ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.10.2020
Просмотров: 2328
Скачиваний: 21
Ломброзо қылмыскерлердің негізгі үш типін қарастырыды:
1) кісі өлтіргіштер - қанталаған салқын көзді, төмен тартқан қошқар мұрында болып келеді;
2) ұрылар - көзі мен қолы сұғанақ, қысық көзді, сирек сақалды қисық мұрын;
3) зорлықшылар — жарқыл көзді, ат жақты, ерні дүрдиген нәзік денелі боп келеді.
Әрине, Ч.Ломброзоның тұжырымдары жұрттың бәріне бірдей ұнаған жоқ.
Әлемнің әр түкпірінен оған қарама қарсы зерттеулер де жүргізіліп жатты.
Ағылшын ғалымы Ч.Горингтің басқаруымен үш мың қылмыскерлер мен қарапайым адамдар (соның ішінде студенттер де бар) зерттеліп олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ екендігін анықтады.
Дегенмен, оның тікелей шәкірттері Энрико Фэрри (1856-1934) мен Рафаэль Гарофалло (1852-1934) (ең алғаш «Криминология» атты еңбек жазушы) ұстаздарынан гөрі әлеуметтік факторлардың адамды қылмыскер ететіндігіне сенімді болды.
Сөйтіп, отыз жылдан аса зерттеу жүргізе келе кейіпкеріміз өз көзқарасын аздап өзгертті. Өмірінің соңғы жағына қарай жарыққа шығарған кітабында ол бұрынғыдай "қылмыскер боп тек қана туады„ деп жар салмай қылмыскер болуға көптеген факторлар әсер етеді деп илікті. Ол он бес факторлардың тізімін көрсетті, бірақ соның біреуі «тумысынан болатын қылмыскер» деп әуелогі идеясынан мүлде бас тартқан жоқ.
Теріс нәтиже 1-ден ол да нәтиже. Және оны Ломброзо ешкім қайтып оралмайтындай етіп жеткіліктіден де жеткілікті дәрежеде (11 000 адам) зерттеп дәлелдеді.
Екіншіден, Ч.Ломброзоның идеясы мен жасаған еңбегі қылмыстылықтың себептері мен оның алдын алудағы ең алғашқы және ешкімге жалтақтамаған батыл қадам болды. Көптеген криминологияның пайда болуына үлес қосқан зерттеу жұмыстарына Ломброзоның сөзі мен еңбекқорлығы түрткі мен қамшы болғаны анық. Ломброзо олай демесе де криминология пайда болар еді, бірақ оның еңбегі жай ғана емес, қомақты еңбегі осы процесті бірнеше жылға жеделдеткені хақ.
Не болмаса, тіпті, неоломброзианство деген ағымның бар болуының өзі де көп нәрсені аңғартқандай.
2. Генетикалық теориялар. Бұл теориялардың екі ағымы бар: бірі "қылмыстық ген„ деп аталса, келесісі "артық хромосома,, деген айтарға ие.
Қылмыстық ген теориясын арнайы теория болмай тұрып-ақ та қазақ арасында кең тараған, яғни қылмыскер гендік ақпаратын алған ата-аналарында (не одан да бұрынғы тегінде) шартты түрде "қылмыстық,, деп атауға болатын ген болады.
Қылмыстық генмен туған адам қылмыскер боп кету шансы көбірек ал қарапайым адамның ондай шансы азырақ. Немесе керісінше, яғни қылмыстық гені жоқ адамдар да қылмыскер бола береді.
Осыған байланысты зерттеушілер "егіздер әдісі,, деп аталатын криминологиялық әдіс қолданған, яғни 249 жұп біржұмыртқадан, 264 жұп екіжұмыртқадан ұрықтанған егіздерді зерттеген. Нәтижесінде — егер де осы жұптардың біреуі қылмыс жасаған болса, 62,6 % жағдайиа екінші сыңарлары қылмыс жасаған. Олардың ойынша тұқым қуалаушылық факторының ықпал ету үлесі 75-80 % те, сыртқа ортаның ықпал ету үлесі 20-25%.
Генетикалық теориялардың келесі ағымы "артық хромосама„ туралы. Оның негізін қалаушы американ биологы Морган Томас Хант (1866-1945 ж.ж.). Осы ағым бойынша қарапайым адамда 23 жұп, яғни 46 хромосома болатын болса, кейбір генетикалық тұрғыдан ауытқып туғандарда артық 47-ші хромосома болады. Осындай адамдардың үлесі қылмыс жасамаған адамдарға қарағанда қылмыс жасағандардың ішінде 80 есе көп.
3. Психологиялық теориялар. Қылмыстылықтың себептері туралы психологиялық теориялардың да екі ағымы бар: бірі — психопатиялық ағым, келесісі — психоаналиткалық.
