Файл: Жоспары Кіріспе. Скрининг дісін жргізудегі масаты. Негізігі блім.ppt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 76

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Скрининг әдісі Қабылдаған:Таджибаева К.Б. Орындаған: Жакупова Айнуршат Тобы:ЖМ 17-036

Жоспары:


1.Кіріспе.
Скрининг әдісін жүргізудегі мақсаты.
2.Негізігі бөлім.
профилактика дегеніміз не?
профилактиканың негізгі түрлері.
скрининг кезеңдері.
скрининг бағдарламасының нәтижесін талдау.
3.Қорытынды.
4.Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.


Скрининг – бұл соңғы жылдары Батыста кеңінен қолданылатын, өз тиімділігін дәлелдеген бұқаралық зерттеу. Біздің елімізде сүт бездері және жатыр аузы бездері рагі скринингі бойынша Республикалық жобалар бар. Бізде ісік алды ауруларды және ерте жатыр аузы рагін анықтауда әйелдерді зерттеуде цитологиялық скрининг таңдалған. Негізгі әдістердің бірі ретінде жете зерттеліп, ол өзінің тиімділігін 40 жыл бойы дәлелдеп келеді. Денсаулық сақтау министрінің әйел халқының жатыр аузы және сүт бездері рагінің ерте кезеңінде анықтау мақсатында міндетті түрде тексерілу туралы бұйрығы 2007 жылдың соңында қабылданып, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылып келеді. Сонымен осы бағдарлама аясында жарты миллионнан астам әйелдер тексерілуден өткізілді.

Скрининг әдісін жүргізудегі мақсат-


Адамдар арасында  инфекция  жұқтыру қаупін анықтау. Скрининг әдісі иммунды-ферментті талдаудың (ИФТ) көмегімен бір немесе  бірнеше вирус белоктарына  антиденелерді  анықтау негізінде  жүргізіледі.

Профилактика (prophylaktikos) - 


Қауіп-қатер тудыратын факторлардың алдын-алу үшін жүргізілетін іс-шаралардың жиынтығы.
Профилактикалық іс-шаралардың негізгі міндеті – халық арасында медиео-әлеуметтік белсенділікті және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Профилактиканың негізгі түрлері:


Денсаулық жағдайға байланысты және ауру тудыратын факторлардың қаупіне байланысты 3 түрін қарастырамыз:
Біріншілік
Екіншілік
Үшіншілік

Біріншілік профилактика -


Ауру тудыратын факторлардың алдын-алуға бағытталған іс-шаралардың жиынтығы (вакциналар,дұрыс демалу қалыпты жұмыс,дұрыс тамақтану және т.б).БП мемлекеттік көлемде жүргізілуі мүмкін.

Екіншілік профилактика -



Кейбір жағдайлардағы (стресс кезінде,иммунитет әлсіздігінде т.б) аурудың пайда болуына және рецидив беруіне әкелетін қауіпті факторды жою мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жиынтығы.Ең тиімді шаралары: диспансерлеу,динамикалық бақылау.

Үшіншілік профилактика-


Мүмкіндіктері шектелген аурулардың реобилитациясы.Әлеуметтік,еңбекке қабілеттілігін жоғарылату,психологиялық және медициналық реобилитация (ағзаның қызметін құрылымын жақсарту)жүргізу мақсатында атқарылады.

Скрининг кезеңдері

Клиникалық мысал:


50 – 69 жастағы әйелдерде маммографиялық тексеруден өткізілгеннен кейін 20 -25% өлім көрсеткіші төмендеген. Осыған байланысты АҚШ, Канада, Швецияда 40 -64 жастағы әйелдер маммографиялық тесеруден өтіп, зерттеулерге қатысты. Ол зерттеуде әйелдерді екі топқа бөлді: зерттеудегі оларды маммографиялық тексерістен жиі өткізіп тұрды және бақылаудағы топ ол жақта маммография тексерісі өткізілмеді. Нәтижесінде маммография өткізілген топта өлім қауіптілігі 23-30% төмендеді, ал зерттеудегі топта 25% өлім көрсеткіші төмендеді

Өкпедегі рагының скринингі


Өкпедегі рагтің скринингін анықтау үшін:
Кеуде жасушаларына рентгенография жасалады
цитологиялық әдіспен қақырықты зерттеу
Чехияда 6364 адамды осы әдістерге байланысты 2 топқа бөліп зерттеу жүргізеді. Бірінші топқа екі әдісті де пайдаланады жіне 3 жыл сайын жылына 2 рет, ал екінші топта тек жылдың соңында ғана тексерілістен өткен. 3 жыл өткеннен кейін екі топты да рентгенологиялық тексерістен өткізеді сол кезде бірінші топта екінші топқа қарағанда, өкпе рагімен ауыратындар 33% болған және ауру ерте кезеңінен көрініс берген. Бірақта өлім көрсеткіші екі топта да бірдей болған. Нәтижесінде бұл екі әдісті қолдану өкпе рагінің өлімін төмендетпейді.

Қорытынды:


Осы жылғы 2 айда профилактикалық тексерумен 18 жасқа дейінгі 213 404 бала қамтылды, 54 600 балада (25,6 %) дерт анықталды, оның ішінде 27 421 бала (50,2 %) сауықты.
Осы жылғы 2 айда жатыр мойны обырына скринингті тексерумен 23 399 әйел қамтылды, оның ішінде 2285 (9,8 %) әйелде жатыр мойны дерті анықталды, оның ішінде 875 (38,3 %) сауықты. Сүт безі обырына скринингті тексерумен 16 225 әйел қамтылды, оның ішінде 1339 ауру (8,3 %) анықталды, оның ішінде 567 (42,3 %) сауықты.



Интернеттен пайдалану


www. Google. kz – іздегенде 468 мәлімет шықты. Тақырыпқа сай 10 шақтысын таптым.
www. Google. ru – іздегенде 263 000 мәлімет шықты. Тақырыпқа сай 25 шақтысын таптым.
Medlin - 20547 шақты мәлімет шықты, оның бәрін қарап үлгеру мүмкін емес, сондықтан Limites арқылы керектісін алдым , ол жерден 21 шақты мәлімет шықты.
PubMed. Com - 10652 шақты мәлімет шықты, оның бәрін қарап үлгеру мүмкін емес, сондықтан Limites арқылы керектісін алдым , ол жерден 18 шақты мәлімет шықты.

Қолданылған әдебиеттер:


Флетчер Р.Клиническая эпидемиология.Основы доказательной:Пер.с англ.М.Медиа сфера,2004-264с.
Власов.ВВ. Введение в доказательную медицину.М.Медиа сфера,2004-264с
Нугманова Д.СКурс лекций «доказательная медицина».Алматы,АГИУВ,31.03.08-25.04.08
www.google.kz
www.mail.ru