Файл: Методические указания по выполнению дипломной работы 6В02103 вокалды нер мамандыы студенттеріне арналан для студентов специальности.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 97
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО КУЛЬТУРЫ И СПОРТА
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
РММ «ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ»
РГУ «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИСКУССТВ»
ВОКАЛДЫҚ ӨНЕР КАФЕДРАСЫ
КАФЕДРА ВОКАЛЬНОЕ ИСКУССТВО
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША
методические УКАЗАНИЯ
ПО ВЫПОЛНЕНИЮ ДИПЛОМНОЙ РАБОТЫ
6В02103 «ВОКАЛДЫҚ ӨНЕР»
мамандығы студенттеріне арналған
для студентов специальности
6В02103 «ВОКАЛЬНОЕ ИСКУССТВО»
АСТАНА, 2023
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША
6В02103 «ВОКАЛДЫҚ ӨНЕР»
мамандығы студенттеріне арналған
УДК 331.108.43:681.=78
Әдістемелік нұсқаулықтар ҚазҰӨУ Оқу-әдістемелік кеңесімен басылымға ұсынылды (хаттама №_____ от «27» желтоқсан 2022 ж. )
Автор:
Руднева Татьяна Николаевна – «Вокалдық өнер» кафедрасының доценті
Жумаханова Бахытгуль Байказаковна – «Вокалдық өнер» білім беру бағдарламасы бойынша өнертану ғылымдарының магистрі
Пікірнама берушілер:
Акпарова Галия Толегенова – өнертану кандидаты, ҚазҰӨУ «Музыкатану және Композиция» кафедрасының профессоры
Харламова Татьяна Валерьевна – өнертану кандидаты/PhD, ҚазҰӨУ республикалық ғылыми-әдістемелік ресурстық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, оқытушы
Руднева Татьяна Николаевна
6В02103 «Вокалдық өнер» мамандығы студенттеріне арналған дипломдық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар / автор-құрастырушы: Т.Н. Руднева – Астана: ЖК «Булатов А. Ж.», 2023. – 35 б., қосымша
Берілген әдістемелік нұсқаулықтар ҚР білім және ғылым министрлігімен 2018 жылдың 31 қазанынынан № 604 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарты негізінде құрылған, 6В02103 «Вокалдық өнер» мамандығы студенттеріне арналған.
© Т.Н. Руднева, 2023
МАЗМҰНЫ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР …………………………………………………… | 4 |
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА ………………………………………………….. | 5 |
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ………………………………………………………………. | 6 |
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ПІКІРНАМА БЕРУ ……………………. | 7 |
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ БАРЫСЫ……………………. | 7 |
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЖАЗУ ЖӘНЕ РӘСІМДЕУДІҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ …………………………………………………………… | 8 |
ҚОСЫМША 1 ……………………………………………………………. | 11 |
ҚОСЫМША 2 ……………………………………………………………. | 13 |
ҚОСЫМША 3 ……………………………………………………………. | 14 |
ҚОСЫМША 4 ……………………………………………………………. | 15 |
ҚОСЫМША 5 ……………………………………………………………. | 16 |
ҚОСЫМША 6 ……………………………………………………………. | 17 |
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Берілген әдістемелік нұсқаулықтар 6В02103 «Вокалдық өнер» бітірушілерінің дипломдық жұмысты қорғауы бойынша қорытынды мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
1.2 Берілген әдістемелік нұсқаулықтар ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2018 жылдың 31 қазанынынан № 604 бұйрығымен бекітілген «Білім берудің барлық деңгейі бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының бекітілуі жайлы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 17669 нөмірімен тіркелген) мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарты негізінде әзірленген.
1.3 Білім алушылардың үлгерімінің ағымдық бақылауы, аралық және қорытынды аттестаттауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен 2018 жылдың 30 қазанынан бекітілген № 595 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 17657 нөмірімен тіркелген) сәйкес үлгілер білім беру ұйымы қызметінің Үлгілік ережелерімен негізделіп жүзеге асырылады.
1.4 Мемлекеттік аттестаттаудың мақсаты берілген мамандық бітірушісінің кәсіби міндеттерді орындауға дайындық және оның дайындығының мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа (әрі қарай МЖБС) сәйкестік деңгейін орнату болып табылады.
1.5 Қорытынды мемлекеттік аттестаттау құрамына кіретін қорытынды аттестаттау сынағына МЖБС сәйкес әзірленген негізгі білім бағдарламасын толық көлемде игеруді сәтті аяқтаған тұлға өткізіледі.
1.6 «Вокалдық өнер» мамандығында білім алушы қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен тұлғаға «Вокалдық өнер бакалавры» біліктілігі (қадам) ұсынылатынын растайтын кәсіби білім алуға мүмкіндігі бар. 1.7 Әрбір мемлекеттік аттестаттау сынағының шешімдері «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» бағаларымен 100-балдық жүйеде анықталады. «Өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» бағалары мемлекеттік аттестаттау сынағынан сәтті өткендігін білдіреді.
2. ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
2.1 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен 2018 жылдың 31 қазанындағы №604 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандартына сәйкес жоғары оқу-орын бітірушісі бакалавриат бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық қызметке және кәсіби міндеттерді шешуге дайын болуы қажет.
2.2 6В02103 «Вокалдық өнер» мамандығының Білім беру бағдарламасының жұмыс оқу жоспарында қорытынды аттестаттауға 12 кредит бөлінген. Оның ішінен екеуі шығармашылық емтиханды тапсыруға қарастырылады: мамандық (концерттік бағдарламаны орындау) және мамандандыру пәні (камералық класс немесе опералық класс), «Арнайы педагогикалық дайындық» теориялық пәнін тапсыруға дипломдық жұмысты қорғауға.
2.3 Оқу кезінде мамандық студенттері ғылыми қызметтің сан-алуан түрлерімен танысады – рефераттарды жазу және қорғау, баяндамалар тезистерін жазу және студенттер конференциясына қатысу, мағлұмат жинау және ғылыми мақалалар дайындау. Ғылыми-практикалық аумақтағы дағдылар мен икемділіктерді дамытуды мына оқылатын пәндер қалыптастырады: «Арнайы педагогикалық дайындық», «Ғылыми зерттеу негіздері» және қорытындысы ретінде ‒ дипломдық жұмысты/жобаны жазу және қорғау.
2.4 Қазақстан Республикасының 2022 жылдың 27 шілдесінен № 28916 Әділет министрлігінде тіркелген Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі және жоғары білімінің 2022 жылдың 20 шілдесіндегі № 2 бұйрығына сәйкес дипломдық жұмыс немесе жобаны басқару жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, біліктіліктің ұлттық шеңберінің 7 деңгейіне және еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, біліктіліктің ұлттық шеңберінің 8 деңгейіне сай келетін бейін бойынша оқытушы немесе мамандар арқылы жүзеге асады. 2.5 Жоғары оқу-орындағы өзіндік жұмыс оқу жоспарының жетпіс пайызын құрайды және өзіндік ғылыми жұмыс дағдыларын меңгеру бакалавриат студентін жоғары оқу-орында дайындаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Дипломдық жұмыстың мақсаты білім алушының нағыз тәжірибелік міндеттерді өзіндік шешудегі икемділігі мен әзірленген мәселелер мен сұрақтарды шешудегі ғылыми зерттеудің кіріспе дағдыларын хабарлау болып табылады. Дипломдық жұмыс – білім алушының өзекті ғылыми мәселені өзіндік оқу қорытындыларын жалпылауын бакалавриаттың білім бағдарламасының бейініне сәйкес көрсететін соңғы біліктілік жұмыс.
3. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ДАЙЫНДАУ КЕЗЕҢДЕРІ
3.1 Дипломдық жұмыс тақырыптарының болжамды тізімі және жетекшісін тағайындау бітіруші кафедраның соңғы жиынында, оқу жылының мамыр-маусым айларында (бакалавриатта оқудың үшінші жылының аяғында) бекітіледі.
3.2 Дипломдық жұмыс тақырыптары кафедраның, мамандықтың, мамандандырудың шығармашылық бағытына, бітірушінің дайындық бейініне, оқытылатын дәрістік және жеке-практикалық пәндеріне және олардың тарауларына сәйкес келуі міндетті (Қосымша 1).
3.3 Дипломдық жұмыс тақырыптары кафедрада ағымдық жылдың қыркүйек айынан кешіктірілмей бекітіледі. Дипломдық жұмыстың тақырыбын өзгерту білім алушымен өтініш түрінде толтырылады, жетекшісімен келісімге келеді, ағымдық жылдың 1 сәуір айынан кешіктірілмей кафедра жиынында және Оқу кеңесінде (Факультет кеңесінде) талқыланады.
3.4 Дипломдық жұмыстың жетекшілеріне ғылыми атаққа ие, магистр дәрежесі бар, ғылым кандидаты/докторы немесе ғылыми мақалалар/басылымдар жазудан тәжірибесі бар, кафедраның тәжірибелі оқытушылары тағайындалады. Жетекшілікке ұсынылғандар тізімі жаңа оқу жылының бірінші жиналысында, ағымдық оқу жылының 31 тамызына дейін бекітіледі.
3.5 Дипломдық жұмыстың жетекшісі міндетті:
‒ жеке сабақ кестесі мен жүктемеге сәйкес дипломдық жұмысты дайындау және жазу бойынша сабақтар өткізуге;
‒ таңдалған тақырыппен жұмыс кезінде, дипломдық жұмыстың жоспарын құру кезінде көмек беруге;
‒ оқыту үшін қажетті ғылыми, әдістемелік, оқу, анықтамалық әдебиеттерді, интернет-көздерін, аудио және бейне жазбаларды және т.б. ұсынады;
‒ мағлұматтарды жинау және өңдеу бойынша студенттің өзіндік жұмысын апта сайын бақылайды;
‒ студенттің тапсырмаларды өзіндік орындауын тексеруді жүзеге асырады; ‒ студент дипломдық жұмысын жазып болған соң, жетекшісі бітірушінің дипломдық жұмыс кезіндегі жұмысы жайлы бітіртуші кафедраға жазбаша пікір береді (Қосымша 2).
4. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ПІКІР БЕРУ
4.1 Дипломдық жұмыс міндетті түрде пікірленуі керек. Қорғау үшін жетекшіден бір пікірнама және пікір қажет.
4.2 Бакалавриатта дипломдық жұмысқа пікірнама берушілеріне ғылыми атаққа ие, музыкалық-орындаушылық, музыкалық-педагогикалық бағыт: орындаушылық өнер, музыкатану, композиция, музыкалық білім бейініне сәйкес жұмыс жасайтын ҚазҰӨУ немесе өзге бейіндік оқу-орнының профессорлық-оқытушылық құрамының оқытушылары тағайындалады.
4.3 Пікірнама берушілер бола алатындар, сонымен қатар, берілген мамандық (мамандандыру) аумағында құрмет-атаққа ие, берілген дипломдық жұмыс дайындалған ҚазҰӨУ-нің бітіртуші кафедрасының құрамдық бөлімшелерінің жұмысшылары (қоса атқарушы серіктестер) қатарында жоқ, концерттік-орындаушылық ұйымдарының өкілдері.
4.4 Пікірнама берушілер тізімі бітіртуші кафедрамен дипломдық жұмысты алдын-ала қорғаудан кейін бекітіледі.
4.5 Пікірнама бітіртуші кафедраға дипломдық жұмысты қорғауға дейінгі 10 күнге жеткізбей берілуі тиіс. Пікірнама кафедраға жазбаша түрде, тиісті формаға сай, 2 беттен аспай толтырылуы қажет (Қосымша 3).
4.6 Пікірнама беруші берілген жұмыстың жақсы қырлары мен кемшіліктерін қорғау кезінде қаралатын сұрақтарын көрсету арқылы түртіп кетуі керек.
4.7 Кафедра келісімімен, пікірнама беруші дипломдық жұмысты қорғау кезінде қатысуға және ойын білдіруге құқылы.
5. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ БАРЫСЫ
5.1 Дипломдық жұмысты алдын-ала қорғау Қазақ ұлттық өнер университетінің оқу бөлімімен белгіленген және бекітілген қорытынды мемлекеттік аттестаттауға дейінгі бір айға жеткізбей өткізіледі.
5.2 Қорғауға дейінгі 30 күнге жеткізбей «Антиплагиат» жүйесінде дипломдық жұмыстың ұқсастық көлемін тексеру жүргізіледі. Мәтіннің даралығы 87 % кем болмауы қажет. Егер жұмыс «Антиплагиат» нормативтеріне сәйкес келмесе, бітіруші дипломдық жұмысын дұрыстау және түзетуден кейін қайтадан тексеруге екі рет ақылы түрде беруге құқығы бар. Оқу бөлімінен «Антиплагиаттан» өткендігі жайлы арнайы құжат беріледі.
5.3 Қорғауға 10 күн қалғанда, бітіруші дипломдық жұмысына жетекшісі берген пікір және пікірнамамен танысуы қажет.
5.4 Дипломдық жұмысты қорғауға дейінгі 10 күнге жеткізбей, бітіруші бітіртуші кафедраға шығарылған күйінде беруі қажет, қатты переплетпен тігілгені – 1 дана, жұмсақ переплетте – 2 дана.
5.5 Қорғауға бітіруші PowerPoint бағдарламасы бойынша, немесе дипломдық жұмыстың мағлұматтарын баяндайтын басқа да хабарландыру-коммуникациялық технологиялар қолданылған слайдтар әкелуі қажет.
5.6 Бітірушінің қорытынды мемлекеттік аттестаттаудағы баяндамасы 15 минуттан аспауы шарт. Бітірушінің кіріспе сөзі аяқталған бойы оған сұрақ қойылуы мүмкін. Бітірушінің жауабының жалпы көлемі 30 минуттан аспауы қажет.
5.7 Дипломдық жұмысты қорғау кезінде пікірнама беруші және жетекші болмаған жағдайда, пікірнама бітіртуші кафедраның техникалық хатшысымен есепке алынады.
5.8 Пікірнама берушінің сұрақтары болған жағдайда, бітіруші қойылған сұрақтарға жауап қайтаруы қажет.
5.9 Мемлекеттік емтихандық комиссия шешімі барлық мүшелердің ашық дауыс беруі арқылы жабық жиында қабылданады. Дауыстар теңескен жағдайда, төраға шешуші дауыс беруге құқылы. Қорытынды мемлекеттік аттестаттау бағасы қорғау болған күні хабарланады.