ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.10.2020

Просмотров: 2323

Скачиваний: 21

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Студенттердің білімін бақылау және бағалау материалдары

«Криминология» пәні бойынша емтихан сұрақтары

  1. Криминология түсінігі, мазмұны және пәні.

  2. Криминология жүйесі.

  3. Криминологиялық ақпарат көздері.

  4. Криминология курсының өзге құқықтық салалармен байланыстылығы.

  5. Қылмыстылық түсінігі және оның нысандары.

  6. Қылмыстылықтың сандық көрсеткіштері.

  7. Қылмыстылықтың сапалық көрсеткіштері.

  8. Латентті қылмыс түсінігі және оның түрлері.

  9. Қазақстандағы қылмыстылықтың жалпы сипаттамасы.

  10. Қылмыстылық құрылымы.

  11. Қылмыстылық динамикасы.

  12. Қылмыстылық деңгейі және Қылмыстылық қарқындылығы.

  13. Қылмыскерлік детерминациясы ұғымы.

  14. Криминологиядағы себептілік ұғымы.

  15. Себептілікті әлеуметтік орта мен жеке бастың өз-ара әрекеттестігі ретінде қарау.

  16. Криминология тарихы.

  17. Криминологиялық зерттеулердегі статистика.

  18. Криминологиялық зерттеу: түрлері, мақсаты және міндеті.

  19. Нақты қылмыстың себептері.

  20. Криминологиядағы қылмыскердің жеке басы туралы түсінік.

  21. Қылмыскердің жеке басының криминологиялық сипаттамасы.

  22. Қылмыскерлер типологиясы мен классификациясы.

  23. Қылмыскерліктің алдын алу түсінігі мен принциптері.

  24. Қылмыскерліктің алдын алу шараларының классификациясы.

  25. Қылмыскерліктің алдын алу субъектілері.

  26. Қылмыстарды криминологиялық классификациялау.

  27. Рецидивті қылмыстылық түсінігі және оның сипаттамасы.

  28. Рецидивті қылмыстылықтының динамикасы, құрылымы, деңгейі.

  29. Рецидивист қылмыскердің криминологиялық сипаттамасы.

  30. Рецидивті қылмыстылықтының себептері.

  31. Рецидивті қылмыстылықтың алдын алу.

  32. Кәсібіи қылмыстылықтың түсінігі және нысындары.

  33. Қазіргі таңдағы криминологиялық кәсібилік.

  34. Кәсіби қылмыстылықтың себептері.

  35. Кәсіби қылмыстылықтың алдын алу.

  36. Ұйымдасқан қылмыскерлік түсінігі, түрлері.

  37. Ұйымдасқан қылмыскерліктің жүйесі мен динамикасы.

  38. Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысушы қылмыскерлердің криминологиялық сипаттамасы.

  39. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының түсінігі мен динамикасы.

  40. Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің криминологиялық сипаттамасы.

  41. Кәмелетке толмағандардың қылмыскерлілігінің себептері мен алдын алу жолдары.

  42. Әйел қылмыстылығының түсінігі мен сипаттамасы.

  43. Әйел қылмыстылығының динамикасы мен себептері.

  44. Әйел қылмыстылығының алдын алу.

  45. Абайсызда жасалған қылмыстардың түсінігі, сипаттамасы.

  46. Абайсызда жасалған қылмыстардың құрылымы, динамикасы.

  47. Қылмыскерлердің сипаттамасы.

  48. Абайсызда жасалған қылмыстардың себептері.

  49. Зорлау, бұзақылық қылмыстарының түсінігі және сипаттамасы.

  50. Зорлау, бұзақылық қылмыстарының динамикасы, құрылымы.

  51. Зорлау, бұзақылық қылмыстарын жасаған адамның криминологиялық сипаттамасы.

  52. Зорлау, бұзақылық қылмыстылығының себептері және алдын алу.

  53. Меншікке қарсы пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы.

  54. Қылмыскердің криминологиялық сипаттамасы.

  55. Пайдакүнемдік сипаттағы қылмыскерліктің себептері мен алдын алу жолдары.

  56. Жемқорлық қылмыстылығының түсінігі

  57. Жемқорлық қылмыстылығының жалпы сипаттамасы.

  58. Қылмыскер тұлғасы және жемқорлық қылмыстылығының себептері.

