Файл: Реферат таырыбы Сыни трысынан ойлау технологиясы Орындаан Бабал С. Тобы Физика 20А.docx
Добавлен: 09.12.2023
Просмотров: 124
Скачиваний: 9
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақ кезеңдерінде стратегиялар қолданылуы.
Р/с | Сабақ кезеңдері | Cабақ кезінде қолданылатын стратегиялар |
1 | Қызығушылығын ояту- бұл үйрену процесі. Бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы білімалушыне біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. | «Миға шабуыл», «Т кестесі», «Венн диаграммасы», «Блум Таксаномиясы»,«Тірек сөздер», «Болжам», «Салыстыру» |
2 | Мағынаны тану - Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Онда өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. | «ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы», «İNSERT немесе түртіп алу», «Кубизм», «Геометриялық фигуралар», «Ирек», «Пікір алысу» «Араласып кеткен оқиға», «Нақты жағдаяттарды талдау» |
3 | Ой толғаныс бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде білімалушыныңтолғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Білімалушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. | «Sinkuein немесе бес жолды өлең», «RAFT», «ЭССЕ», «Топтастыру немесе кластер», «Әңгімелесу», «БББ немесе маркировка кестесі» |
1.1.4 Г.К. Селевко бойынша педагогикалық технологиялардың классификациясы (жіктелуі)
№ | Технологиялардың жіктеулері | Бөлімі |
1 | Қолдану деңгейі бойынша: |
|
2 | Философиялық негіз бойынша: |
|
3 | Психологиялық дамуының алғашқы факторлары бойынша: |
|
4 | Тәжірибені меңгерудің ғылыми тұжырымдамасы бойынша: |
|
5 | Тұлғалық құрылымға бағытталуы бойынша: |
|
6 | Құрылымы және мазмұны бойынша: |
|
7 | Таным әрекетін басқару және ұйымдастыру бойынша: |
|
8 | Балаға бойынша: |
|
9 | Әдістердің артықшылығы бойынша: |
|
10 | Дәстүрлі жүйеде модернизация бойынша |
|
11 | Оқушылардың категориясы бойынша: |
|
-
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының жүйелі зерттелуі (Т. Галиев бойынша)
1.Технологияның пайда болуына əсер ететін шарт-факторлар:
Оқушыларды жалпы педагогиканың методикасымен оқыту барысында, кейбір əдістер барлық балаларды оқытуға жарамады. Барлық балалар меңгеруі тиіс болған стандартты білім кейбір балалар үшін тым оңай болса, кейбір балалар үшін қиындық тудырды. Уақыт өте келе балаларды деңгейіне қарай бөліп оқытуға тура келді.
Осы мəселені зерттеуші Л.С. Славина үлгерімі төмен білім алушылардың келесі топтарын анықтайды:
1) оқуға, білім алуға көзқарастары дұрыс емес балалар;
2) материалды баяу, қиындықтармен меңгеру (білім деңгейінің төмендігі);
3) оқу жұмыстарын орындау дағдысы қалыптаспаған балалар;
4) жұмыс істегісі келмейтін балалар;
5) танымдық жəне білім алу мүдделері жоқ балалар.
Зерттеуші балаларды топтарға бөліп, оларға əртүрлі əдістермен білім үйретіп, бірдеңгейге шығару жолдарын қарастырған. 30-жж. Кеңестік үкімет барлық оқу-тəрбие процесінде қатаң тəртіп белгілеуді жою туралы қаулы қабылдады. Барлық орта білім беру мекемелеріндегі оқушыларды жалпы білім беруге дайындауға жəне толық емес орта мектептер үшін бірыңғай талаптар бекітілді. Бұл жылдарда мектеп қызметінің бірыңғай оқу жоспары бойынша оқу-тəрбие процесін құруға жəне оқу пəндерінің мазмұнын қалыптастыруға бағытталды. Педагогика ғылымында келешек үшін сыни тұрғысынан ойлау пікірін өңдеу жалғасты. Осыған байланысты сыни тұрғысынан ойлау пікірін өңдеу білім берудің регламенттік мазмұны негізінде жүзеге асты. Бірақ ғылыми көзқараста дифференциалды оқытудың шекарасын анықтау қажет болды. Осы мəселеге алғаш рет 1946 ж. Н.К. Гончаров назар аударды. Ол сыни тұрғысынан ойлаудың шекарасын ғылымның екі тобы – табиғат жəне қоғам негізінде анықтау керек деді. 50-жж. ортасында орта мектепте сыни тұрғысынан ойлау бойынша эксперимент жүргізудің дайындық жұмысы басталды. Бұл жұмысты бастаушылар: М.А. Мельников, А.М. Арсеньев, Н.К. Гончаров болды. Сыни тұрғысынан ойлау бойынша жүргізілген экспериментті жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидалары келесілер болды: «Мектеп үш бірыңғай міндетті шешу керек, яғни кəсіптік, политехникалық жəне жалпы білім беру, дифференциацияны жалпы білім берумен шектемеу керек». Үйлесімді бағдарламалар жəне пəндер циклдері бойынша бөлімдер құрылғанда сыни тұрғысынан ойлау басталды. Жалпы білім берудің бірыңғай көлемі сақталды, дифференциация жалпы білім беру пəндерімен бірге арнайы жəне тəжірибелі өндірістік дайындық пəндерін қамтиды. Осымен кеңестік мектептегі сыни тұрғысынан ойлау шет мемлекеттерінің фуркациясынан ерекшеленді, яғни мұнда сыни ойлау екі бағыт бойынша: математикалық жəне гуманитарлық болып жүргізілді.
2.Технологияның диагностикасы (бағалау жүйесі).
