың міндеттерінің бірі – мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін оқушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Олар: функционалдық сауатты-лық; – оқу және жазудағы сауаттылық; жаратылыстану ғылымдарын-дағы сауаттылық; математикалық сауаттылық; компьютерлік сауат-тылық; отбасылық өмірі мәселеріндегі сауаттылық; денсаулық мәселесіндегі сауаттылық; заң сауаттылығы және т.с.с.