Файл: Химия пні бойынша тосана арналан жиынты баалау спецификациясы 8 сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 459

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Химия» пəнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі


  1. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерісі алмаз бен графиттің құрылысы бойынша негізгі айырмашылығын анықтаңыз.




    1. алмаз жұмсақ, графит қатты

    2. алмаз электр тогын өткізбейді, ал графит өткізеді

    3. алмаз молекуласында көміртек атомы төрт, ал графитте үш ковалентті полюссіз байланыстармен байланысқан

    4. алмаз молекуласында көміртек атомдары белгілі бір парралель жазықтықтарда орналасқан, ал графитте тығыз жанасып орналасқан тетраэдр




  1. Көмірқышқыл газын тексеру жолдарын анықтаңыз.

  1. көмірқышқыл газын әк суы арқылы өткізгенде әк суы лайланады

  2. шала жанған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда лапылдап жанады

  3. жанып тұрған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда шыра сөніп қалады

  4. жанып тұрған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда "ПАХ!!!" деген дыбыс шығарып, жанады




  1. тек 1, 3

  2. тек 2, 4

C) 1, 3, 4

D) 2, 3, 4

[1]

[1]




  1. Автокөліктердің іштен жанатын қозғалтқыштарындағы отынның және пештегі отынның шала жануы барысында көміртек монооксиді түзіледі. Оның тарихи атауы - иіс газы. Олай аталу себебі, ол - иіссіз, түссіз улы газ. Көміртек монооксидімен улану белгілерін көрсетіңіз.




А) бас ауруы, құсу, тыныс алудың қиындауы

  1. құсу, бас айналу, жүрек қағысының артуы

  2. бас айналу, бас ауруы, тыныс алудың қиындауы

  3. жүрек қағысының төмендеуі, тыныс алудың жиілеуі




  1. Кермектілік туралы дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз:

  1. Кермектілікті туындататын катиондар Mg2+және Ca2+

  2. Кермектілікті туындататын металдар Mg және Ca

  3. Кермектілік тұрақты және уақытша болып бөлінеді

  4. Тұрақты кермектілікті СО2− және НСО иондары туындатады

[1]

3 3

  1. Уақытша кермектілікті жою тәсілінің бірі - қайнату

  1. тек 1,3

  2. тек 5

C) 1,3,5

D) 2,4,5

[1]

  1. Оксидтердің түрлері мен олардың формулалары арасындағы сәйкестікті орындаңыз.





А) Амфотерлі

1. Р2О5

В) Қышқылдық

2. СuO

С) Негіздік

3. ZnO



А

В

С










[1]

  1. Берілген қосылыстардың ішінен қышқылды тауып жазыңыз. Al2O3, CuSO4, Mn2O7, HNO2, LiOH,

[1]


  1. Сөзбен берілген реакция теңдеуін таңбалар мен формулалар арқылы жазып теңестіріңіз:

мырыш оксиді + азот қышқылы → мырыш нитраты + су

[1]


  1. Амфотерлі негізге бір мысал келтіріңіз.[1]




  1. Сөндірілген әк ерітіндісін ұзақ уақытқа ашық қалдыруға болмайды. Ерітіндіні ұзақ уақыт бойы ашық қалдырса біртіндеп лайланады. Себебі, әк суы ауадағы көмірқышқыл газын өзіне сіңіреді.

Осы құбылысты сипаттайтын реакция теңдеуін таңбалар мен формулалар арқылы жазып теңестіріңіз.

[1]


  1. Көміртектің бірнеше түрлі аллотропиялық түр өзгерісі бар. Соның ішінде жиі қарастырылатыны - алмаз бен графит. Кестедегі бос орындарды толтырыңыз.




Салыстыруға арналған параметрлер

Алмаз

Графит

кристалл тор түрі

атомдық

атомдық

көміртек атомындағы ковалентті

байланыстар саны

төрт

үш

суда ерігіштігі

ерімейді

ерімейді

электрөткізгіштігі







[1]

  1. Судың химиялық ластануына әсер ететін бір факторды жазыңыз.

[1]


  1. Биологиялық бактериялармен ластанған судың басты қауіпі неде?

[1]

  1. Айгүл темірдің генетикалық қатарын құрастырып, зерттемекші болды. Айгүлге бірнеше сұйық және қатты заттары бар құтылар берілді. Құты сыртында төмендегідей жапсырма қағаздар болды.









Айгүл заттарды көріп қатты тығырыққа тірелді. Айгүл темірдің генетикалық қатарын құрастырып, зерттеуі үшін сіздің көмегіңіз қажет. Берілген сызбанұсқадағы Х және Х1 заттарын анықтап, Х1 затының алыну реакция теңдеуін жазыңыз.

????

Fe →X → Ғе(NO3)2 → X1 → X
[2]


  1. Болат пен Санжарға төменде көрсетілгендей күкірттің генетикалық қатары берілді. Болатқа бұл тапсырма қиын тиді. Себебі, осы тақырыпқа ол көп мән бермеген. Енді сіздердің Болатқа көмектеріңіз қажет. Болат пен Санжар генетикалық қатардағы Х және У заттарын анықтап, әрқайсысын алудың кез -келген бір реакция теңдеуін жазу қажет.

H2S→ S→ X→SO3→Y→BaSO4
[3]


  1. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің бірі - алмаз. Алмаз - өте қатты , оның қаттылығын заттарды кесуге пайдаланады.

  1. Алмаздағы көміртек атомдар арасындағы байланыстар саны қанша?



  1. Көміртек атомдары арасындағы байланыстарды атом құрылысы тұрғысынан түсіндіріңіз.


[2]


  1. Суретте көмірқышқыл газын зертханада алу және жинау әдісі көрсетілген. Ол үшін натрий карбонатына тұз қышқылын қосу қажет.



  1. Ұсынылған реагенттер арасында жүретін химиялық реакция теңдеуін жазыңыз.


[1]


  1. Жинақталған көмірқышқыл газын тексеруге арналған реагенттің формуласын жазыңыз.

[1]

  1. Табиғи шипалы сулардың құрамы әр түрлі мөлшердегі еріген тұздардың болуымен сипатталады. Кейде осы тұздар тұрмыста қолданылатын ауыз суының құрамында да кездеседі. Бұл тұздардың судың сапасын төмендетіп, пайдалануға жарамсыз ететін жағдайлар да жиі кездеседі. Оның себебі кермектілікті тудыратын Ca2+және Mg2+ иондарының мөлшерден тыс көп болуынан. Мұны, біз күнделікті өмірде үйде пайдаланатын ыдыстың, ал өнеркәсіпте бу қазандықтарының ішінде "қақ" тұруынан байқаймыз.




  1. Бұл кермектіліктің қандай түріне жатады?


[1]


  1. Ыдыстың немесе бу қазандықтарында "қақтың" пайда болуын түсіндіріңіз.




[1]


  1. Кермек суда сабын көбіктенбей іріп кетеді. Сондықтан судың кермектілігін жою үшін оны қайнатады. Кей кездері кермектілік қайнатқаннан кейін де жойылмайды. Бұл кермектіліктің түріне байланысты.




  1. Қайнатқаннан кейін де кермектіліктің жойылмауы кермектіліктің қандай түріне жатады? Осы кермектіліктің құрамына кіретін анионның бірінің формуласын жазыңыз.

[1]


  1. Бұл кермектілікті жоюдың бір әдісін ұсыныңыз.

[1]

Балл қою кестесі




Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

С

1




2

А

1




3

С

1




4

С

1




5




1

Екі жауап дұрыс болған жағдайда да бір балл беруге болады




А

В

С




3

1

2

6

HNO2

1




7

ZnO +2HNO3 →Zn(NO3)2+H2O

1




8

Zn(OH)2

1

Be(OH)2 Al(OH)3 кез келген дұрыс жауап қабылданады немесе атауы жазылса да

қабылданады

9

Ca(OH)2+CO2 →CaCO3 +H2O

1




10

алмаз электр тогын өткізбейді, графит өткізеді

1

басқа жауап қабылданбайды

11

мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуі

1

басқа кез келген дұрыс жауап

қабылданады

12

ағзаға инфекциялардың түсуі

1

басқа кез келген дұрыс жауап

қабылданады

13

Х →ҒеО

Х1→ Ғе(ОН)2

1

екі жауап та болған кезде ғана

бір балл беріледі

Ғе(NO3)2 + 2КОН → Ғе(ОН)2 +2 КNO3

1

кез келген сілтімен дұрыс

жазылған еакция теңдеуі қабылданады

14

Х→SO2 ,

Y→H2SO4,

1




S + O2→SO2

1

басқа дұрыс жазылған жауап

қабылданады

SO3 +H2O →H2SO4

1




15

(a) төрт

1




(b) көміртек атомының қозған жағдайдағы

электрондық конфигурациясын жазады

1




16

(a) Na2CO3 +2HCl →2NaCl +H2O +CO2

1




(b) Ca(OH)2

1




17

(a) уақытша

1




(b) су қайнаған кезде оның құрамындағы кальций

және магний карбонаттары тұнбаға түседі

1




18

тұрақты, Cl- , SO42- , HSO4-

1

Кез келген бір анион формуласы жазылса

кез келген дұрыс жауап қабылданады

1