Файл: авимед кпсалалы колледжі Трбие жмысында денсаулы сатау жне ныайтуда халыты дстрлер мен детрыптарды пайдалану ерекшеліктері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 43
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Байдарова Гүлбаршын Андасовна
жоғарғы санатты оқытушы
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері
«АВИМЕД» көпсалалы колледжі
«Тәрбие жұмысында денсаулық сақтау және нығайтуда халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды пайдалану ерекшеліктері»
Түйіндеме: Мақалада халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жандандырудың өзекті мәселелері қарастырылған. Бүгiнгi таңда қайта жаңданып жатқан «әдет-ғұрып» нышандары мен көрiнiстерiне ғылыми талдау жасалынып, бұл құбылыстың алдыңғы уақытта қалай дамуының әдiстерi мен жолдары көрсетiлдi. Қазақ халықтық педагогикасы негізінде –
салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Білім алушылар ұлттық құндылық болып табылатын салт-дәстүр түрлері «Әуелгі байлық-денсаулық», «Ұрпақтан-ұрпаққа» деген дәстүр жалғасын пайдаланудың маңызы жайлы білімдерін толықтырады.
Кілт сөздер: Халықтық педагогика,әдет-ғұрып,денсаулық, тазалық, тамақтану мәдениеті, ұлттық ойын.
Байдарова Гүлбаршын Андасовна
преподаватель высшей категории
Заслуженный работник образования Республики Казахстан
Многопрофильный колледж "АВИМЕД"
"Особенности использования народных традиций и обычаев в охране здоровья и в укреплении воспитания"
Резюме: В статье рассматриваются актуальные проблемы возрождения народных традиций и обычаев. Произведен научный анализ символов и проявлений «обычаев», которые возрождаются сегодня, показаны методы и пути развития этого явления в прошлом. На основе казахской народной педагогики обучение здоровому образу жизни.
Учащиеся повысят свои знания о важности использования традиций, являющихся национальной ценностью, таких как «Где здоровье, там и богатство», «Из поколения в поколение».
Ключевые слова: народная педагогика
, обычаи, здоровье, чистота, культура питания, национальная игра.
G. A. Baidarova
Honored Worker of Education of Kazakhstan
"AVIMED" multidisciplinary college"
"Features of the use of folk traditions and customs in health care and strengthening in educational work"
Summary: The article deals with the topical issues of revitalizing folk traditions and customs. A scientific analysis was made of the symbols and manifestations of "customs", which are being revived today, and the methods and ways of the development of this phenomenon in the past were shown. Based on Kazakh folk pedagogy - education for a healthy lifestyle.
Students will increase their knowledge about the importance of using traditions that are national values, such as "Early wealth and health", "From generation to generation".
Key words: folk pedagogy, customs, health, cleanliness, food culture, national game.
.
Мақсаты: Әдет-ғұрып белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжымас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы.
Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу-әрқайсысымыздың борышымыз.
Кіріспе. Халықтық тәрбие дәуірдің не бір қатал сыңынан өтіп жанарып, жаңғырып, шын болаттай шиғырып бізге толыққанды боп жеткен баға жетпес бай мұра. Ол халқымыздың ұлттық қадір-қасиеті, ой-арманы, тіршілік-тынысы және салт-дәстүрлерімен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатқан құнды қазына.
Қазіргі уақытта ең басты жауапты міндеттің бірі – еліміздің өсіп өркендеуіне, гүлденуіне өзі үлесін қосар білімді, мәдениеті жастарды тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулықтарыңа жас кезден бастап қамқор болу қажет. Денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады. Адамның денсаулығы, еңбекке қабілетті болуы көбінесе оның тазалық сақтауының белгілі санитарлық — гигиеналық талапқа сай болуы қажет екенін естен шығармаған дұрыс. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығына 10% дәрігерлік көмек, 15% — тұқымқуалаушылықтан, 25% — қоршаған ортадан, ал 50% — адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен. “Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.
Ұлы ойшыл Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деген.
Еңсесі биік, тұғыры кең болашақ алып мемлекетіміздің азаматтары қандай болуға тиісті немесе қалай етіп тәрбиелеуміз қажет. Бұл қоғам талабы.
Нәтижесі. Денсаулық–игілік табиғаттың баға жетпес сыйы, әркімнің де бақытының тірегі, қай мемлекеттің қандай да болмасын ұлт экономикасының рухани тұтастығының негізі.
Бұрын қазақ халқы денсаулық сақтаудың маңызын терең түсінді. Мұны қазақтардың “Әуелгі байлық-денсаулық”, “Он екі мүшең сау болса, қара басың ханмен тең” деген мақал-мәтелдерінен көруге болады.
