Файл: Мен Амангелді Алтынай Берікызы Алматы Технологиялы Университетіні "Инжиниринг жне апаратты технология" факультетіні "Есептеуіш техникасы жне бадарламалы амтамасыз ету 2011" мамандыыны 3 курс студенті 29. 05.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.10.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


49) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құрады;

49-1) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізеді және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді әзірлейді;

49-2) аудан әкімдігі "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудандық бюджетінің жобасын талқылауды жүргізеді;

49-3) аудан әкімдігі "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудандық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді;

50) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;

51) тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

52) азаматтардың тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығының іске асырылуын жүзеге асырады;

53) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгілеген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативтер шегінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді;

54) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының аудандық бюджетке толық көлемде түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;

55) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен лицензиялауды жүзеге асырады;

56) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;


57) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;

58) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;

59) дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

60) "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады;

61) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;

62) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

63) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

64) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Қорытынды

Практикадан өту кезінде оқу барысында алған теориялық дағдыларын тәжірибелік дағдылармен біршама нығайттым. Кәсіпорынның ұйымдастырылуымен, құрылымымен және жұмыс істеу принциптерімен таныстым. Ұжыммен қарым-қатынас дағдыларын дамыта отыра,ұжымда жұмыс тәжірибесін алдым.

Тәжірибе барысында өзімді қабілетті және жауапты қызметкер ретінде көрсете алдым. Кәсіпорында алынған жеке тапсырма толық және мерзімінде орындалды.Сонымен қатар ақпараттық жүйелер, антивирустық бағдарламалар, компьютерлік желілер және т. б. саласындағы білімімді кеңейттім.Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы білімімді одан әрі кеңейту қажет деп санаймын, атап айтқанда:Кәсіпорын ақпараттық жүйесімен жұмысты тереңірек зерттеу.Өндірістік практикадан өту кезінде Информатика және жүйелік және қолданбалы бағдарламалау сияқты пәндерді оқу кезінде алынған білім ерекше құнды болды.