ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 60

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Қысқа мерзімді жоспар

7– сынып, 2-тоқсан

5-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Гидросфера және оның құрамдас бөлігі

Бөлім

3.3 Гидросфера

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып:7

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Гидросфера және оның құрамдас бөлігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.3.1- гидросфера және оның құрамдас бөліктерін сипаттайды

Сабақтың мақсаты


Гидросфераның құрамдас бөліктерін анықтау

Табиғаттағы су айналымын түсіну

Бағалау критерииі

Гидросфера құрамын түсінеді;

Гидросферадағы су айналымын талдайды

Құрлық сулары мен мұхиттарды анықтауда картаны қолдана алады;

Гидросфераның маңызына баға береді

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 мин


Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу.Сыныпта көңілді атмосфера қалыптастыру. Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Барлығы бірге тақтада көрсетілген өлеңді айтады:

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын!

Дүйсенбінің күні

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!
Білім алушыларды партаның астында жабыстырылған стикерлер арқылы 3топқа бөлу.

І топ: «Тынық» тобы

ІІ топ: «Атлант» тобы

ІІІ топ: «Үнді» тобы
Өткен тарауды қорытындылауға «миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтар беріледі:

  1. Атмосфера дегеніміз не?

  2. Климат дегеніміз не?




Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды


«Кіру билеттері»




http://bestreferat.kz/extra_rkd/show/59



Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

30 мин

Әр топ өз аттарымен аталатын мұхиттарды картадан көрсету қажет: Тынық, Атлант, Үнді. Қосымша Солтүстік мұзды мұхит

Топтарыңыздың атаулары арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табамыз...

-Бұл сөздер сіздерге тақырып туралы қандай ой шақырады?

-Қазақстандағы қандай өзен, көлдер, теңіздерді білеміз?
Сұраққа жауап алғаннан кейін, сабақтың мақсаттарымен таныстырамын.
Жаңа тақырыпты ашу үшін видеоролик көрсетіледі.

«Бастағы қалпақ» әдісі арқылы топ басшысын сайлаймын.(Әуен қосылады, әр топтағы 1білім алушының басына қалпақты кигізіп кетемін. Ол екінші оқушыға кигізіп, ары қарай жалғасады. Әуен тоқтап, қалпақ кімнің басында қалса сол топ басшысы болып сайланады) Топ басшысы топтық жұмыстарды ұйымдастырады.
1-тапсырма: Топтық жұмыс

(Берілген мәтінді оқиды, постер жасайды, қорғайды)

«Тынық» тобы: Гидросфера – топтастыру стратегиясы

«Атлант» тобы: Судың қасиеті – жүзім шоқтары кластері

«Үнді» тобы: Табиғаттағы су айналымы – тірек-сызба

2-тапсырма: «Мюнстерберг» әдісі арқылы топпен біріге отырып мәтін шығару

Геосергіту: «Австралиялық жаңбыр»
3-тапсырма: Файнворд әдісі

Оқушылар берілген жәшікшелердің ішінен гидросфераға қатысты атаулар мен терминдерді анықтайды. Анықтаған ірі өзендер мен көлдерді картадан анықтап құрлықтар бойынша топтастырыңдар




Мәтінмен жұмыс

Мәтінді «Түртіп алу » әдісі арқылы талдайды.

  • белгілі

+ жаңа ақпарат

? түсініксіз



Постер қорғау (дайындалуға 4 мин, қорғауға әр топқа 1минуттан)
Мәтін бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.

