ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 180
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сынып сағаты
Мектеп атауы:
Бөлім: | ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ | | ||||
Педагогтің Т.А.Ә. | | | ||||
Күні: | | | ||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны | | |||
Сабақтың тақырыбы | «Отбасы тәрбие бастауы» | | ||||
Сабақтың мақсаты | Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау. | | ||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезең /уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әркеті | Ресурстар | | ||
01. | Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек? Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы - ата - ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата - ананың орны бөлек. Бала әкеден - ақыл, анадан - мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді. Біздің ойынымызға ата – аналар мен балалар қатысады. Кірпіштерге жазылған сөздермен біздер өзіміздің Үйімізді қалайық. Біздер балалар барлығымызда өз өміріміздің құрлысшысымыз. Біздің үйіміздің фундаменті неден тұрады екен? Оқушыларға актуалдық сұрақтар: 1. Үй дегенді қалай түсінесің? 2. Үйдің жылу, ата – ананың аялы алақаны дегенді қалай түсінесің? 3. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіздер? Осы кірпіштердің көмегімен біздер өз үйлерімізді тұрайық. (Балалар үй тұрғызуға кіріседі) Балаға теріс әсер етеді. Жанұядағы жанжал Үлкендердің аузына келген сөздеріне айтуы Балалардың көзінше басқа біреуді сөгуі Басқалардың сыртынан өсек айту Арақ ішу Темекі тарту Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. | Біздің алдымызда үй салатын мынандай кірпіштер жатыр: 1. байлық. 2. бауырмалдық 3. татулық 4. қайырымдылық 5. әдептілік 6. инабаттылық 7. шыдамдылық 8. толеранттық 9. түсіністік 10. ізеттілік 11. ауызбірлік 12. сенімділік 13. махаббат 14. ата – ананың балаға деген махаббаты Отбасы туралы мақал-мәтелдер *Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ. *Ұлың-қымбат, немерең-ыстық. *Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер *Ата-бәйтерек, бала-жапырақ *Балалы үйдің еңсесі биік. *Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар. Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек. Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек. Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек. Тақтадағы ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы жапырақтарға жазып іледі. Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін дәлелдейді . Оқушылардың жасап келген видеороликтерін көру. | отбасы туралы слайд, видео | |
Сынып сағаты
Мектеп атауы:
Бөлім: | Отбасылық ТӘРБИЕ | ||||
Педагогтің Т.А.Ә. | | ||||
Күні: | | ||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | «Біздің тату тәтті отбасы» | ||||
Сабақтың мақсаты | балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру. Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді дұрыс, анық айтуға жаттықтыру. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезең /уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әркеті | Ресурстар | ||
01. | Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді) Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді) Керегелер керіліп (алақандарын ашады ) Өрім дей болып өрілер (қолдарын белге қояды) Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер. - Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық? - Ал, киіз үйде кімдер тұрады? (ата, әже, әке, ана, аға, әпке ) - Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? Отбасы - Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ - Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы. - Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады. Ал кім өз отбасы туралы айтып береді екен. Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар. Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер. Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй болып көрінер. - Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық? - Ал, киіз үйде кімдер тұрады? - Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? - Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ. Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз. Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар? - Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады. - Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік. | Жұмбақ: Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған. Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар? (отбасы) - Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен - Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы. Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар? - Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз. Отбасы туралы әңгімелеу. Ойын сұрақ: " Көңілді доп" - Отбасы мүшесін ата. - Отбасында кімді жақсы көресің? - Отбасында кімге сыйлық жасайсың? - Анаңа қалай көмектесесің? - Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба? - Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсың? - Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің? - Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы. Біз бақытты отбасымыз Отбасы деген не? Отбасы деген ол шағын мемлекет, сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан отбасынан басталады» дегендей отанды сүю отбасынан басталатыны рас. Отбасы деген бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Баланың бойында адамгершілік қасиеттерінің пайда болуы, тәрбиелі болуы осы отбасында қалыптасады деп ойлаймын. Баланың тәрбиелі, инабатты болып өсуі, болашақта қоғамда өз орнын таба білуі берекелі, ынтымағы мол отбасыға байланысты. Оқушылар отбасы жайлы баяндайды | Шарлар, гулдер Нақыл сөздер |
Сынып сағаты
Мектеп атауы:
Бөлім: | ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ | ||||
Педагогтің Т.А.Ә. | | ||||
Күні: | | ||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | «Отбасы тәрбиесі бала болашағының рөлі» | ||||
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға қоғамдағы отбасы жөнінде түсінік беру, отбасы тәлім-тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата-ана, бала жөнінде Ата Заңымыздан мағлұмат алуға жағдай туғызу, мектеп пен ата-ананың байланысын арттырып, балаға тәрбие беріп, өз ойларын айтуға үйрету,жауап беру қабілеттерін дамыту. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезең /уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әркеті | Ресурстар | ||
01. | Қазіргі таңдағы әлеуметтік мәселенің бірі ата - ана мен баланың арасындағы қарым – қатынас. «Ата - ана - бала» жұбындағы кез келген қарым - қатынас түрінің тәрбиелік маңызы бар. Отбасында бала тәрбиелеу өте маңызды мәселенің бірі Бала тәрбиелеу тек жанұяға ғана емес, қоғамға да қатысты. Жас ұрпақты қоғамымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу мұғалімдердің және отбасының негізгі міндеті. Отбасындағы тәрбие бір жақты емес, жан - жақты, әр тарапты ерекшелігі бар, даму процесі бар педагогикалық мәселе. Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы – жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін мектеп, ата - ана болып ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Демек, бала бақытының кепілі ата - ананың өнегелі тәрбиесінде. Сондықтан баланың бас ұстазы ата - ана болғандықтан, ата - анамен үздіксіз байланыста болу керек. Отбасы деген сөзді қалай түсінесіздер? Балаңыз қандай мультфильмді жақсы көреді? Балаңыздың сынып жетекшінің толық аты-жөні? Балаңыз қай жылдан бастап мектепке келді? Балаңыздың сыныбында неше бала оқиды? Директордың толық аты-жөні? Балаңыздың жақсы көретін киім үлгісі? Балаңыз сыныпта кімнің жанында отырады? Күніне балаңыз қанша ақша жұмсайды? Балаңыз кітапханаға неше рет барды? Жаттығу«Бақыт деген не өзі» Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. «Мен тек бақытты болғым келеді» Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не? Ата – аналар, қатысушылар өз ойларымен бөліседі. Ортаға сынып жетекші шақырылып тапсырма беріледі: бүгінгі қатысушылардың ішінен ең бақытты деген кісілерді орын — орнымен тұрғызу. Әрине «Қанағат қарын тойғызады», ендеше қанағат болған жерде бақыт та болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзіңде бақытқа кенелесің. Өмірдің қызығы да осында! 3. Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем» 5 – 6 қатысушы үлестірмелі қағаз таңдап алады | Отбасы Ата-ана, әке, бала ,ата-әже. Отбасы- адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. 