Файл: Реферат таырыбы Сыни трысынан ойлау технологиясы Орындаан Бабал С. Тобы Физика 20А.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 123

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
nomos - заң).

Таксономия – (олардың ирархиясын белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) сақтау мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: Блум сұрақтары екіге бөлінеді. Олар жуан және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жуан сұрақтар кетеді.

Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: - желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? - 1986 жылы. Сенің таныстарыңның ішінде оқиғаға қатысқан адамдар бар ма? – бар.

Жуан сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл сұрақ түріне жауапты фразамен немесе нақыл сөзбен, мақал – мәтелмен беруге болады. Жуан сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге болады. Мысалы: сурет немесе схема, тіпті көрініс түрінде де. Жуан сұрақ: – қарастырылып отырған кейіпкер неге осындай әрекет жасады.

5.Стратегияның атауы: «Тірек сөздер» стратегиясы

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: Тірек сөздер стратегиясы – Оқытушы тірек сөздер береді. Білімалушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге оқытушы назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Білімалушының сөздік қоры, тілі, қиялы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы дайындық.

6.Стратегияның атауы: «Болжам» стратегиясы.

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: Болжам стратегиясы - оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу. Осы орайда әр топқа тапсырмалар бере отырып қиялдауына еркіндік беру қажет.

7.Стратегияның атауы: «Салыстыру» стратегиясын қолдану.

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: Салыстыру стратегиясын қолдану оның мақсаты ойлау, салыстыру қабілеттерін кеңейту, білімалушының сабақтағы белсенділігін арттыру, үйге берілген тапсырманы салыстыру арқылы дұрыс орындауға, өз қателерін анықтауға үйрету, түсінуге талаптандыру.

8.Стратегияның атауы: «ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы» стратегиясы

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: алдымен топ 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған білімалушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірінші топ, 2 - бөлігін екінші топ, 3 - бөлігін үшінші топ, 4, 5- бөліктерін - бесінші және төртінші топқа бөлінетін білімалушылар алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру қажет себебі топ мүшелері топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін–бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді. 


ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясының тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді әдіс.

  9.Стратегияның атауы: «İNSERT немесе түртіп алу» стратегиясы

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: İNSERT немесе түртіп алу - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.

Білімалушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.


«v»- білемін

«+» - білмеймін

«-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат)

«?» – мені таң қалдырды






































10.Стратегияның атауы: «Кубизм» стратегиясы

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: Кубизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан- жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды,жаңа білім қосады. 

Сипаттау (түрі, түсі, көлемі) ;

Салыстыру (ұқсастығы, айырмашылығы) ;

Ұсыныс (қалай, қай жерде пайдаланылады?) ;

Дәлелдеу (қарсы және қарсы емеспін) ;

Талдау (қалай жасалған, неден тұрады?) ;

Ой толғау (бұл неден жасалған?); 

Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды.

11.Стратегияның атауы: «Геометриялық фигуралар» стратегиясы

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: Геометриялық фигуралар стратегиясы – бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер. Білімалушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі мәтін ұғымдарының мінез-құлқына сипаттама бере отырып қорытынды жасайды. Ұғымдардың түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады.

Алғашқы кездерде бүкіл топ ұжымымен өткізуге болады.



1-топ Экономикалық өсу теорияларына үлес қосқан шетел ғалымдары

2-топ Экономикалық өсу теорияларына үлес қосқан қазақ ғалымдары



Д.Қ

Қабдиев

Дж.

Робинсон

Дж.М.Кейнс,

Р.Хорродт,

Дж.Хикс,

Э.ХансенДж



К.Ә

Сағадиев,

Н.ҚМамыров


12.Стратегияның атауы: «Ирек» стратегиясы

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: Ирек стратегиясы - білімалушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Оқытушы алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Білімалушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ білімалушыларға өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат–әр білімалушы осы тақырыпты түгелдей игеруі тиіс.

13.Стратегияның атауы: «Пікір алысу» стратегиясы

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: Пікір алысу стратегиясы - білімалушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді.

14.Стратегияның атауы: «Араласып кеткен оқиға» стратегиясы

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: Араласып кеткен оқиға стратегиясының - білімалушының ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, жаңа тақырып бойынша білімінің деңгейін анықтау. Алдын ала дайындап қойылған сұрақ карточкаларын таратып беруге болады. Ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі. Міндетті түрде әрбір білімалушынын жауабы топпен талқылануы тиіс.

15.Стратегияның атауы: «Нақты жағдаяттарды талдау» стратегиясы

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: Нақты жағдаяттарды талдау стратегиясы негізінен кейс - әдістің («case» ағылшын тілінен аударғанда- жағдай дегенді білдіреді) түрлі жағдаяттарды шешу болып табылады. Ол күнделікті өмірде, кәсіби тәжірибеде кездесетін түрлі жағдаяттарда шешім жасауға негізделген пікірталас сипатындағы оқыту әдісі. Мұнда оқиғаның ғылыми тұжырымдалған түрі әлеуметтік-психологиялық білім беру барысында оқу моделі ретінде қолданылады. Нақты жағдаяттарға талдау жасау шығармашылықпен келуі тиіс. Әдетте нақты жағдаяттар үш түрге жіктеледі:


Таныс жағдаят. Оны шешуде ұқсас үлгілерді басшылыққа алуға болады. Сондықтан олардың шешімі де, әдісі де стандартты болып келеді.

Ұқсас жағдаят. Дәлме- дәл бірдей болмағанымен, көп ұқсас белгілері бар, түпкі негізі де ортақ болып келетін жағдаяттарды өзара салыстыра отырып, нақ осы жағдаятқа қажетті оңтайлы шешімді таба білу де білімалушылар үшін үлкен сын.

Бейтаныс жағдаят. Бұрын -соңды өмір тәжірибесінде кездеспеген тың жағдаятты басқа бір құбылыспен салыстыруға болмайды. Дегенмен, шешілмейтін мәселе жоқ екендігін ескеріп, оның жолын табуға ұмтылу қажет.

Оқу процесінде білімалушыларға жақсы таныс, шынайы өміріне жақын, бұрын кездескенімен, білімі мен білігінің кемдігінен шеше алмаған жағдаяттарды таңдаған жөн.

16.Стратегияның атауы: «Sinkuein немесе бес жолды өлең» стратегиясы

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы–білімалушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады.

Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.


Кім?

Ана

Қандай?

Мейірімді, ақылды

Не істейді?

Бағады, тәрбиелейді, өсіреді

Түйін

Ағайын -алтау, ана -біреу

Синоним

Адам


17.Стратегияның атауы: «RAFT» стратегиясы

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: RAFT стратегиясы – білімалушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алсада болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Білімалушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт білімалушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс-қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

18.Стратегияның атауы:«ЭССЕ» стратегиясы

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: ЭССЕ – тақырыпқа сай білімалушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Білімалушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Оқытушы де отырып жазуына болады. Бұл әдісте білімалушы өз ойын еркін жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. Өмірде кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға үйренеді.


19.Стратегияның атауы: «Топтастыру немесе кластер» стратегиясы.

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: Топтастыру немесе кластер стратегиясы - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау. Топтастыру - ұғымдарды, объектерді жалпы сипатына бір- бірімен байланыстарына қарай жіктеп бөлу. Бұл стратегия топпен де, жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы. Бұл стратегия арқылы білімалушылар тақырып туралы жан – жақты мәліметті қамтуға үйренеді. Cабақта белгілі бір нысан немесе тақырып аясында ой өрбіткенде оның сан түрлі ерекшелігі және қасиетін топтастыруға мүмкіндік туады. Нәтиже әр топта әр түрлі шығуыда мүмкін.

20.Стратегияның атауы: «Әңгімелесу» стратегиясы

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: Әңгімелесу стратегиясы - өз-өзіне есеп беру, көзқарастыдамыту, білімін анықтау, бағалау. Әңгімелесу-пікір алысу, сұхбаттасу. Білімалушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылады. Әңгімелесу кезінде білімалушы оқытушының қойған сұрақтарына жауап беру арқылы оқу материалын пысықтап, ой қорытады.

Әңгімелесу әдісі - білімалушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі. Оның сапасы оқытушының тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты. Білімалушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға, оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға, белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға, тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым-қатынас, өзін-өзі сенімділігін, қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

21.Стратегияның атауы: «БББ немесе маркировка кестесі» стратегиясы

Ұйымдастырылуы мен әдістемесі: БББ немесе маркировка кестесі стратегиясы – «БББ» - білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап – білімалушыдағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады.

Бұл әдіс оқытушыға әр білімалушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек.

Толықтыруға үйге беруге болады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді