Файл: Сж таырыбы Метаболизмні гормондармен реттелуіні бзылыстары.ppt
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Астана қаласының медицина университеті АҚ
Жалпы және биологиялық химия кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Метаболизмнің гормондармен реттелуінің бұзылыстары
Орындаған: Айткулова А, Асылбекова Г, Батырғали Ш, Жақсылық А, Жарылғасова Л, Жұмабай А, Қайырбек С.
Тексерген: Серикбаева Н.У
Астана қаласы 2017-2018 ж.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Гормондарға жалпы сипаттама
Заттар алмасуының гормональды реттелуі.
Гормональды реттелудің бұзылыстары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Гормондар дегеніміз – биологиялық белсенді зат
Арнайы клеткаларда ішкі секреция бездері бөлетін сұйықтық – гормондар деп аталады. Ол қанға өтіп, заттар алмасуының реттеушілік қызметін атқарады.
Эндокринология – гормондар туралы ғылым.
Эндокринді бездер мен гормондарды алғаш рет Т. Адиссон ашқан. Кейін оның тұжырымдамаларын Клод Бренар және Ш. Броун – Секар дәлелдеген.
Клеткалы ағзалар деңгейінде
Клеткалы ағзалар деңгейінде мүшелер мен тканьдердің физиологиялық қызметтері мен заттар алмасуын реттеу – нейро – гуморальді механизімдермен жүзеге асырылады, онда эндокринді бездер бөлетін жоғарғы өзгешелік қосылыстар – гормондар ерекше орын алады.
Гормондар өтпелі бөлік болып табылады, солар арқылы жүйке жүйесі клеткаларының қызметтеріне өзінің әсерін тигізеді де, көптеген алмасу процестерінің клеткааралық, мүшеаралық үйлесуін қамтамасыз етеді
Гормональді реттелу мынандай негізгі процестерді бақылайды:
Белок пен нуклеин қышқылдарының синтезін, яғни бүкіл ағзаның өсуін реттеу.
Гендердің дифференциалды белсенділігі. Ағзаның дамуы
3. Метобалитикалық гомеостаздың қалыптасуы және сақталуы.
4. Адамның іс – қимылы мен мінез – құлық әрекеті.
Гормональді реттелудің кезеңдері:
Гормондар синтезінің қарқындылығы мен оларды эндокринді бездің қанға бөлу жылдамдығына;
Гормондардың белсенді түрлерінің деңгейі мен олардың залалсыздануына, сонымен қатар метобализмнің жылдамдығына байланысты;
3. Клетка – нысаналардың рецепторларының бүтінділігі мен сезімталдыңына байланысты;
4. Гормонаралық қарым – қатынастар жағдайы мен әсер етуші гормондардың әсер ету механизімдерінің ерекшеліктеріне байланысты.
Гормондардың адаптивті қызметі тек өтпелі метаболизмді реттеуде емес, сонымен қатар ағзаның жылу алмасуын реттеуде де ерекше орын алады. Ағзада жылу алмасу энергетикалық алмасуды құраушы жылуды өндіру және жылу беру процестерінен тұрады.
Жылы қанды жануарларда температуралық гомеостазды сақтауда гипоталамустық орталықтар және гормондар маңызды орын алады. Алдыңғы гипоталамуста жылу бөлуді күшейтетін орталықтар , ал артқы гипоталамуста жылуды өндіруді ынталандыратын және тежейтін орталықтар орналасқан.
Дене температурасын бақылайтын орталық механизмдер жүйке - өткізгіштік механизмдердің көмегімен, соның ішінде адрено – тиреоидты жүйе қатысатын нейрогуморальді механизмдер арқылы іске асады.
Г О Р М О Н Д А Р
Г О Р М О Н Д А Р
Либириндер:
Соматолибириндер,
Менланолибериндер,
Проолактолибериндер,
Тиреолибериндер,
Люлибериндер,
Фоллибериндер, кортиколибериндер
Статиндер:
Соматостатин,
Меланостатин,
Пролактостатин
Гипофиздік гормонның бөлінуі либериндердің көмегімен жылдамдаса, статиндермен баяулайды.
Әр гормонның адам организімінде атқаратын өзіндік бір қызметі бар. Егер ол қалыптыдан тыс асып немесе жетіспесе, онда белгілі бір патологиялық ауруға шалдығады.
