ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 8328
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бұрын орта мектептің негізгі міндеті білім беру мен дағды біліктіліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі міндеті: ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны қалыптастыру тек қана әлеуметтік жағдайда ғана жүзеге асады, яғни адамның табиғи қабілеттеріне қоршаған орта әсер еткенде ғана толық ашылады.
Ал, балаға бірден-бір әсер ететін орта-мектеп. Сондықтан да жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті мектепке жүктеліп, оқушының жеке қабілеттерін дамытуда, дарынын ашуда және қоғамдық белсенді әрекетін жүзеге асыруда мұғалімдердің іс- әрекеті мен озық тәжірибесі, қабілеті мен шеберлігі шешуші рөл атқарады.
Оқыту ісіне жаңа тәсілдер дайындау, өзара нұсқаулық-ақпараттық қатынастан білім алуға деген сұраныстарды қанағаттандыруға, жеке тұлғаға бағытталған өзара көшу- педагогикалық ғылым мен тәжірибенің алдына қойылып отырған үлкен міндет.
Мұғалім дамымай оқушы дамымайды. Қазіргі заманғы ақпараттық және білім беру технологияларын пайдаланбай, оқушы мен мұғалімнің жұмысының сапасын арттырамын деуге болмайды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы –Ахмет Байтұрсынов. «Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп, білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан. Сондықтан да білім берудің нәтижелігі мұғалімнің шеберлігі, шығармашылығы мен оның тікелей кәсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты.
Шығармашыл мұғалімнің білім берудегі мақсаты- әр түрлі деңгейдегі білім беру әрекеттерінің жоспарланған нәтижесіне жету. Мұғалім өз жұмысында оқушылардың қабілеттерін анықтап, оларды оқыту, жетілдіру, ғылымға бейімдеу, бала дарындығын ашу, оны дамыту, бала бойындағы зерттеушілік іс-әрекетін, қабілеттілік белгілерін көре алуы мұғалімнің шеберлігін қажет етеді.
Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы- оқушыға білімді терең игертудің әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа және зерттеушілік іс-әрекетке жетелеу.
Жеке тұлға қабілеттерін дамытуға бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілікті арттырып, оқушымен қарым-қатынасы берік сенімге негізделгенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.
Оқушылардың өзіндік жұмысы- танымдық іс-әрекеттері формаларының бірі болып табылады. Сондықтан, бұл жұмыстардың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті инновациялық технологиялар арқылы дұрыс жоспарлау біліктілігіне байланысты болады. Қазіргі кезде оқытуға қойылатын негізі талап- оқушылардың белсенді іс- әрекеттік сезімін оята отырып, жаңа инновациялық технологиялар арқылы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және оларды басқара білу. Ол біріншіден, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. Екіншіден, оқушылардың өзіндік іс-әрекетіне деген мұғалімнің көзқарасын өзгертуді талап етеді. Яғни, мұғалім қазіргі кезде белсенді емес, оқушылардың өздері белсенді жасампаз күш болатын, оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет.
Сонымен ұстаздар әр бала қабілетін жоғары төмендігіне қарамастан өзінше тұлға, табиғаттың таңғажайып құбылысы және әр баланың күнделікті өмір тіршілігі өзінше бір тағдыр екенін ескеруі қажет. Тағдырға жауапкершілікпен қараған дұрыс. Заманымыздың талабына сай білім сапасы жоғары оқушылардың құзырлығын дамыту арқылы үлкен нәтижеге жетіп, жемісін көреміз деп сенемін. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеу – біздің мақсатымыз.
№19 МЕНІҢ ШӘКІРТТЕРІМ-МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ
Мұғалімнің бүкіл мақтанышы шәкірттерінде,
өзі шашқан ұрпақтарының өсіп — өнуінде.
Ұстаздан жақсылыққа тәрбиелену, өзі бақытты болып,өзгелерді де бақытты ету жолына үйрену дегенге саяды. Жалғыз екенсің, ізіңнен ерген ізбасарың болмаса, онда құның да шамалы,шәкіртсіз ұстаз да бұтақсыз қу ағаш сияқты.
Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлесе, шәкірттердің рухын биіктету үшін біз оқытушылар өз үлестерімізді қосуға тырысамыз . Алдымызда бізге сеніп тапсырылған бала, ертеңгі қоғамның бір белді тұлғасы болмасына кім кепіл?