Денің сау болуы үшін тазалық керек. Сондықтан қазақ: “Денсаулық шарты тазалық” дейді. Қазақ халқы киген киім, жатын орын, ішкен ас, ыдыс-аяқтың тазалығына ерекше көңіл бөледі. Олар астың алды-артында және дәреттен соң қол жууды әдет еткен.
Қазақ халқы аурудан алдын ала сақтануды дәріптейді, үшін ішетін астың тазалығына, жағымды-жағымсыздығына көңіл бөлген. “Ауру-астан”,ауруға шалдықсаң оған жақпайтын әрекеттен тиылуын керек, “Ішін ауырса тамағынды ти, көзін ауырса қолыңды ти”, Асқындырып алсаң тұмау түбі құрт болады, тұман түбі жұт болады”, “Ауруынды жасырсаң, өлім әшкере қылады”, “Екі ауру бір келсе ажалыңның жеткені” дейді.
Қазақ ауруға емшілік істеумен бірге күтінуге мән беруді қуаттайды. Көбінесе шарттап демалдыру әдісін қолданады. Ауырған адам аурудың асқынуынан, қайталануынан сақтануы тиіс. “Асқынған ауру насырға шабады”, “Қайталанған ауру жаман, қайта шапқан жау жаман” дейді.
Қазақ халқы қымызды қарапайым пеште қыздыру арқылы одан спирт алған. Сөйтіп қымыз спиртін қызба ауруына және жөтелге қарсы ем ретінде қолданған. Сондай-ақ оны қол-аяқтың ауырған жеріне жаққан.
Сарыбуын, құяң және тері ауруларын (қотырларды) арасанға апарып, шипалы сулар арқылы емдеді. Қазақ емшілігі аурудың жұғуынан сақтануды насихаттады. Олар: “Сынықтан басқа аурудың бәрі жұғады” дейді.
“Ас-адамның арқауы” деп ата-баба дәстүрінде ұрпақ қамын ойлаған аналар аяғы ауырлаған әйелдің мезгілімен тамақтануына баса көңіл бөлген, оған көбінесе ақтан жасалған тағамдар, одан басқа далада өсетін жабайы жуа мен ит жуасын жегізген. Іштегі бала шымыр болсын деген ниетпен құм сағыз шайнатқан.
Қазақ баланың жастайынан дені сау болуын аңсаған. Жаңа туған нәрестені тұзды сумен шомылдырып, денесін маймен сылап, қол аяғын созып, өс-өс деп буындарын бекіткен. Ата-ана баланың тамағы ауырса жалбызбен шайғызып, баланың басына қотыр түссе сақармен (ала бота күлінен жасалған қара сабын) жуып кетіру сияқты халықтық емдерді қолданған.
Жалпы ата-бабамыздың тамақтану мәдениетіне зер салсақ, олар таңертеңгісін ауыр (күшті) тамақ жемеген. Жеңіл-желпі сүт, айран, кейінгі кездері шай ішіп, организімін үлкен асқа дайындаған. Негізгі тамағын (кәзіргіше кешкі асты) күн батпай тұрып (күн батардан бір-екі сағат бұрын) ішетін болған. Себебі, күн батқаннан кейін желінген ас жақсы қортылмайды. Өйткені тәуліктің адам организіміне әсер ететін уақыттары бар (био ритм қағидасы бойынша). Күн батқанан кейін бүкіл табиғат мүлгіп, ұйқыға бет алған кезде адам организімі де табиғаттың ырғағымен демалуға талпынады. Мұны табиғатпен біте қайнасқан көшпенділер жақсы білген.
Бүгін де табиғи тазалықты ту етіп көтерушілердің бірі американдық дәрігер Герберт Шелтон денсаулықты күту үшін тағамдарды үш топқа бөліп үйлесетін және үйлеспейтін тамақты бір-бірімен арластырып жеуге болмайтындығын айыра білу керектігін зерттеп, төмендегі №1кесте бойынша тамақтануды ұсынады.
№1кесте
І-топ | Нәруызды тағамдар | ІІ-топ | Тірі немесе табиғи тағамдар | ІІІ-топ | Көмірсулы тағамдар |
1 | Ет | 1 | Көкөніс | 1 | Ұн тағамдары |
2 | Балық | 2 | Жеміс | 2 | Картоп |
3 | Жұмыртқа | 3 | Құрғақ жемістер | 3 | Шекер |
4 | Бұршақтар | 4 | Шырындар | 4 | Әсел |
5 | Саңырауқұлақтар | 5 | Жидек | 5 | Кәмпит |
6 | Жаңғақтар | 6 | Қарбыз | 6 | Тосаптар |
7 | Пістелер | 7 | Құрғақ шарап | 7 | Шоколад |
Бұл кестедегі бірінші және екінші топтағылар, екінші және үшінші топтағылар үйлесімді.
