Файл: . А. Ясауи атындаы Халыаралы аза трік университеті Шымкент кампусы Жоары медициналы білімнен кейінгі білім беру Факультеті Клиникалы фармокология.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 37

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Жоспары:

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

Шала антигендер – деп меншік тін нәруыздарына байланысқаннан кейін олардың антигендік қасиетін өзгертетін қарапайым химиялық топтарды айтады

Аллергия – организмның қоршаған ортаның әр түрлі әсерлеріне, антигенді қасиеті бар заттарға жоғары сезімталдығы,аллергиялық аурулардың негізінде иммунологиялық механизмдер жатыр:

Аллергиялық реакциялардың 2 түрі болады :

Аллергияға қарсы заттардың жіктелуі:

ЖДЖСР кезінде қолданатын заттар

1. Жасушалардан ББЗ-дың және гистаминнің босап шығуына кедергі жасайтын заттар

А) Глюкокортикоидтар: преднизолон, дексаметазон және т.б.

Б) Адреномиметиктер: адреналин, изадрин, орципреналин, сальбутамол

В) Мес жасушаларының дегрануляциясына кедергі жасайтын заттар: Кромоглиций қышқылы (интал), кетотифен, недокромил

2. Гистаминнің тіндік рецепторлармен әсерлесуіне кедергі жасайтын заттар (гистаминге қарсы заттар)

Н1-рецепторларды тежейтін заттар: димедрол, дипразин, диазолин, тавегил, супрастин

БДЖСР кезінде қолданатын заттар

1. Иммуногенезді , айрықша жасушалық иммунитетті тежейтің заттар (иммунодепрессанттар):

А) глюкокортикоидтар

Б) Цитостатиктер:меркаптопурин, циклофосфан

Адреномиметиктер

Мес жасушаларының дегрануляциясына кедергі жасайтын заттар (Мес жасушаларының мембранасын тұрақтандыратын заттар): Недокромил, Кромоглиций қышқылы (кромолин, интал), Кетотифен., недокромил

Әсер ету механизмі: мес жасушаларына айқын мебрана тұрақтандырғыш қасиет көрсетеді, осылайша олардың дегрануляциясын шектейді.

Ол мес жасушасынан аллергия медиаторларының босап шығуына кедергі жасайды

Қолданылуы: бронхиалды демікпенің ентікпесінің жиілігін азайту үшін, астматикалық бронхитте, пневмосклерозда қолданады.

Н1-рецепторларды тежейтін антигистаминді заттар

Гистамин - аллергияның, қабынудың дамуына қатысатын биогенді зат

Глюкокортикоидтар (преднизолон, дексаметазон, флукортолон) (ГК)

ГК қабынуға қарсы және иммуносупрессивті әсерлері бар. Антиденелердің түзілуін тежейді, мес жасушаларының дегрануляциясын шектейді, жасушалық иммунитетті,

трансплантатты қабылдамау реакциясын тежейді, фагоциттердің белсенділігін тежейді.

Осыған байланысты глюкокортикоидтар әртүрлі аллергиялық реакцияларда тиімді болып келеді.

Цитостатиктер – жасушалардың бөлінуін және өсуін тежейтін заттар

ҚОРЫТЫНДЫ

Аллергия – организм өз тіндерінің бүліністерімен сипатталатын, бөтен текті заттарға оның өзгерген бұрмаланған,түрде иммундық жауап қайтаруын айтады.

Аллергияның себебі болып, организмде гуморальдық немесе жасушалық иммундық жауап туындататын антигендік қасиеттері бар көптеген заттар есептеледі. Олар аллергендер деп аталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:








Тақырыбы: Аллергияларды емдеудегі фармакокинетика және фармакодинамика ерекшеліктері





Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті

Шымкент кампусы

Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру

Факультеті

Клиникалық фармокология

Қабылдаған: Ботаева Қ.

Орындаған: Шертай М.

