ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 255
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
ТОҚСАНДАРҒА ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕКСЕРІЛЕТІН МАҚСАТТАРДЫ БӨЛУ
1-тоқсандағы жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
«Информатика» пәнінен
тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация
10-сынып
(жаратылыстану-математикалықбағыт)
Нұр-Сұлтан, 2019
МАЗМҰНЫ
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТЫ 3 -
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР 3 -
«ИНФОРМАТИКА», 10 СЫНЫП БОЙЫНША КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР 3 -
ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ 3 -
ТОҚСАНДАРҒА ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕКСЕРІЛЕТІН МАҚСАТТАРДЫ БӨЛУ 5 -
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 5 -
МОДЕРАЦИЯ ЖӘНЕ БАЛЛ ҚОЮ 5-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 6 -
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 15 -
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 23 -
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 31
-
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТЫ
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы.
-
«ИНФОРМАТИКА», 10 СЫНЫП БОЙЫНША КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Білужәнетүсіну:
Білім алушы Интернеттің қызмет ету принциптерінің негізгі идеяларын
түсінеді, IP- адрестің мақсаты мен көрсетілуін білетінін көрсетеді, «ақпараттық қауіпсіздік»,
«құпиялық», «тұтастық» және «қолжетімділік» ұғымдарының мағынасын, қауіпсіздік шараларын, реляциондық деректер қоры ұғымын, веб-программалау дағдыларын, санау жүйелерін түсінетінін көрсетеді.
Қолдану:
Білім алушы есепті шешу үшін логикалық өрнектер мен амалдарды қолданады, бүтін сандарды ондық жүйеден екілік, сегіздік, он алтылық жүйелерге және керісінше түрлендіреді, деректер қорын құра алады, SQL-ды қолданады, деректер қорына сұраныстар құрады, веб-дизайн құрады, HTML, CSS қолданады, программалық код құрады, практикалық есепті шешу үшін сұрыптау мен іздеу алгоритмдерін қолданады.
Жоғарыдеңгейдағдылары:
Білім алушы ақпаратты үлестіру үшін іздеу қатарын талдайды, есепті шешудің ең тиімді тәсілдерін сараптайды және Bigdata-ның артықшылығы мен кемшілігін бағалайды.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ
Ойлау дағдыларының деңгейі | Сипаттама | Ұсынылатын тапсырмалар түрлері |
Білу және түсіну |
мақсатын білетінін көрсетеді; | Деңгейін тексеру үшін қысқа жауапты (ҚЖ) немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмалар қолдану ұсынылады |
|
«құпиялық», «тұтастық» және «қол жетімділік» ұғымдарының мәнін білетінін көрсетеді;
| |
Қолдану |
екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйелеріне түрлендіреді;
| Деңгейін тексеру үшін қысқа жауапты (ҚЖ) немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмалар қолдану ұсынылады |
Жоғары ретті дағдылар |
| Деңгейін тексеру үшін қысқа жауапты (ҚЖ) немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмалар қолдану ұсынылады |
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
ТОҚСАНДАРҒА ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕКСЕРІЛЕТІН МАҚСАТТАРДЫ БӨЛУ
Тоқсан | Білу және түсіну | Қолдану | Жоғары деңгей дағдылары |
I | 50% | 38% | 12% |
II | 0% | 100% | 0% |
III | 0% | 100% | 0% |
IV | 43% | 57% | 0% |
Барлығы | 24% | 73% | 3% |
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі.