Файл: Химия пнінен Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 11сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 244
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Химия» пәнінен
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып
(қоғамдық-гуманитарлықбағыт)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушының «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 11-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 11-сыныпта жиынтық бағалау 1,2,3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
МАЗМҰНЫ
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
11.1A «Органикалық химияға кіріспе. Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
10.1В «Көмірсутектер және олардың көздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 8
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 12
-
A «Көмірсутектер және олардың көздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 12
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 16
11. 3 A «Оттекті органикалық қосылыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 16
-
B «Оттекті органикалық қосылыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 20
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 24
-
A «Құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Гетероциклді қосылыстар. Нуклеин қышқылдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 24
11.4 B «Жасанды және синтетикалық полимерлер. Химия адам өмірінде» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 28
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
11.1A «Органикалық химияға кіріспе. Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау | ||
Оқу мақсаты | 11.4.2.4 | Көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, |
| | құрылымдық формулаларын ажырату |
| 11.4.2.5 | Изомерлердің түрлерін атау және көміртек қаңқасы, |
| | еселі байланыстың орналасуы, функционалдық |
| | топтар және класаралық изомерлерінің |
| | формулаларын құру |
| 11.4.2.9 | Гомологтардың ұқсастығы мен айырмашалығын |
| | түсіндіру |
| 11.4.2.10 | Қосылыстардың құрылымдық формулаларын құру |
| | және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау |
Бағалау критерийлері | Білімалушы
| |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану | |
Орындалу уақыты | 20 минут | |
Тапсырмалар 1. Суретте феназиннің құрылымдық суреті бейнеленген. Феназиннің эмпирикалық формуласын анықтаңыз: |
-
Молекулалық формуласы C5H11Br болатын қосылыстың құрылымдық формуласы берілген.-
Функционалдық топтардың орналасуы бойынша екі изомер формуласын бейнелеңіз және атаңыз. -
Көміртек қаңқасы бойынша екі изомер формуласын бейнелеңіз және атаңыз.
-
-
Сығылған газ тамақ пісіруде, үй жылытуда т.б. қолданылатын, молекулалық формуласы C3H8 және C4HХ болатын газдар қоспасы. C4HХ және C3H8 көмірсутектері бір-біріне гомолог болып табылады.
-
C3H8 және C4HХ органикалық заттардың қандай класына жатады?
-
C4HХ затының молекулалық формуласын аяқтаңыз.
-
Осы бір-біріне гомолог болып келетін заттардың бір ұқсастығы мен айырмашылығын жазыңыз.
-
Төменде Р –U қосылыстары бейнеленген.
-
P және R қосылыстары бір-біріне изомер болып табылады. R қосылысының еселі байланыстың орналасуы бойынша құрылымдық формуласын бейнелеңіз.
-
Берілген қосылыстар ішінен S затына изомер болатын затты табыңыз және изoмер түрін атаңыз.
-
Q және U қосылыстарын IUPAC номенклатурасы бойынша атаңыз.
-
Төмендегі құрылымдық формулалардың қайсы(лары) 2,2 – диметилпентанның формуласы болып табылады. (бірнемесебірнешежауапболуымүмкін)
-
(СH3)2СHСH2СH(CH3)2
-
(СH3)3CCH2CH2CH3
-
CH3CH2 CH2C(CH3)
Бағалау критерийлері | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білімалушы | |||
Көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын ажыратады | 1 | феназиннің эмпирикалық формуласын белгілейді; | 1 |
Изомерлер формулаларын құрады және IUPAC номенклатурасы бойынша атайды | 2 | молекулалық формуласы C5H11Br болатын қосылыстың функционалдық топтардың орнасуы бойынша изомерлер формуласын бейнелейді және атайды; | 2 |
молекулалық формуласы C5H11Br болатын қосылыстың көміртек қаңқасы бойынша изомерлер формуласын бейнелейді және атайды; | 2 | ||
4 | R қосылысының еселі байланыстың орналасуы бойынша құрылымдық формуласын бейнелейді; | 1 | |
S затына изомер болатын затты табады және изомер түрін атайды; | 2 | ||
Гомологтық қатар құрады және ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіреді | 3 | C3H8 және C4HХ қосылыстарының органикалық класын жазады; | 1 |
C4HХ қосылысының молекулалық формуласын аяқтайды; | 1 | ||
гомологтардың бір ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіреді; | 2 | ||
Қосылыстардың құрылымдық формулаларын құрады және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атайды | 4 | Q қосылысын IUPAC номенклатурасы бойынша атайды; | 1 |
U қосылысын IUPAC номенклатурасы бойынша атайды; | 1 | ||
5 | 2,2 – диметилпентанның құрылымдық формуласын табады. | 1 | |
Барлығы | | 15 |
11.1 «Органикалық химияға кіріспе. Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білімалушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Оқу жетістіктерінің деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын ажыратады | көмірсутектердің құрылымдық формулаларынан эмпирикалық формуласын анықтауда қиналады | көмірсутектердің құрылымдық формулаларынан эмпирикалық формуласын анықтауда қателіктер жібереді | көмірсутектердің құрылымдық формулаларынан эмпирикалық формуласын анықтайды |
Изомерлер формулаларын құрады және IUPAC номенклатурасы бойынша атайды | изомерлердің түрлерін атауда және көміртек қаңқасы, еселі байланыстың орналасуы, функционалдық топтар және класаралық изомерлерінің формулаларын құруда қиналады | изомерлердің түрлерін атауда/ көміртек қаңқасы/еселі байланыстың орналасуы/функционалдық топтар / класаралық изомерлерінің формулаларын құруда қателіктер жібереді | изомерлердің түрлерін атайды және көміртек қаңқасы, еселі байланыстың орналасуы, функционалдық топтар және класаралық изомерлерінің формулаларын құрады |
Гомологтық қатар құрады және ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіреді | гомологтық қатар құруда, гомологтардың ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіруде қиналады | гомологтық қатар құруда/ гомологтарды ұқсастығы мен айырмашалығы түсіндіруде қателіктер жібереді | гомологтық қатарды дұрыс құрады, гомологтардың ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіреді |
Қосылыстардың құрылымдық формулаларын құрады және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атайды | қосылыстардың құрылымдық формулаларын құруда және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атауда қиналады | қосылыстардың құрылымды формулаларын құруда/ оларды IUPA номенклатурасы бойынша атауд қателіктер жібереді | қосылыстардың құрылымдық формулаларын құрады және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атайды |