Файл: Реферат таырыбы Сыни трысынан ойлау технологиясы Орындаан Бабал С. Тобы Физика 20А.docx
Добавлен: 09.12.2023
Просмотров: 121
Скачиваний: 9
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары
білім министрлігі
Астана Халықаралық Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы
Орындаған: Бабақұл С.
Тобы: Физика 20А
Қабылдаған: Сагалиева Ж.
Астана, 2023 ж.
Мазмұны
Кіріспе
-
Жүйелі тұрғыда сыни тұрғыдан ойлау технологияны зерттеудің теориялық негізі-
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының обьектісін моделдеу-
Технология жайлы жалпы ақпарат -
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының тарихы (1 кесте) -
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының педагогикалық процесте жүзеге асырылуы -
Г.К. Селевко бойынша сыни тұрғысынан ойлау технологиясының классификациясы
-
-
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының жүйелі зерттелуі (Т. Галиев бойынша)
-
-
Қорытынды
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.Бұл міндеттерді шешу жаңартылған білім мазмұны арқылы жүзеге аспақ.Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады.Қазіргі мектептің басты мақсаты- әр оқушының қабілетін ашу, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны өмірге дайындау, заманауи білім, дағдылар мен қасиеттерді дамыту. Дәстүрлі репродуктивті оқыту бұл міндеттерді шеше алмайды. Оларды шешу үшін жаңа педагогикалық технологиялар, оқу процесін ұйымдастырудың тиімді формалары мен белсенді әдістері қажет. Белсенді әдістерді қолдану арқылы мұғалім оқушыны ойлануға, практикалық іс-әрекет дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасайды.
Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сыни ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Білім алушыны оқытушымен, топпен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау – ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану деп жазған. Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі «психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен.
Біз басшылыққа алып отырған сыни тұрғысынан ойлаудың бағдарламасын әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джейнни Л,Стиль, Куртис С, Мередит, ЧарльзТемпл. Жоба негізі Ж.Пиаже, Л.С Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Сыни тұрғыдан ойлаудың психологиялық аспектілері Д.Р. Андерсон, Н.Е. Вераксы, Х. Гарднер, В.П. Зинченко, З.И. Калмыкова жұмыстарында қарастырылады. «Сыни ойлауды» дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен жұмысы.
Бұл технологияны таңдау себебім: жаңаша оқыту бүгінде өзекті мәселе болып табылады.Себебі баланың жеке тұлға ретінде тәрбиеленіп білім алу арқылы дамуы мемлекетіміздің білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған басты мәселе.Меніңше, бұл технология баланың жеке пікірін қалыптастыруға, өзіне берілген міндеттерге жауапкершілікпен қарауға, машықтандырады.
Зерттеудің мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Зерттеудің міндеттері:
-
Технологияны жүйелі тұрғыда зерттеудің теориялық негізіне сүйене отырып ғылыми тұрғыда модельдеу, тарихи зерделеу; -
Технологияның педагогикалық процестегі компоненттерін анықтау; -
Г.К Селевко бойынша технологияның классификациясын құру; -
Технологияның концепциясын зерттей отырып, оның Галиев бойынша жүйелі зерттелуін қамтамасыз ету; -
Жүйелі тұрғыда технологияны зерттеудің практикалық негізіне сүйене отырып, технологияны қолданудың тəжірибесін нақтылау;
Зерттеу пəні: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын физика пəніне ендіру процесі.
Зерттеу əдістері: Зерттеу міндеттеріне сəйкес, мəселені шешуде философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау жəне жинақтау, мемлекеттік ресми жəне нормативтік құжаттарды талдау, жалпы білім беретін мектептердің озат тəжірибелерін зерделеу, тестілеу, əңгімелесу, сараптау, нəтижелерді жүйелеу, графикалық бейнелеу əдістері арқылы қамтамасыз етілді.
Қорытындылай келе, зерттеудің мақсаты мен міндеті толық жүзеге асырылды. Зерттеу барысында, сыни тұрғысынан ойлау технологиясы психологиялық, философиялық жəне педагогикалық тұрғыдан зерттеудің теориялық негізіне сүйене отырып ғылыми тұрғыда модельденіп таныстырылды
-
ЖҮЙЕЛІ ТҰРҒЫДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
-
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының обьектісін моделдеу-
Технология жайлы жалпы ақпарат
-
Сыни тұрғысынан ойлау — білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау жəне даралау процесі, яғни білім беру процесін ұйымдастыру. Сыни тұрғысынан ойлау жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы білім алушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, студенттерге өздерінің кəсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сəйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Оқу үрдісін сыни тұрғысынан ойлаудың мақсаты — əрбір білім алушыға жалпы білім беру мазмұнын меңгеру үдерісінде өзінің қабілеттерін, мүмкіндіктерін, когнитивті қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау.
-
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының тарихы
-
кесте.
