ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2972
Скачиваний: 101
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқу жоспарлары. Оқу бағдарламаларындағы пәндер бойынша оқу жоспарлары ұсыныс сипатында берілген. Оқу мақсаттарының жүйесі мен оқыту тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мер-зімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойын-ша сабақтарды өткізу, білім алушыларды сабақтарда ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілген, сондай-ақ оқыту ресурстары (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.) көрсетілген.
Жаңа форматты сабақ балаларды оқыту процесіне белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын, өткен материалды талдау және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалау пікірлерін айту, өзін-өзі бағалау және т. б. көздейді.
Сабақтың міндетті элементі ретінде оқушыны қолдауға бағыт-талған мұғалімнің әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байла-ныс болуы тиіс.
Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім міндетті түрде мыналарды анықтап, әзірлеуі қажет:
– тілдік оқу мақсаттары – терминдермен жұмыс және т.б.;
– саралау: білім алушыларға қолдау көрсету қалай жоспар-ланады? Қабілетті білім алушылардың алдына қандай міндеттер қою жоспарлануда? Білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады?
–метапәндік байланыстар;
-
денсаулығы мен қауіпсіздігін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идея-сының құндылықтарымен және АКТ-мен байланысын қамтамасыз ету.
Мұғалім тек білім көзі ретінде ғана емес, білім алушылардың өздерінің оқу-танымдық әрекетінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
Пәндерді, бөлімдерді, тақырыптарды кіріктіру, сондай-ақ пәна-ралық байланыстарды жүзеге асыру құралы ретінде-ортақ тақырыптар жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табы-лады. Олар барлық пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен байланысқан. Сондықтан мұғалім қыс-қа мерзімді жоспар әзірлеуде ортақ тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың сабақтағы әрекетін ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс.
Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:
-
«Білім мазмұны - педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе» дегентезисті түсіндіріңіз: -
Білім мазмұнының теорияларына тоқталыңыз. -
Білім мазмұнын анықтаудың ғылыми-педагогикалық негіздерін атаңыз. -
12-жылдық мектептің білім мазмұнын модернизациялауға тоқталыңыз. -
«Функционалды сауаттылық – тұлғаның өмір тіршілігінің әр түрлі сала-сындағы міндеттерді шешу нәтижесі және негізі»деген тұжырымдаманың мазмұнын ашыңыз.
9тақырып.ОҚЫТУ ФОРМАЛАРЫ, ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ - ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ҚОЗҒАУШЫ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ
9.1. Оқыту құралдары туралы түсінік.Оқыту құралы деге-німіз – бұл жаңа білімді меңгеру. Оқу құралдары мен әдістері бір- бірімен тығыз байланыста болады, бір-бірімен үйлесімділікте қолда-нылады, сондықтан олар білім беру теориясында бірыңғай тұжырым-даманы құрайды. Мұғалім мен оқушылардың арасындағы белсенділікқатынастары және субъектілер-дің әрекеттері байланысады және соның нәтижесінде әдістер, құралдар оқушылардың оқуына жағымды әсер ету үшін қарым-қатынас және әрекет әдістері мен құралдарына бөлінеді.
Оқыту құралдары қызметін атқаратын объектілерді әр түрлі не-гіздерге байланысты мына түрлерге саралауға болады: іс-әрекеттерімен, субъектілерімен, білім деңгейіне әсер етуімен, басқа да қабілеттерді дамытудың түрлі тәсілдерімен, олардың оқудың үрдісіндегі тиім-ділігімен ажыратылады.
Объектілердің құрамына байланысты оқыту құралдары мате-риалдык және идеалдық болып бөлінеді. Материалдық оқыту құрал-дарына - оқулықтар, кестелер, макеттер, бөлмелер, жиһаз, оқу кабинеті жабдықтары. көрнекі құралдары, микроклимат, сабақ кестесі және т.б оқытудың материалдык-техникалық жағдайлары енеді.
Идеалдық оқыту құралдарына - мұғалім мен оқушылардың жаңа білімді алу үшін қолданылатын меңгерілген білімдері мен іскерліктері жатады.
Қазіргі оқыту құралдары көбінесе жаңа оқу әдістерін қолдануды көздейді. Техникалық оқу құралдары құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсету арқылы оқу жұмысының әдістерін елеулі өзгер-теді. Олар кітаптарға қарағанда оқушылардың қабылдауын тиімді ұйымдастырады және бағыттайды, оқушылардың қызығушылығын ынталандырады, жұмысқа жауапкершілігін арттырады, оқу ақпараты көздері мен өлшемдері қызметін атқарады. Білімді бақылау мен оқушының өз білімін өзі бақылауына мүмкіндік жасайды.
