Файл: Жаратылыстану математика пндері дістемелік бірлестігіні іші жартыжылды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жаратылыстану – математика пәндері әдістемелік бірлестігінің І-ші жартыжылдық
есебі
Бірлестіктің әдістемелік тақырыбы: «Оқушы мен мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру бірлестіктегі пәндердің білім сапасын арттырудың бірден-бір көзі»
Мақсаты: Жаңа технологияны оқу процесінде қолдана отырып,оқушыға сапалы білім беруде мұғалімдардың педагогикалық біліктіліктерін арттыру
Міндеттері:
-
Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану. -
Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру. -
Оқушыларды ғылыми-шығармашылық жұмыстарға баулу. -
Мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру.
Бірлестік жетекшісі: Кәкенова Мәдина Таңатарқызы
Жаратылыстану – математика пәндер әдістемелік бірлестігіне математика, информатика, физика, химия, биология, география пәндері кіреді. Әдістемелік бірлестікте І тоқсан және ІІ тоқсанда 4 мұғалім қызмет етіп жатыр. Жаратылыстану, химия, биология пәндері бойынша – Базарбаева К.Б., география пәні бойыншы – Жанабаева А.А., физика, информатика пәндері бойынша – Нұрадин Ә.Б., математика, алгебра, геометрия пәндері бойынша – Кәкенова М.Т. жұмыс атқарады.
Мұғалімдердің сапалық құрамы бойынша біліміне қарай жоғары білімді- 4 мұғалім.
Санатына қарай:
-
педагог-сарапшы – 1 -
педагог– 3
-
санаты жоқ – 0.
Еңбек өтіліне қарай:
-
3 жылға дейін- 3 -
4-10 жылға дейін- 0
-
11-20 дейін- 1 -
21-жоғары-0.
Әдістеме бірлестік мына бағыттарда жұмыс жасады:
-
Оқушылар мен мұғалімдердің ғылыми-шығармашылық зерттеу жұмысы -
Озық іс-тәжірбиені насихаттау -
Педагогтардың біліктілігін арттыру -
Өзара тәжірбие алмасу -
Ашық сабақтар -
Пән апталықтары
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарына
Пән мұғалімдері қалалық, облыстық семинарларға қатысып, зум платформасы арқылы әдіс алмасты.
2022-2023 оқу жылында әдістемелік бірлестіктің жұмыстары
Қырқүйек айында 5-10 сыныптар арасында математика пәні бойынша 0-дік бақылау жұмыстары алынды. Барлығы 15 тест тапсырмадан құралды.
Сынып | Оқушы саны | Бағалау | Жалпы сапа | |||
«2» 0-39% | «3» 40-64% | «4» 65-84% | «5» 85-100% | |||
5 | 4 | - | 1 | 1 | 2 | 75% |
6 | 16 | 1 | 2 | 6 | 7 | 81% |
7 | 19 | - | 1 | 1 | 1 | 67% |
8 | 17 | 2 | 4 | 3 | 6 | 60% |
9 | 10 | - | 3 | 4 | 2 | 66% |
10 | 14 | - | 2 | 2 | 11 | 86% |
5-10 | 80 | 3 | 13 | 17 | 29 | 58% |
30.01-04.02 аралығында мектепшілік математика – физика – информатика пәндерінің «МИФ» апталығы жоспар бойынша өткізілді.
30.01.2023 ж күні 5-10 сынып оқушылары арасында «Kino time» кино көрсетілім өткізілді.
31.01.2023 ж күні 7-9 сыныптар арасында «Математкалық КВЕСТ» атты сыныптан тыс өтті. Сыныптан тыс шараға 7-9 сынып оқушыларынан құралған екі топ құрылды, оқушылар белсене қатыстып,тапсырмаларды жылдам орындап, мәреге жетуге ұмтылды. Логикалық есептер мен тапсырмалар берілді. Оқушылар тапсырмаларын орындау арқылы ойлау қабілеттерін арттырды.
01.02.2023ж күні сынып та «Санды теңсіздіктер» атты ашық сабақ өтті. Сабақтың басы неро жаттығуларын орындаумен басталды. Жаңа тақырыпТоптық, жұптық
тапсырмалар орындалды, ж
Апталықтың жабылуы өткізілді. Белесене қатысқан оқушыларды мадақтамалар мен алғыс хатпен марапатталды.
І тоқсанда 5-10 сынып оқушыларына математика, алгебра және геометрия пәндері бойынша қосымаша өткізілді.
ІІ тоқсанда 8 сынып оқушыларымен қосымша өткізілді. Оқушылар квадрат теңдеулерді шығарудан қиындық туғызды, бірақ қосымша сабақтан кейін тақырып түсінікті болып білім сапасы жақсы деңгейде болды. Әлі де жұмыстар жүргізу қажет.
Мұғалімнің жетістіктері: Мукашева Ж.Т.
-
Қарағанды облысының білім басқармасы Шет ауданының білім бөлімі ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ;
Ахметова А.А.
-
Математика, информатика, физика мұғалімдер арасында Республикалық байқаудың аудандық кезеңі олимпиада физика пәні бойынша ІІІ орын ДИПЛОМ және қатысқан үшін СЕРТИФИКАТ;
Бакаева Г.Б.