Бірінші және үшінші топтағылар үйлеспейді. Мәселе мынада: нәруыз асқазанда 2 сағаттай, ал көмірсулар әрі кеткенде 20 минуттай уақыт қорытылады. Бұл екеуін бірдей тұтыну асқазанға үлкен салмақ түсіреді, нәруыздар мен көмір суларды қорытатын түрлі ферменттер бір-біріне кедергі келтіреді. Ішекке қорытылып түскен көмірсулардың арасында әлі қорытылып үлгермеген нәруыз да араласып жүреді. Осыдан барып ағза шамадан тыс күш жұмсайды. Бұған көп жағдайда асқазан мен ішек шыдас бере алмайды да денсаулыққа нұқсан келеді.
Қазіргі кезде диетологтардың пікірі жүгінсек, біз көбінесе тамақты онды-солды араластырып ішіп-жеп, ауру-сырқауды өзіміз тудырып алатын сияқтымыз. Бір-бірімен сәйкес бола алмайтын тағамдар адам организімінде іру-шіру үрдістерін туғызып, ас қорыту жолдарына улы заттар (токсиндер) түзіп, ас қорыта алмайтын түзілістердің пайда болуына жағдай жасайды екен. Сол түзілістер қан тамырлары арқылы бүкіл денеге тарап, әр түрлі аурулардың келіп шығуына себепші болады, яғни организмді зақымдайды. Аурудың көпшілігі осыдан туындайды.
Біздің біріміз біліп, көбіміз біле бермейтін қарапайым тамақтану тәртібін, ұлттық дастарқандағы басты тамақ етті құр өзін жеу, сүтті сүт күйінде ішу және айранға нан турап жеуге болмайтындығын, құрттың да құр өзін жеу керектігін ата-бабаларымыз бұрынан білген.
Бір-біріне сәйкес келмейтін астарды араластырмай тамақтанған. Өз тәртібімен желінген астың ағзаға пайдасы зор. Міне ата-бабалар дәстүрі қайда жатыр.
Ата-бабаларымыз мешкейлікті ең жағымсыз қылықтардың біріне санаған. Тамақты бойға мөлшерлеп ішіп жеген, жемістер жегенде, бәліш т.б. тағамдарды ауызға салғанда тақ сандармен (мәселен:1,3,5) тоқтаған.
Ал диетологтардың айтуынша: “Кез-келген ауру-сырқаттың әкесі белгісіз болғанымен, шешесі белгілі: ол-орынсыз, артық ішкен ас!”. Сондықтан қанағат-табиғаттың одақтасы және денсаулықтың сақшысы. “Батпайтын ас-жеген адамның өзін жейді. Сол себепті, “ Жегенің бойға сіңсін десең, шамадан аспа” дейді.
Қазақ арасында белең алған,әдет-ғұрыптың бірі –жеті атадан жақын туысқандарының қызына үйленбеу. Туыстық жақын неккеден дүниеге келген ұрпақ даты (кемтар деген сөз) болған. Өзара туыс адамдардың некелесуі тұқым қуалайтын ауруларды күшейтіп, оларды жазылмайтын әрі тұрақты етуі мүмкін.
Қазақ халқы әдет-ғұрпы бойынша қыз балалар мен ұл балалардың тұрмыстық ойындарына мән беріп көңіл аудару әдеті қалыптасқан болатын. Ұлттық ойынды көп болып ойнайтын, әсіресе ойын-тойларда бәйге, оңың ат жарыс, дөнен, құнан жарыс түрлері, түйе жарыс, күрес, садақ тарту, жамбы ату, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге алу, т.б. секілді түрлері халық арасында кең тараған құбылыс болатын. Ұлттық ойындар адамның ойлау жүйелерінің жетілуінен бастап бұлшық еттерінің жетілуіне, тыныс мүшелерінің реттелуіне, өз дене мүшелерін меңгеруге, соның нәтижесінде қырағылық пен мергендікке баулиды.
Қазақ халқы үшін “Арақ-атадан қалған ас емес”. Қазақтың арақты ауызға алғаны бертінде ғана. Спиртті ішімдікке биологиялық тұрғыдан әзірлігіміз жоқ. Тектік тұрғыдан алғанда қазақ тәнінде эндогенді этонол, яғни денеде туа бітті болатын алкоголь өте мардымсыз халық. Спиртті ішімдікке әу бастан әзірлігі болмағандықтан оның тәні арақ-шарапқа оңай бой алдырады, тез жеңіледі.
Бүгін де Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының көрсетуінше спирттің шипалық мөлшері тәулігіне 10 грамм (одан арғы алкоголь-зиян). Осы 10 грамм спирт тәнге айран мен қымыздан келеді.
Адам баласының тәрбиесі-ұрпақ тәрбиесін сөз еткенде, ғылыми прогресті халықтық қалпымен пайдаланып отырған Жапония баяғыда-ақ дүниенің алдына түсіп кетті.