Тұтас педагогикалық үдерістің оқыту құралдары – іс-әрекет түрлері (ойын, таным, еңбек, қарым-қатынас).Іс-әрекеттік тәсіл.Іс-әрекеттік тәсілдің негізгі мазмұнында білім алушының білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруі, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынатыны, оның ережелер жүйесін түсінуі мен қабыл-дауы жатыр, бұл өз кезегінде оның білімінің, біліктерінің және кең ауқымды дағдыларының белсенді әрі табысты қалыптасуына ықпал етеді. Білім алушылардың оқу әрекеттері «білу», «түсіну»,
«қолдану», «талдау», «жинақтау», «бағалау» сияқты категорияларға топтастырыл-ған. Іс-әрекеттік тәсіл өз бетінше ізденуді, түсіндіруді, талдауды, түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты тарату мен бағалауды, графикалық мәліметтер мен басқа үйретуші ресурстарды қолданады.
Ойын арқылы оқыту.Оқыту әдісі ретінде ойын түрлерін қолдану білім алушылардың танымдық қызығушылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ойын түріндегі оқыту технологиясының басты элементтері:
- ойын алдында нақты оқу мақсаты қойылады;
- ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқыту іс-әрекеттері ойын ережелеріне бағынады, оқу материалдары ойын құралы болып табылады.
Ұжымдық іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруға бағытталған ойын тәсілдері арқылы білім алушылар басқа шағын топ мүшелерінің пікірін сыйлауды, соңғы нәтиже мен өзіндік іс-әрекетін жобалай алуды, мақсатқа жету әдістерін анықтаудыүйренеді.
Коммуникативтік әдіс. Оқытудағы коммуникативтік тәсіл - ақпаратты тарату мен жариялау, екі немесе одан да көп адамдар өзара сөйлесім үдерісіне түскенде білім, білік және дағдымен алмасу. Ком-муникативтік тәсілдің нәтижесі тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана және коммуникативтік әрекетті дұрыс таңдай отырып, қа-рым-қатынасқа қатысушы басқа адаммен өзара әрекет ету үдерісінде тіл арқылы қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеттілігі болып табылады.
Оқыту үдерісінде коммуникативті тәсілдерге сәйкес қарым-қа-тынас жасай білуін қалыптастыруға ықпал ететін тапсырмалар және шынайы коммуникация шарттарына барабар жұмыс режимі (жұптық және топтық жұмыс) пайдаланылады.
9.2.Дидактикадағы дәстүрлі оқыту құралдары.Л.С. Выготский оқытудың сөйлеу, жазу, схемалар, өнер туындылары, диаг-раммалар, еске сақтаудың техникалық жабдықтары сияқты құралда-рын келтіреді. Жалпы жағдайда идеалдық құрал - мәдени мұра,жаңа мәдени құңдылықтарды меңгеру қаруы. Жүйелі оқыту барысында алынған білім жаңа білімді алуға көмектеседі. Тұлғалардың интеллек-туалдық, эмоциялық-еріктік саласын дамытады. Көбінесе олар оқушы-лардың интеллектуалдық дамуына әсер етеді. Бұндай интеллектуалдық оқыту құралдары оқушылардың ойлау қабілетінің дамуында үлкен рөл атқарады. Олар мұғалім сабақты түсіндіру барысында берілуі мүмкін, бірақ сонымен бірге оқушының өзімен немесе мұғалім мен оқушының бірге жұмыс істеген кезде алынуы мүмкін.
Материалдық және идеалдық оқыту құралдары бір-бірімен бай-ланысып, бірін-бірі толықтырады. Барлық оқыту құралдарының оқу-шылардың білім сапасына әсері алуан түрлі: материалдық құралдар көбінесе оқушыларды қызықтыру және олардың көңілін аудару үшін, жаңа білімді түсіну үшін керек, ал идеалдық құралдар пайымдау логи-касымен, есте сақтаумен, сөйлеу мәдениетімен т.б. байланысты. Мате-риалдық және идеалдық құралдар арасында нақты шекаралар болмай-ды. Олардың екеуінің жиынтығы оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді.
Материалдық құралдар вербальдық болады. Одан әрі сөз қыс-қартылып, автоматтанатын және ойға айналатын міндеттерді шешуге бағытталған танымдық әрекет жасалады. Құралдар мен оқыту әдісте-рінің байланысы біркелкі емес: оқу құралдары көбінесе әр түрлі әдіс-термен қолданылуы мүмкін және бір әдіске бірнеше сәйкес құралды таңдауы мүмкін. Бұл техникалық құралдардың дамуымен, реттелген (біркелкі, көп мақсатты) демонстраңиялық эксперимент пен зертха-налық практикумдерға арналған қабырғалық суреттемелермен шартты байланысты.
Компьютерлермен оқу - бұл оқу үдерісінің жаңа түрі болған-дықтан оқытудың жаңа құралдары мен әдістері қолданылады, белгілік және графиктік модельдердің түрлері, мультипликациялық құралдар пайдаланылады.
Көрнекілік құралдарының болмауы немесе тым аз болуы білім сапасын төмендетеді. Бірақ өте көп көрсетулер оқушылардың назарын бөледі. Қиын тақырыпта 4-5 көрнекілік көрсету жеткілікті.