Кезеңдер | Уақыт | Автор | Ұғымның анықтамасы | Мазмұнды сипаттама |
Пайда болу кезеңі | V-VI ғ. | Я.А.Коменский | «дәлелдер іздеу, пайымдаулар мен болжамдарды мұқият тексеру, негізгі ұғымдарды талдау және тек айтылғанның ғана емес, сонымен қатар жасалынғанның да салдарын анықтаудың» маңыздылығын анықтады. | Оның сұрақ қою әдісі қазір «Сократтық сұрақ қою«және бұл сыни тұрғыдан ойлауды оқытудың ең танымал стратегиясы. |
17 ғасыр | Ян Амос Коменский | дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілетін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып,лаулата түседі делінген. | Автор көркем шындықты модельдеу технологиясын ұсынды. Технология зерттелетін материалдың бейнелі қабатына батыруға, оның эмоционалды дамуы мен өзгеруіне негізделген. | |
Даму кезеңі | XX ғасырдың 30 жылдарының басында | Л.С.Выготский | “ Оқу технологиясы - тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогика жүйесі.” | Сын тұрғысынан ойлау алдында жүретін және негізгі мақсат ретінде баланың дамуына бағытталған ойлау идеясын алға қойды. Оның гипотезасына сәйкес, білімдер оқытудың соңғы мақсаты емес, олар тек оқушыны дамыту құралы болып табылады. |
1950-60 жж. | Л.В.Занков | Ол 50-60 жылдарында бастауыш мектепке интенсивті жан-жақты ойлау жүйесін жасады. Бұл кезеңде белгілі бір жағдайларға байланысты тәжірибеге ендірілмеген болатын. | | |
1960-70 жж. | В.В.Давыдов | эксперименталды мектептер жұмысында жүзеге асырылған болатын. Олардың технологиясында басты назар баланың интелектуалды қабілеттерін дамытуға аударылды. «Сыни тұрғысынан ойлау» терминінің шығу тегі В.В.Давыдовтың есімімен байланысты. Шектеулі құбылыстар шеңберін белгілеуге ендірілген, ол тез арада жалпы педагогикалық тәжірибеге кірді. | |
Шарықтау шегі | 1990 ж. | Н.П. Гузик | А, В, С – үш деңгейге бөлуді ұсынды. | Бірінші орында білім алушы тұрады жəне өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды. |
2003 ж | Джорд Сорос | «Біздің елімізде Джорд Соростың ашық қоғам институты, «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген бұл бағдарлама мектеп тәжірибелеріне ене бастады. | |
1.1.3 Технологияның педагогикалық процесте жүзеге асырылуы
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, білімалушылардың білім деңгейін көтеруде, білімалушыларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әрбір оқытушы өз педагогикалық қызметінде, білімалушы мен оқытушы арасындағы қарым – қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымы мен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар.
СТО технологиясының сабақ кезеңдері:
-
Қызығушылығын ояту - (эвокация, мотив тудыру, ой шақыру); -
Мағынаны тану - (реализация, жүзеге асыру, оқу мазмұнын түсіндіру); -
Ой толғаныс – (рефлексия, оқу мазмұнын түсіну);
Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы.
Реализация – оқып жатқан тақырыптардың мазмұнын игеру, түсіну.
Рефлексия – оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну, тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту.
Педагогикалық үрдістің компоненттері | Сыни тұрғыдан ойлау |
Мақсаты, міндеттері | Білімдік- сыни тұрғыдан ойлау арқылы білім жинайды. Тәрбиелік-білім алушыны мұғаліммен, топтастарымен еркін сөйлесуге, пікірталастыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге Дамытушылық - барлық жастағы білім алушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету |
Объектісі немесе субъектісі | Объектісі - оқушы, субъектісі - мұғалім |
Оқыту принциптері |
|
Оқыту мазмұны | Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. |
Оқыту құралдары | Оқулық, интерактивті компьютерлік құралдар, сыни тұрғыдан ойлайтын ойындар. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде» оқу-әдістемелік құрал. |
Оқыту әдістері | Кесте соңында |
Оқыту түрлері немесе формалары | Дәстүрлі оқыту формасы Ауызша, жазбаша, ассинхрондық-синхрондық, жеке, топтық, бірлескен ұжымдық. |
Оқыту шарттары |
|
Оқыту нәтижесі | -оқу мотивациясы өзгеріп, өз бетінше ізденуге үйренеді; -керек кезде өз көзқарасын өзгертуге үйренеді, дамуын қамтамасыз етеді; -өз ойын топ алдында ашық айта алу, қорғай білу; -оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі; -басқаларды тыңдауға, кез-келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға үйренеді; -өткір сындарды қабылдап, онымен жұмыс жасауға машықтанады; -ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады; |
Әдістері:
1.Стратегияның атауы: «Миға шабуыл» стратегиясы
Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса білімалушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады.
Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Оқытушы топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық білімалушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс – тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады.
2.Стратегияның атауы: «Т кестесі» стратегиясы
Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: Т кестесі стратегиясы – мақсаты: қарама – қарсы ұғымдарды тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Білімалушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жекеде орындала береді. Іс – тәжірибеде үй тапсырмаларына да беріліп жүр. Білім алушыларға кескін сурет түрінде орындауға болады.
3.Стратегияның атауы: «Венн диаграммасы» стратегиясы
Ұйымдастырылу мен әдістемесі: Венн диаграммасы стратегиясы – бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір -біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер (тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік). Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады.
Білім алушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.
4.Стратегияның атауы:«Блум таксаномиясы» сұрақтар стратегиясы
Таксономия (грекше, taxis-орналастыру, құрастыру, реттеу және