Сұрақ-жауап

1.Суреттегі «Табиғаттағы су айналымы» тізбегін түсіндіріңдер

3.Гидросфера қандай бөліктерден тұрады?
4. Гидросферадағы басты тұщы су көздерін ата?
5. Үлкен және кіші су айналымын түсіндір
6. Су айналымының маңызы қандай?
Картамен жұмыс

Карточкаларда гидросфералық объектілердің атаулары бойынша картадан табу
Файнворд әдісі .Қосымша 4

Оқушылар берілген жәшікшелердің ішінен гидросфераға қатысты атаулар мен терминдерді анықтайды. Анықтаған ірі өзендер мен көлдерді картадан анықтап құрлықтар бойынша топтастырыңдар
Ғаламшар үшін гидросфераның маңызын бағалаңдар

  • Адамзатқа

  • Өсімдіктерге

  • Жануарларға







Қысқа мерзімді жоспар

7– сынып, 2-тоқсан

10-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мұхиттармен байланысты апаттар

Бөлім

3.3 Гидросфера

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып:7

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Мұхиттармен байланысты апаттар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.3.7- мұхитар мен теңіздермен байланысты апаттарды топтастырып, сақтану шараларын ұсынады

Сабақтың мақсаты


Барлығы: Мұхиттар мен теңіздерде болатын апаттардың түрлерін атайды

Көпшілігі: Алапат апаттардың жиі болатын аймақтарын картадан көрсетеді.

Кейбірі: Мұхиттар мен теңіздерде болатын апаттардың алдын алу шараларын ұсынады.

Бағалау критерииі

Мұхиттар мен теңіздермен байланысты апаттарды атап, сипаттама бере алады.

Апаттардың басты пайда болатын аудандарын картадан көрсете алады.

Мұхиттармен байланысты апаттардың зиянын анықтап, сақтану шараларын ұсына алады.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 мин.


Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

  • Суреттердің қиындыларын біріктіріп, топтарға бірігеді;

  • Суреттерінде не бейнеленгенін сипаттайды

  • Берілген суреттерді біріктіріп, мәтін құрастырады.

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды


«Кіру билеттері»




http://bestreferat.kz/extra_rkd/show/59



Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

30 мин

Жаңа тақырыпты ашу

Әдісі: «Миға шабуыл»

Мұхиттар мен теңіздермен байланысты апаттарды You tube сайтынан«цунами, тайфун, торнадо, ураган» туралы бейнеролик көрсету арқылы тақырыпты ашу.
1 тапсырма

Тәжірибе жасау

Оқыту формасы: Жұптық жұмыс

Әдісі: «Ой толғау»
Кезеңнің мақсаты:
-Алдыңғы тақырыптардан алған мәліметтерді еске түсіру.
- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.

Тәжірибе жасау


  1. «Толқын» Шыны ыдыстағы суға бір оқушы үрлейді. Не байқадық? Неліктен суда қозғалыс пайда болады?

  2. Сол суға тас салынады. Су бетінде шеңбер-шеңбер толқындар пайда болады. Шыныдағы су сыртқа шығады.

Қандай құбылысты байқадыңдар?
1 қадам. Оқушылар тәжібиені жасайды.

2 қадам. Толқынның пайда болуына не әсер ететінін айту.

3 қадам. Жасалған тәжірибеден және бейнероликтен көргеннен қорытынды шығару
2-тапсырма.Әр топтың өз атына байланысты мұхиттар мен теңіздермен байланысты апаттарға сипаттама беру

Оқыту формасы:Топтық жұмыс

Әдісі:«Кубизм» әдісі

І топ Цунами

ІІ топ Ураган

ІІІ топ Торнадо

ІҮ топ Тайфун
Не? Қашан? Қалай? Қайда? Неге? Кімге?

1 қадам Мұхиттар мен теңіздермен байланысты апаттарды сипаттау

2 қадам Алапат дауылдардың жүріп өткен жолдарына тоқталу

3 қадам Апатты аймақтарды картадан көрсету
3-тапсырма

Әдісі: «Модельдеу»

Шығармашылық жұмыс

Топтық жұмыс

Параграф мәтінінде ұсынылған мәліметті пайдалана отырып «сұрапыл апаттар кезінде тұрғындардың әрекет жоспары және ұсыныстар» плакатын құрастыру арқылы сақтану шараларын ұсыну

1 қадам Бейнероликтен және мәтіннен алған білімдерін талқылау

2 қадам Алапат дауылдардың адамзатқа қаншалықты әсер ететінін анықтау

3 қадам Қорғану шараларын ұйымдастыру және ұсыныстар білдіру



Көрсетілген ресурстарды талқылайды

Тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі

Берілген сұрақ жауапты орындайды

Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»

Бағалау парақшасын толтырады.

ҚБ Бағдаршам


Оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Қорытынды

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



Кері байланыс «Алма ағашы»

Оқушылар стикерге атын жазып не түсіндім, нені түсінбедім, ұсынысым деп өз ойларын жазып алма ағашына жабыстырады.



Сабақ соңында оқушыларды ынталандыру мақсатында жұлдызшалармен мадақтадым

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы



Қысқа мерзімді жоспар

7– сынып, 2-тоқсан

11-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік мұхиттың мәселелері

Бөлім

3.3 Гидросфера

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып:7

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Дүниежүзілік мұхиттың мәселелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.3.8 -Дүниежүзілік мұхит проблемаларын топтастырып, шешу жолдарын ұсынады

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылардың қолынан келеді:

Мұхиттар проблемаларын топтастырады

Көпшілік оқушылардың қолынан келеді:

Мұхиттар проблемаларын топтастырады , жиі болатын аймақтарын анықтайды

Кейбір оқушылардың қолынан келеді:

Дүниежүзілік мұхит проблемаларын топтастырып, шешу жолдарын ұсынады

Бағалау критерииі

Мұхитарға байланысты апаттарды ажыратады

апаттардың жиі болатын аймақтарын анықтайды

сақтану шараларын ұсынады

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Сәлемдесу

- Түгендеу

- Ынтымақтастық атмосферасын

қалыптастыру. Жұптық жұмыс жүргізуде Жұптық жұмыс жүргізуде

Оқушыларды қағаз қиындылары арқылы 4 топқа бөлу.

  1. «Атлант мұхиты»тобы

  2. «Тынық мұхиты» тобы

  3. «Үнді мұхиты»тобы

  4. «Солтүстік мұзды мұхиты» тобы

«Ортадағы қаламсап» әдісі.

Өткен тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстыру.

  1. Дүниежүзілікмұхиттың бөлімдері?

  2. Мұхиттың экологиялық проблемаларына сипаттама?

Дүниежүзілік мұхитта болып жатқан үдерістердің құрлыққа әсері?

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қалыптастырушы бағалау

Кері байланыс


Ұялы телефон

Және интернет желілері

Кітап


Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

30 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Түйінді ұғымдарды жазып алу

1-тапсырма

1. Төмендегі суреттерге қарап, мұхит суларында болатын апаттардың түрлерін анықтап, сипаттаңыз.



1-сурет 2-сурет
2. Осындай апаттар көбінесе Дүниежүзілік мұхиттың қай аймақтарында жиі болатынын анықтаңыз.

3. Сақтану жолдарын ұсыныңыз.
2-тапсырма. «Қара,оқып шық,жаз, түсір» әдісіменжеке тапсырма ретінде мәтінментанысу.

Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар 3- топқа бөліне отырып жұмыс жасауға әрекеттенеді:

  1. Дүниежүзілік мұхиттың адамдарға тигізетін пайдасы қандай?

  2. Дүниежүзілік мұхиттың негізгі проблемалары

  3. «Қызыл толқындар» құбылысын қалай түсіндіруге болады?

  4. Индикаторлық организм дегенді қалай түсінесің?

3-тапсырма. Венн диаграммасы

Тынық және Атлант мұхиттарының экологиялық проблемаларына салыстырмалы талдау жасау

Арнайы ресурстар арқылы жаңа тақырыпты талдайды

Жұп бойынша

Жеке, өзара тақырыпты түсінгендерін мұғалімге қол көтеру арқылы білдіреді
Тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Алақан-жұлдыз»

ҚБ «Ең үздік жауап»



Ашық сұрап-жауаптар

Сабақтың соңы

Қорытынды

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Ойтолғаныс

«3-2-1»

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет Кері байланыс

«3 минуттық үзіліс»

  1. Маған ұнады

  2. Маған қиындық туғызды

  3. Мен хабардар болдым

4.Мені таңқалдырды

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»

- Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсынамын.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы