Файл: 6. Жктілік жне босануа байланысты демалысы99 бап, 2 тарма Бала 3 жаса толана дейінгі демалысы(аысыз кн)100 бап, 2 тарма.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 84

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Негізігі қызмет бойынша

1.Кезекті еңбек демалысы туралы – 92 бап

2. Кезекті еңбек демалысынан шақырту (қажеттілікке байланысты)-95 бап

3. Еңбекке жарамсыздық бетшесіне қалу, шығу-133 бап, 2 тармақ

4. Іссапар туралы – 40 бап

5. Қызметкерге ақысыз күн беру туралы – 97 бап, 1 тармақша

6. Жүктілік және босануға байланысты демалысы-99 бап , 2 тармақ

7. Бала 3 жасқа толғанға дейінгі демалысы(ақысыз күн)-100 бап, 2 тармақ


8. Емтиханға жіберу(оқу демалысы)-98 бап


































Жеке құрам бойынша

1.Қызметкерді жұмысқа қабылдау

Уақытша – 33 бап

Тұрақты - 34 бап

Сынақ мерзіммен – 36 бап

2. Қосымша қызмет жүктеу, қысқарту- 111 бап

3. Бір қызметтен екінші қызметке ауысу-38 бап

4. Өз еркімен жұмыстан босату – 56 бап

5. Қайтыс болуына байланысты жұмыстан босату – 57 бап

6. Дикреттегі қызметкер шыққанда орнын босату – 49 бап 2 тармақ



Негізгі қызмет бойынша

1.Кезекті еңбек демалысы туралы – 92 бап
92-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының кезеңін айқындау және оларды беру тәртібі


1. Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. 
2. Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды. 
3. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы бөліктерінің бірі күнтізбелік он төрт күннен кем болмауға тиіс. 
4. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу – ол басталғанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы демалыстар кестесінен тыс берілген жағдайда, ол берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. 
5. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен бір мезгілде беріледі. 

Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы негізгі жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс беруші қоса атқарушы жұмыскердің өтініші бойынша оған демалыстар ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақы сақталмайтын демалыс береді. 
6. Демалыс беру, ауыстыру не жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алу жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. 





2. Кезекті еңбек демалысынан шақырту (қажеттілікке байланысты)-95 бап

95-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алу


1.Жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.  

2. Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылады. 
3. Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі. 
4. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерді, жүктілігі туралы анықтаманы жұмыс берушіге берген жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуға жол берілмейді. 


3. Еңбекке жарамсыздық бетшесіне қалу, шығу-133 бап, 2 тармақ

133-бап. Жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу


1. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті. 
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақтар еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады. 
3. Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жұмыскерлерге еңбекке қабілетсіздіктің бірінші күнінен бастап жұмысқа қабілеттілігі қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленеді. 


4. Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы: 
1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда, өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған өндірістік жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша қабілетсіздігі туындаған жұмыскерге; 
2) соттың ұйғарымы бойынша жұмыскерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық науқастардан басқа) уақыт үшін; 
3) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен жұмыскердің кінәлі екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшін; 
4) жұмыскер алкогольді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынуы салдарынан туындаған аурулардан немесе өндірістік жарақаттардан еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде; 
5) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысымен сәйкес келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін; 
6) жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін; 
7) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін төленбейді. 
5. Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін – Қазақстан Республикасының Үкіметі, оларды тағайындау және төлеу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. 
Жұмыс берушілер жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы. 


4. Іссапар туралы – 40 бап

40-бап. Жұмыскерді іссапарға жіберу


1. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулерді қоспағанда, жұмыскердің (іссапарға жіберілгеннің) басқа заңды тұлғада (оның филиалдарын, өкілдіктерін және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерін қоса алғанда), сондай-ақ сол заңды тұлғаның филиалдарында, өкілдіктерінде және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінде еңбек шартында келісілген белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым (еңбек функциясы) бойынша не басқа лауазым, мамандық, біліктілік бойынша жұмысты орындауы жұмыскерді іссапарға жіберу деп түсініледі. 
Осы баптың мақсаттары үшін қабылдаушы тарап деп осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғалар түсініледі. 
Белгілі бір міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мынадай қабылдаушы тараптарға жұмыскерлерді: 
1) жұмыс берушінің құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері
болып табылатын, сондай-ақ жұмыс беруші-заңды тұлғаның акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға (оның филиалдарына, өкілдіктеріне және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне); 
2) акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) жұмыс беруші- заңды тұлғаға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға (оның филиалдарына, өкілдіктеріне және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне); 
3) акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) жұмыс беруші- заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама түрде иеленетін тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға (оның филиалдарына, өкілдіктеріне және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне) іссапарға жіберуге жол беріледі. 
2. Жұмыскерді іссапарға жіберу шарттары, тәртібі, мерзімі, іссапарға жіберілген жұмыскерлер лауазымдарының тізбесі және саны іссапарға жіберу мақсаттарына қарай Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес заңды тұлғалар арасындағы келісіммен айқындалады. 
Заңды тұлғаға (оның филиалдарын, өкілдіктерін және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерін қоса алғанда) бір жылда жұмыскерлердің орташа тізім санының он пайызынан астамы бір мезгілде іссапарға жіберілген жағдайда, іссапарға жіберу қабылдаушы тарап жұмыскерлерінің өкілдерімен келісілуі қажет. 
3. Іссапарға жіберілген жұмыскердің іссапарға жіберуді жүзеге асыратын жұмыс берушідегі жұмыс орны (лауазымы) сақталады. 
4. Іссапарға жіберу кезеңіне жұмыстың орындалу орны көрсетіле отырып, еңбек шартына қосымша келісімге қол қою арқылы еңбек шарты тараптарының жазбаша келісімімен ғана іссапарға жіберуге жол беріледі. Іссапарға жіберу мерзімі аяқталған соң, еңбек шартының қолданысы жалғастырылған жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерге іссапарға жіберілгенге дейін жұмыскер атқарған жұмыс орнын (лауазымын) беруге міндеттенеді. 
5. Іссапарға жіберу кезеңіне жұмыскерге, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы мен оны беру тәртібін қоспағанда, қабылдаушы тараптың жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимі қолданылады. 
6. Іссапарға жіберілген жұмыскер еңбек тәртібін бұзған жағдайда, қабылдаушы тарап аталған факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде іссапарға жіберілген жұмыскердің жұмыс берушісін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім қабылдау үшін растайтын құжаттарды ұсына отырып, хабардар етеді. 

7. Іссапарға жіберілген жұмыскер ұшыраған жазатайым оқиға кезінде еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастыру жұмыс беруші өкілінің қатысуымен қабылдаушы тарапқа жүктеледі. 
8. Іссапарға жіберуге: 
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жұмысты орындаудан бас тартқан қабылдаушы тарап жұмыскерлерін ауыстыру; 
2) бос тұрып қалған (қабылдаушы тарап жұмыстарды уақытша тоқтата тұрған), қабылдаушы тарап банкроттық рәсімін жүзеге асырған, қабылдаушы тарап жұмыскерлерді жұмыстан шығару қатері төнген кезде жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында толық емес жұмыс уақыты режимін енгізген жағдайда жұмыстарды орындау мақсатында жол берілмейді. 


5. Қызметкерге ақысыз күн беру туралы – 97 бап, 1 тармақша


97-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс


1. Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыскердің өтініші негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. 

2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады. 

3. Жұмыс беруші: 

1) неке тіркелгенде; 

2) бала туылғанда; 

3) жақын туыстары, сондай-ақ зайыбы (жұбайы) және (немесе) олардың жекжаттары (ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (қарындастар), ата-аналары (ата-анасы), балалары, атасы, әжесі, немерелері) қайтыс болғанда; 

4) еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда жұмыскердің хабарламасы негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті. 

6. Жүктілік және босануға байланысты демалысы-99 бап , 2 тармақ


99-бап. Жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар


1. Жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар беріледі: 
1) жүктілікке және босануға байланысты демалыс; 
2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс; 
3) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс. 
2. Жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақта көрсетілген күннен бастап демалысты оның аталған түріне құқықты растайтын еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парағын ұсыну арқылы ресімдейді.