2Отбасының басты қызметі не деп ойлайсыздар? -Бала тәрбиелеу. Ата-ана сәби дүниеге келген күннен бастап,оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. ІV Мағынаны ажырату. 3 Слайд. 1Ой шақыру. Отбасы үш тіректен тұрады: бала, ана ,әке. Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар»,- дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы тікелей отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты. Баланың жақсысы-ата-ананың абыройы,ары. Жаманы-қайғысы, азап- соры. (В.Сухомлинский). Баланың басты ұстазы-ата-анасы.Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі.Өйткені «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі». Бала отбасында әкеден-ақыл, шешеден- мейір алады. Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасының үш тағаны іспеттес. Әр қатысушыға доп лақтырып, төмендегідей сұрақ қойылады. Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай? 2. Қандай тағамды сүйсініп жейді? 3. Балаңыздың атын еркелеткенде қалай атайсыз? 4. Балаңыздың ең жақын досының есімі кім? 5. Сүйіп оқитын пәні? 6. Балаңыз мектепте нешінші кабинетте оқиды? . Берілген сөйлемді аяқтау қажет. Сәби бақыты, ол – Ата — ана бақыты, ол – Әйел бақыты, ол – Ер — азамат бақты, ол – Ұстаз бақыты, ол – — Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…. — Отбасы бұл…. — Отбасым бақытты болу үшін…. — Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…. — Мен қалар едім отбасымның…. Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп — көп рахмет. | мақалдар жазылған плакаттар, слайдтар. |
Сынып сағаты
Мектеп атауы:
Бөлім: | ЕҢБЕК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ | |||
Педагогтің Т.А.Ә. | | |||
Күні: | | |||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны | ||
Сабақтың тақырыбы | Экология және біз | |||
Сабақтың мақсаты | Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде бііз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету; Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін-өзі тануға, тіл мәнерін, ой-өрісін дамытуға бейімдеу. | |||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың кезең /уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әркеті | Ресурстар | |
01. | Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр. Мұндай жақындық оларды табиғатың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз. Балалар табиғат дегенде ойымызға не келеді? Экология - «эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді. Ал енді, біз табиғаттың бөлшектерін қарастырып шығайық. Қоршаған ортаның экологиясын зерттейік. — Балалар, қазір біз Қазақстанның әсем табиғаты туралы және оған тиіп жатқан зардаптар туралы видеофильм көреміз. (талдау жұмысын жүргізу) — Келесі кезекті тапсырмаларға береміз. 1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан ба-лаларды көрді-де, тұрып қалды… Сұрақ: 1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар? 2. Арман қандай бала? 3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен? 2-жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді… Сұрақ: 1. Серіктің әрекеті қанда болады деп ойлайсыңдар? 2. Серіктің бойынан қандай қасиеттерді көруге болады? 3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар? — Балалар, мына сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады екен. Сөзжұмбақ сұрақтары. 1. Аң патшасы. 2. Қазақстанның әсем қаласы. 3. Қазақтың қарт, ақыны. 4. Қазақтың батыр қызы. 5. Қазақстандағы көмір өндіретін жер. 6. Ай аты. Қорытынды Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тастал ған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды. | Оқушы: Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман. Су деген тіршіліктің қаны емес пе, Су деген табиғаттың жаны емес пе! Су жоқ жерде өмір жоқ, ол, ақиқат, Күміс су, қара жердің сәні емес пе! Топырақтан өмір иісі шығады Оны денең тиіп кетсе ұғады. Еңбегіңді есесіне беретін, Жақсылық та топырақтан шығады. Табиғат сенде бәрі ортақ, Аспаның, күнің, айың да. Тегінде жаның жомарт — ақ, Ізгілік жатыр бойында. Оқушылардың орындауында «Атамекен» әні. Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер? 1. «Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» — жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз; 2. «Судың да сұрауы бар» — суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз, ластамаймыз 3. Орман-тоғайды, бақтарды күл — қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз. 4. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз. | Табиғат туралы қанатты сөздер, слайдтар, түрлі суреттер, мақал мәтелдер, жұмбақтар. |
