Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 101
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі
Реферат
Тақырып: «Денсаулық және ауру туралы түсінік»
Пән:Жалпы гигиена
Тексерген:Болат Мұздыбаевич
Орындаған: Тулеген Дильназ
Қарағанды 2023ж
Жоспар:
-
Кіріспе -
Негізгі бөлім
-
Денсаулық дегеніміз не? -
Ауру туралы жалпы ілім.
-
Қорытынды
Денсаулық дегеніміз не?
Денсаулық дегеніміз-ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі, дамуы және қалыптасуын айтамыз.Қазіргі кезде денсаулықты бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады.
1.Физикалық денсаулық-ағза жүйесі мен мүшелердің өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.
2.Соматикалық денсаулық-Ол адам ағзасы мен мүшелердің арасындағы биологиялық жағдайы.Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.
3.Психикалық денсаулық-ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау,адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерден туындайды.
4.Рухани денсаулық-ол адамдардың информацияны қабылдауға деген қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынастардың сипаттамасын көрсетеді.Оның негізгі баға-лық жүйелері индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнығуы. Ол адамның көңіл күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық адамдардың жомарттылығын,сүйіспеншілігін,жан дүниесінінің сұлулығын көрсетеді.
Адамдардың денсаулығы неге байланысты болады деген сауалға келетін болсақ,денсаулықты шартсыз түрде 100% етіп алсақ,оның 20% тектік факторларға,20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына,экологиялық факторлардың әсеріне,10%-денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр.Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет жасайтын болса,және дәрі-дәрмектер жеткілікті болса,онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні сөзсіз.Түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады.Өйткені сдам ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде жаратқан құбылысы.Денсаулықтың 50%-ның жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғалымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты.Көптеген адамдар олардың ішінде жас жеткіншектер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр.
Дені сау деп-организмнің органдары мен жүйелерінің қызмет істеу қабілеті сыртқы ортаның жағдайымен толық сәйкес келуін және қандай да бір аурудың белгілері жоқ болуын айтады.Дені саулықтың негізгі белгісі,оның сыртқы ортаның жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіштік қасиеті.Дені сау организм адамның ауыр психикалық және физикалық қажуын жеңе алады және сыртқы ортаның өзгерістеріне тез бейімделеді.Сондықтан оны қалыпты жағдайдан шығару оңайға түспейді.Денесі жаттықан адамдардың өзін-өзі қорғау,бейімделгіштік қасиеті өте жоғары дамыған.Бірақта организмнің өзін-өзі қалыпқа келтіру қасиеті шексіз емес.Ерте ме кеш пе ол қажиды,денені ауру жайлайды.Дені сау организмнің сыртқы ортаның жағдайларының өзгеруіне өте жоғары дәрежедегі бейімделгіштігінің басты себебі,оның органдар ментканьдардағы тіршілік қызметін жедел реттеп отыруында.Тірі организм өте күрделі өзін-өзі басқаратын жүйе.Ол сыртқы ортаның тоқтаусыз өзгерістеріне сай өзін-өзі пайдалы тәртіпке түсіріп отырады.Сонымен қатар,денсаулықтың белгісі организмнің ішкі ортасының үнемі қалыпты жағдайда болуы.Оны гемеостазис деп атайды.Қалыпты жағдайда организм өзінің қызуын,қанның химиялық құрамын,қанның құрамындағы оттегінің көлемін т.б бір қалыпты ұстайды.Сыртқы ортанның қоздырғыштарының күшті әсерінен ішкі ортанның қалыпты жағдайы өзгеруі мүмкін.Сол кезде денеде ауру пайда болады.Денсаулық және қалыпты жағдай деген ұғымдардың арасында ешқандай да шек жоқ.Кейде дені сау деп ойлаған организмде аурудың ошағы болуы мүмкін мысалы (жұқпалы аурулардың жасырын басталатын кезеңі).Аурудың жасырын бастаған жағдайында адам организмі бірте-бірте өзгеріске ұшырайды.Бұл спортшыларға тән қасиет.Олардың организміндегі өзін-өзі қалыпқа келтіретін механизм өте жоғары дәрежеде дамыған.Сондықтан ауру ұзақ уақыт жасырын жағдайда даиды және көңіл күйіне аса әсер ете қоймайды.Денсаулық пен аурудың арасында әртүрлі өтпелі жағдайлар бар.Денеде аурудың пайда болғандығы немесе жоқтығы туралы ұйғарымға келу үшін организмнің жекелеген қасиеттеріне жүгіну, жақсы шынығу дәрежесі және оны қоршаған ортаның жағдайын есепке алу керек.Организмге түсетін шамадан тыс күшті қоздырғыштардың әсерінен немесе жәй қоздырғыштарға бағытталған бейімделгіштік қасиетінің төмендеуінен адамда ауру пайда болады.Адам организміне тән морфологиялық және қызметтік қасиеттер өзгеріске ұшырайды да кесел басталады.