Ж.Қараевтің сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша бағалау критерийі:
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді
болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Əрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті жəне одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау əдісіне баулу.
3.Технологияны жүзеге асырудағы негізгі проблемалары мен оны шешу жолдары;
Мəселе: XX мыңжылдықтың 20-жж., яғни алғашқы кезеңде, бұл мектеп тəжірибесінде жəне педагогикалық теорияда сыни тұрғысынан ойлау пікірін жүзеге асырудың бастамасы 1922 ж. Дальтон-план бойынша бастау алды. Дальтон- планының көмегімен оқыту процесіне оқушылардың мүмкіндіктерін ескеретін бағдарламалар енгізілді. Оқу бағдарламаларын күрделілік деңгейіне бөлу, нақты пəн бойынша нұсқау, оқушылардың жеке ерекшеліктерін анықтау сыни тұрғысынан ойлау принципіне жауап берді. Онымен қоса, ол оқушыларды деңгейлік дайындаудың қазіргі талаптарына үндес болды. Кеңестік мектептерде сыни тұрғысынан ойлаудың алғашқы формасы болып дарынды балаларды айқындау болды. Дарынды балалармен жұмыстың тəжірибесінде əдебиеттер мен əдістемелер болмағандықтан, сыни тұрғысынан ойлаудың аталған формасы баланың психикасына яғни, тым ашушаң, қызбалы болуына əкелді. Бірақ оның жағымды да жақтары болды, атап айтсақ: үлгерімі нашар жəне даму жағынан кем балаларды есіркеу жəне соған байланысты əдістемелер қолданылды.
Шешімі: Профессор Ж. Қараевтың сыни тұрғысынан ойлаутехнологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен білім
алушылардың өздігінен танып, іздену іс-əрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында білім алушы тұрады жəне өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды. Педагогикағылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға əртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; əдістемелік педагогикалық-психологиялық жəне ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
4.Технология ендіруге байланысты шетел тәжірибесі және отандық тәжірибе.
Шетел тәжірибесі
ДЖ. Конант бастаған педагогикалық топ 50-жылдары “барлығын қамтитын мектеп” моделін ұсынды. Əр түрлі əлеуметтік жағдайдағы балалар үшін, олардың қабілеті мен қызығуын ескере отырып, əр топқа сəйкес бағдарлама жасады. Конанттың ұсынысы АҚШ мектептерінде саралауды енгізуде іске асты.
Франция мен АҚШ-та барлық жалпы білім беретін мекемелерде сыныптағы оқушыларды топқа бөлу кеңінен тараған.
Ғалымдардың есептеуі бойынша əрбір жас ерекшелігіне байланысты топта 3 пайыздан 8 пайызға дейін өте талантты оқушылар болады. Бірақ, олардың барлығы мадақтала бермейді, АҚШ-та дарынды балалардың 40 пайызы анықталады, ал Францияда олардың 5 пайызы жоғары мектепке қабылданбайды.
Англияда дарынды балаларды зерттеу орталығы бар. Мұнда дарынды балалармен жұмыс істейтін мектептер, арнаулы бөлімдер жəне тездетіп, тереңдетіп оқытатынкурстар жетерлік. Ағылшын педагогтарының дарынды балаларды оқыту əдістемесі бойынша диагностикалық тестілеу тəжірибелері мол.
Германияның Гамбург қаласында 1985 жылдан ерекше қабілетті оқушылармен шұғылданатын қызмет орны жұмыс істейді.
Францияда 80-жылдардың ортасынан бастап кейбір бастауыш оқу мекемелерінде талантты балаларға арналған сыныптар пайда бола бастады. 90-шы жылдардың басында Страсбургте ойлау қабілеті өте жоғары балаларға арналған ерекше мектеп ашылды.
Жапонияда дарынды балаларды оқыту мəселесіне салыстырмалы түрде ұстамды бағыт көрсетіледі. Кейбір оқу орындарында талантты оқушыларды анықтау бағытында диагностикалық тестілеу жүргізіледі. Оларға арнап арнаулы оқулықтар мен оқу құралдары шығарылады. Жапонияда толық мəнді жалпы білім бергісі келетін ата-аналар балаларын көп тараған мектептерден гөрі толықтыра оқытатын жеке меншік мектептерге (дзюку) береді. Мұндай мектептер оқушылардың барлық жасына арналған. Дюза мектебі Күншығыс елінде жылдан-жылға кеңінен тарап келеді. Дзюкада мұғалімдік қызметті, негізінен, студенттер атқарады. Мұнда жоғары оқу орнына түсем деушілерге жəне бұрын оқуға түсе алмағандарға арналған жеке меншік оқу орындары да кеңінен тараған (ебьеку). Ебьекуде, негізінен, алдыңғы қатарлы университеттердің профессорлары сабақ береді. Тек қана Токионың ебьекулерінде жыл сайын 150 мың оқушы оқиды. Əлемде білім беру саласында даралап
, саралап оқыту үрдісінің мəні осындай.
Ресейде де ұлттық қолайлы тобын (элитасын) тəрбиелеу қажеттілігін түсінеді. 1989 жылы “Дарынды балалар” атты кешенді бағдарлама жасалды, арнаулы “Ресейлік мəдени қор” ұйымдастырылды, қаражат бөлінді. 1996 жылы бұл қор 229 дарынды оқушыларға стипендия бөлді
Отандық тәжірибе.
Қорытынды
Қорыта келе, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың сабақ сапасына әсері өте мол. Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, сабақтың сапасын артады. Ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі күшейеді. Оқушылар сабаққа зор ынтамен қатысады, сабақ та сапалы өтеді. Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету, мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады.