Файл: Фоб012016 . А. Ясауи атындаы Халыаралы азатрік университеті Медицина факультеті Зертханалы пндер кафедрасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 379
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
С - зерттелетін сынамадағы креатининнің концентрациясы мкмоль/л
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
10. Миокард кезіндегі биохимиялық өзгерістер.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.
Ф-ОБ-012/016
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Медицина факультеті
Зертханалық пәндер кафедрасы
Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу
пән: «Биохимия-2»
мамандық: 5В130100 «Жалпы медицина»
Түркістан-2016
Кафедра мәжілісінде талқыланды,хаттама № ___ «___ »_____ 2016ж
Кафедра меңгерушісі, х.ғ.к., доцент А.К.Мамырбекова
№1.Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Қорытылуы, сіңірілуі. Глюкозаның тіндердегі тағдыры.
2. Мақсаты: Студенттер көмірсулардың қорытылуы және сіңірілуі жөнінде, бауырда гликогеннің синтезделуінің және жұмсалуының физиологиялық маңызын, сонымен қатар қандағы глюкозаның деңгейін реттеуші негізгі процесстердің бірі екендігі жөнінде, гликолиз кезінде жүретін реакциялардың мәнімен ретілігін түсіне білуі қажет.
3. Оқыту мақсаты: Адам организмінде тағам көмірсулары қорек ретінде маңызды орын алады. Сол себепті келешек дәрігерге тағам арқылы қандай моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер организмге түсіп тұрады және ас қорыту жолдарында олар қалай ыдырайды,сіңіріледі, қандай метаболизмге ұшырайтынын білу өте маңызды. Патологиялық жағдайда, яғни жүректің ишемиялық ауруларында, инфаркттарда, гипоксиялық жағдайда организмде анаэробты гликолиз күшейеді. Қатерлі аурулар кезінде организмде анаэробты гликолиз-негізгі энергия көзі болып табылады.
Бұл аурулардың этиологиясын және патогенезін анықтау үшін, көмірсу алмасуының метаболизмін білу үшін қажет.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Тағамдағы көмірсулар, классификациясы, маңызы.
2. Көмірсулардың қорытылуы, көмірсуларды қорытуға қатысатын ферменттер.
3. Көмірсулардың сіңірілу механизмдері, сіңірілгеннен кейінгі тағдыры.
4. Гликогеногенез, гликогенолиз, глюконеогенез процесстерінің маңызы.
5. Гликогенолиз, гликогенолиздің жолдары маңызы, оларды жүргізетін ферменттер,
(фосфорилаза, ц АМФ, протеинкиназа).
6. Бауырдағы фосфоролиздің ерекшеліктері.
7. Глюкозаның анаэробты ыдырауы, реакциялар реті, маңызы.
8. ПЖҚ-ң тотығудан декарбоксилденуі, пируватдегидрогеназды комплекстің құрылысы.
9. Сүт қышқылының тағдыры. Кори циклі, маңызы.
10. Пастер эффектісі, маңызы.
11. Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Бауырдың көмірсу алмасуындағы ролі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту SGL, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBL
6. Әдебиет:
Орыс тілінде:
Негізгі:
1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.
2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М.,2005, 2007.
3.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005, 2007.
4. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей биохимии – Алматы, 1998, 2008
Қосымша:
1.Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С. Медицинская и клиническая биохимия.-Павлодар,2004.
2.Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003
3.Кольман Я., Рем К-Г. Наглядная биохимия.- М.: Мир, 2004.
4.Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов , под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.
5.Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,
проф. С.М. Адекенова. -Астана, 2003.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды.-2007.
2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2.Сеитов З.С., Биологиялык химия, 2007
3.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.
Қосымша:
1.Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана,2003.
Ағылшын тілінде:
1. Lehninger « Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L.Nelson, Michael M. Cox, 2005.
2. Murray R.K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry.1988.
3. Saini A.S., Kaur J., Textbook of biochemistry.- New Delhi,1995.
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
1. Лактаза, сахараза, мальтаза ферменттерінің катализдейтін реакцияларын жазыңыз. Бұл ферменттер қандай ас қорыту сөлдерінде кездеседі? Оларға сипаттама.
2. Неге аш ішекте моносахаридтер әр түрлі жылдамдықпен сіңіріледі?
3. Қандай ас қорыту сөлдерінде амилаза ферменті кездеседі? Қай реакцияны катализдейді? Бұл ферментке жалпы сипаттама беріңіз.