Психопатиялық ағымның негізін қалаушы неміс психиатры Курт Шнейдер өз еңбегінде (1923 ж.) психопаттардың он типін бөліп, оның кем дегенде жетеуі қылмыс жасауға бейім деп есептейді. Келесі бір неміс психиатры Кречмер Эрнест (1888-1964) антропологиялық көзқараспен де қабыса кететін психикалық жағынан гөрі сыртқы жағы көзге түсетін психопаттардың төрт типін келтіреді. Ю.М.Антонянның ойынша зорлықшыл қылмыскерлердің арасында психопаттардың үлесі 30%-ті құрайды.
4. Социологиялық теориялар негізінен ХVІІІ - XIX ғ.ғ. аралығында қалыптасты.
Утопиялық социализмнің негізін қалаушылар Томас Мор (1478-1535) біреулердің кедейшілігі мен екіншілердің паразиттік өмірінің қылмыстылықпен бірлікте екендігін атаса, Томазо Кампанелла (1568-1639) да осы текте көзқараста болып қоғамды "әділдік пен теңдік,, принципіне сүйеніп қайта құрмаса, ештеңе өзгермейтіндігіне меңгейді. Ж.П.Марат (1743-1793), А.Н.Радищевтер (1749-1802) қылмыстылықтың себептеріне адамды адамның қанауынан, қоғамдық құрылыстан көреді.
Социал-утпоистер Сен-Симон (1760-1825), Ш.Фурье (1772-1837), Роберт Оуен (1771-1858) - жеке меншіктің пайда болуы мен әділетсіздікті қылмыстылықтың негізгі себебі деп біледі.
Неміс криминалисті Ф.Лист (1851-1919) тек қана экономикалық факторлар ғана емес, қылмыстылыққа соғыс, алкоголизм, кейбір дәстүрлер, әдет ғұрыптар, жезөкшелік, кейбір тәрбие кемістіктері де үлес қосатынына назар аударды.
К.Маркс (1818-1883) пен Ф.Энгельс (1820-1895) таптар арасындағы күрес, кедейшілік және осының шиеленісуі нәтижесінде туындайтын антогонистік көзқарасты қылмыстылықтың себептеріне саяды. Осы идеяларды әрі қарай жалғаушы болғанмен де ВЛениннің (1870-1924) өзіндік "тума дақтар,, (родимые пятна) теориясы да бар, яғни тума дақтар адам денесінде емес, санасында. Қанша жаңа қоғамдық қатынастарға икемделем десе де адам бұрынғы феодализм немесе капитализм кезінде қалыптастырған көзқарастары мен мінез-құлқынан арыла алмай қалады.
3. Қылмыстылықтың себептерін топтастыру. Әр түрлі критерий бойынша қылмыстылық себептерін топтастыруға болады. а) себептердің жинақталып қорытылуына қарай:
1) барлық қылмыстардың (жалпы қылмыстылықтың) себептері (философиядағы «жалпы» катеориясына сәйкес келеді);
2) қылмыстылықтын жекелеген түрінің себептері (мысалға, меншікке қарсы қылмыстардың немесе кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері, бұл философиядағы «ерекше» катеориясына сай келеді);
3) жекелеген қылмыстардың себептері (мысалға, ұрлықтың себептері, бұл методологияның «бөлек» катеориясына сай).
ә) қылмыс жасау механизміне ықпал етуіне қарай:
1) себептер;
2) жағдайлар.
Олардың ең басты айырмашылығы әсер ету пәрменінде: себеп — салдарды туындатады, ал жағдай — туындатпайды, бар болғаны оның туындауына жәрдемдеседі, қолтықтап демейді. Себептерсіз құр өздері қалса, салдарды туындату қабілетінен айырылады.
б) адам санасы мен еркіне бағыныштығына қарай:
1) объективтік себептер (адам санасы мен еркіне бағынбайтын);
2) субъективтік себептер (адам санасы мен еркіне тікелей бағынышты);
3) объективтік-субъективтік себептер (объективтік өмірдің де, субъективтік факторлардың да үлесі бар себептер).
в) мазмунына қарай әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық т.б. деп бөлінеді.
4-ші дәріс.
4-ші тақырып. Қылмыскердің жеке басы.
Дәріс жоспары:
1. Қылмыскер тұлғасының түсінігі мен құрылымы.
2. Қылмыскер тұлғасының типологиясы.
Негізгі ұғымдар: қылмыскер типологиясы.