  59. Жемқорлық қылмыстылығының саяси факторлары.

  60. Экологиялық қылмыстарының түсінігі мен түрлері.

  61. Экологиялық қылмыстардың динамикасы мен құрылымы.

  62. Экологиялық қылмыстылықтың себептері мен алдын алу.

  63. Базистік жалғаспалы әдістер.

  64. Интервалдарды біріктіру әдісі.

  65. Қылмыстылықтың қоғамға қауіптілігі.

  66. Криминологиялық болжаудың түсінігі мен міндеттері.

  67. Криминологиялық болжаудың негіздері мен түрлері.

  68. Жеке қылмыстық әрекеттерді болжау.

  69. Қылмыстылықпен күресті болжау.

  70. Ұйымдасқан қылмыс және қылмыстық іс-әрекет.

  71. Виктимологияның түсінігі.

  72. Виктимологияның пәні.

  73. Виктимділіктің түсінігі мен түрлері.

  74. Жәбірленушілерді топтау.

  75. қылмыскерлікті зерделеудегі мақсат.

  76. қылмыскерлікті зерделеудегі тану және бағалау.

  77. қылмыскерлік туралы ақпарат көздері және оның көрметкіштері.

  78. қылмыскерлікті қозғалыста зерделеу.

  79. Индивидуалды виктимділік түсінігі, сипаттамасы.

  80. Жәбірленушінің мінез- құлқы.

  81. Қылмыс жасау механизімінің жалпы сипаттамасы.

  82. Сыртқы орта және тұлғаның қалыптасуы.

  83. Нақты өмір жағдайының қылмыс жасау механизіміндегі орны.

  84. Индивидуалды мінез-құлықты болжау.

  85. Қылмскердің қалыптасуына әсер ететін құбылыстар.

  86. Сяси қылмыстардың түсінігі және сипаттамасы.

  87. Саяси қылмыстылылықтың формалары.

  88. Саяси қылмыстылықтың себептері мен алдын алу жолдары.

  89. Әскери қылмыстылық сипаттамасы.

  90. Әскери қызметкерлерінің жеке басының криминологиялық сипаттамасы.

  91. Қылмыстылықтың себептері мен алдын алу жолдары.

  92. Транснационалды қылмыстық ұйымдардың түсінігі мен шығу себептері.

  93. Қылмыскерлік пен күрес ұғымы және оның мазмұны.

  94. Қылмыскерлік пен күрестің жалпы ұйымдастырылуы.

  95. Қылмыскерліктің алдын алу.

  96. Зорлау қылмыстарының түсінігі мен түрлері.

  97. Денсаулық пен өмірге қарсы зорлау қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы.

  98. Зорлау қылмыстарының себептері.

  99. Бас бостандыққы қарсы зорлау қылмыстылығының түсінігі мен түрлері.

  100. Бас бостандыққы қарсы зорлау қылмыстылығының динамикасы.

  101. Зорлау қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы.

  102. Зорлау қылмыстылығының алдын алу жолдары


СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2016

Ф.4.09-33

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

(пәнің атауы)

Шифр

Әдебиет атауы

Бар болуы

ескерту

Кітапхана-дағы саны

қамтам-ның

%



Негізгі




1

Х628.3я73

А39

Алауханов, Е .О. Криминология (Қылмыстану) [Мәтін]: Оқулық / Е .О Алауханов.- Алматы: Жетi жарғы, 2005.- 232б.

40

0,8


2

Х628.3(2К)я73

А45

Алауханов, Е.О. Налоговые преступления [Текст]: Учебное пособие / Е.О. Алауханов, К.Т. Ахмедин.- Алматы: Юридическая литература, 2008.- 172с

10

0,3


3

Х628.3(2К)я7

Ж15

Жадбаев, С.Х. Криминология. [Текст]: Краткий курс лекции / С.Х. Жадбаев.- Алматы: Жетi жарғы, 2002.- 144с.

10

0,3


4

Х628.3я73

К82

Криминология [Текст]: Учебник для студ. вузов / Под ред. В.Н. Кудрявцева и В.Е. Эминова.- 2. изд., перераб. и доп.- М.: Юрист, 2002.- 686 с.

