Файл: Фоб012016 . А. Ясауи атындаы Халыаралы азатрік университеті Медицина факультеті Зертханалы пндер кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 371

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Түркістан-2016

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

6. Әдебиет:

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту SGL, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBL

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Билет -10

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Лабораториялық жұмыс

С - зерттелетін сынамадағы креатининнің концентрациясы мкмоль/л

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

10. Миокард кезіндегі биохимиялық өзгерістер.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып

жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Бақылау жұмысы

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып

жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Бақылау жұмысы

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)


2. Мақсаты: Студенттер ас қорыту жолында липидтердің қорытылуы, ішекте липидтердің гидролиз өнімдерінің сіңірілуі, әр түрлі органдардың липид алмасуындағы ролі, липидтердің тасымалданатын формалары, глицерин мен БМҚ-ның тағдыры жөнінде білім алулары тиіс.
3. Оқыту мақсаты: Көмірсулар сияқты, липидтерде организмге сыртқы ортадан жануар және өсімдік текті тағам құрамында түсіп отырады. Организмде липидтер - энергия көзі ретінде, мембрананың негізгі бөлігі ретінде маңызды роль атқарады. Сондықтан студенттер, липидтердің қорытылуы, сіңірілуі, олардың тасымалданатын формалары т.б туралы терең меңгерулері қажет.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Липидтердің қорытылуы, осы процесске қатысатын ферменттер.

2. Триацилглицериндердің гидролиз кезінде түзілген заттардың сіңірілуі

3. Липидтердің алмасуындағы жұп өт қышқылының ролі.

4. Мицелланың түзілуі мен тағдыры.

5. Липид алмасуындағы ішек қабырғасының ролі. Майлар ресинтезі.

6. Хиломикрондар, түзілетін жері, құрамы,тағдыры,жануар организміндегі ролі.

7. Липидтер алмасуындағы өкпенің ролі.

8. Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі.

9. Липидтер алмасуындағы май тканінің ролі.

10.Липопротеидтердің тасымалданатын түрлері.

11. Липопротеидтердің құрамы, тағдыры, жануар организміндегі ролі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту SGL, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBL

6. Әдебиет:


Орыс тілінде:

Негізгі:

1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.

2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М.,2005, 2007.

3.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005, 2007.

4. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей биохимии – Алматы, 1998, 2008
Қосымша:

1.Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С. Медицинская и клиническая биохимия.-Павлодар,2004.

2.Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003

3.Кольман Я., Рем К-Г. Наглядная биохимия.- М.: Мир, 2004.

4.Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов , под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.

5.Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,

проф. С.М. Адекенова. -Астана, 2003.
Қазақ тілінде:

Негізгі:

1.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды.-2007.

2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сеитов З.С., Биологиялык химия, 2007

3.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.


Қосымша:

1.Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана,2003.
Ағылшын тілінде:

1. Lehninger « Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L.Nelson, Michael M. Cox, 2005.

2. Murray R.K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry.1988.

3. Saini A.S., Kaur J., Textbook of biochemistry.- New Delhi,1995.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)



Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар

1. Фосфатид қышқылы, химиялық табиғаты, қолданылу жолдары.

2. Мицелланың-құрамы, маңызы

3. Хиломикрон мен липопротеидтердің ұқсастылығы мен айырмашылығы.

4. Жұп өт қышқылдарының түзілуін жазыңыз: таурохоль, гликодезоксихоль қышқылдары.

5. Өт қышқылдарының түзілуі, түзілу орны

6. Липазаның активтілігіне өт қышқылының әсері.

7. Пальмитин қышқылының тотығуы кезінде қанша ацетил-КоА түзіледі?

8. Стеарин қышқылының -тотығуы кезінде 9 молекула ацетил-КоА түзілді, бұл үшін стеарин қышқылы неше рет -тотығуға түседі.

9. Глицерин толық тотыққанда қанша молекула АТФ түзіледі?

10. Пальмитин қышқылы толық тотыққанда қанша молекула АТФ түзіледі?

11. ТАГ-ң ыдырауының соңғы өнімдерін атаңыз, олар қандай процесстер нәтижесінде түзіледі?



12. Липидтер алмасуы мен көмірсу алмасуы арасындағы байланысты табыңыз.

13. Жануар организмінде кетон денелерінің ролі
Ситуациялық есептер

1. Өкпеде хиломикрондардың құрамына кіретін триацилглицериндердің, соңғы өнімдеріне дейін тотығуы байқалады. Бұл қай заттар, көрсетіңіз? Тотығу кезінде түзілген энергияны қалай қолданамыз?

2. Бос май қышқылы толық тотыққанда 148 молекула АТФ түзілді. Қай бос май қышқылы тотығуға қатысты? Дәлелдеңіз.

3.  және -липопротеидтердің арақатынасы 3-ке тең. Бұл неге алып келуі мүмкін?

4. Ішек қабырғасында моноацилглицериндер, бос май қышқылдары, глицерин, өт қышқылдары бар. Бұл қосылыстардың тағдыры.

5. Ішек сөлінің липазасының әсерінен триацилглицериндердің гидролизі жүреді. Бұл кезде қандай өнімдер түзіледі?

6. 12-елі ішек қабырғасында өт қышқылдары кездеспейді. Бұл неге алып баруы мүмкін?

7. Метионин аминқышқылы жоқ болуының себебінен бауырда фосфолипидтердің синтезі бұзылады. Қандай бұл өзгерістерге қандай жағдайлар алып келуі мүмкін?
Лабораториялық жұмыстар.

Қан құрамындағы бос май қышқылдарын

анықтау әдісі

Жұмыстың әдісі: Диэтилдитиокарбанат натрий ертіндісімен бос май қышқылдарының мыс тұздары сары, қоңыр түсті комплекс түзеді. Бұл түс бос май қышқылдарының концентрациясына тікелей тәуелді.
Жұмыстың анықтау әдісі

Үш пробирка келесі шарт бойынша реактивтер алынады.


Р еактивтер

Пробиркалар

1

тәжірибе

2

бақылау

3

стандарт

Қан сары суы

Хлороформ құрамындағы пальмитин қышқылы (1мкг-экв. (мл))

Хлороформ

Мыс Х реактиві

0,5мл


5мл

2,5мл




5мл

2,5мл



1мл
4,5мл

2,5мл

Х-мыс реактиві: 10 өлшемі 6,45 (СиNО3/2) ерітіндісінен және 6Н2О+9 өлшемді ІМ триэтаноламин ерітіндісінен +1 өлшем 1Н сірке қышқылынан тұрады.

Пробиркаларды тығындымен жақсылап тығындап 2-3 мин шайқайды. Содан соң центрифугалық пробиркаға ауыстырып, 3000 айналымда 15 мин. центрифугаға қоямыз. Пробиркадағы сұйықтық үшке бөлінеді: хлороформ; белок және су. Үстінгі сулы қабаттағы мыс реактивін төгеміз. Белокты қабатын пробирканың шетіне ығыстырамыз. Хлороформның экстрагирленген бос май қышқылдары бар қабатын басқа пробиркаға ауыстырып, оған 1% диэтилдитиокарбонат натрийдің бутанолдағы ертіндісінен 0,5 мл қосып, жақсылап араластырамыз. Тәжірибе мен стандарт пробиркадағы сұйықтықты бақылаудағы сұйықтыққа қарсы қойып ФЭК-те тығыздығын өлшейміз.


Бос май қышқылдарының санын мына есептеу бойынша анықтаймыз.
Ех х Сст х 2

Х = мкг - экв/л

Ест
Х - қан құрамындағы бос май қышқылдарының саны

Ех - тәжірибелік сынаманың экстинциясы

Ест – стандарттық сынаманың экстинциясы

Сст - стандарт сұйықтығының концентрациясы 2-есептеу коэффициенті

Қан құрамындағы бос май қышқылдарының тұрақты саны 0,4-0,9 мкг-экв/л. Диабет кезінде және ашыққан кезде бұл сан жоғарылайды. Инсулин мен глюкоза қолданған кезде саны азаяды.


Қан сары суындағы ТАГ мөлшерін анықтау.

Принципі: липаза қатысуымен ТАГ-ң гидролизі кезінде бос глицерин мен май қышқылдары түзіледі. Глицерин АТФ, гексокиназа, глицерофосфатоксидаза қатысуымен тотығып сутегінің асқын тотығын түзеді. Пероксидаза әсерінен сутегінің асқын тотығы хромогенді субстраттарға дейін ыдырайды.

Қалыпты жағдайда қан сары суындағы ТАГ мөлшері - 1,0 - 2,29 ммоль/л.


Ерітінділер мкл

Тәжірибелік сынама

Калибрлік сынама

Бақылау сынамасы

Қан сары суы

10

-

-

Дистилденген су

-

-

10

Калибратор

-

10

-

Реагент 1

1000

1000

1000


Ерітінділерді жақсылап араластырып 10 мин +370С температуралы термостатқа қоямыз. Содан соң фотоэлектроколориметрде тығыздығын өлшейміз.

Қан сары суындағы ТАГ мөлшері мына формуламен есептеледі:
Е0

С = х 2,3

Ек
С - ТАГ мөлшері ммоль/л;

Е0 - зерттелетін сынама тығыздығы.

Ек - калибратор тығыздығы

2,3 - калибратордағы ТАГ мөлшері ммоль/л.

Тест сұрақтары

1. ФЛ липидтердің келесі тасымалдау формасының құрамына кіреді:

а/ мицелла, ХМ

б/ ХМ, ӨТТЛП, ТТЛП, ЖТЛП

в/ мицелла, ӨТТЛП, ТТЛП, ЖТЛП

г/ ТТЛП, ЖТЛП, ХМ

д/ ӨТТЛП, ТТЛП, ЖТЛП

2. ТАГ ең көп мөлшерде кездеседі:

а/ хиломикрондарда г/ мицеллаларда

б/ ӨТТЛП-де д/ ЖТЛП-де

в/ ТТЛП-де


3. Ас қорыту сөлінің қай түрінде липаза активсіз:

а/ асқазан г/ ұлтабар

б/ ішек д/ сілекей

в/ ұйқы безі

4. ФЛ бауырда түзілуі клеткада мына заттың бар жоқтығына тәуелді:

а/ азотты негіздер г/ БМҚ

б/ глицерин д/ глюкоза

в/ фосфор қышқылы

5. БМҚ цитоплазмадан митохондрияға тасымалдауы мына зат арқылы

жүреді:

а/ диоксиацетонфосфат г/ малат

б/ ҚСҚ д/ лактат

в/ карнитин

6. Қанда кетон денелерінің мөлшері мына кезде көбейеді:

а/ қантты диабет кезінде

б/ ашыққан кезде

в/ метаболиттік

г/ көмірсулар көп мөлшерде организмге түскенде

д/ ұзақ уақыт бұлшық ет жұмысында

7. Өт қышқылдары мына заттардан түзеді:

а/ БМҚ г/ амин қышқылдары

б/ кетон денелері д/ ҚСҚ

в/ холестерин

8. Жұп өт қышқылдарының тұздары мына реакцияларға қатыспайды:

а/ ұйқы безінің липазасын активтендіруге

б/ ЛП-терді түзуге

в/ майларды эмульсиялауға

г/ мицелла түзуге

9. ТАГ липолизіне қатысатын фермент:

а/ фосфорлипаза А

б/ фосфолипаза

в/ липаза

г/ фосфодиэстераза

д/ фосфатаза

10. Хиломикронның құрамына кірмейді:

а/ ТАГ - 80%

б/ БМҚ - 30%

в/ ХС - 11%

г/ ФЛ - 7%

д/ белоктар - 2 %

11. Фосфолипидтердің гидролизіне қатысатын фермент :

а/ липаза

б/ фосфолипазалар А1, А2, С, Д.

в/ липопротеидлипаза

г/ фосфолипаза А, С

д/ фосфатаза

12. Өкпеде жүрмейтін процесс:

а/ хиломикронның қор ретінде жиналуы

б/ ТАГ-нің гидрролизі

в/ хиломикронның ыдырауы

г/ БМҚ-ның энергия бөле отырып тотығуы

д/ липонеогенез

13. Ас қорыту жолдарында түзілмейтін липидтер алмасуына

қатысатын ферменттер:

а/ асқазан және ішек сөлдерінің липазасы

б/ фосфолипаза г/ ұйқы безінің активті емес липазасы

в/ ұйқы безінің липазасы д/ пальмитатсинтетаза

14. Алмастырылмайтын май қышқылдары:

а/ линоль, стеарин, арахидон қышқылдары

б/ пальмитин, стеарин, линолен қышқылдары

в/ арахидон, бета-гидроксимай, мевалон қышқылдары

г/ линоль, линолен, арахидон қышқылдары

д/ стеарин, пальмитин, май қышқылдары

15. Липидтердің қандағы тасымалдау формаларына жатады:

а/ мицелла, ХМ

б/ ХМ, ӨТТЛП, ТТЛП, ЖТЛП

в/ мицелла, ХМ, ТТЛП, ЖТЛП

г/ ТТЛП, ЖТЛП, ХМ

д/ ӨТТЛП, ТТЛП, ЖТЛП

16. БМҚ-сыз өтетін реакциялар:

а/ бета-тотығу г/ холестериннің түзілуі

б/ простагландиндердің түзілуі д/ холестеридтердің түзілуі

в/ ТАГ синтезі

17. Қан құрамындағы хиломикронның ыдырауына қатысатын фермент:

а/ ЛХАТ г/холестеринэстераза

б/ липопротеидлипаза д/ фосфолипаза А