Файл: аза дебиеті пнінен (оыту аза тілінде) тосанды жиынты баалауды спецификациясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 906

Скачиваний: 13

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«Қазақ әдебиеті» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде)
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
11-сынып

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
2022-2023 оқу жылы



Нұр-Сұлтан, 2022

Мазмұны


1.Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 4

2.Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 4

3.Күтілетін нәтижелер 4

4.Ойлау дағдыларының деңгейі 5

5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6

6. Модерация және балл қою 6

1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7

2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 12

3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 17

4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 22



  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


  1. Күтілетін нәтижелер

1) тарихи-әдеби процестің негізгі заңдылықтарын; өлең жолдары мен прозалық мәтіндердің үзінділерін (таңдауы бойынша) жатқа; оқытылатын тақырыптар шеңберінде әдеби-тарихи мағлұматтарды және әдеби теориялық түсініктерді; оқытылатын шығармалардың мәдени-тарихи мәнмәтінін және олардың авторларының өмірлік және шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді біледі;

2) әдебиеттің рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнін; әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем шығарманы; шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелер жиынтығын, шығармада автордың ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын және жасырын мағынасын; орыс, қазақ және әлем әдебиетінің шығармалары арасындағы ұлттық сипатқа негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді;

3) көркем-бейнелеуіш құралдар мен стилистикалық тәсілдерді: шығарманың мазмұнына талдау жасау барысында әдебиеттанудың түсінікті тілін, белсенді азаматтық ұстанымы мен адамгершілік-рухани қасиетін көрсете отырып, әдеби тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөйлеуде, талдамалық сипатта өзінің мәтінін құрауда, оқыған мәтінді түсіндіріп беруде, пікірталастарда, көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде қолданады;


4) әртүрлі әдеби шығармалар мен оларды сыни тұрғыдан және көркем түрде түсіндіріп беруді; сюжет, композиция ерекшеліктерін, көркем бейнелеуіш құралдар рөлін, басты эпизодтарды, кейіпкерлердің әрекеттері мен қылықтарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы түсініктерін талдайды;

5) көркем шығармаларды қорытындылау, шығармалардың мазмұнын тарихи деректермен салыстыру үшін әртүрлі ресурстарды қолдану арқылы жазбаша мәтіндерді; көркем шығарманың мәселелер бойынша дәлелді пайымдауларды, шығарманың мазмұнын адамгершілік-рухани жағынан толықтыру туралы дәлелді пікірді жинақтайды;

6) мазмұнының өзектілігі мен адамның адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастырудағы оның мәні жағынан шығарманы; композициялық, стильдік тұтастық және тілдік ресімдеу тұрғысынан ауызша және жазбаша сөздерді; өнердің өзге де түрлерімен дайындалған көркем туындыны түсіндіріп беруді; өзі үшін белсенді оқырмандар тобын анықтау үшін көркем шығармаларды бағалайды.

  1. Ойлау дағдыларының деңгейі




Дағдылар тобы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Сипаттама

Ұсынылатын тапсырма

лар түрі

Түсіну және жауап беру

Білу және түсіну


Қолдану


Жоғары деңгей дағдылары


  • шығарманың тақырыбын, түрі мен жанрын, идеясын, автордың көзқарасын, суреттеулерді, астарлы мағыналарды түсінеді;

  • әдеби шығармада қолданылған көркемдегіш және стилистикалық құралдардың ерекшеліктерін анықтайды және оларды сипаттай алады;

  • әртүрлі әдеби шығармалардың мазмұнын зерттейді және өз түсінігін ұсынады;

  • әдеби шығармалардың мазмұнын баяндайды;

  • поэзиядан немесе қара сөзден дауыстап үзінді оқиды;

  • әдеби шығармалардың мазмұны туралы пікірлермен келіседі және қарсы болады;

  • әртүрлі медиаматериалдарды пайдаланады.

Көп таңдауы бар сұрақтар

Анализ және интерпретация

  • әдеби шығармалардың сипаттау тәсілдерін анықтайды;

  • берілген әдеби шығармалардың тақырыбы мен мазмұнын анықтайды және талдайды;

  • әдеби шығармалардың тілі мен құрылымын талдайды;

  • әдеби шығармадағы дәлелдемелерді пайдаланып, өз көзқарастарын ұсынады;

  • жазушының ойын әдеби шығармада сипатталған кезеңдегі өмірге қатысты байланыстырады.

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар


Бағалау және салыстыру

  • авторлардың жұмыстары мен стильдерін бағалайды;

  • өз жазбаларында,соның ішінде шығармашылық жазуларда әдеби құралдар пайдаланады;

  • жоспарлау әдістерін пайдаланады;

  • қазақ және әлемдік әдебиеттегі шығармалардың мазмұнын салыстырады.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.


6. Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 45 минут

Түсіну және жауап беру 10 минут

Анализ және интерпретация 15 минут

Бағалау және салыстыру 20 минут

Балл саны – 30
Тапсырмалар түрлері:

Бір және көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

1-тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

*Сипаттама

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-5

11.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну
111.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету
11.1.5.1 шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу

Жауап

нұсқаларынан

бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

10

5

6-8

11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау
11.2.2.1 автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау
11.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар


15

15


9

11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

Барлығы

45 минут

30



«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Тарихтың шертіп пернесін» бөлімі

Шығармалар: С. Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі

І. Есенберлин «Қаһар» романы

А. Сүлейменов «Бесатар» повесі

1-БӨЛІМ

1. Тұжырымдарды композициялық құрылым ретімен орналастырыңыз

  1. Ақ патша мен оның өкілдерінің қазақ батырларының хаттарын жауапсыз қалдыруы. Қараөткел мен Жайық арасындағы ең үлкен ереуіл.

  2. Қоқан хандығы мен Ресей империясының қазақ жерін өз иеліктеріне қосып алу мақсатындағы жымысқы ойлары мен тартыстары. Ожардың опасыздығы.

  3. Әбілғазы мен Таймасқа жорытқан Кенесарының түсі. Ұлы жүз бен қырғыз жерінде Кенесарыға құрылған қақпан. Кекілітау бауырынан тапқан ажал.

  4. Қасым төренің билікті Кенесарыға беруі.

  5. Қасым төре, оның үлкен балалары Есенгелді мен Саржан шайқастары.


А) оқиғаның басталуы

В) оқиғаның байланысуы

С) оқиғаның шиеленісуі

D) оқиғаның шарықтау шегі

Е) оқиғаның шешімі
1) .... 2) .... 3) .... 4) .... 5) ....

[1]
2. «Қаһар» романынан алынған қай үзіндідегі мәселе ұлттық мүдде тұрғысынан тұжырымдалған?

А) - Қазір жер қорғайтын заман емес, жан қорғайтын заман... Тағы құландай ру-ру боп жалпақ даласында шұбырған қалың қазақ ту тігіп ел болудан қалған. Осыны неге түсінбейсіңдер.

В) Ата-ананы таңдауға болмайды, туған халқыңды да таңдай алмайсың! Оны әлжуаз де, тағы де, бірақ маңдайымызға жазылғаны сол халық, мен оны сен айт; қан әлжуаз қалпында да жақсы көрем.

С) Дегеніме көнбесең, елді аттың бауырына, қамшының астына аламын. Кімде кім айтқаныма көнбейді екен, Кенесарының жасыл туының астында жүргісі келмейді екен – ол менің жауым.

D) Қасым төре біз секілді ақымақ емес еді. Арқа жерінде сегіз өкіріктің не үшін құрылғанын бізден бұрын түсінді. Тоқа, Алтын, Алтай, Уақты ертіп патша құрығы жетпейтін Бестаңбалы жеріне қарай көшті.

[1]
3. «...Қазығұрттың ақ майы кілкіген ақ қымызын таң асырып ішіп отырғанда ел басына осыншалық апат төнер деп кім ойлаған? Апыр-ау, осы елдің түбіне көріп алам жетпеп пе еді, бір Алланың өзі сақтар жетпеп пе еді; ауып келіп асыңды ішіп, табағыңды тепкен жендеттің қымыз кекіріп тұрып маңдайыңнан шерткенде қол қусырғаның, қол қусыра бергенің жетпеп пе еді? Нені көріп аласың сонда? Ел айбаты көп ердің іркес-тіркес айдалып кеткенін бе?. - деген сөз қай кейіпкерге тиесілі?

А) Сәруар

В) Төрехан

С) Крейгель

D) Сержан

[1]
4. Ұсынылған үзіндіде қандай мәселе көтерілген?

Шырқ айналар шіркін тауық,

Жемің болса қолында,

Қайдағысы сені тауып,

Топырлайды жолында.

Досыңмын деп ант береді,

Жем іздеген жанама.

Жем таусылса жалт береді,

Сенерлік дос, санама.

А) амал достықпен жүретін достар туралы

В) шын сенуге тұратын адал достар туралы

С) байлық үшін дос болатындар туралы

D) достықты сатып кететін адамдар туралы

[1]
5. «Қаһар» романындағы тек ұлттық тарихи құндылық шеңберін ғана қамтитын тұсын белгілеңіз.

А) Кенесары бастаған көтерілістің туу және жеңілу себептерін баяндау

В) Бөгенбай, Қабанбай бастаған қазақтың батырларының іс-әрекетін сипаттау

С) Жоңғар басқыншыларының қазақ елінің бестен үш бөлігі қырғанын көрсету

D) Əбілқайыр ханның өзге қазақ басшыларымен ақылдаспай Ресейге қосылуын көрсету