Файл: азастан Республикасыны 2007 жылы 27 шілдедегі 319 Заы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 836

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның (және) немесе лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат:



      1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;



      2) білім беру қызметімен айналысуға лицензиясымен және (немесе) лицензияға қосымшасымен әрекеттер жасауға (білім беру қызметімен айналысуға лицензиясын тоқтату, қайта ресімдеу, тоқтатыла тұрғанына жаңа қосымшалар алу);



      3) оқуға, оның ішінде басқа білім беру ұйымдарынан ауыстыру және қалпына келтіру арқылы қабылдауды жүзеге асыруға құқылы емес.



      6. Білім беру ұйымы оның түрін өзгерту жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, оның қолда бар білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясының қосымшасы қайта ресімделуге жатады.



      Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензиар қайта ұйымдастыру жүргізілгенге дейін қайта ұйымдастырылатын білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.



      Қайта ұйымдастыру жүргізілгеннен кейін лицензиат білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуге өтініш береді, ал лицензиар өзі бұрын жүргізген, білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру негізінде білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын береді.



      Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеу үшін лицензиат білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ:



      1) лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін;



      2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер мен құжаттарды береді.



      Лицензиар осы тармақта көзделген негіз бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуден:




      1) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісті түрде ресімделмеген;



      2) өтініш беруші білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бас тартады.



      Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қайта ресімделеді.



      Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы қайта ресімделгенге дейін лицензиат қызметті қайта ресімделуге жататын лицензияның негізінде жүзеге асырады.



      Ескерту. 57-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 8.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.05.2022 № 118-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.





57-1-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама


      1. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.



      2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.



      Ескерту. 8-тарау 57-1-баппен толықтырылды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




58-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу


      Ескерту. 58-бап алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау


      1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм алуға құқықты қамтамасыз етуіне және жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлердің өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны білім саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері, жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.



      Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауына да бағытталған және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.




      2. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілері:



      1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;



      2) білім алушылардың тиісті жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі;



      3) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметі болып табылады.



      3. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мынадай нысандарда жүзеге асырылады:



      1) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының сақталуын жоспардан тыс тексеру;



      2) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;



      3) осы Заңда айқындалатын тәртіппен бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау.



      4. Мемлекеттік аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, профилактикалық бақылау арқылы бес жылда бір рет Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүргізеді.



      Денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.



      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      4-тармақтың үшінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





      Сот төрелігі академиясын мемлекеттік аттестаттауды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.



      Сот төрелігі академиясында, әскери, арнаулы оқу орындарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар немесе даярлау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.




      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      4-тармақтың бесінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





      Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, оның аумақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының лауазымды адамдарының мемлекеттік аттестаттау жүргізу кезінде мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.



      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      4-тармақтың алтыншы бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





      Мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде комиссияның құрамы білім беру, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары, мамандары және педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін консультанттар, сарапшылар қатарынан қалыптастырылады.



      Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай қорытындылардың бірі беріледі:



      1) білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына толық сәйкес келген жағдайда, аттестатталды;



      2) білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, аттестатталмады.



      Бірінші мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған, мынадай:



      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында үш жылдан кейін;



      2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін;



      3) әскери, арнаулы оқу орындарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей өткізіледі.