1. Қылмыскер тұлғасының түсінігі мен құрылымы. Қылмыскердің тұлғасы дегеніміз - қылмыс жасаған тұлғаны сипаттайтын және оның қылмыстық мінез-құлқына ықпал ететін әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-психологиялық, адамгершілік, құқықтық қасиеттердің, белгілердің, байланыстардың, қатынастардың жиынтығы. Ол адамның әлеуметтік беті. Қылмыстың жалпы субъектісі үшін бар болғаны адам болуы, жасы толуы және есі дұрыс болуы деген сияқты үш белгі жеткілікті, ал қылмыскер тұлғасын сипаттау үшін оның бала күнінен бастап бойына сіңірген барлық қасиеттерін адақтап шығу керек. Тіпті, қылмыс субъектісінің тұлғасы десек де қателеспейміз. Біреуді бойы ұзын деп жақсы көрсеңіз — ол биологиялық қасиеті, енді береуді ақылды деп сыйласыңыз — ол психологиялық-интеллектуалдық қасиеті.
Қылмыскердің тұлғасы оның анықтамасымен тығыз байланысты. Құрылымға байланысты мәселе тек тұлғаны сипаттаушы қасиеттерді топтастыруда ғана. Осыған қатысты да әр автор өзінше кесте жасайды. Мысалға, Н.Ф.Кузнерцова қылмысертің тұлғасының құрылымын былайша түзеді:
|
Қалай? |
Кім? |
Неліктен? |
|
Әлеуметтік рөлдік қасиеттері
|
Әлеуметтік-демографиялық қасиеттері
|
Әлеуметтік-психологиялық қасиеттері
|
|
Қылмыскер Құқық бұзушы Еңбеккер Отағасы Белгілі бір топтардың мүшесі |
Жынысы Әлеуметтік тапқа жатуы Материалдық жағдайы Азаматтығы Жан саулығы |
Құқықтық психология Еңбек психологиясы Тұрмыстық психология Адамдармен қарымқатынас психологиясы Өзін өзі бағалау |
Яғни, әлеуметтік рөлдік қасиеттері «Қалай қлмыс жасады?» - дегенге берсе, әлеуметтік-демографиялық қасиеттері «Кім қылмыс жасады?» - дегенге, ал әлеуметтік-психологиялық қасиеттері «Неліктен қылмыс жасады?» - деген сұраққа жауап береді.
Қылмыскер тұлғасының құрылымына байланысты өзгеден оқшаулау ойды Б.В.Волженкин білдіреді:
1) қоғам мүшесі ретінде жалпы белгілері;
2) барлық қылмыскерлерге тән, бірақ қарапайым азаматтардан өзгеше белгілері;
3) сол қылмыскерді ғана сипаттайтын жеке-дара белгілері.
Ю.М.Антонян қылмыскер тұлғасын құрайтын қасиет-белгілердің жалпы схемасын былайшы көрсетеді:
|
Мінездік қасиеттер және өзге де психологиялық ерекшеліктер |
Адамгершілік ерекшеліктері мен бағдарлары, адамгершілік ұстанымдары |
|
Кәсібилігі, іскерлігі, білімі |
Өзі туралы ойы, өзіне көзқарасы |
|
Қоршаған орта туралы ойы, оған деген көзқарасы |
Жынысының, жасының, денсаулық жағдайының әлеуметтік аспектілері |
|
Биологиялық фундамент (іргесі) |
|
2. Қылмыскер тұлғасының типологиясы. Қылмыскер тұлғасын, жалпы қылмыскерлерді әр түрлі критерийлер бойынша жіктеуге болады.
а) жүргізілетін статистикалық есеп бойынша олар:
1) әлеметтік — демографиялық белгілеріне байланысты: жынысына қарай; жасына қарай; біліміне қарай бөледі.
2) әлеуметтік жағдайы мен айналысатын ісіне қарай: жұмысшылар, қызметкерлер, оқушылар, жұмыссыздар, зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер т.б.
3) тұрғылықты жері мен тұратын уақытана қарай: ауыл, қала тұрғыны, босқын, мигрант, переселен т.б.
4) қылмыстық әрекетінің қарқындылығы мен сипатына қарай: қайталанған, рецидив (арнайы, аса қауіпті); топта, ұйымдасқан топта қылмыс жасаушы.
5) қылмыс жасау кезінде қылмыскердің болған жай-күйіне қарай: мас күйінде, есірткі қабылдап қылмыс жасаушылар деп бөлуге болады.
2) зорлықшыл қылмыскерлер;
3) пайдакүнем қылмыскерлер;
4) нәпсіқұмар қылмыскерлер;
5) қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыскерлер;
6) абайсызда қылмыс жасаушылар.