Әрбір шәкіртімнің жасаған қылықтары мен үшін қайталанбас бейнелер.Жұмыста да, үйде де тек шәкірттерімнің қылықтарын ойлап жүретінмін.
16 шәкіртімді әлі күнге дейін ұмытқан емеспін, ұмытпаймын да.
Себебі: олардың өмірге деген қызығушылығын ояттым, өз баламдай аянбай тәрбиеледім, жақсылыққа сүйсініп, жамандықтан жиренуге шақырдым. Олардың қуанышына ортақтастым, кемшін тұстарына күйіндім де.
Шәкірт бойында ынта- ықылас оянбаса, онда еңбегіңнің зая кеткені.
Өзіңді шәкірттердің іздеп жүруі, мақтан тұтуы – ұстаз үшін баға жетпес бақыт.
Табиғаттың ең бір үлкен сыйы- ұстаздың шәкірт жүрегінде мәңгі ойып орын алып қалуы. Егер шәкірт жүрегінде мәңгі қалсаң, онда сол бала жүрегінің кілтін дұрыс тапқаның. Ондай құпия кілтті табу үшін асқан қабілеттілік, байқағыштық, елестету, әдептілік өте қажет.
Адам өзінің айрықша сыйлайтын, сенетін, тәнті болып, мақтан тұтатын кісінің айтқанын екі етпейді, тапсырмасын ауырсынбайды, оны шын пейілі, ықыласымен, бар ынтасымен және шабытпен орындайды.
Менің шәкіртім де дәл осындай.. Ол –
Канафин Арыстан . Алғаш бірінші курсқа түсіп ,топ жетекшісі ретінде қабылдап алғанымда тұйық болып көрінгенмен, оның ұшқыр ойы, үкілі үмітінен көп нәрсені күтуге болатын байқадым.Ынта қойып, тапсырылған іске ерекше ықыласпен кірісетін шәкіртіме жауапты жұмыс тапсырып сенім арттым. Ол ғылыми жоба байқауына , түрлі конкурстарға қатысу мүмкіндігі еді. Алғаш Арыстанды ағылшын пәнінің оқытушысы Жұлдыз Нұрлановна олимпиадаларға қатыстырып , білім алушының ашылуына септігін тигізді десем де болады. Тақырыпты бірлесе отырып таңдап, аймақ, аудан, облыс көлеміне де шығуына өзінің ,ұстазының адал еңбегі арқылы жетті. Таңдаған тақырыптың өзектілігі, мақсаты, проблемалары, ұсыныстар туралы ой тұжырымдап, ерекше мән беруі оның қанаттанып биік белестерден көрінуіне бірден — бір себепші болды. «Тамшыдан теңіз құралады» демекші, осы шәкіртімнің де мектеп қабырғасын бітіріп келгеніне үш жылдың жүзі болды. Тамшының тас тесетіні сияқты талай еңбектің арқасында осы дәрежеге жеттім, «сіздің мен үшін еңбегіңіз зор», — деген сөзі әліде құлағымда. Сүйікті ұстаз болу үшін, шәкірт жүрегінен орын алуымыз қажет-ақ. Салмағы ауыр осы бір сөзден көп ой түюге болады.Елдің ертеңі, келешегі – біздің қолымызда.
№20 МЕНІҢ ҰСТАЗДЫҚ БАҚЫТЫМ
Есік ашылып,тұлымдары желбіреген ер балалар мен шаштарына ақ бантик таққан қыз балалар бірінен соң бірі кіріп жатты. Бұл менің оқушыларым.
Осы балалардың шат күлкісі, күлімдеген жүздері менің жүрегіме «мен кіммін?», ұстазбын ба?, әлде анамын ба?- деген ой мазалап қоя берді.
Ой тұнығынан ойланбастан мен ұстазбын деп айқайлағым келді. Себебі олар еліміздің болашақ үміт артар азаматтары, ертеңі. Осы күлімдеген жүздер менің өміріме, ұстаздық жолына тереңірек үңілуге жол ашты.Сол мезетте менің түсінгенім, ұстаз мамандығын жан-жүрегімен сезінген, бала жүрегіне жол таба
білетін, ата-ана алдындағы жауапкершілікті сезіне білген адам ғана өз мамандық иесі бола алатынын түсіндім.