3

0,9


5

Х628.3я73

К82

Криминология [Текст]: Учебное пособие / Под ред. Н.Ф.Кузнецовой.- Москва: Проспект, 2008.- 328с.

10

0,3


6

Х628.3(2К)я73

К74

Криминология: Дәрістер курсы [Мәтін]: Оқулық.- Астана: Дәнекер, 2005.- 188 бет.

1

0,3


7

Х883

Ш76

Шнайдер, Г.И. Криминология [Текст] / Г.И Шнайдер; Под. ред. Л.О.Иванова.- М.: Прогресс-Универс, 1994.- 504 с.

2

0,3


8

Х628.332

Ж15

Жадбаев, С.Х. Правопарядок и поведение несовершенолетних [Текст] / С.Х Жадбаев.- Алма-Ата: Мектеп, 1982.- 112 с.

7

0,2


9

Х623(2К)

А45

Алауов, Е.О. Как уберечся от преступника [Текст] / Е.О Алауов, Ю.М Каракетов.- Алматы: Жетi жарғы, 1996.- 144 с.

2

0,3


10

Х628(2К)

А45

Алауов, Е.О. Проблемы правовой борьбы с вымогательством [Текст] / Е.О. Алауов.- Алматы: Жетi жарғы, 1997.- 224с.

1

0,3


11

Х628.3я73

А 45

Алауханов, Е.О. Преступное насилие в отношении женщин [Текст]: Учебное пособие / Е.О. Алауханов, Н.И. Каирова.- Алматы: Заң әдебиеті, 2008.- 230 с.

10

0,3


12

Х628.3(2К)я73

А45

Алауханов, Е. Профилактика преступлений [Текст]: Учебник / Е. Алауханов, З. Зарипов.- Алматы: Заң әдебиеті, 2008.- 376с.

10

0,3


13

Х62(2К)

Б37

Бегалиев, К. Предупреждение безнадзорности и правонарушений несовершенолетних.- [Текст] / К. Бегалиев.- Алма-Ата: Казахстан, 1980.- 105 с.

5

0,15


14

Х628.4

Б37

Бегалиев, К. Неправомерные действия подростков и их последствия [Текст] / К Бегалиев.- Алма-Ата: Мектеп, 1984.- 88 с.

5

0,15


15

Х628.3

Б37

Бегалиев, К. Меры борьбы с преступностью несовершеннолетних. Правовые и организационные основы деятельности органов прокуратуры в борьбе с правонарушени [Текст] / К Бегалиев.- Алма-Ата: Казахстан, 1975.- 208 с.

4

0,12


16

Х062.08

Б81

Бондаренко, В.Ф. Предупреждение правонарушений [Текст] / В.Ф Бондаренко.- Минск: Нар. асвета, 1986.- 80 с.

5

0,15


17

Ф3(2К)3я73

Б84

Борьба с коррупцией [Текст] / Под ред. Алауханова Е.- Алматы: Юридическая литература, 2008.- 288с.

10

0,3




Қосымша




18

Х628.1

В74

Вопросы борьбы с преступностью [Текст].- М.: Юридическая литература, 1981.- 112 с.

4

0,12


19

Х628.3

К82

Криминологические и уголовно-правовые проблемы наказания [Текст].- Алма-Ата: Наука, 1988.- 208 с.

1

0,3


20

Х628.111.3я73

М61

Миндагулов, А. Личность преступника [Текст]: Учебное пособие / А Миндагулов.- А.: КазГЮА, 2003.- 236с.

3

0,9


21

Х621(2К) 0

Х621.14

П78

Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане. [Текст].- Алматы: Жетi жарғы, 1996.- 187 с.

1

0,3


22

Х628.3(2К)я73

А45

Алауханов, Е. Налоговые преступления [Текст]: Электронная книга / Е. Алауханов, К. Ахмедин.- Алматы: Нұр-Пресс, 2009.- электр. опт. диск.

1

0,3


23

Х628.3я73

А45

Алауханов, Е. Преступное насилие в отношении женщин [Текст]: Учебное пособие / Е. Алауханов, Н. Каирова.- Алматы: Нұр-Пресс, 2009.- электр. опт. диск.

1

0,3


24

Х628.3(2К)я73

А45

Алауханов, Е. Профилактика преступлений [Текст]: Электронная книга / Е. Алауханов, З. Зарипов.- Алматы: Нұр-Пресс, 2009.- электр. опт. диск.

1

0,3


Көрнекілік материалдар (с.іш. Интернет)

25

Х628.3я73

Ж 81

Жұмағали, А. Криминология [Мәтін]: Оқулық / А. Жұмағали.- Алматы: Нұр-Пресс, 2005.- 1 электр. опт. диск.

1

0,3




http://www.allpravo.ru/library/doc4204p/instrum6815/






http://www.dissercat.com/content/preduprezhdenie-khishchenii-v-respublike-kazakhstan-ugolovno-pravovye-i-kriminologicheskie-a






http://www.iuaj.net/1_oldmasp/modules.php?name=News&file=article&sid=392






http://www.allpravo.ru/library/doc4204p0/instrum6815/item6819.html






http://nikolle.narod.ru/kriminolog1.htm






http://www.spishy.ru/referats/41/20033






http://www.litmir.net/br/?b=129717






http://www.alleng.ru/d/jur/jur025.htm






http://www.e-college.ru/xbooks/xbook110/book/index/index.html?go=index*






http://www.allpravo.ru/library/doc4204p/instrum6815/





Дәрістер кешені

1-ші дәріс. Криминология түсінігі, тәсілдері және жүйесі.

Дәріс жоспары:

1. Криминологияның пәні.

2. Криминологияның түсінігі. Криминологияның міндеттері.

3. Криминологияның жүйесі.

Негізгі ұғымдар: Қылмыснама, виктимология.

1. Криминологияның пәні. Криминология —қылмыстылықты зерттейтін ілім. Жалпы, криминолгия сөзі екі бөліктен тұрады, яғни латынша «сrimen-қылмыс» және грекше «logos-ілім». Демек, қылмыс туралы ілім болып шығады, бірақ та оның атауы аталған ғылымның немен айналысатындығын әлі де толық ашпайды. Себебі, қазіргі күні қылмыс мәселесімен айналысатын ғылымдар саны бірқатар. Оның ішінде қылмыстық құқықтың да, қылмысты іс жүргізу құқығының де, қылмыстық атқару құқығының да ғылымдары, сол сияқты құқықтық психология, социология (құқық социологиясы, қылмыс социологиясы және қылмыстық құқық социологиясы), философия (құқық философиясы мен қылмыс философиясы), статистика ғылымдары, тағы да басқа бірқыдыру ғылым салалары бар. Осы салалардың барлығы да қылмыс мәселелерімен айналысқанмен әрқайсысы әр қырынан келеді. Соның ішінде криминология да өз жолымен келуге тырысады. Демек, криминологияның ең алғашқы айналысатын мәселесі - қылмыс сияқты боп көрінеді, бірақ бұл әлі де нақты емес. Криминологияның ең басты мәселесі - қылмыстылық. Жұрт қылмыстылық пен қылмысты бір-ақ нәрсе деп ойлауы әбден ықтимал. Тіпті, қылмыстылықтың жасалған қылмыстардың жиынтығы деп те түсінеді. Иә сыртынан қарағанда солай: қылмыстылиқ - қылмыстардың жиынтығы, бірақ ішкі жағы мүлде олай емес. Себебі, қылмыс адам әрекетінің бір түрі ғана, ал қылмыстылық - құбылыс. Қылмыстылық қылмыстардың жиынтығынан тұрғанмен де одан мүлде бөлек сапаға ие болған. Бұл жерде диалектиканың санынан сапаға өту заңын еске түсірген жөн. Екі қылмыс қылмыстылық емес, он қылмыс та, тіпті, жүз қылмыс та қылмыстылық сапасына ие емес, ол үшін міндетгі түрде масса керек, яғни жаппай болуға тиісті.

Оның екінші айналысатын мәселесі - қылмыстылықтың себептері. Криминология пәнінің үшінші құрамдас бөлігі - жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары.

Қылмыстылықтың пайда болатын бастауларын ашу кезінде себептер мен өзге де жағдайларды бағалайтың қылмыс жасаушы адамның да жеке қасиеттерін айқындап, зерттеудің де маңызы зор. Сонымен, криминологияның пәнін құрайтын келесі, төртінші компонент - қылмыскердің тұлғасы.

