ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 32
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Саяси партиялар
Орындаған;Көшкін Айдын
Тексерген:Смаханова Жанар
Саяси партия
- Саяси партия — мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.[1]
- Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:
- 1) аристократиялық үйірмелер;2) саяси клубтар;3) көпшілік партиялар.Демократиялық тәртіп жағдайында партиялар азаматтар, әлеуметтік топтар мен қоғам мүдделерін шынайы саяси үрдіске айналдыра алады.
Қызметтері
- Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.
Саяси партиялардың жіктелуі
- Саяси партиялардың жіктелуі - М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты:
- а) маманданған;ә) бұқаралық деп жіктейді.Маманданған деп қатарында сайлаушылардың 10%-дан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды.
- Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:
- 1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.Партияларды таптық негізде жіктеу: жүмысшылар, шаруалар, буржуазиялық. Саяси жүйедегі рөліне байланысты: парламенттік, сайлаулық, жетекші және мақсаттық деп жіктелуі.
- Саяси партиялардың олигархизациялануы - [грек, oliga- гсЫа - азшылық билігі] - партиялар дамуына тән үрдісті негіздеу: әлеуметтік ұйымдарды басқаруда демократиялық түрдегі ұйымдардан қатаң бюрократиялық аппаратқа көшу. Бұл теорияның негізін қалаушылар М.Острогорский (1854-1912) және Р.Михельс (1876- 1936).
- М.Острогорский өз еңбегінде партия қызметін талдауда бұқаралық партияларды бюрократиялық ұйымдарға айналдыратын биліктік құрылымдарды көрсеткен. Р.Михельстің зерттеу нысаны неміс социал-демократиясы болғанына қарамастан, жалпы қорытындылар партия институтына қатысты жасалды.
- Бұл институт талдауда шешуші ұғым - ұйым, ол кез келген әлеуметтік күштің нақты мақсатты көздейтін тиімді қызмет формасы. Саяси күрестің сыртқы жағдайлары, құрылымы мен қызметтерін қысқарту қажеттілігі ықпалынан партия өз әрекетшілдігін көтеру үшін өзінің ішкі ұйымын қайта құрады. Осының салдарынан демократиялық құрылыстан сатылы құрылысқа көшу үрдісі басталады. Ерекше кәсіби топ - олигархия билік пен басқаруды өз қолына шоғырландырады. Еркін пікірлестер одағы тармақталған бюрокартиялық аппараты бар ұйымға айналады. Енді Р.Михельс пікірінше, партиялардың ұлы қағидаттар үшін күресуі мүмкін емес. Ол "демократия олигархияга әкеледі" ұстанымы барлық партияларға тән деп есептеді. Олигархия әлеуметтік ұйымдарды басқарудың ажырамас түрі. Бір "саяси тап" орнына міндетті түрде екінші тап келеді.[2]