Мен өзімді әлі, еркін маманмын деп айтуға жүрексінемін, өйткені мен, еңбек жолына енді ғана қадам басып отырмын. Алар асулар мен белдер әлі алда деп білемін. Мен сүйкімді оқушылар мен оның жанұсына енген ұстазбын.
Ата-ана маған ең қымбат баласын сеніп тапсырды. Сондықтан балалрдың мектеп қабырғасындағы өмірі қалай болатындыңы маған байланысты, сондай-ақ ата-ананың мектепке, ұстазға деген көзқарасының қалыптасуы да маған байланысты.Мен әр баланың жанұя мүшесі тәріздімін, мүмкін мен әр жанұяның өмірлік досы болармын…
Мен, бала мен ата- ананың маған артқан сенімін қалай ақтауым керек?-деген ойға қалдым. Осы ойлардың жетегінде жүріп, ізденімпаздықпен аянбай еңбек еттім.Сол еңбегімнің нәтижесінде бірталай жетістіктерге де қол жеткіздім.
«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»-деп Абай атамыз айтқандай,ұстаз бала тәрбиелеу мен білім беру жолында үлкен сындардан өтеді. Әрине бұл жетістіктеріме мақтанбаймын,осы еңбегімнің жемісіне, еңбек іс әрекетіме,мамандығыма деген көзқарасымның қалыптасуына әріптес ұстаздарымның көмегі зор. Апайларымнан алған ең басты сабағым, балаға деген мейірімділік,қамқорлық,шыдамдылық,әрине шығармашылық ізденісте болу. Оқушыларды заман талабына сай ,тұлға ретінде білім мен тәрбие беру үшін, қазіргі іс-тәжірибеде жүрген дамыған елдердің озық инновациялық технологияларының әдіс-тәсілдерін қолданып келемін. Шынымды айтсам кейде балаша ойнап,балаша күліп ұстаз екенімді ұмытып кетемін, ал кейде бірге өткізген қызықты да,тәтті қылықтырына тамсана тоймай бір сәт еске аламын. Міне,мен осылайша әнші, биші, суретші, әртіс, әсем сөз маманы,баланың жан-дүниесін түсіне алатын психолог-ұстазға айналдым.
Балаларға білім мен тәрбие беруде, ұлттық құндылықтырды бойына сіңіріп,ойына ұялатуға тырысамын. Күн сайын маған үміт толы күлімдеген көздер мен балбұл жанған әдемі жүздер қарап отырады.Мөлдір бұлақтың бастауын,көзін ашып.тұнығына қану үшін таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып,бала жүрегіне мейірім дәні мен білім нәрін себу менің басты мақсатыма айналды. Ұстаз-киелі мамандық.Ұстаз оқушыларын білім әлеміне, еңбек жолына,танымдық қабілеттерін дамытуда аянбай еңбек етеді. Француз педагогы Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады,оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты,өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген сөзді әр ұстаз үнемі жадында сақтап қана қоймай, үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Ұстаз жұмысы күрделі де қызықты. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,оны тек қана шын жүрегімен, жан-тәніңмен ғана сезіне аласың. Ұстаз болу, мен үшін-үлкен бақыт. Мектеп қабырғасында жүрген әр оқушы еліміздің ертеңгі болашағы.Еліміздің болашағы, ертеңі білімді ұрпақ өсіру баршаға ортақ, әрі міндет. «Бала жүрегі кішкентай күйсандық.Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады»-деп Мұхтар Шаханов айтқандай біздің ұстаздарымыздың қолында әркез сол кілт жүруі керек.«Бір жылдығыңды ойласаң арпа ек, он жылдығыңды ойласаң, тал ек, бүкіл ғұмырыңды ойласаң, бала тәрбиеле» деген дана сөздің асылдығын, үкілеген үмітіміз-бала келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарайық…
Балалардың шат күлкісі мен күлімдеген жүздерінен, зерделі білім нәрімен сусындаған,еліміздің болашақ үміт артар азаматтары мен шәкірттердің биігін көруді арамн етемін.
… Ертең мектепте менің қызықты,қуанышты күнім басталады. Ертең маған тағы да күлімдеген көздер мен балбұл жанған әдемі жүздер қарайды.Ол менің оқушыларымның үміт толы көздері…
№21 «ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА БІЛІМНІҢ ШЫРАҒЫН ЖАҒУ ҮШІН МҰҒАЛІМ БІЛІМ НӘРІН БОЙЫНА СІҢІРУІ ҚАЖЕТ »