Криминология жәбірленушінің де мінез-құлқы мен тұлғасын зерттеуді өз мойныиа алады және ол криминологиядан басқа ешқандай ғылымның зерттеу пәніне кірмейді (қылмыстық іс жүргізу оларды тек қорғауды жүзеге асырады).

Криминология ғылымының пәнін құрайтын келесі, алтыншы компонент – қылмыстылықтың алдын алу.

Қылмыстылықтың алдын алу үшін де белгілі бір әрекеттер жасауы керек. Соның бірі – қылмыстылықты болжау.


Сонымен, криминология ғылымының пәнін құрайтын компоненттер:

1) қылмыстылық;

2) қылмыстылықтың себептері;

3) жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары;

4) қылмыскердің тұлғасы;

5) жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасы;

6) қылмыстылықтың алдын алу;

7) криминологиялық болжау.

2. Криминологияның түсінігі. Криминология дегеніміз - қылмыстылықты, оның себептерін, жеке қылмыстардың себептері мен жағдайларын, жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасын, қылмыскердің тұлғасын, сондай-ақ қылмыстылықтың алдын алу мен болжауды зерттейтін салааралық ғылым.

Криминология ғылымын басқа қырынан да келіп анықтаушылар бар. Бірақ ол негізгі түсінікті толықтырушы ғана анықтама. Криминология қылмыстылықты ғана емес, онымен байланысты өздері қылмыстылықты құрамаса да онымен тікелей байланысты жағымсыз құбылыстарды зерттейді. Олар, айталық, жезөкшелік, өзін өзі өлтіру, маскүнемдік, наркомания т.б. Осылардың бәрі де (қылмыстылықты қоса алғанда) әлеуметтік ауытқулар. Әлеуметтік ауытқуларды зерттейтін ілімнің аты - әлеуметтік патология. Бірақ соңғы ілімнің айналысатын мәселесінің барлығы криминология үшін қажет емес, тек оның ішіндегі ең бір асқынған, қоғамға қауіпті түрлеріне ғана криминология ғылымы қызуғышылық танытады. Осыны ескере отырып, криминология дегеніміз - әлеуметтік патология деп аталатын жан жақты, конгломерат ілімнің өзегі болып табылады деушілер бар.

3. Криминологияның жүйесі. Криминология құқық саласы емес. Бірақ құқық салаларына тән қасиет мұнда да бар, ол — жалпы және ерекше бөлімдерден тұру. Криминологияның жалпы бөлімі (немесе жалпы криминология) жоғарыда аталған өз пәнін (қылмыстылық, оның себептері тағы басқалары) жалпылама қарастырады, яғни онда ешқандай да қылмыстылық түрі туралы әңгіме қозғалмайды. Ал ерекше бөлімде болса (немесе ерекше криминология) нақты қылмыстылықтың түрлері алынып, жалпы бөлімде алынған білімдер нақты қолданылады.

Криминологияның міндеттері. Криминология ғылымының мынандай үш түрлі міндетін атауға болады:

  1. Аналитикалық, яғни зерттеу міндеті. Қылмыстылықты, оның себептерін, қылмыскердің тұлғасын, жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасын (виктимологиялық аспектілерді) зерделеп, талдау.

  2. Болжау міндеті — криминогендік құбылыстардың болашақтағы өзгерістері туралы негізді ұсыныстар жасау.

  3. Әр түрлі жолмен тәжірибелендіру. Бұл қылмыстылықтың алдын алуға келеді, сол сияқты виктимологиялық профилактиканы да қолдануды көздейді.

Жалпы алғанда, айта кету керек, криминологияның қандай ғылымның ағымы екендігінде де әлем доктринасында бірізділік жоқ. Мысалға, оны англосаксондық жүйе — социологияның саласы десе, континентальдық доктрина - қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының арасындағы сала деп есептейді Соның ішінде, Италия — биологияға басымдық берсе (оның тарихи қалыптасқан себептері де бар), Франция – клиникалық жағына басымдық (психологиялық және психиатриялық аномалиямен байланыстырады) береді, ал Германия - биологиялық және социологиялықтың бәсекесі деп есептеп, соңғысына көбірек бүйрегі бұрады. Біздің қазақстандық доктрина криминологияның салааралық ғылым екендігін мойындай отырып, құқық салаларына жақын болуын қалайды. 2002 жылы Санкт—Петербург қаласында ТМД елдерінің криминологтарының конференциясы өтті (Қазақстаннан өкіл - проф. Е.Қайыржанов). Онда криминология ғылымындағы өзекті мәселелер мен әр түрлі жаңашыл көзқарастар талқыға ұсынылған. Соның бірі - криминологияны қылмыстық-құқықтық циклдағы салалардың методологиясы, үйлестірушісі ретінде қарастыру.


