Файл: Физика пні бойынша кнтізбеліктаырыпты жоспар. 10cынып Жаратылыстануматематика баыты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 47
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Физика» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
10-cынып Жаратылыстану-математика бағыты.
Аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағат.
ЖМБ 10-сынып 6 Зертханалық жұмыс, 14 практикалық жұмыс жұргізіледі Аптасына 3 сағат. Барлығы 108 сағат
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны:1 тоқсанда-3
2 тоқсанда-3
3 тоқсанда-3
4 тоқсанда-2
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі | Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны | Оқу мақсаттары | Сағат саны | Мерзімі |
1-тоқсан (25 сағ) | ||||
Кинематика | Қазіргі заманғы физиканың рөлі | 10.1.1.1 - қазіргі заманғы физиканың рөлі туралы пікір айту және өз пікірін дәлелдеу | 1 | |
| Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу. № 1 Зертханалық жұмыс "Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау" | 10.1.1.2 - жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу; 10.1.1.3 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау; 10.1.1.4 - физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, тәжірибелік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу | 2 | |
| Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары | 10.1.1.5 - жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару; 10.1.1.6 - сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану | 1 | |
Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар. Галилейдің салыстырмалылық принципі | 10.1.1.7 - инварианты және салыстырмалы физикалық шамаларды ажырату; 10.1.1.8 - жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану | 1 | | |
Қисық сызықты қозғалыс кинематикасы | 10.1.1.9 - қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау; | 1 | | |
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы. | 10.1.1.10 - көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау; | 1 | | |
| Практикалық жұмыс №1: сапалық және мәтінді есептер шығару. | | 1 | |
Динамика | Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары | 10.1.2.1 - бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру | 1 | |
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы | 10.1.2.2 - инертті масса мен гравитациялық массаның физикалық мағынасын түсіндіру; 10.1.2.3 - материалдық нүктенің гравитациялық өріс кернеулігі мен потенциалының қашықтыққа тәуелділік графигін түсіндіру; 10.1.2.4 - бүкіл әлемдік тартылыс заңын есептер шығаруда қолдану | 1 | | |
Абсолют қатты дененің инерция моменті | 10.1.2.5 - материалдық дененің инерция моментін есептеу үшін Штейнер теоремасын қолдану | 1 | | |
Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі | 10.1.2.6 - айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін есеп шығаруда қолдану; 10.1.2.7 - айналмалы және ілгерілемелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалардың арасындағы сәйкестікті жүргізу | 2 | | |
| Практикалық жұмыс №2: сапалық және мәтінді есептер шығару. | | 1 | |
Статика | Массалар центрі. | 10.1.3.1 - абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау | 1 | |
Тепе-теңдік түрлері. | 10.1.3.2 - әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру кезінде себеп-салдар байланысын орнату | 1 | | |
№ 2 Зертханалық жұмыс "Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу" | 10.1.3.3 - күштерді қосудың заңдылығын эксперименттік тексеру және күш шамасын тәжірибелік жолмен анықтау | 1 | | |
Сақталу заңдары | Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы. | 10.1.4.1 - сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану | 1 | |
Сұйықтар мен газдардың механикасы | Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленнтік ағыстары | 10.1.5.1 - сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау | 1 | |
Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтергіш күш | 10.1.5.2 - үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану | 1 | | |
Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Стокс формуласы. Денелерді қапталдай ағу | 10.1.5.3 - Торричелли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану | 1 | | |
Практикалық жұмыс №3: сапалық және мәтінді есептер шығару. | | 1 | | |
№ 3 Зертханалық жұмыс "Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу" | 10.1.5.4 - эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну | 1 | | |
| Тоқсандық жиындық бағалау | | 1 | |
| Қатемен жұмыс Тоқсандық қайталау | | 1 | |
2-тоқсан (24 сағ) | | | ||
Молекулалық- кинетикалық теория негiздерi | Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi. Термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе. Температура - зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі ретінде | 10.2.1.1 - температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау | 1 1 | |
Идеал газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi | 10.2.1.2 - идеал газ моделін сипаттау; 10.2.1.3 - молекулалық кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану | 1 1 | | |
| Практикалық жұмыс №4: сапалық және мәтінді есептер шығару. | | 1 | |
Газ заңдары | Идеал газ күйінің теңдеуі | 10.2.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану; | 1 1 | |
Изопроцестер. Изопроцесстер графиктері. Дальтон заңы БЖБ-1 | 10.2.2.2 - тұрақты температура кезінде қысымның газ көлеміне тәуелділігін зерттеу(Бойль-Мариотт заңы); 10.2.2.3 - тұрақты қысым кезінде газ көлемінің температураға тәуелділігін зерттеу (Гей-Люссак заңы); 10.2.2.4 - тұрақты көлем кезінде қысымның газ температурасына тәуелділігін зерттеу(Шарль заңы); 10.2.2.5 - газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану | 1 1 | | |
| Практикалық жұмыс №5: сапалық және мәтінді есептер шығару. | | 1 | |
Термодинамика негiздерi | Идеал газдың ішкі энергиясы. Термодинамикалық жұмыс. Жылу мөлшері, жылусыйымдылық | 10.2.3.1 - бір атомды және екі атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдану | 1 1 | |
Термодинамиканың бiрiншi заңы. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Адиабаталық процесс, Пуассон теңдеуі | 10.2.3.2 - термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске қолдану | 1 1 | | |
Қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Термодинамиканың екiншi заңы. Айналмалы процесс және оның пайдалы әсер коэффициенті, Карно циклі БЖБ-2 | 10.2.3.3 - идеал жылу қозғалтқышы үшін Карно циклін сипаттау; 10.2.3.4 жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті формуласын есептерді шығаруда қолдану | 1 1 | | |
| Практикалық жұмыс №6: сапалық және мәтінді есептер шығару. | | 1 | |
Сұйық және қатты денелер | Қаныққан және қанықпаған бу. Ауаның ылғалдылығы. Фазалық диаграммалар. Үштік нүкте.Заттың кризистiк күйi | 10.2.4.1 - гигрометрдің және психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау | 1 1 | |
Сұйықтың беткi қабатының қасиеттерi. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар | 10.2.4.2 - сұйықтың беттiк керiлу коэффициентiн әртүрлі тәсілдермен анықтау | 1 | | |
Кристалл және аморф денелер. Қатты денелердің механикалық қасиеттері БЖБ-3 | 10.2.4.3 - әртүрлі қатты денелер мысалында кристалдық және аморфты денелердің құрылымын ажырату; 10.2.4.4 - серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау | 1 1 | | |
| Тоқсандық жиындық бағалау | | 1 | |
| Қатемен жұмыс Тоқсандық қайталау | | 1 | |
3-тоқсан (30 сағ) | | | ||
Электростатика | Электр заряды. Зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы | 10.3.1.1 - электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану | 1 | |
Электр өрісі. Біртекті және біртекті емес электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің суперпозиция принципі Электр өрісінің кернеулік векторының ағыны. | 10.3.1.2 - суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқы кернеулігін анықтау үшін пайдалану 10.3.1.3 - зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның электр өрісінің кернеулігін анықтау | 1 1 | | |
Зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы. Потенциал. Электр өрісінің потенциалдар айырымы | 10.3.1.4 - нүктелік зарядтың электр өрісінің потенциалы мен жұмысын есептеу | 1 1 | | |
Практикалық жұмыс №7: сапалық және мәтінді есептер шығару. | | 1 | | |
Эквипотенциал беттер. Біртекті электр өрісі үшін кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс | 10.3.1.5 - электростатикалық өрісте күшті және энергетикалық сипаттамаларды байланыстыратын формуланы есептер шығаруда қолдану; 10.3.1.6 - гравитациялық және электростатикалық өрістерде күшті және энергетикалық сипаттамаларды салыстыру | 1 1 | | |
Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер | 10.3.1.7 - диэлектриктердегі поляризация құбылысы мен өткізгіштердегі электростатикалық индукция құбылысына салыстырмалы талдау жасау | 1 | | |
Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторларды жалғау | 10.3.1.8 - конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттеу; 10.3.1.9 - конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдану | 1 1 | | |
Электр өрісінің энергиясы; | 10.3.1.10 - электр өрісінің энергиясын есептеу | 1 | | |
| Практикалық жұмыс №8: сапалық және мәтінді есептер шығару. | | 1 | |
Тұрақты ток | Электр тогы. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Өткізгіштерді аралас жалғау № 4 Зертханалық жұмыс "Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену" | 10.3.2.1 - аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану 10.3.2.2 - өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу | 1 1 | |
Ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі | 10.3.2.3 - элерктр қозғаушы күші мен кернеу көзінің әртүрлі жұмыс режиминдегі (жұмыстық, бос жүріс, қысқа тұйықталу) байланысын зерттеу | 1 | | |
Толық тізбек үшін Ом заңы; | 10.3.2.4 - толық тізбек үшін Ом заңын қолдану | 1 | | |
№ 5 Зертханалық жұмыс "Ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау" Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы. Ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті | 10.3.2.5 - эксперимент арқылы ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау | 1 | | |
10.3.2.6 - электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің пайдалы әсер коэффициентінің формулаларын есептер шығаруда қолдану | 1 | | ||
| Практикалық жұмыс №9: сапалық және мәтінді есептер шығару. | | 1 | |
Әртүрлі ортадағы электр тогы | Металдардағы электр тогы. Асқын өткiзгiштiк | 10.3.3.1 - металдардағы электр тогын сипаттау және кедергінің температураға тәуелділігін талдау; 10.3.3.2 - жоғары температурада асқын өткізгішті материалдарды алудың келешегін талқылау | 1 1 | |
Жартылай өткiзгiштердегi электр тогы. Жартылай өткізгішті құралдар | 10.3.3.3 - жартылай өткізгіштердегі электр тогын сипаттау және жартылай өткізгіш құралдарын қолдану принципін түсіндіру | 1 | | |
№ 6 Зертханалық жұмыс "Шамның қыл сымының, резистордың және жартылай өткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасы" | 10.3.3.4 - шамның қылсымының, резистордың және жартылай өткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу | 1 | | |
Электролит ерiтiндiлерiндегi және балқыламалардағы электр тогы. Электролиз заңы | 10.3.3.5 - электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану | 1 1 | | |
Газдардағы электр тогы. Вакуумдегi электр тогы. | 10.3.3.6 - газдардағы және вакуумдағы электр тогын сипаттау; | 1 | | |
| Практикалық жұмыс №10: сапалық және мәтінді есептер шығару. | | 1 | |
| Тоқсандық жиындық бағалау | | 1 | |
| Қатемен жұмыс Тоқсандық қайталау | | 1 | |
4-тоқсан (27 сағ) | ||||
Магнит өрiсi | Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері Магнит индукция векторы. Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің индукциясы. Бұрғы ережесі | 10.3.4.1 - магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері мен есептер шығару арқылы түсіндіру; | 1 | |
Ампер күші, сол қолы ережесі; | 10.3.4.2 - электр өлшеуіш құралдардың, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру; | 1 | | |
Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы | 10.3.4.3 - токомак, циклотрон, андронды коллайдер, магниттік тордың жұмыс істеу принципін талдау және поляр шұғыласының табиғатын түсіндіру; 10.3.4.4 - зарядталған бөлшектердің қозғалысына магнит өрісінің әсерін зерттеу; | 1 1 | | |
Заттың магниттік қасиеттері. Кюри температуры | 10.3.4.5 - заттың магниттік қасиеттері бойынша топтастыру және олардың қолдану аймағын анықтау; 10.3.4.6 - магниттік материалдарды(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл іздегіш) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау | 1 1 | | |
| Практикалық жұмыс №11: сапалық және мәтінді есептер шығару. | | 1 | |
Электромагниттiк индукция | Ампер күшінің жұмысы. Магнит ағыны. Электромагниттiк индукция құбылысы | 10.3.5.1 - Электромагниттік құралдардың( электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін зерттеу | 1 | |
Электромагниттiк индукция заңы. Ленц ережесі. Өздік индукция. Индуктивтілік | 10.3.5.2 - электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану | 1 1 | | |
Магнит өрісінің энергиясы | 10.3.5.3 - механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу | 1 | | |
Электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы | 10.3.5.4 - қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесін қолданып алынған нәтижелерді пайдалана отырып дәлелді түрде түсіндіру | 1 | | |
| Практикалық жұмыс №12: сапалық және мәтінді есептер шығару. | | 1 | |
| Физикалық практикум 12 сағат | | 12 | |
| Тоқсандық жиындық бағалау | | 1 | |
| Қорытынды қайталау | | 1 | |
Барлығы | | | 108 | |