Сынып сағаты
Мектеп атауы:
Бөлім: | ЕҢБЕК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ | ||||
Педагогтің Т.А.Ә. | | ||||
Күні: | | ||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | «Адам табиғат перзенті» | ||||
Сабақтың мақсаты | 1. Балалардың табиғат туралы түсінігін анықтау. Жанды, жансыз болуын дәлелдету. 2. Табиғаттың адам өмірі үшін өте қажет екенін оқушылардың өз пікірлері арқылы шешім шығарту, адам өмірі үшін өте қажет екенін оқушылардың өз пікірлері арқылы шешім шығарту, дүниетанымын кеңейту. 3. Оқушыларды табиғатты сүюге қорғауға, қастерлей білуге тәрбиелеу. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезең /уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әркеті | Ресурстар | ||
01. | Табиғат адам үшін жаралыпты. Бар қызық табиғаттан таралыпты – деп ұлы ақынымыз С. Торайғыров жырлағандай, табиғат пен адам әрқашанда егіз. Олар бір — бірімен тығыз байланысты. Бүгін сіздер «Табиғат және біз» атты білімпаздар бәйгесінде табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білімдеріңізді сарапқа саласыздар. Тапқыр, білгір дарынды, Жарыс бар бүгін арынды. Сүйсең туған жеріңді, Табиғат сөзіне анықтамалар беріп, табиғаттың адам өміріндегі маңызын көрсетіп, «Табиғат» тақырыбына кластер құрастыру. 2 — бөлім “Кім жүйрік?” ойыны. Сайысқа 24 оқушы түгел қатысады. Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар шешеді. Берілген 10 жұмбақтың жауабын дұрыс шешкен 10 оқушы 2 — ші турға өтеді. Жұмбақ айтам сіздерге, Жауабын айт, білсеңіз. Тура тапқан адамға, Әділ баға береміз. Жұмбақтар шешу 1. Шаруасы әр саласы, 12 баласы, Бәйтеректей атасы бар. Әр баласының отыздан серігі, Өзіне лайықты көрігі бар. (Жыл он екі ай) 2. Жайғаным түкті кілем, Ілгенім тықыр кілем. (Жер мен ай) 3. Жүк тасиды – есек емес, Мүйізі бар, кесел емес. (Ұлу) 4. Аппақ болып балбырайды, Жап — жасыл болып салбырайды, Қып — қызыл боп құлайды. (Алма) 5. Қанаты бар ұшпайды, Жұрт айламен ұстайды. (Балық) 6. Көлігі жоқ көшеді, Өзін кезбе деседі. (Бұлт) 7. Аяқ оны басады, Ауыз оны асады. (Жүзім) 8. Ішіне тамақ салынған, Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа) 9. 12 айдың біреуі менің атымда Деп жар салып жүреді. (Көкек) 10. Іші жұмсақ, сырты қатты, Еті қызыл, сүті тәтті. (Қарбыз) 11. Инебел, қалқа мойын, қара батыр, Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырысқа) 12. Қанаты бар тышқан Қараңғыда ұшқан. (Жарғанат) 13. Есек құлақты, мысық аяқты, Түйе ерінді, ешкі құйрықты. (Қоян) 14. Ат басты, арқар мүйізді, Бөрі кеуделі, бөкен санды. (Шегіртке) 15. Үстіне тігіп көк шатыр, Астында қызғылт дәу жатыр. (Қызылша) 16. Күндіз бар, түнде жоқ, Түнде бар, күндіз жоқ. (Күн мен ай) 3 — бөлім “Білгенге маржан”. 4 — бөлім “Ойлан, тап!” сайысы “Ойлан, тап!” сайысында ойыншылар бір — бірінің дайындаған бас — қатырғыларын шешеді. Таланты талмай ұшар қанаттының. Әлди әуен, әлемі — өнер оты Шарпып өтсін лебімен қанаттының. | Құстар Ауа Адам Су Жануаррлар Жер Табиғат Өсімдіктер Табиғат туралы мақалдар. 1.Жері байдың елі бай. 2,Туған жердің топырағы да ыстық. 3.Көлдің көркі — бұлақ Таудың көркі –құрақ. 4.Сулы жер-нулы жер. 5.Атаңнан мал қалғанша тал қалсын. 6.Бір тал кессең,он тал ек. 10 оқушы жұптасып, мақалдар айтып, жарысады. — Мақал — мәтел — сөз мәйегі, тілегі, әр сындарда асыл сөздің тірегі – деп табиғат тақырыбына арналған мақалдар айту жарысын бастаймыз. Әр жұп бір — бірінің мақалын жалғастырады. Мысалы, Дала — көркі мал, /өзен — көркі тал. 10 оқушыдан 6 — уы келесі турға өтеді. — Біле білген білімдіні зерек дейміз. Білімімен ел – жұрттан ерек дейміз — деп ендігі кезекте сіздердің тапқырлықтарыңыз, шеберліктеріңізді сынаймыз. Іске сәт! 6 оқушы сынға түсіп, 3 — і дұрыс және тез шешкені жеңімпаз атанады. 5 бөлім “Балғын дауыс”. Бұл турда ойыншылар табиғат туралы әндер орындайды. Өнері өрге жүзер талаптының, | Түрлі түсті қғаздар Нақыл сөздер |