2-ші дәріс.

2-ші тақырып. Қылмыстылық түсінігі нысандары және оның даму тенденциялары.

Дәріс жоспары:

1. Қылмыстылықтың түсінігі мен белгілері.

2. Қылмыстылықтың көрсеткіштері.

3. Латентік қылмыстылық.

Негізгі ұғымдар: Қылмыстылық, қылмыстың қарқындылығы, қылмыстың динамикасы, қылмыстың құрылымы.

1. Қылмыстылықтың түсінігі мен белгілері. Қылмыстылық - бұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік, қылмыстық-құқықтық сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Осындай анықтаманы алпысыншы жылдары Н.Ф.Кузнецова берген болатын.

Қылмыстылықтың мынандай белгілері бар:

- оның салыстырмалы-жаппайлығы. Жалпы жаппай емес салыстырмалы жаппай болатым себебі – қоғамның бәрі қылмыстылық атты сырқатпен ауырмайды, тек белгілі бір бөлшегі ғана қылмыстылық құбылысына үлес қосады, ал тұмау эпидемиясы жаппай құбылыс, өйткені ол кездерде жұрттың бәрі тұмауратып шығады. Ал салыстырмалы жаппай болмаса да ол қылмыстылық емес, бар болғаны бірді-екілі немесе жүз-екі жүз қылмыстардың жиынтығы ғана болып қалады.

- тарихи өзгермелі болатындыга қоғамның қылмысқа деген көзқарасы үнемі өзгеріп отыратындығында. Бір уақыттарда қылмыс боп есептелген әрекеттер басқа бір кезде қылмыс емес немесе керісінше. Мысалға, Кеңес дәуірінде алып-сатарлық ерекеті қылмыс боп, қылмыстылықты құрап тұрса, қазір ол қылмыс болмақ түгілі экономиканы дамытушы факторлардың бірі (бизнес). Не болмаса сол уақытта компьютерлік қылмыстардың атын да білмеген болса, қазір ол дүниежүзінде кең тараған қылмыс түрі. Яки құл иеленушілік құрылыс кезіндегі құлды өлтіру мен осы күнгі адам (кез келген) өлтіруді, ортағасырдағы еуропа елдеріндегі «алғашқы түн» құқығын атауға да болады.

Қоғам (Қғ1) қылмыстылықты (Ққ1) туындатады да ол қоғамның өзінің әрекет жасауына ықпал етеді, осының нәтижесінде қоғамның бет-әлпеті өзгереді, өзге кейіптегі қоғам пайда болады (Қғ2), соңғысы өз кезегінде қылмыстылықтың да сипатын өзгертеді (Ққ2), осылай жалғасып кете береді.

2. Қылмыстылықтың көрсеткіштері. Қылмыстылықтың мынандай көрсеткіштері бар: деңгейі, қарқындылығы, құрылымы, динамикасы.

Қылмыстылықтың деңгейі дегеніміз белгілі бір мемлекетге белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың абсолюттік саны. Мысалға, Қазақстан Республикасында 1960 жылы - 29 426 қылмыс жасалса, 1970 жылы ол деңгей 56 164-ке көтерілген, 1980 жылы 76 517 болса, 1990 жылы 148 053, 2000 жылы 150 790 болған.

Жыл-дар

Қылмыстылық деңгейі

Жыл-

дар

Қылмыс тылық деңгейі

Жыл-дар

Қылмыс тылық деңгейі

Жыл-дар

Қылмыс тылық деңгейі

Жыл-дар

Қылмыс тылық деңгейі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1960

29426

1969

52567

...

1978

70140

1987

98023

1996

183977

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Ю

1966

49065

1975

61217

1984

99171

1993

206006

2002

135151

1967

49357

1976

62748

1985

103587

1994

201796



1968

53090

1977

61886

1986

99417

1995

183913