Файл: азастан Республикасыны 2007 жылы 27 шілдедегі 319 Заы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 834
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-1. Білім беру ұйымдары жыл сайын білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүргізеді және өзін-өзі бағалау материалдарын білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына ұсынады.
5. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
7. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
8. Алып тасталды – ҚР 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-1. Алып тасталды – ҚР 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-2. Алып тасталды – ҚР 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-3. Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатыла тұрған кезде білім беру ұйымдары:
3) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
4) бұзушылықтарды жойғанға және білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі қызметті қайта бастағанға дейін қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
8-4. Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерілуге жатады.
Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен тоқтата тұруға білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің құқығы бар.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсететін субъектілер тексеру және (немесе) мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде, білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымын алып тастайды.
8-5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бақылау субъектілерінің (объектілерінің) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзушылықтарының жолын кесу және оларға жол бермеу болып табылады.
8-6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мынадай деректерді талдау, зерделеу және салыстыру арқылы жүргізіледі:
1) білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылған білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдары;
2) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісі;
3) ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-7-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бекітеді, сондай-ақ ол мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
8-8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне оны жою тәртібі түсіндіріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-9-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-9. Бақылау субъектісіне өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, оның аумақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құқықтық актісінде көрсетілген аяқтау мерзімінен кешіктірмей қорытындыны табыс ету күні бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
8-10. Қорытынды бақылау субъектісіне (объектісіне) төменде санамаланған тәсілдердің бірі арқылы:
1) пошта арқылы – тапсырысты хатпен;
2) электрондық тәсілмен – білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау материалдарында немесе ресми интернет-ресурсында көрсетілген бақылау субъектісінің (объектісінің) электрондық мекенжайына жөнелтілген күнімен жіберілуге тиіс. Жіберілген қорытынды жөнелту фактісін растайды және бақылау субъектісіне (объектісіне) табыс етілді деп есептеледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-11-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-11. Бақылау субъектісі (объектісі) қорытындыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бір жылдан аспайтын мерзімдерді көрсете отырып, бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты береді, осы шаралар өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен, оның аумақтық бөлімшелерімен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен келісіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-12-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-12. Бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі (объектісі) құзыреттерінің шегіне қарай білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына бұзушылықтарды жою туралы есепті ұсынуға міндетті.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-13-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-13. Бақылау субъектісінің (объектісінің) есебі негізінде өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бес жұмыс күні ішінде қайталама қорытынды шығарады.
Бұзушылықтар жойылмаған немесе белгіленген мерзімде есеп ұсынылмаған жағдайда білім беру ұйымы аттестатталмады деп есептеледі, бұл бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін негіз болып табылады.
9. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
10. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
11. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеріледі.
12. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
13. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
14. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
15. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
16. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
Ескерту. 59-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17. N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015
№ 398-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 8.01.2021 № 410-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.