ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.10.2020

Просмотров: 2324

Скачиваний: 21

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қылмыстылықтың қарқындылығын коэффициент арқылы анықтауға болады. Коэффициенттің өзі де фактіге қатысты, қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты және сотталғандарға қатысты деп үш түрлі бола алады. Мысалға, фактіге қатысты коэффициент (Кф) былайша есептеліп шығарылады:

Бұл формуладан біз әрбір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен келгендігін көресіз. Мысалға, 1993 жылы қылмыстылық деңгейі ең шарықтау шегіне жетті, яғни 206 006 қылмыс жасалды, демек оның коэффициентін есептесек,

яғни 1993 жылы әрбір он мың халыққа 121 қылмыс фактісінен келді. Ал 2002 жылы болса 135 000 қылмыс жасалды, яғни

демек, 2002 жылы әрбір он мың халыққа 96 қылмыс фактісінен келген. Бұл 1993 жылға қарағанда (Қазақстандағы қылмыстылық деңгейінің ең жоғары дәрежеге көтерілген жылы) 2002 жылы қылмыстылықтың қарқындылығы әлдеқайда төмен дәрежеге түскен. Ал формуланың бөліміндегі 1993 жылы 17 млн. тұрып, 2002 жылы 14 млн.-ның тұруы халық санының өзгеруімен түсіндіріледі. Халық саны демекші оның өзін екі түрлі есептеуге болады. Біріншіден, коэффициент шығару есебі барлық халыққа жүргізіледі, екіншіден, тек қама қылмыстылық жасына жеткен халық арасындағы есеп. Ол үшін жалпы халық санынан он төрт жасқа жетпеген адамдардың саны алынып тасталады. Есептің олай жүргізілетін себебі - алғашқысы қаншалықты қоғамның қылмыстылықпен уланғандығын білдірсе (өйткені, он төртке дейінгі тұлғалар да қылмыс жәбірленушісі бола алады), соңғысы қылмыстылық жасындағы адамдардың қаншалықты криминогендік асқынғандығын көрсетеді.

Коэффициенттің екінші түрі тұлғаға қатысты. Аталмыш коэффициентті анықтау барыснда да дәл осындай формула қолданылады, бірақ жасалған фактілер санының орнына қылмыс жасаған тұлғалар саны тұрады. Мысалға,

Егер алғашқы есеп, әр бір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен келеді дегенді білдірсе, бұл есеп сол жылы әрбір он мың халықтың қаншасы қылмыс жасаған дегенді білдіреді.

Қылмыстылықтың құрылымы — бұл белгілі бір аумақта белгілі бір уақыт аралығында жасалған барлық қылмыстардың ішіндегі нақты қылмыстылық түрінің үлес салмағы және қылмыстар санының арақатынасы. Оны есептеудің де формуласы бар:

Бұл жердегі: Ққ - қылмыстылықтың құрылымы; Қт-нақты қылмыстылықтың түрі; Қб — барлық қылмыстылық саны; ал 100 дегеніміз процентті анықтаушы көрсеткіш.

Мысалға, 1999 жылы ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлес салмағы 48,6% болса, керісінше кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстардың салмағы 51,4%; 2000 жылы осындай есеп 48,5% (ауыр мен аса ауыр) және 51,5% (кішігірім және орташа) болса; 2001 жылы - 53% те 47%; 2002 жылы — 51 % те 49 % болған, демек соңғы екі жылда барлық қылмыстылық санында ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлес салмағы артқан. Не болмаса 1998 жылы кісі өлтіру қылмысы - 2531 болса, пайдақор-зорлықшыл қлмыстар (бандитизм, қорқытып алушылық, тона у, қарақшылық) – 132858, ал Есірткімен байланысты қылмыстар - 18 676 болды, қалған қылмыстар өзге қылмыстар десек, бұл да құрылымы, бірақ одан ешқандай да заңдылық жоқ. Заңдылықты олардың үлес-салмағын анықтағанда болады (1-суретті қараңыз).


1-сурет. Қылмыстылықтың 2002 жылғы құрылысы

Заңдылық сол сияқты, жалпы қылмыстылықтағы жеке қылмыстардың үлес салмағының өзгеруін (қозғалысын) анықтағанда байқалады. Мысалға, төменде көрсетілген қылмыстардың соңғы бес жылдағы үлес салмағы мен олардың өзгеруін былайша көрсетуге болады (2-суретті қараңыз):

Жыл-

дар

Кісі өлтіру

Үлес сал-мағы

Пайда-қорлық-зорлықшыл қылмыстар

Үлес сал-мағы

Әйел жы-нысты адамды зорлау қылмысы

Үлес сал-мағы

Барлық қылмыс

саны

2001

2160

1.41%

10895

8,47%

1516

1%

152168

2002

1967

1,45%

11856

8,76%

1298

1%

135151

2-сурет. Қылмыстылықтың құрылымы мен құрылымының динамикасы

Қылмыстылықтың динамикасы — белгілі бір кезеңдегі қылмыстылықтың деңгейі мен құрылымының өзгеруі, оның қозғалысы. Динамиканы анықтауға байлынысты үш түрлі есеп ;жүргізуге болады:

1) ағымдагы талдау - 1 жылға жүргізілетін есеп;

2) жүйелік талдау - жыл сайынғы, бесжылдық сайынға, онжылдық сайынғы қылмыстылықтың қозғалысын анықтау;

3) қылмыстылықтың мерзімдік өзгерістерін талдау.

Осы үш түрлі есеп мынандай үш түрлі әдіспен жүзеге асады: базистік, жалғаспалы, интервалдарды біріктіру әдісі.

Базистік әдістің негізгі ерекшелігі басқа барлық жылдардың көрсеткіштері бір жылдың ғана көрсеткішімен салыстырылады және сол салыстырылушы (базис) жылдың көрсеткіші 100 пайыз деп алынады. Сол жылмен салыстыра отырып есеп жасағанда артып кетсе тек қанша процентке артып кеткендігі " + „ таңбасы қойыла отырып жазылады, ал керісіншс болса "-„ таңбасы қойыла отырып жазылады.

Келесі жалғаспалы әдіс алдыңғы әдіске ұқсайды, дегенмен, бұл әдісте бір ғана жыл базис дсп алынбайды, оның орнына үнемі алдынғы жыл алынып отырады.

3. Латентік қылмыстылық. Латенттік қылмыстылық дегеніміз әр түрлі себептермен құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалған қылмыстардың жиынтығы. Ол латынша latens сөзінен шыққан, ол жасырын дегенді білдіреді. Мысалға теңізде қалқып жүрген мұзарттың (айсберг) су бетінде бізге көрініп жүрген бөлігінен су асты көрінбейтін бөлігі әлдейқайда көлемді болады. Криминология дәл осындай Архимед ашқан физикалық заңдылыққа бағынбаса да қылмыстылық мәселесі туралы осы бір заңдылықты мысал ретінде келтіруге болады. Өйткені қылмыстылықтың көрінетін бөлігінен де жасырын бөлігі (латенттік) көлемді болып келеді.

Мысал үшін неміс ғалымы К.Майердің жүргізген зерттеуі бойынша анасының өз баласын өлтіруі фактісі бойынша оннан бірі ғана құқық қорғау органдарына мәлім болады, ал заңсыз аборт жасау 1/100; қарапайым ұрлық - 1/20; ірі мөлшердегі ұрлық - 1/8; тонау - 1/5; алаяқтық - 1/20 т.б.

Латенттік қылмыстардың екі түрі бар: жасырын (табиғи) және жасырылған (жасанды). Алғашқысы табиғи жолмен әр түрлі себептермен құқық қорғау органдарына хабарланбағандар. Мысалға, есік алдындағы ұрланған нәрсеге «садақа» деп ешкімге жүгінбеу. Ал соңғысы құқық қорғау органдарына хабарланғанымен де осы органдардың қызметкерлерінің өз қолымен жасырылған қылмыстар. Оның да себептері әр түрлі болуы мүмкін: өзінің жақсы жұмыс істейтіндігін көрсетіп қылмыстылықтың ашылу көрсеткішін жоғарылату үшін, жеңіл-желпі қылмыстарға бола әуре болмас үшін шағымды тіркемей қою, қызметкерлердің пара алуынан қылмыс туралы із-түзсіз жоқ қылу т.б. Осы соңғысы теңіз бетіне қалқып шыққысы-ақ келеді, бірақ құқық қорғаушылар күштеп төмен басады.


Кейбір авторлар үшінші бір латенттік қылмыстылықтың түрін ұсынады — ол дәлелденбей қалуына байланысты қысқартылған істер. Бірақ мұнымен келісе қою қиын. Себебі бұл бәрібір зерттеледі, қылмыстылықтың жалпы картинасын анықтауға сеп болады. Латенттік қылмыстықтың мәнін аша кету керек. Оның мәні құқық қорғау органдарына хабарланбай қалғанында емес. Әңгіме хабарланған күнде де зерттеуден тыс қалғанында. Оның назардан тыс қалуы қылмыстылықтың жалпы картинасын бұрмалайды. Өмірде шын мәнінде 100% қылмысқа біз есеп жасап, сақтануымыз, алдын алуымыз, жоспар құруымыз қажет болса, латенттік қылмыстылықтың кесірінен оның бір бөлшегін ғана (мысалға 40%) зерттеп қорытынды жасаймыз. Ал бөлшек бүтіннің заңдылығын қашанда бере бермейді.

Жасалып жатқан қылмыстардың бәрі бірдей мөлшерде жасырылуға қабілетті. Латенттілік деңгейіне қарай қылмыстар үшке бөлінеді:

4-сурет. Қылмыстылық пен латенттік қылмыстылық туралы эллюстрация

1.Минималдық (төменгі) латентті қылмыстар (кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, ауыр дене жарақатын салу т.б.);

2.Орташа латентті қылмыстар (ұрлық, зорлау т.б.);

3.Максималдық (жоғары) латентті қылмыстар (парақорлық, броконерлік, заңсыз аборт жасау, соз ауруларын жұқтыру).

Ал Т.К.Щеглованың басшығында 20 ғылыми қызметкерлер мен практиктердің қатысуымен зерттеу нәтижелері төмендегідей: ұсақ талан-тараж — 85-90%, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу — 80-85%, тұтынушыларды алдау — 60-75%, алаяқтық - 40-60.

Қанша жасырын болса да дұрыс шешім қабылдау үшін өмірдегі қылмыстылықтың жалпы деңгейінен шамамен болса да хабардар болу керек. Сол себепті латенттік қылмыстылықты да зерттеулің әдістері бар. Солардың ішінде кең тарағандары: анонимдік анкеталар, құжаттарды талдау, сараптамалық баға, байқау т.б.

Анонимдік анкета әлеуметтік сұраунаманың бір түрі, бірақ оның өзгелерінен ерекшелігі - ешкімнің аты-жөні айтылмайтындығы.

Ал құжаттарды талдау әр түрлі болады. Мысалға, қылмыстардың ауырлығына қарай жасалуында да заңдылық бар, айталық, аса ауыр қылмысқа қарағанда ауыр қылмыс көбірек жасалады, ал соңғысына қарағанда орташа ауырлықтағы қылмыс, орташаға қарағанда кішігірім ауырлықтағы қылмыс көбірек жасалады. Яғни бұл заңдылық пирамидаға ұқсайды (5-суретті қараңыз).

5-сурет. Қылмыстардың ауырлығы мен санына қатысты пирамидаға ұқсас пропорция

Егер де ауыр қылмыс көп болып орташа ауырлықтағы қылмыс саны одан аз болса, орташа ауырлықтағы қылмыстардың латенттілігі туралы күдіктенуге болады. Мысалға, Қазақстанда 2002 жылы жасалған ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны — 69042 болса (жалпы қылмыстылықтың 51%-і), кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар саны — 66109 (жалпы қылмыстылықтың 49%-і). Өмірде де осылай болуы, яғни өмірде кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстардан ауыр және аса ауыр қылмыстардың көп жасалуы мүмкін емес. Демек, 2002 жылы Қазақстан жерінде орташа және кішігірім ауырлықтағы қылмыстар латентті болған.


Не болмаса, азаматтық істер бойынша статистикалық мәліметтермен де салыстырып құжаттарды талдауға болады, айталық ауданда ар-намысты қорлауға байланысты мың талап қойылған болса, қорлау қылмысы бойынша небәрі екі-ақ қылмыстық іс қозғалған.

Яки бұқаралық ақпарат құралдарына да контент-талдау жүргізіп, олардағы қылмыстар туралы хабарлар саны мен оларға байланысты қозғалған істердің пропорциясын зерттеу нәтижесінде де жасырылған қылмыстардың шетін көруге болды. Әйткені Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 177-бабының 1 -бөлігінің 4 тармағы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар қылмыстық істі қозғаудың бір себебі болып табылады.

Латенттік қылмыстылықты зерттеудің өзге де әдістері бар, оларға криминологиялық зерттеулердің әдістерін қарастыру барысында тоқталуға тырысамыз.

Қалай болған күнде де латенттік қылмыстылықты жалпы қылмыстылықтың бір бөлшегі екендігін ұмытпаған жөн.

Сонымен, жалпы қылмыстылықтың қоғамға қауіптілігіне тоқтала кетсек, ол:

- әлеуметтік дамуды және экономикалық өзгерістерді тежейді;

- әлеумсттік құрылымдардың қалыпты жұмысын бұзады (дезорганизация);

- әлеуметтік институттардың функциясына ықпал етеді;

- әлеуметтік тыныштықты бұзады;

- сенімсіздік, қорқу, үрейлену сезімін туғызады;

- адамдардыи көңіл күйіне, өміріне, жұмысына салқынын тигізеді;

- өзінен өзі туындап отыруға қажетті: өзгелерге «жұқтырады» тартады;

- елеулі материал және өзге де ресурстық шығындар кетеді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуына байланысты күш жұмсауды талап етеді.

3-ші дәріс.

3-ші тақырып. Қылмыстылық себептері.

Дәріс жоспары:

Дәріс жоспары:

1. Детерминация түсінігі.

2. Қылмыстылықтың себептері туралы негізігі теориялар.

3. Теориялар жүйесі.

Негізгі ұғымдар: Детерминация.

1. Детерминация — латынның determinare (анықтау, айқындау) деген сөзінен шыққан. Яғни дереминация — ол айқындау, анықтау процесі. Дүниедегі барлық құбылыстар, процестер бірі біріне тәуелді: бір құбылысты пайда болуы, дамуы, жойылуы өзгелеріне тікелей байланысты, соңғысының тағдырын алғашқы құбылыстар айқындайды. Детерминизмнің негізгі мазмұнын себептілік құрайды. Дүние үлкен бір тізбекке бағынышты, әлбетте осы тізбектің қалай түзілуіне адамның қомақты үлесі бар. Ломоносов айтпақшы, ештеңе де жоқтан пайда болмайды, пайда болған нәрсе өмірде бар молекулалардың қосылысы, ажырауы нәтижесінде өмірге келеді.

Детерминация процесі тек қана себептілік байланысын білдірмейді, сонымен қоса байланыстың өзге нысандарын да білдіреді: функционалдық, статистикалық тәуелділік, жағдайлардың тәуелділігі, т.б.

Себептілік детерминизмнің негізгі мазмұнын құрайды. Дүниеде себепсіз салдар болмайтыны да ақиқат. Әрбір салдар үлкен тізбектегі басқа салдардардың себебі болып табылады. Сонда себептің салдарға айналу механизмі қандай?