б) Жасаған қылмысынық түріне қарай: 1) ұрылар; 2) қарақшылар; 3) кісі өлтіргіштер; 4) алаяқтар т.б. деп топтауға болады. Ал олардың өзі де ары қарай бөлшектене алады. Мысалға, ұрылардың өзін де жеке қасиеттері мен «мамандығына» қарай былай деп бөледі:
1. «Медвежатниктер» — сейфті не өзге құлыпты ашып ақша ұрлайтындар;
2. «Қалташылар» — қалтаға, сөмкеге т.б. түсіп мүлік ұрлайтындар;
3. «Үйшілер» — пәтерлерге, үйлерге заңсыз кіре отырып ұрлайтындар;
4. «Дүкеншілер» - дүкендерге түсетіндер;
5. «Айдаушылар» немесе «Қуып кетушілер» — автокөлікті талан-тараждау мақсатында айдап кетумен айналысатындар;
6. «Клюквеншілер» — антиквариат болып табылатын құнды заттарды ұрлаушылар және тағы да басқалар.
7. Осыларға біздің «Барымташыларды» да (мал айдап кетушілер) қосуға болады.
Қылмыскердің тұлғасын анықтауда, топтауда ескертуге тұрарлық жәйт, ол — оның ұрлыққа әуестігінен туындаған психологиялық тәуелділігі. Ондай тәуелділікті - клептомания деп атайды, яғни ұрламаса, тұра алмайтын жағдай. Оған ұрлаған заты қажет емес, тек ұрлау процесі ләззәт береді.
«Қалташылар» қылмыс жасау тәсіліне қарай былайша топтастырылады:
а) «технарлар» — арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, киімді, сөмкелерді, портфельдерді кесу арқылы ұрлық жасайтындар;
ә) «ширмачтар» немесе «қалқаншылар» - әртүрлі заттармен (сөмке, гүл шоғы, киім) қолды көрсетпей қалқалап тұрып ұрлық жасайтындар;
б) «балықшылар» - ұрлықты арнайы дайындалған ілгешектердің көмегімен жасайтындар,
в) «хирургтар» — пинцеттің көмегімен, әсіресе қол жетпейтін қиын жерлерде ұрлық жасайтындар;
г) «шымшуырлар» — арнайы егелген монетаның көмегімен сөмкелерді тіліп ұрлайтындар;
д) «сілкушілер» немесе «сырғытушылар» — мылқаулардың арасында көп тараған бір затты нақты дәл қимылымен итеріп жіберу арқылы ұрлайтындар. Мысалға, кеңістік мемлекетте ет комбинаттарында бақылаушының көзін ала беріп, тез ет кесіп алып, басқа жерде арнайы дайындалып қойған полиэтилен пакетіне не қапшыққа дәл лақтыру жолымен ет ұрлайтындар болған.
ж) «сөмкешілер» — арнайы құралдарсыз-ақ сөмкелерден зат ұрлайтындар.
в) тұлғаның криминогендік асқыну дәрежесіне қарай:
1) «кездейсоқ қылмыскерлер» — алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасағандар;
2) «ситуативтік қылмыскерлер» — сыртқы жағымсыз жағдайлардың ықпалымен алғаш рет ауыр қылмыс жасағандар;
3) «тұрақсыз қылмыскерлер» - алғаш рет қылмыс, бірақ бұған дейін өзге құқық бұзушылық жасағандар;
4) «кәнігі қылмыскерлер» — бұған дейін бірнеше мәрте қылмыс жасап, бұрын сотталғандар;
5) «аса қауіпті қылмыскерлер» — бірнеше рет қасақана ауыр қылмыс жасағандар.
г) тұлғаның әлеуметтік бағытына қарай:
1) Кәсіпқой тип - өте қауіпті, қоғамға кері бағытта. Ерекшеліктері: құқықтық нигилизм, мәдениеттің төмендігі, қоғамға қарсы бағыты және криминогендік ситуацияны өзі жасайтындығы (кәсіпқой қылмыскерлер, аса қауіпті рецидивистер).
2) Әдеттегі тип - әлеуметтік-психологиялық қасиеттері тұрақсыз және қайшылыққа толы, жақсы мен жаманның, болатын мен болмайтынның арасын толық ажыратпаған, криминогендік ситуацияны өзі жасамайды, тек нақты өмірдегі ситуацияны пайдаланады.
3) Тұрақсыз тип - негативтік және позитивтік қасиеттері теке-тірес келетін қылмыскер.
4) Салақ тип - позитивтік бағыты басым, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларға салақтықпен қарайды. Қауіпті емес қасақана немесе абайсызда қылмыстар жасайды.
5) Кездейсоқ тип - позитивтік бағытта, негативтігі жоқ, құқықтық санасы тұрақты, тек қана нақты өмірлік ситуацияға байланысты қылмыс жасайды: аффект, қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіру т.б.
д) қоғамға қауіптілік деңгейіне қарай:
1) абсолютті қауіпті - серриялық кісі өлтіруші, соның ішінде, жалданып немесе жыныстық, не бірнеше адамды қатар өлтіруші.
2) аса қауіпті - конфликтілік жағдайларда кісі өлтіруші көп уақыт пайдакүнемдікпен қылмыс жасаушы. Бұған қылмыстық ұйымдардың басшылары да кіреді.