9.3.Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігінің тәсілі.
«Форма» ұғымына С.И.Ожегов «белгілі мазмұны бар бір нәр-сенің түрі, құрылымы, құбылысы, құрастырылымы, типі», - деп анық-тама береді. Оқушылар мұғаліммен бірге танымдық әрекетте немесе қарым-қатынас кезінде тәртіптің мәдени формаларын игереді.
Оқыту әдістері оқушылардың білім алудағы мақсаты, үлкен нәтижелерге жету жолдары болып табылады. Мұғалім нақты түрде жаттықтырушының рөлін атқарады, ол өзінің жұмысын жақсы біледі және оқушыларды жақсы нәтижеге жеткізеді.
Оқыту индукциялық пен дедукциялық әдістер арқылы құры-лады. Индукция - ой тұжырымының жекеден жалпыга өтуін білдіреді. Оның үш түрі бар: индуктивтік қорыту; аналогия (ұқсастыру); тәуелділік себебі туралы пайымдау.
Дедуктивті пайымдаудың үш түрі бар: ақиқаттылығы дәлелді керек етпейтін - аксиома, логикалық түжырым, қорытынды. Дедук-цияның үш түрі бар: жалпыдан жекеге өту, жалпыдан жалпыға өту, бірліктен жекеге және жалпыға өту. Дедукцияның ережелері түсінуге күрделі және қиын, сондықтан ол білім деңгейі жоғары, дайындығы бар оқушыларды оқытқанда пайдаланылады. Дедукция және индукция оқытудың басқа да құралдарымен қатар қолданылады.
Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың фор-малары: сабақ, экскурсия, практикумдар мен семинарлар, оқушылар-дың оқу үй жұмыстары, сынақтар, консультация, емтихан, факуль-татитвті сабақтар және т.б. Сыныптан тыс оқу жұмысының форма-лары: пәндік үйірмелер, ғылыми қоғам, олимпиадалар, байқаулар және т.б.
Мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ бо-лып қала береді. Жекелеген сабақ аясында түрлері, әдістері мен тәсіл-дері саралау және даралауға бағытталғандығы және әртүрлілігімен ерекшеленуі тиіс. Оқушыларды өзіндік танымдық әрекеттерге, пікірта-лас, диалогтерге тартудың алуан түрлері, түрлі шығармашылық тап-сырмалар, топтық жұмыс түрлері кеңінен таратылуы керек. Аталған жұмыс түрлері мен іс-әрекеттер түрлі практикумдарда, зерттеу сабақ-тарын жүргізуде және бейінді пәндерді оқу кезінде сыныпты шағын топтарға бөлу жағдайында зертханалық сабақтар өткізуде, семинар түріндегі жұмыстар
Сабақтан тыс жұмыс түрлері мен әдістері арасында оқушылар-дың сабақтан тыс зерттеушілік жұмыс жүйесі, оқушыларды түрлі олимпиадаларға және конкурстарға қатысуға тарту, интеллектуалды марафон, сайыстар, мектептік ғылыми қоғамдар, кіші ғылым акаде-миясы, үйірмелер, түрлі факультативтер дарынды оқушыларды анық-тау және дамытуда кең мүмкіндіктерге ие.
Оқыту тәжірибесі көрсеткендей, оқыту құралдары жүйесін ұйымдастырудың ең оңтайлы түрі - кабинеттік жүйе. Бұл кабинеттері жүйеде арнайы бір пәннің барлық құралдары (немесе бі: мұғалім қол-данатын) тек бір кабинетте орналасуы тиіс қажет жағдайда басқа да орындар: лаборанттық, зертханалық, жөндеу} шеберханасы қосылады. Оқу кабинеттері теориялық білім мен жаттығулар (семинарлар, есеп шығару, бақылау жұмыстары, тәжірибелік сабақтар) өткізуге арнал-ған. Оқу зертханалық дәрісханаларда тәжірибе жұмыстары жүргізілуі нәтижесінде оқушыларда түрлі техникалық, кәсіптік, еңбек, зерттеу және басқа дағдылар қалыптасады. Кабинеттің жанында қосалқы бөл-мелер болуы керек. Зертханада тәжірибелер және басқа көрсетілімдер даярланады, көрнекі құралдар, үлестірмелі материал, зертханалық жұмыс құралдары сақталады. Кейде зертханаға басқа да бөлмелерді қосып, құралдар қоятын, жөндеу жұмысына қажет үстел, оқытушылар үшін үстелдер қояды. Бір бөлменің өзі мұғалімдердің барлық жұмыс-тарына қажет болады, сабақтарға даярланатын уақыттың жалпы көле-мін азайтады.
Тақырыптарға түрлі оқыту құралдары арналуы мүмкін: баспа құралдары, кинофильмдер және т.б. Көрсету жабдықтары мен баспа құралдары бір бірін алмастырмағанымен, түрлі дидактикалық мақсатта олар бірін бірі толықтыра алады.