Жалғыз себеп салдарды туындатпайды, ол үшін себептердің қажетті кешені керек. Себептердің саны мен маңызы қажетті кешенге жақындаған сайын салдар туындау ықтималдығы да арта береді. Ықтималдақтың ең шарықтау шегі қажеттілік болып табылады.

2. Қылмыстылықтың себептері туралы негізгі теориялар.

1. Биологиялық теориялар. Жоғарыда аталғандар теориялардың ішінде антропологиялық (биологиялық терияның айқын көрінісі) зерттеулердің қоғамдық жаңғырығы да қатты шықты. Тіпті, оның атын М.Әуезовтың "Абай жолынан,, қаладан келген Әбіш пен Абайдың әңгімесінен де кездестіруге болады.

Қылмыстылық мәселесі бойынша антропологиялық мектептің негізін қалаушы — австриялық френолог Галль (1758-1828) болатын (1825 ж.). Ол қылмыс жасайтын тұлғаларды үш топқа бөлді:

- қылмыскерлер, яғни тумысынан болатын қылмыскерлер, әйтпесе олардың ішкі рухы мықты және анау-мынау үгітке көне бермейді. Олар қылмыс жасаса біреудің айтауымен емес, өз қалауымен жасайды және ішкі қасиеттерін қаласа заңмен ғана емес, одан жоғары идеалдармен сәйкестендіре алады.

- табиғатынан жұрдай боп туғандар, яғни ішкі рухы жоқ, тек қылмысты біреулердің азғыруымен, итермелеуімен жасайды.

- жоғарыда айтылған екеуінің арасындағы дұбара адамдар. Оларға табиғат жақсы мен жаманды қатар берген, олардың қылмыстық жолға түсуіне сьгртқы ортаның үлесі зор.

Ары қарай криминологияның тарихында антропологиялық мектептің өкілі ретінде түрме дәрігері, Турин Университетінің профессоры Чезаре Ломброзо (1835-і909ж.ж.) келді.

Ол алғашқы күндерінен бастап "қылмыскер қылмыскер боп туады,, деп жар салды. "Желтоқсанның бір түнерген күнінде мен каторжниктің бас сүйегінен төменгі сатыдағы омыртқалыларында болатын белгілерге ұқсайтын атавистік ауытқушылықтардың сериясын аңғардым... Осыншалықты айқын ауытқушылықтарға кез сала отырып маған бір сәуле қара түнекті көкжикке шейін жарыққа бөлегендей болды — мен қылмыскерлердің мәні мен пайда болуы проблемасы мен үшін шешілгенін ұғындым... - деп бастайды ол өзінің "Қылмыстық адам туралы,, деп аталатын көп томдық еңбегін (1871-1876ж.ж.).

Галльге қарағанда Ломброзо өз идеясына берілген, сондай-ақ өте еңбекқор адам болып шықты. Отыз жылдан аса жүргізген зерттеуінде ол он бір мыңнан аса қылмыскерді зерттеді. Тіпті, өліп қалса да атағы шыққан мыңдаған кәнігі қылмыскерлердің қабірін қазып алып сүйектерін өлшеді. Жаңадан қайтыс болған қылмыскерлердің сүйектерін өлшеп қана қоймай, ішкі органдарының салмағын өлшеп, олардың түсін де жазып алды.

Ломброзо қылмыскерлерге «Сендер арғы жануар-аталарыңның қасиетін алып туғандарыңа кінәлі емессіңдер» деп басу айтты, бірақ «Бізді де кінәламандар, өйткені сендердің тұла бойларында баяғы жануар аталарың үнемі жаңғырып тұрады, осы кездерде тәртіптен ауытқып, қылмыс жасап бізге зақым келтірулерің мүмкін. Сондықтан, өзіміздің қауіпсіздігімізді қорғау үшін біз сендерді бостандықтарыңнан айруға мәжбүрміз» - деген болатын.