Файл: Келісілді "Кншуа" ересек топта йымдастырылан оу ызметіні конспектісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Келісілді:

"Күншуақ" ересек топта ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: 25.04.2022ж.


Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Алғашқы гүлдер (заттық сурет салу).

Мақсаты: сезімдік эмоциялық қасиеттерін, эстетикалық талғамды бейнелеу дағдыларын қалыптастыру. Қылқаламмен салуда бейнелермен сәйкестендіріп қарапайым қозғалысты нақты бере білу, түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіру. Эстетикалық сезімін қалыптастыру, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Меңгереді: түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын;

Түсінеді: алғашқы гүлдерді атайды, қызғалдақтың суретін салуды;

Қолданады: акварельмен сурет салу жолдарын.

Әдіс-тәсілдері: жұмбақ жасыру, әңгімелесі, көрсету, түсіндіру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материал,

көктемде шығатын гүлдердің суреті, табиғи материал.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, су, сүлгі орнатқыш, қылқалам, үнтаспа.

Билингвальды компонент: көктем весна, гүл цветок, қызғалдақ тюльпан.

Кіріктірілген білім беру салалары: "Қатынас", "Әлеумет"

ҰОҚ-нің кезеңдері: Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Мотивациялық қозғаушы:

«Бұл қай мезгіл?» сипаттау арқылы ойын жүргізу.

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай-салаға толады.

Ағаш басы бүршік шашып,

Гүл-бәйшешек толады.

Бұл қай кезде болады?

Шеңберге тұрып, сұрақ-жауап айтады.

Ұйымдастыру -ізденушілік:

Жұмбақжасыру:

Өзі сондай нәзік.

Су құйсақ кетеді

Алақанын жайып. (Гүл)

–Балалар жұмбақ не
жайлы?

–Көктемде ең алғашқы ерте гүлдейтін гүлдердің атауың білесіндерме? Балаларды сөйлету, оларды тыңдау, еркін сөйлеулерін қадағалау.

–Бәйшешек, қызғалдақ.

–Көктем мезгілі.

–Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, гүлдер шығады, құстар ұшып келеді, жәндіктер, жануарлар оянады. Нәзік, әдемі, хош иісті ақ, сары, қызыл түсті гүлдер көбейеді.

Билингвальды компонент: көктем весна, гүл цветок, қызғалдақ тюльпан.

Сергіту сәті.


Гүлдей жайнап өсеміз,

Қызғалдақтай құлпырып. Әдемі де, нәзікпіз

Шетімізден шеберміз. Денемізді бос ұстап Билеп, билеп аламыз.

Педагог демонстрациялық материалға назар аударуларын сұрайды.

Қазіргі салатын гүліміз өздерің айтқан гүлдердің бірі, қызғалдақ гүлінің суретін саламыз. Суретті салғанда оның хош иісі сезіліп тұрсын.

Дымқыл қылқаламмен сурет салу әдісімен таныстыру. Қылқаламмен дұрыс жұмыс жасауын қадағалау.

Бірінші гүлдің сабағын салғызу. Одан кейін жапырақтары, оның түсін дұрыс таңдауын көрсету. Жапырақ мен гүлдің күлтесін - сүлгі орнатқышты пайдаланып салғызу. Табиғи матералмен жұмыс жасауға үйрету. Одан гүлдің күлтесін, қызғалдақ гүлінің салынуын көрсету.

Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар гүлдің ерекшеліктеріне көңіл аударып, қылқаламды жеңіл қозғалыста ұстап, бейнені нақты беруге тырсады,сабағын түзу екі сызықпен біртіндеп жіңішкерте сызып, жоғарғы бөлігіне (үшбұрышқа, сопақшаға т.б. ұқсайтын) гүлін, сосын жапырақтарын салады, бояйды.
Педагог қорытынды жасайды.

Салған суреттерін тексеру, мақтау және мадақтау.

Балалар салған суреттеріне өздері баға береді.

Балаларды смайликпен марапаттау. Көрме ұйымдастыру.

"Жаңабұлақ жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-сі



Ересек топта ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Алғашқы гүлдер (заттық сурет салу)

Өткізген: Ихсанова А.Н.

"Қарлығаш" шағын орталығы

2021-2022 оқу жылы