ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.09.2021
Просмотров: 188
Скачиваний: 1
Ф КГМУ 4/3-07/01
ПП КГМУ 4/01
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ
Оқытушымен орындалатын өздік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау
Тақырыбы: «Тармақталған алгоритмді программалау»
Мамандғы: 5B110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА
КУРС: І
Құрастырған: Омарбекова Н.К.
Қарағанды, 2010
Кафедра отырысында бекітілді
№_____ хаттама «____»_______________
Бекітілген
Кафедра меңгерушісі ____________________Б.К. Койчубеков
Тақырыбы: Тармақталу алгоритмдерді программалау.
Тақырыптың маңыздылығы: Алгоритмдеу және программалау негіздерін түсіну, оның қасиеттерін білу. Алгоритмдерді алгоритм тілінде көрсету.
Алгоритмдер көрсетімінің әдістерін үйрену.
Сабақ мақсаты: Q BASIC жүйесінде файлдармен жұмыс істеу, программаларды құрудың практикалық дағдыларын игеру. Шартты оператор, таңдау командасында программа құру.
Студент білу керек:
-
Тармақталу командасын қолдануы
-
Шартты операторын түрлендіру
-
Таңдау операторын түрлендіру;
-
логикалық с операцияның қолдануы
Студент істей алуы керек:
-
Q BASIC программалау жүйесін қосу;
-
операторларды айыру;
-
программаларды құру үшін операторларды қолдану;
-
кіріс және шығыс мәліметтерді бақылау;
-
Q BASIC тілінде программалар жазу.
Базистік сұрақтар:
-
Программа түсінігі
-
Программалардың түрлері
-
Программалау тілдері
-
Программалау орталары
-
Мәліметтер түрлері
Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар
-
Программалау жүйесіне не кіреді?
-
Q BASIC программалау тілінің Бейсиктің одан ерте версияларынан айырмашылығы неде?
-
Q BASIC тілінің алфавиті неден тұрады?
-
Q BASIC программалау жүйесін қалай қосады?
-
Дискіде программаны қалай сақтайды?
-
Дискіде сақталған программаны қалай ашады?
-
Қандай алгоритмдер циклдік деп аталады?
-
Қайталау командасы қалайша орындалады?
-
Толық және қысқартылған формада жазылған таңдау командасы қалай жазылады және қалайша орындалады?
-
Q BASIC тілінде жазылған таңдау операторында шарттарды жазудың қандай варианттары бар?
Ақпараттық- дидактикалық блок
ТАРМАҚТАЛҒАН АЛГОРИТМДЕР
Практикалық есептердің біразын шешкен кезде сызықтық алгоритмді ғана емес, есептеудің түрлі жолдарын қолданады. Алгоритмдерді құрған кезде қандай да бір әрекетті орындап, келесі әрекеттер жағдайға байланысты болатын кездер жиі болып тұрады. Мысалы:
Күн сайын біз далаға шығамыз, ал киінуіміз ауа райына байланысты болады.
-
Егер дала суық болса, онда пальто киеміз, кері жағдайда куртка киеміз.
-
Далаға шыққан соң автобустың келуін күтеміз. Егер келе жатса, онда мінеміз, кері жағдайда жаяу жүреміз.
Қандай да бір жолды таңдау есептің шарттарына байланысты болады. Есептеудің мүмкін болатын бағыттарының әрқайсысы тармақ деп аталады, қандай да бір шарттың орындалуына байланысты есептеу процесі қандай да бір тармақпен орындалады. Бұндай алгоритм тармақталған деп аталады. Тармақтардың саны екіден көп бола алады.