Тобы: ЖТД 604

Жоспары:

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

  • Аллергия дегеніміз не?
  • Жалпы этиологиясы және әсер ету механизмі
  • Жедел дамитын аллергиялық реакциялар
  • Баяу дамитын аллергиялық реакциялар
  • Аллергияға қарсы топ препараттары, олардың жіктелуі, әсер ету механизмдері, жанама әсерлері
  • Қорытынды


Кіріспе.

Аллергия – организм өз тіндерінің бүліністерімен сипатталатын, бөтен текті заттарға оның өзгерген бұрмаланған,түрде иммундық жауап қайтаруын айтады. Аллергияның патогенезін, диагностикасын, алдын-алу және емін аллергология зерттейді.

 Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиатрлары К.Пирке мен Б.Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2 ғасыр) раушан гүлінен адам мұрынының бітіп қалатыны туралы жазған.

Этиологиясы

Аллергияның себебі болып, организмде гуморальдық немесе жасушалық иммундық жауап туындататын антигендік қасиеттері бар көптеген заттар есептеледі. Олар аллергендер деп аталады.

Аллергендер

Толық Шала

антигендер антигендер

Шала антигендер – деп меншік тін нәруыздарына байланысқаннан кейін олардың антигендік қасиетін өзгертетін қарапайым химиялық топтарды айтады

Аллергия – организмның қоршаған ортаның әр түрлі әсерлеріне, антигенді қасиеті бар заттарға жоғары сезімталдығы,аллергиялық аурулардың негізінде иммунологиялық механизмдер жатыр:

  • Организмге антигендер әсер еткенде гуморальды иммунитеттің жүйесі белсенеді және мес жасушаларына бекітілген Е классындағы антиденелер түзіледі.
  • Организмге антиген қайта түссе, онда олар антиденелермен әрекеттеседі. Бұл мес жасушаларының дегрануляциясына, олардан аллергия медиаторының (гистамин және т.б.) бөлінуіне және аллергиялық реакцияның дамуына әкеп соқтырады.

Аллергияға қарсы дәрілерге жатады:

1. Н1-рецепторларын тежейтін гистаминге қарсы заттар (дифенгидрамин гидрохлориді, мебгидрамин, квифенадин, хлоропирамин, прометазин гидрохлориді, клемастин, астемизол, цетиризин, лоратадин).


2. Мес жасушаларының бұзылуына кедергі жасайтын дәрілер (кромоглиций қышқылы, недокромил натрий, кетотифен).

3. Глюкокортикоидты дәрілер («Бүйрек үсті безі қыртысы гормондарының дәрілік заттары» тақырыбын қарау).

4. Аллергияға қарсы симптоматикалық дәрілер (эпинефрин, аминофиллин, теофиллин).

Аллергиялық реакциялардың 2 түрі болады :

  • Жедел дамитын жоғары сезімталдылық реакциясы (ЖДЖСР)
  • ЖДЖСР өте жылдам басталады –сенсибилизацияланған организмге аллерген түскен соң бірнеше минуттан кейін дамиды да бернеше сағатқа созылады. Олардың даму механизмі гуморальды иммунитеттің реакциясымен байланысты (анафилактикалық шок, поллиноздар, Квинке ісігі, есекжем)
  • Баяу дамитын жоғары сезімталдылық реакциясы (БДЖСР)
  • БДЖСР 8-12 сағаттан соң дамиды және бірнеше күнге дейін, кейде бірнеше аптаға дейін созылады. Олар тіндік реакциялармен сипатталады және жасушалық иммунитеттің реакциясымен (аутоиммунды реакциялар, экзема, контактты дерматиттер, трансплантанттың қабылдамау реакциясы және т.б.) байланысты.

Аллергияға қарсы заттардың жіктелуі:

ЖДЖСР кезінде қолданатын заттар

1. Жасушалардан ББЗ-дың және гистаминнің босап шығуына кедергі жасайтын заттар

А) Глюкокортикоидтар: преднизолон, дексаметазон және т.б.

Б) Адреномиметиктер: адреналин, изадрин, орципреналин, сальбутамол

В) Мес жасушаларының дегрануляциясына кедергі жасайтын заттар: Кромоглиций қышқылы (интал), кетотифен, недокромил

2. Гистаминнің тіндік рецепторлармен әсерлесуіне кедергі жасайтын заттар (гистаминге қарсы заттар)

Н1-рецепторларды тежейтін заттар: димедрол, дипразин, диазолин, тавегил, супрастин

БДЖСР кезінде қолданатын заттар

1. Иммуногенезді , айрықша жасушалық иммунитетті тежейтің заттар (иммунодепрессанттар):

А) глюкокортикоидтар

Б) Цитостатиктер:меркаптопурин, циклофосфан

Адреномиметиктер

  • Адреналин —анафилактикалық шок кезінде (артериялық қан қысымының төмендеуімен, бронхоспазммен және кеңірдектің ісіңуімен жүретін өліммен қауіпті аллергиялық реакция кезінде) қолданылады
  • Әсер ету механизмі: Аденилатциклазаны белсендіреді, цитоплазмада Са2+ мөлшері төмендейді, сондықтан аллергия медиаторының бөлінуі төмендейді.
  • Эфедрин (симпатомиметик) Бронхиалды демікпенің жеңіл түрлерінде қолданады.
  • Адреномиметиктердің жанама әсерлері: гипертония, тахикардия, ОНЖ белсенуі.
  • Аллергиялық бронхоспазмды басу үшін ингаляционды β2-адреномиметиктерді қолданады - сальбутамол, тербуталин, фенотерол

Мес жасушаларының дегрануляциясына кедергі жасайтын заттар (Мес жасушаларының мембранасын тұрақтандыратын заттар): Недокромил, Кромоглиций қышқылы (кромолин, интал), Кетотифен., недокромил

Әсер ету механизмі: мес жасушаларына айқын мебрана тұрақтандырғыш қасиет көрсетеді, осылайша олардың дегрануляциясын шектейді.

Ол мес жасушасынан аллергия медиаторларының босап шығуына кедергі жасайды

Қолданылуы: бронхиалды демікпенің ентікпесінің жиілігін азайту үшін, астматикалық бронхитте, пневмосклерозда қолданады.

  • Жанама әсерлері: жөтел, ауызды кептірү, дерматиттер, миозиттер, гипоацидті жағдайлар, гастроэнтерит, аллергия.

Н1-рецепторларды тежейтін антигистаминді заттар

Гистамин - аллергияның, қабынудың дамуына қатысатын биогенді зат

Гистамин қан-тамырларды кеңейтеді, олардың өткізгіштігін жақсартады, артериялық қысымды төмендетеді, бронхтардың тонусын жоғарылатады. Бұл әсерлер гистаминді Н1-рецепторлардың ынталануында байқалады. Н1-рецепторларды тежейтін заттарды аллергиялық реакциялар кезінде қолданады— есекжем, тері қышымасы, аллергиялық конъюнктивит, ангионевротикалық ісік ( Квинке ісігі), вазомоторлы ринит және т.б. ОНЖ-не өтетін Н1-рецепторларының блокаторлары әсер көрсетеді.
  • Жіктемесі
  • I ұрпақты: дифенгидрамин, клемастин, прометазин, хлоропирамин
  • II ұрпақты: астемизол, терфенадин
  • III ұрпақты: ұрпақты азеластин, лоратадин
Қолдану көрсеткіштері: Есекжем, қышыма, поллиноздар, ангионевротикалық ісік, құрт-құмырсқаның шағуы, дәріге аллергия болғанда, сарысулы ауру. Сонымен қатар ұйықтатқыш зат ретінде және қозғалыс ауруларының (теңіз және ауалық аурулар) алдын алу үшін қолданады. Жанама әсерлері: қысқа уақытты жансыздану, ауыздың шырышты қабатының құрғауы, ұйқышылдық, әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеу, лоқсу. Балаларда үлкен мөлшерде қолданған кезде қозғалыстық және психикалық қозулар, ұйқысыздық, тырысулар.
  • Клемастин (тавегил) димедролдан ұзақ уақыт (12 сағаттай) әсер етуімен ерекшелінеді. Белсенділігі жоғары және ұйқышылдықты туғызбайды.
  • Прометазин (дипразин, пипольфен) – Өте жоғары әсерлі аллергияға қарсы препарат. Әсер ету ұзақтығы 4-5 сағат.
  • Хлоропирамин (супрастин) аллергияға қарсы әсерінен басқа спазмолитикалық қасиеті бар.
  • Жоғарыда айтылған препараттардың қолайсыз седативті және ұйықтатқыш әсерлерін ескере отырып,
  • II ұрпақты— астемизол, терфенадин антигистаминді препараттар шығарылған.
  • кейіннен — III ұрпақты препараттаразеластин, лоратадин (кларитин) шығарылды.
  • Олардың I ұрпақты антигистаминді препараттардан ерекшелігі ОНЖ тежемейді және аллергияға қарсы әсері ұзаққа созылады.

Глюкокортикоидтар (преднизолон, дексаметазон, флукортолон) (ГК)

ГК қабынуға қарсы және иммуносупрессивті әсерлері бар. Антиденелердің түзілуін тежейді, мес жасушаларының дегрануляциясын шектейді, жасушалық иммунитетті,

трансплантатты қабылдамау реакциясын тежейді, фагоциттердің белсенділігін тежейді.

Осыған байланысты глюкокортикоидтар әртүрлі аллергиялық реакцияларда тиімді болып келеді.

Аллергияның ауыр және орташа ауырлықты көріністерінде (анафилактикалық шок, Квинке ісігі, сарысу ауруы жәнет.б.) қолданады, сонымен қатар мүшелер мен тіндерді алмастыру кезінде қосымша зат ретінде қолданады.

Цитостатиктер – жасушалардың бөлінуін және өсуін тежейтін заттар

  • Цитостатиктер әсіресе жылдам бөлінетін жасушалардың бөлінуін айқын тежейді: сүйек кемігінің жасушалары, АІЖ-ның эпителийі, жыныс бездерінің жасушалары, қатерлі ісік жасушалары. Оларда қатерлі ісік ауруларында, кейбір жағдайларда – иммуносупрессорлы зат ретінде қолданады.
  • Циклофосфамид, метотрексат, азатиоприн
  • Қолдану көрсеткіштері:
  • 1) аутоиммунды ауруларда (ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі және т.б.)
  • 2) иммунитетті тежеуіне байланысты мүшелер мен тіндерді алмастырған кезде дамитын транспланттатты қабылдамау реакциясының алдын алады.

    3) Ісікке қарсы зат ретінде қолданады.

    Жанама әсерлері: сүйек кемігінің тежелуі (лейкопения, анемия, тромбоцитопения), өкпенің интерстициалды фиброзы , геморрагиялық цистит, аменорея, азооспермия, лоқсу, құсу, алопеция.

ҚОРЫТЫНДЫ

Аллергия – организм өз тіндерінің бүліністерімен сипатталатын, бөтен текті заттарға оның өзгерген бұрмаланған,түрде иммундық жауап қайтаруын айтады.

Аллергияның себебі болып, организмде гуморальдық немесе жасушалық иммундық жауап туындататын антигендік қасиеттері бар көптеген заттар есептеледі. Олар аллергендер деп аталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • В.Г. Кукес Клиническая фармакология 2000 г.(195-204)
  • Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. изд. Дом
  • «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-(591 б).
  • Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001.
  • – (С 201-206, 300 б.)
  • Фармакология (Харкевич Д.А.) оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. – (607 б).
  • http://www.apreka.ru/?a=issledovanie_biotsenoza_kishechnika
  • https://planetazdorovo.ru/about/articles/preparaty-dlya-vosstanovleniya-mikroflory-kishechnika/
  • https://r-tf.ru/prebiotiki