Файл: Биология пнінен жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 9сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 208
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
1 – ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
9.1С «Aдам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Aдам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімі бойынша
«Қоректену» және «Заттардың тасымалы» бөлімдері бойынша
2 – ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
9.2В «Бөліп шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
C «Координация және регуляция» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
– ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
9.3В «Молекулалық биология» және 9.3С «Жасушалық цикл» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
D «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары» және 9.3E
А «Көбею» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Биология» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9 -сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 9-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс негізгі мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет - сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
МАЗМҰНЫ
-
– ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 4
9.1А «Жасушалық биология» және 9.1В «Тірі ағзалардың көптүрлілігі, биосфера және экожүйе» 4
9.1С «Aдам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 9
-
D «Қоректену» және 9.1Е «Заттардың тасымалы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 13
-
– ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 19
-
А «Тыныс алу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 19
9.2В «Бөліп шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 22
-
C «Координация және регуляция» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 26
-
– ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 30
-
А «Қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 30
9.3В «Молекулалық биология» және 9.3С «Жасушалық цикл» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 34
-
D «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары» және 9.3E «Микробиология және биотехнология» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 38
-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 43
-
А «Көбею» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 43
9.4 В «Өсу мен даму» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 47
9.4 С «Эволюциялық даму» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 50
1 – ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
-
А «Жасушалық биология» және 9.1В «Тірі ағзалардың көптүрлілігі, биосфера және экожүйе»
Оқу мақсаттары 9.4.2.1 Өсімдік және жануар жасушаларының негізгі
бөліктерінің құрылысы мен қызметін түсіндіру
9.4.2.2 Микрофотографияны қолданып, жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу
9.1.1.2 Өсімдіктер мен жануарлардың ерекше белгілерін ағзаларды анықтауда қолдану (анықтауыштар бойынша)
9.3.1.4 Азот пен көміртектің табиғаттағы айналымының сызбасын құру
Бағалау критерийлері Білім алушы:
-
Өсімдік және жануар жасушаларының негізгі бөліктерінің құрылысы мен қызметін сипаттайды -
Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептейді -
Ағзаларды анықтауда өсімдіктер жануарлардың ерекше белгілерін қолданады -
Азот пен көміртектің табиғаттағы айналымының сызба түрінде көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
-
Төменде диаграммада жасыл жапырақтың борпылдақ мезофилл жасушасы берілген.
Жануар жасушасына тән емес құрылымдар қандай сандармен берілгенін анықтаңыз: |
А. 1,3 және 4 |
В. 1,4 және 5 |
С. 2,3 және 4 |
D. 3,4 және 5 |
2. Сызбада тірі ағзаның жасушасы берілген. | |
(а) Жасушаның қандай ағзаға тән екенін анықтаңыз. | |
| |
(b) Н және Gәріптерімен берілген органоидтарды және олардың қызметтері туралы кестені толтырыңыз. |
| Органоид аты | Атқаратын қызметі |
Н | | |
G | | |
-
Оқушы митохондрияның диаграммасын салды.
Оның сызықтық ұлғаюы × 20000, ұзындығы 5 см. Митохондрияның нақты өлшемін анықтаңыз.
-
Суретте бес әр түрлі сүтқоректі жануарлар және оларды ерекше белгілері бойынша ажырататын кілт берілген.
Кілтті қолдана отырып сүтқоректілерді анықтаңыз.
Кілт
Сипаттамалары | Сүтқоректінің атауы |
(а) құлағының ұзындығы басының мөлшерінен артық (b) құлағының ұзындығы басының мөлшерінен кем | O. cuniculus 2-ге өтіңіз: |
2 (а) құйрығындағы терісі бір ғана түсті (b) құйрығының ұшындағы терінің түсі әр түрлі | 3 өтіңіз 4-ке өтіңіз |
3 (а) аяғында жарғақ бар (саусақтарының арасында тері) (b) аяғында жарғақ жоқ (саусақтарының арасында тері болмайды) 4 (а) құйрығының ұшындағы терінің түсі ақ (b) құйрығының ұшындағы терінің түсі қара | M. vison M. leucurus V. vulpes M. erminea |
Жауап кестесі:
Сүтқоректі | Сүтқоректі атауы |
A | |
B | |
C | |
D | |
E | |
-
Сызба көміртек айналымының бір бөлігі туралы ақпарат береді.
(а) A, B, C және D әріптерімен берілген үрдістерді атаңыз.
A B C D
-
Аталған тірі ағзалардың өздеріне ғана тән қосылыстар туралы кестені толтырыңыз.
Тірі ағзалар | Қосылыс аты |
Өсімдіктер | |
Жануарлар | |