4. Бауырдағы гликогеннің фосфоролизі басқа органдармен ткандердегі гликогеннің ыдырау процесстерінен айырмашылығы
5. Бауырда қандай процесстер жүреді?
6. Анаэробты гликолиз кезінде түзілген НАДН2-нің тағдыры.
7. Анаэробты гликолиз кезінде түзілген сүт қышқылы қандай өзгерістерге ұшырайды?
Ситуациялық есептер
1. Ауыр жұмыстан соң, адамның бұлшық етінің қатты ауырғаны байқалды. Бұл неге байланысты? Бұл жағдайда сіз қандай кеңес бересіз?
Лабораториялық жұмыстар
Сүйек қаңқасы бұлшық етіндегі гликолизді зерттеу.
Топ студенттеріне ет салынған фарфорлы ыдыс беріледі. 1-тәжірибеге, 1-бақылауға арналған. Қатар отырған екі студенттің біреуі бірінші варианттан, ал екінші студент екінші варианттан алып етті езгілейді. Өте мұқият шикізатқа 0,5 %-тік глюкоза ертіндісінен 5 мл қосамыз. Ыдыстағы гомогенатты жақсылап араластырып үлкен пробиркаға саламыз. Сонан соң бақылау пробиркасына (ТХУ )үшхлорлы сірке қышқылы ерітіндісінен 2 мл құйып, екі пробиркаға 10 тамшыдан вазелин майын тамызамыз. 37оС термостатта 45 минут бойы ұстаймыз. Осы уақыт аралығында Вольгемут методы бойынша альфа амилазаның активтілігін анықтаймыз.
Сүт қышқылының түзілуімен аяқталатын глюкозаның анаэробты тоттығуы гликолиз деп аталады.
С 6Н12О6 2СН3СНОНСООН
Глю сүт қышқылы
Жұмыс барысы: Бұлшық еттерді тез қайшымен майда бөліктерге бөліп, келіде шыны құммен қосып, біртектес масса түзілгенше араластырады. Екі бөлу воронкасына көрсетілген тәртіп бойынша мына реактивтер құйылады:
| РЕАКТИВТЕРБӨЛУ ВОРОНКАЛАРЫ | ТӘЖІРИБЕ | БАҚЫЛАУ |
1. 2. | Бұлшық ет массасы 0,5 глюкоза | - 1 см (10 мл) | 1 г 10 мл |
| шайқаймыз | 37С температуралы термостатта 1 сағат | |
3. 4. 5. | 2 үшхлорлы сірке қышқылының ерітіндісі Вазелин май 2 ТХУ | - 1 см 4 мл | 4 мл 1 см - |
Инкубация біткеннен кейін таза колбаға ерітінділерді сүземіз де сүт қышқылын анықтауға арналған Уффельман ракциясын жасаймыз. Тәжірибелік және бақылау пробиркаларының түсінік ерекшеліктерін бақылау арқылы тканьдегі гликолиз жылдамдығын анықьауға болады.
Уффельман реакциясы:
Пробиркаға Уффельман реактивінен 10-15 тамшы және сондай мөлшерде дистилденген су құйылады да алдыңғы жұмыс барысында дайындалған белоксыз сүзіндіден 3-5 тамшы қосамыз. Егер ерітіндіде сүт қышқылы бар болса Уффельман реактивінің күлгін түсі жасыл сары түске ауысады.