Егер бұзылыстарына тоқталатын болсақ:
Ағзадағы андрогендердің жетіспеуі жыныс мүшелерінің дұрыс жетілмеуіне, екіншілік жыныс белгілерінің дамуы мен жыныстық белгілердің болмауына, сүйек эпифизінің қатаюы процесінің кешеуілденуіне, қанқалық бұлшықеттің атрофиясы, ішкі мүше мен тері асты клетчаткасында майдың көп жинақталуына әкеледі.
Тиреоидты гормондардың қалыпты жағдайдан ауытқуы екі түрлі жолмен жүруі мүмкін:
Гормон өте көп бөлінгенде (гиперфункция)
Гормондар аз бөлінсе немесе иод жетіспеген жағдайда (гипофункция) балалардың ағзасының өсуі нашарлайды, мінез – құлқы өзгеріп, ақыл – есі кеміс болуы мүмкін.
Қалқанша безінің гиперфункциясы кезінде (гипертериоз) йодтирониннің көп түзілуі байқалады. Оны Базедов ауруы немесе тиреотоксикоздар деп атайды.
Қалқанша безінің гипофункциясын гипотериоз деп атайды, ол ағзада йодтирониннің жетіспеушілігінен пайда болады. Жаңа туған сәбилер мен кішкентай балалардың гипотиреозын кретинизм немесе балалар микседемасы деп атайды
Кретинизмнің салдары
Эндемиялық жемсау – қалқанша безінің зақымдалуының бір түрі. Эндемиялық жемсау су мен өсімдіктерде йод жетіспейтін, таулы жерлерде тұратын адамдарда дамиды. Эндемиялық жемсауды йодқа бай тағам өнімдері мен әсіресе, йодталған ас тұзымен емдейді.
Эндемиялық жемсаудың сыртқы көріністері
Эндокриндік бездердің жұмысының бұзылуы - бүйректің, бауырдың, сүйек, ішектер, жүректің су мен тұздардың алмасуының тепе - теңдігінің бұзылуына әкеп соқтырады. Нефрит, алкалоз, ацидоз, диабет, шок; өкпенің қабынуы, диарея, ісік, инфаркт сияқты аурулар, су мен натрий алмасуының бұзылуына байланысты.
Ұйқы безінің гормоны, инсулиннің бұзылысы – қант диабетіне әкеп соқтырады.
Диабет
Инсулинге тәуелсіз
Инсулинге тәуелді
Қант диабетінің негізгі симптомдары – гипергликемия және глюкозурия, кетонемия мен кетонурия, ацидоз болып табылады. Кетон денелердің жинақталуы мен май қышқылдарының катобализміның күшеюінен болады.
Глюкоза мен кетон денелердің жоғары деңгейі қанның және клеткааралық сұйықтықтың осмолярлығын арттырады. Тканьдер дегидротациясы жүреді. Шөл қысу симптомдары дамиды. Судың қажеттілігі артады (полидипсия). Ағзадан шығатын сұйықтық пен зәрдің көлемі артады (полиурия)
Бүйрекүсті безінің гормондары бұзылғанда: Иценко – Кушинг ауруы туындайды. Ол бүйрекүсті безінің қыртысты затынан глюкокартикоидтардың шамадан тыс көбеюімен сиптталады. Иценко – Кушинг ауруы әйелдерде – гирсутизм, ал еркектерде жалған евнухоидизм симптомдары мен қатар жүреді
Бүйрекүсті безінің дисфункциясына Адрено – генитальды синдром да жатады.
Бұл ауру бүйрек үсті безі қабатының гиперплазиясымен және еркектену симптомдарының дамуымен байланысты. Қыз балаларда жалған гермафродитизм түрінде, ер балаларда уақытынан ерте жыныстық даму түрінде көрініс береді.
Адрено – генитальды синдромның негізінде кортикостироидтың биосинтез жүйесінің
кейбір ферменттерінің жартылай немесе толық
тежелуі жатыр.
Ағзаның физиологиялық қызметтері мен метаболизмінің эндокринді бақылау күрделі ұйымдасқан өзгешелік гармональды комплекстердің көмегімен іске асырылады. Әрбір функциональды комплекстегі гармондардың өзара әсер ету әр деңгейде тепе – теңдікте және ортаның жүйке жүйесінің қызметінен тығыз байланысты болады. Олай болса функционалды гармоналды комплекстің кез – келген бөлігіндегі зақымдалу метаболизмнің бұзылуына әкеледі.
Қорытынды:
Пайдаланған әдебиеттер:
Медициналық биохимия Тапбергенов О.С. Алматы 2009ж.
Биохимия Сеитов З.С. Алматы 2012ж.
Биологическая химия Т.Т. Березов Москва 1990г.