ТАРМАҚТАЛУ КОМАНДАСЫ
Алгоритмдерді көрсету құралдарында тармақталу командасы бар, оның көмегімен алгоритмнің қандай да бір тармағын орындау, осы жолды жүзеге асыру таңдалады. Тармақталуды жүзеге асыру формасы:
Блок-схема |
Алгоритм тілі |
QBasic |
|
Тармақталу командасы: а) толық пішіні: егер шарт онда серия 1 әйтпесе серия 2 болды |
Шартты көшу операторы: IF шарт THEN серия1 ELSE серия 2 IF шарт THEN серия 1 ELSE серия 2 END IF |
|
б) қысқартылған пішіні: егер шарт онда серия болды |
Қысқартылған пішінде ELSE қызмет етуші сөзі және тиісті командалар сериясы жоқ. Сөзсіз көшу операторы. GOTO N N нөмірлі (таңбалы) жолға көшу. Таңба ретінде сан немесе қос нүктелі мәтін қолданылады. |
Көрсетілген конструкцияларда орындау жолын көрсету шартты орындауға байланысты болады. Егер шарт орындалса, онда орындаушы 1 серияны орындайды, кері жағдайда 2 серияны орындайды. Тармақталу командасының қысқартылған формасын қолданған жағдайда командалар сериясы тек шарт орындалғанда ғана орындалады.
Шарттарды жазу кезінде қолданылатын қатынас опреациялардың белгілерін көрсетейік.
Қатынас белгісі |
QBASIC-те қатынас белгісінің жазылуы |
Қатынас операциясының аты |
= |
= |
тең |
≠ |
<>, >< |
тең емес |
> |
> |
көп |
≥ |
>= |
көп немесе тең |
< |
< |
аз |
≤ |
<= |
аз немесе тең |
Тармақталған алгоритмі бар есепті шығару мысалы:
Есеп: Пернетақтадан Х санын енгізіп, А нәтижесін Х-тің енгізілген мәніне қарай түрлі формулалар бойынша есептеп шығаратын программа жазу.
Программаны жазу үшін бірінші есепті шығарудың блок-схемасын құрастырайық:
басы
енгізу Х
Х < -1
X<5
A = X+ Sin X
A=1
шығару А
соңы
QBASIC-те программа кодын жазайық:
REM вычисление по формуле
CLS
INPUT “X=”;X
IF X <-1 THEN
A=X+SIN (X)
ELSE
IF X<5 THEN
A=3*SQR(X+1)
ELSE A=1
END IF
END IF
PRINT “A=”;A
END
Программаны орындау үшін RUN=>Start менюін таңдау немесе Shift+F5 пернелер комбинациясын қолдану керек.
Бұл конструкция келесідей орындалады. Алдымен 1 шарт тексеріледі. Егер ол орындалса, онда 1 серия орындалады, содан кейін басқару END IF сөзінен кейін жазылған инструкцияларға беріледі. Егер 1 шарт орындалмаса, онда 2 шарт тексеріледі, ол орындалған жағдайда 2 серия орындалады. Егер ол да орындалмаса, онда 3 шарт тексеріледі және т.с.с. Егер осы шарттардың ешқайсысы орындалмаса, онда ELSE сөзінен кейін орналасқан серия орындалады. ELSE сөзі болмауы да мүмкін. Бұл жағдайда егер шартатрды тексеру «жоқ» нәтижесін берсе, онда сериялардың ешқайсысы да орындалмайды.
Барлық жағдайда да командалардың сәйкес сериясы (операторлар топтары) орындалған соң, басқару END IF сөзінен кейін жазылған инструкцияларға беріледі.
QBASIC тіліндегі логикалық операцияларды енгізейік:
Алгоритмдік тілдегі жазба |
QBASIC тіліндегі жазба |
Және |
AND |
Немесе |
OR |
емес |
NOT |
Тек екі қарапайым шарт орындалып жатқан жағдайда AND (және) логикалық операциясы бар күрделі шарт нағыз ақиқат болып саналады. Егер қарапайым шарттардың ең болмаса біреуі орындалып жатса, OR (немесе) логикалық операциясы бар күрделі шарт ақиқат болып саналады. NOT А = 0 логикалық операциясы А = 0 шартына тең.
REM вычисление по формуле
CLS
INPUT “X=”;X
IF X <-1 THEN A=X+SIN (X)
IF -1<=X AND X<5 THEN A=3*SQR(X+1)
IF X>=5 THEN A=1
PRINT “A=”;A
END
Өздігінен орындауға арналған тапсырма:
ТАҢДАУ КОМАНДАСЫ
Егер тармақталу командасында әрекеттердің екі вариантынан аса көрсетілсе, оның жазбасы ыңғайсыз болып қалады. Бұл жағдайларды алгоритмде көрсетудің құралы таңдау командасы болып табылады, оның көмегімен алгоритм қарапайым және көрнекті болып көрінеді.
Таңдауды жүзеге асыру формалары келесі кестеде келтірілген.
Блок-схема |
Алгоритм тілі |
QBasic |
|
Таңдау командасы: а) толық пішін таңдау егер шарт 1: серия 1 егер шарт 2: серия 2 әйтпесе серия болды |
Таңдау операторы: SELECT CASE өрнек CASE шарт 1 серия 1 CASE шарт 2 серия 2 CASE ELSE серия N END SELECT Шарт жазылуы мүмкін: 1) үтірден кейін; 2) мәндер ауқымы ретінде ТО сөзі көмегімен; 3) IS сөзі көмегімен. |
|
б) қысқартылған: таңдау егер шарт 1: серия 1 егер шарт 2: серия 2 болды |
Қысқартылған пішінде ELSE қызмет етуші сөзі және тиісті командалар сериясы жоқ |
Орындаушы таңдау командасының барлық шарттарын бірінен соң бірін тексеріп, оның ең бірінші орындалатынын табады. Осындай шартты тауып, орындаушы оның артында тұрған командалар сериясын орындайды, осымен таңдау командасының орындалуы аяқталады. Егер, мысалы, 1 шарт әрі 2 шарт орындалса, онда орындаушы 1 серияны ғана орындайды.
Шарттардың ешқайсысы орындалмаған жағдайда «кері жағдайда» сөзінен кейін жазылған команда орындалады. Қысқартылған формада бұл жағдайда ештеңе орындалмайды.
Тармақталған алгоритмі бар есепті шығару мысалы.
Есеп: Пернетақтадан енгізілген апта күнінің номеріне сәйкес монитор экранына орыс тілінде бұл күннің не жұмыс күні, не демалыс күні екенін шығаратын программа жазу.
QBASIC-те программа кодын жазайық:
REM апта күнін таңдау
CLS
INPUT”День=”;Day
SELECT CASE Day
CASE 1,2,3,4,5
Print “Рабочий день”
CASE 6,7
PRINT “Выходной день”
END SELECT
Программа келесідей орындалады:
Алдымен CLS функциясы экранды тазартады, сосын День=? хабарламасы шығады, осыдан кейін апта күнін енгізу керек. Енгізілген күн Day айнымалысына жазылады.
Барлық шарттардың орындалуын тізбектей тексеріп, SELECT CASE орындалатын шарттарды іздейді. Осындай шартты тауып, орындаушы оның артында тұрған командалар сериясын орындайды, сонымен таңдау командасының орындалуы аяқталады.
Сабақтың мазмұны:
Бастапқы білім деңгейін тексеруге
Сабақтың басында оқытушы студенттердің бастапқы білім деңгейін тексереді, арнайы тестіні қолданып, 1 қосымшада берілген.
Оқытушымен жұмыс
Оқытушы алгоритмдерді Q BASIC программалау тілін және программаларды компьютермен орындауын көрсету және үйрету. Студенттер оқытушымен программа жазу және Q BASIC жүйесінде файлдармен жұмыс істеу.
Программалар мәтіндерін енгізу және редакциялау.
Өзіндік жұмыс
Өздігінен орындауға арналған тапсырма:
1. Функция мәнін есептейтін блок-схема және программа құрастырыңыз:
2. M (X,Y) нүктесі центрі О (0,0) нүктесі және радиусы R болатын шеңбермен қоршалған дөңгелек ішінде жататын – жатпайтынын анықау програмасын құру.