Тест сұрақтары
1. Крахмал мен гликогенді ыдырататын ферментті атаңыз:
а) мальтаза г) липаза
б) -амилаза д) сахараза
в) пепсин
2. Көмірсулардың қорытылуы жүреді:
а) трансферазалардың әсерінен г) пептидгидролазалардың әсерінен
б) метилтрансферазалардың әсерінен д) оксидоредуктазалардың әсерінен
в) гликозидазалардың әсерінен
3. Лактозаның құрамына кіретін моносахаридтерді атаңдар:
а) фруктоза, галактоза г) манноза, глюкоза
б) галактоза, фруктоза д) глюкоза, пентоза
в) глюкоза, галактоза
4. Дисахарид мальтозаның құрамында:
а) пентоза, фруктоза г) галактоза, пентоза
б) галактоза, фруктоза д) глюкоза, глюкоза
в) глюкоза, галактоза
5. Сахароза гидролизденеді:
а) сахаразаның әсерінен г) липазаның әсерінен
б) аргиназаның әсерінен д) эстеразаның әсерінен
в) мальтазаның әсерінен
6. Дисахарид сахарозаның құрамы:
а) глюкоза, фруктоза г) галактоза, пентоза
б) галактоза, фруктоза д) глюкоза, глюкоза
в) глюкоза, галактоза
7. Анаэробты гликолиздің соңғы өнімі:
а) 2 молекула лактат г) 2 молекула АСҚ
б) 2 молекула ПЖҚ д) 2 молекула ҚЯҚ
в) 2 молекула ҚСҚ
8. Анаэробты гликолиз кезінде түзілген ПЖҚ тотығады:
а) лактат түзілуге қатысады
б) организмнен сыртқа шығарылады
в) митохондрияға тасымалданады және тотығудан декарбоксилденеді
г) митохондрияға тасымалданады және лактатқа айналады
д) этил спиртіне айналады
9. Глюкозаның анаэробты тотығуы жүреді:
а) митохондрияда
б) цитоплазмада
в) митохондрияда және цитоплазмада
г) эндоплазматикалық ретикулада
д) цитоплазмада және рибосомада
10. Гликогеногенез:
а) глюкозадан гликогеннің түзілуі г) белоктардан глюкозаның түзілуі
б) гликогеннің ыдырауы д) глюкозаның ыдырауы
в) липидтерден глюкозаның түзілуі
11. Глюконеогенез:
а) көмірсу емес заттардан глюкозаның түзілуі
б) гликогеннің синтезі
в) крахмалдың синтезі
г) белоктың синтезі
д) мочевинаның синтезі
12. Гликогенолиз:
а) глюкозаның ыдырауы г) сахарозаның ыдырауы
б) гликогеннің ыдырауы д) белоктың ыдырауы
в) сүт қышқылының ыдырауы
13. Организмде глюкостатикалық қызметті атқарады:
а) бүйрек г) қан
б) бауыр д) көкбауыр
в) ішек қабырғасы
14. АТФ синтезіне жұмсалатын төменде көрсетілетін заттарды атаңыз, гликолиз кезінде (субстраттан фосфорлану реакциясын):
а) ФГА және ДОАФ
б) фрутоза-6-фосфат және фруктоза-1,6-дифосфат
в) глюкоза және глюкоза-6-фосфат
г) 1,3 дифосфоглицерат және 3 фосфоглицерат
д) дифосфоглицерат және фосфенолпируват
15. Глюкоза-6-фосфатқа глюкоза тотығады:
а) киназаның әсерінен г) мальтазаның әсерінен
б) аргиназаның әсерінен д) лактазаның әсерінен
в) сахаразаның әсерінен
16. Тканьдегі глюкозаның негізгі тотығатын жолдары:
а) гликолитикалық және пентозофосфатты
б) пентозофосфатты жәнн гликогеноз
в) гликолитикалық және гликогенолиздік
г) гликогенолиз және гликолиз
д) гликолиз және гликогенез
17. Химиялық табиғаты жағынан глюкоза:
а) липид г) пептид
б) көмірсу д) фермент
в) белок
18. Галактоза мен глюкозаның сіңірілу жолы:
а) градиенттердің концентрациясына байланысты диффузиялық
б) диффузиялық градиенттердің концентрациясына қарсы
в) активті транспорт жолы арқылы фосфорлану АТФ-ке байланысты,
градиенттердің концентрациясына қарсы
г) активті сіңірілу фосфорланусыз градиенттердің концентрациясына қарсы
д) диффузды фосфорлану
19. Фруктоза мен пентозаның сіңірілу жолы:
а) пассивті жол диффузия арқылы градиенттердің концентрациясына
байланысты
б) активті транспорт фосфорлану жолы градиенттердің концентрациясына
байланысты
в) пиноцитоз жолы арқылы
г) фосфорлану жолы градиенттердің концентрациясына қарсы
д) фосфорлану жолы арқылы жай диффузиялық
20. Қалыпты жағдайда глюкозаның мөлшері:
а) 5,4-6,7 ммоль/л г) 3,3-8,0 ммоль/л
б) 4,0-7,5 ммоль/л д) 4,3-6,8 ммоль/л
в) 3,3-5,6 ммоль/л
5. Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды.-2007.
2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2.Сеитов З.С., Биологиялык химия, 2007
3.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.
Қосымша