-
Ауылдық округ кент әкімінен АЛҒЫС ХАТ; -
Математика, информатика, физика мұғалімдер арасында Республикалық байқаудың аудандық кезеңі олимпиада математика пәні бойынша СЕРТИФИКАТ;
Абишбекова Д.К.
-
Ауылдық округ кент әкімінен АЛҒЫС ХАТ; -
Математика, информатика, физика мұғалімдер арасында Республикалық байқаудың аудандық кезеңі олимпиада математика пәні бойынша СЕРТИФИКАТ; -
«2022-Жыл мұғалімі» атты мұғалімдер сайысынан СЕРТИФИКАТ;
-
23 желтоқсан 2022 жыл «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық математика пәнінен оқушылар арасындағы онлайн олимпиадасының жеңімпаздар дайындаған үшін АЛҒЫС ХАТ; -
«Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық математика пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн олимпиадасынан ІІІ дәрежелі ДИПЛОМ және СЕРТИФИКАТ
Оқушылардың жетістіктері:
-
9 сынып оқушысы Естаева Айбибі 1 қараша күні Дарын мектебінде «Жарылғаптың тумасы, сатира сарбазы Ж.Алтайбаев өмірі мен шығармашылығын зерттеу» жоба тақырыбын қорғады. Қатысқаны үшін СЕРТИФИКАТ, жетекшісі: география пәні мұғалімі Мукашева Ж.Т. -
«Кенгуру-математика барлығы үшін»
«Кенгуру-математика барлығы үшін» Халықаралық олимпиадасына
№ | Қатысқан оқушы аты-жөні | Сыныбы | Жинаған ұпайы «100 ұпай» | Марапаты |
1 | Жанболатқызы Елік-Ай | 5 | 97 | ІІ орын |
2 | Жексенбай Айсұлтан | 5 | 92 | ІІ орын |
3 | Нұрғасен Нұртас | 5 | 97 | ІІ орын |
4 | Әлғазы Даяна | 6 | 97 | ІІ орын |
5 | Жанболатқызы Інжу | 6 | 88 | ІІІ орын |
6 | Қуанышбек Бибігүл | 6 | 97 | ІІ орын |
7 | Сембаев Нұрбол | 7 | 63 | Сертификат |
8 | Таштемир Ұлжан | 7 | 40 | Сертификат |
9 | Әлғазы Аяла | 8 | 73 | Сертификат |
10 | Аманбек Нұрислам | 8 | 46 | Сертификат |
11 | Естаева Айбибі | 9 | 48 | Сертификат |
12 | Тайтөлеу Жігер | 9 | 64 | Сертификат |
13 | Талғатова Гүлімжан | 9 | 49 | Сертификат |
-
«Алтын сақа»
22 қазан күні математика пәні бойынша 5 және 6 сынып оқушылар арасында
«Алтын сақа»
мектепшілік кезеңі өтті.
№ | Қатысқан оқушы аты-жөні | Сыныбы | Жинаған ұпайы «100 ұпай» | Марапаты |
1 | Жанболатқызы Елік-Ай | 5 | 60 | ІІ орын |
2 | Нұрғасен Нұртас | 5 | 80 | ІІ орын |
3 | Әлғазы Даяна | 6 | 80 | ІІ орын |
4 | Жанболатқызы Інжу | 6 | 50 | Сертификат |
5 | Қуанышбек Бибігүл | 6 | 65 | ІІІ орын |
-
31.10-04.11.2022 аралығында өткен мектепшілік олимпиадаға математика пәнінен 5-6 сынып арасында Жанболатқызы Елік-Ай және Қуанышбек Бибігүл қатысты, ал 8-9 сыныптар арасында Ғапиз Нұрәділ және Тайтөлеу Жігер қатысты. Жанболатқызы Елік- Ай 2 қараша күні «Ш.Батталова атындағы Тірек Мектебі (РО)» мектебінде өткізілген Әбдіров Мәжит Аманқұлұлы атындағы 5-6 сынып оқушылар арасында математика пәнінен аудандық олимпиадасына барғандықтан мектепшілікке қатыса алмады. Сол олимпиадан СЕРТИФИКАТ алды қатысқан үшін. Қуанышбек Бибігүл мектепшілік олимпиададан ІІ орын, Ғапиз Нұрәділ І орын, Тайтөлеу Жігер ІІ орын иеленді. 9 сынып бойынша аудандыққа математика пәнінен ұсынылған жоқ.
-
23 желтоқсан 2022 жыл «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық математика пәнінен оқушылар арасындағы онлайн олимпиадасының жеңімпаздары Жанболатқызы Елік-Ай және Нұрғасен Нұртас І-дәрежелі Дипломмен марапатталады және ата-аналарына Алғыс хат.
Математика, алгебра, геометрия пәндері бойынша 1-ші жартыжылдық бойынша білім көрсеткіші
Барлық сыныпта үлгерім 100 пайыз.
Пән | Сынып | І тоқсан | ІІ тоқсан | ||
Сапа | Жалпы пән бойынша | Сапа | Жалпы пән бойынша | ||
Математика | 5 | 67% | 73% | 33% | 46% |
6 | 80% | 60% | |||
Алгебра | 7 | 100% | 69% | 100% | 69% |
8 | 50% | 50% | |||
9 | 100% | 100% | |||
Геометрия | 7 | 100% | 69% | 100% | 54% |
8 | 50% | 38% | |||
9 | 100% | 100% |