Файл: Мен Амангелді Алтынай Берікызы Алматы Технологиялы Университетіні "Инжиниринг жне апаратты технология" факультетіні "Есептеуіш техникасы жне бадарламалы амтамасыз ету 2011" мамандыыны 3 курс студенті 29. 05.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.10.2023

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мен Амангелді Алтынай Берікқызы Алматы Технологиялық Университетінің “Инжиниринг және ақпараттық технология” факультетінің “Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 20-11” мамандығының 3 курс студенті 29.05.2023-30.06.2023 жылы аралығында “Созақ аудан әкімінің аппаратында” тәжірибеден өттім.



2023 жылдың 29 мамырдан бастап мемлекеттік мекеменің жалпы атқаратын функционалдық міндеттері мен ішкі жұмыстарымен таныстым.Мемлекеттік мекемедегі өндірістік тәжірибеге бағыт бағдар беруші созақ аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-акспенторлық бөлімінің басшысы Ж.Б.Тулепбергенов маған алғашқы кірген кезімде,мекемеде жұмыс істейтін қызмет орны мен қызметкерлермен таныстырды. Жұмыс уақыты бес жұмыс күннен 8 сағат уақыттан тұратынын,әр маманның өзіне тиісті атқаратын жұмыстарына жеке-жеке тоқталып өтті.Келесі күні практика жетекшімен бірге компьютерлерге орнатылған бағдарламалық құралдарға,сондай-ақ ақауларға профилактикалық тексеру жүргіздік.Бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелерін шешумен және компьютерді оңтайландыруға қатысты басқа әрекеттермен айналыстық.Олар:Microsoft Word бағдарламасының дұрыс жасамауы.Қажетсіз бағдарламалық құралдарды жоюмен айналыстық.

Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты салаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап,пайдалана білу бүгінгі уақыттағы басты мәселе.

Жұма күні жетекшімен бірге жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағаладық(мекемедегі барлық компьютерлерді).Келесі күніде соған ұқсас жұмыспен интернетке қосылудың бірыңғай иллюзі арқылы қосылуы және құжат айналымының сервер жайын қадағалаумен айналыстық.Келіп түскен өтініштерді сапалы орындалуын қағалауменде айналысып отырдық.Аптасына бір рет қажетсіз сайттарды бұғаттау және қауіпсіздік сертификатын орнатумен айналысып отырдық.

Елді-мекендегі ұялы байланыс арнасы мен интернет желісінің сапасын жақсарту мақсатында тиісті операторлармен жұмыс жүргізу.Жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға ынталандыру бойынша іс-шаралар қабылдау.”Цифрлы Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын орындау маұсатында тиісті жұмыстарды ұйымдастыру.109 бірыңғай байланыс орталығына келіп түскен өтініштердің сапалы орындалуын қадағалау.Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалау.Облыс әкімінің, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларындағы мәселелерді тиістілігіне қарай мерзімінде орындау сияқты көп жұмыстармен практика уақытында айналыстым.Көп нәрсе үйрендім.Болашақта осы сала бойынша жұмыс істегім келеді.




"Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Созақ ауданы әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, ауылдық округтер мен кент әкімдерінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

Менің жұмыс орнымда компьютер мен перифериялық құрылғылар бар (тізімдеу және сипаттау).Мен Қолданылатын операциялық жүйені, негізгі бағдарламалар мен ішкі бағдарламаларды таңдау принциптерін зерттедім. Ұйымда қолданылатын есептеу техникасын пайдаланудың сипаттамалары мен ерекшеліктерін, қажетті ақпаратты тіркеу технологиясымен таныстым.

Мен компанияның жергілікті желісінің құрылымымен, оны пайдалану принциптерімен және таратылған деректерді өңдеу әдістерімен жұмыс жасадым. Компанияның жергілікті желісі барлық бөлімдерді біріктіреді, Интернетке кіру үшін DSL, кабельдік модем қолданылады, маршрутизаторға сымсыз кіру нүктелері салынған.

Менің тапсырмаларымның бірі жұмысшылардың мәліметтер базасын толтыру болды. Мен кәсіпорынның жаңа мамандарының жеке ақпаратын бұрыннан бар базаға енгіздім. Жұмыс барысында жеке деректерді қорғау және оларға рұқсат етілген қолжетімділік қалай жүзеге асырылатындығымен таныстым.

Кәсіпорын сайтын құру және қолдау кезінде қолданылған технологияларды, гипермәтінді қолданудың әртүрлі тәсілдерін қарастырдым, сонымен қатар графикалық кескіндерді өңдеу орталарында мәселелерді шештім. Маған сату сайтында сілтемелерді, кестелерді, фотосуреттерді орналастыруға және Интернет желісінің байланыс сигналы әлсіз болған кезде ақпаратты дұрыс және жылдам шығаруға арналған бағдарлама әзірлеу сеніп тапсырылды.

Кәсіпорында ақпаратты бұрмаланудан және рұқсатсыз қол жеткізуден қандай әдістермен қорғайтынын зерттедім, таңдалған ақпараттық технологияларды қолданудың орындылығын түсіндім. Ақпаратты қорғау үшін мекеме түрлі антивирустарды қолданады. Мен сату бөлімінің кейбір компьютерлерінде бағдарламаны өзім орнатып, жаңартып отырдым.

Негізгі міндеттері:

1) аудан әкімі және әкімдігінің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

2) аудан әкімі және әкімдігінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

3) аудан әкімі және әкімдігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.



Функциялары:

1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің мүдделерін білдіреді;

2) облыс әкiмiне орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзеді;

3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзеді;

4) аудандық мәслихатқа "Ауданның құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымды адамдарды қызметіне тағайындайды және қызметiнен босатады;

6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;

7) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;

8) тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органды кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу үшін уәкілетті орган ретінде айқындайды;

9) мектепке дейінгі ұйымдарға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда), әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;

10) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшілiк-аумақтық бірлікті басқару схемаларын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;

12) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;

13) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, азаматтық қорғау, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

14) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде төмен тұрған әкімдердің жұмысын үйлестіреді;


15) төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

16) аудан бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді;

17) аудан бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына табыс етедi;

18) ауданның тиiстi қаржы жылына арналған бюджетi туралы аудан мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;

19) ауданның бюджеттік комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді және оның құрамын айқындайды;

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер қаралған жағдайда, бюджеттік комиссиялардың жұмысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тартылады;

20) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекiтедi;

21) ауданды дамыту бағдарламасын әзірлейді және мәслихаттың бекiтуiне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етедi;

22) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды тиісті ауданның даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;

23) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;

24) заң актілеріне сәйкес аудандық коммуналдық меншікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

25) кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық меншіктің тізбесін айқындайды;

26) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;

27) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

28) ауданның аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;

29) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

30) осы ауданның аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады, аудандық коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, кентішілік және ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді;


31) ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;

32) әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;

33) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;

34) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

35) аудандық маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;

36) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады;

37) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;

38) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

39) мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;

40) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;

41) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;

42) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

43) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;

44) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

45) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

46) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді атқарады;

47) аудан аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;

48) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;