Ауру туралы жалпы ілім .
Аурудың басталуына байланысты өзін-өзі реттеу қызметі өзгеріп,қоршаған ортамен жаңа ара қатынас орнайды,бейімделгіштік қасиет төмендейді.Аурудың тууы-деп қандай да бір қоздырғыштың зақымдануынан организмдегі тіршіліктің нашарлауын айтады.Ол организмнің сыртқы ортаның жағдайларына бейімделу және жұмыс атқару қасиетінің нашарлауымен анықталады.Ауру туған жағдайда денеде физиологиялық қызмет жалғаса береді де ол жаңа жолмен жүреді.Бастапқы кезеңде ауруды туғызатын себептерге қарсы қимылдар іске қосылады.Содан кейін барып организмнің физиологиялық қызметін түзейтін орнын толтыру және қалыптастыру өзгерістері басталады.И.П.Павловтың тұжырымы бойынша организмдегі кейбір өзгерістер аурудан емес,физиологиялық өзін-өзі қорғау әрекеттерінің көрінісі болып табылады.
Нозология (гректің поsos — ауру, дерт, Іоgоз —- ілім) ауру туралы жалпы ілім. Бүл медицина ғылымының ең бір көне күрделі мәселесі.
Аурудың мәнін түсіну үшін денсаулықтың не екенін түсіну қажет. Бүгінгі күнге дейін денсаулық толық зерттелмеген. Дені сау адам деген түсініктің нағыз белгілері әлі жинақталмаған.
Егер организімнің сыртқы қоршаған орта (адам үшін әлеуметтік орта) жағдайларына бейімделу қабілеті бұзылмаса, онда олар дені сау адамдар қатарына жатады. Денсаулықтың физиологиялық өлшемі балып қалыптылық немесе белгілі бір түрақты өлшем (норма) есептеледі. Қалыптылық (қан қысымы-ның деңгейіг дененің температурасыг қан жасушаларының саны, қандағы әртүрлі заттардың глюкозаның, нәруыздың ж. б. деңгейі т. с. с.) көрсеткіштердің көпшілікке тән арифметикалық орташа деңгейімен анықталады. Ал, бұл көрсеткіштер әр жерде әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, таулы жерлердің тұрғындарының қанында эритроциттердің саны орташа арифметикалық деңгейден көп болуы мүмкін. Емтихан тапсырар алдында студенттердің қанында глюкозаның мөлшері мен кан қысымы көтерілуі байқалады. Тамақ ішкеннен кейін шеткі қанда лейкоциттердің саны көбейеді. Міне осындай ж. б. жағдайларда бүларды ауру адамның қатарына жатқызуға болмайды. Сондықтан орташа арифметикалық көрсеткіштермен денсаулық жайлы қорытынды жасау кейде ауыр қателіктерге әкеулі мүмкін.
Қорытынды
Адам денсаулығы оның негізгі байлығы,сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады.Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің,қоғамның ,әрбір азаматтың негізгі борышы.Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселерге баса назар аударып,халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерін шешу үшін белгілі бір шаралар қолдану керек.