Файл: за мерзімді жоспар блімі Тригонометрия Мектеп Бейнеу жалпы білім беретін мектепкмм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 39

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тригонометрия

Мектеп: Бейнеу жалпы білім беретін мектеп-КММ

Педагогтің аты-жөні:

Идрейсова Жанар

Күні:

20.01.2023

Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тригонометриялықфункциялардыңқасиеттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.4.5

бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын табу;

9.2.4.6

бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың жұптылығын (тақтылығын), периодтылығын , бірсарындылығын және таңбатұрақтылық аралықтарын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

-тригонометриялық функциялардың жұптылығын (тақтылығын), периодтылығын , бірсарындылығын және таңбатұрақтылық аралықтарын біледі;

-тригонометриялық функциялардың жұптылығын (тақтылығын), периодтылығын , бірсарындылығын және таңбатұрақтылық аралықтарын тапсырмалар орындауда қолданады;

Бағалау критерийлері


-тригонометриялық функциялардың жұптылығын (тақтылығын), периодтылығын , бірсарындылығын және таңбатұрақтылық аралықтарын ажыратады;

-тригонометриялық функциялардың жұптылығын (тақтылығын), периодтылығын , бірсарындылығын және таңбатұрақтылық аралықтарын тапсырмалар орындауда қолданады;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.
«Ой қозғау» әдісі.
.


Ұйымдастыру:

оқушылармен сәлемдесу, сыныптағы қажеттілікті түгелдеу, топтық және жұптық жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін ескертемін. Жәнеде бүгінгі сабақтың мақсатын қысқаша айтып өтемін.

«Ой қозғау» әдісі.

Шайтан көлден хан сарайының арасы тай шаптырым жер, ал Тазша лашығы ат шаптырым жерде орналасқан. Өлшемей айт, Шайтан көлмен лашық арасы неше шақырым болады?

Сыныпты «Термин сөздер» тәсілі арқылы 3 топқа топтастырамын.

Үй тапсырмасын тексеру үшін « Жолдың шетіндегі таңбалар» әдісін қолданамын. Оқушыларға үй тапсырмасына қатысты дәптердің шетінде «Ж»- жеңіл, «Қ» қиын, «К» - күмән тудырады деп таңба қалдыруды сұранамын, мұғалім сабақтың басталуына дейін әрбір оқушының проблемаларын көруге, ал оқушы рефлексия жасауға үйренеді.

Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
Шешімі:
Ат шаптырым - 20 км
Тай шаптырым -15 км                
1 шақырым -1 км
А - Шайтан көл
В - Тазша баланың лашығы 
С - Хан сарайы 

Х-ізделінді шақырым
а2+b2=c2  Пифагор теоремасын пайдаланып табамызАВ2=AС2+BC2    
АВ=√625=25
Жауабы: 25 шақырым.
Үй жұмыстың шешімі тақтада көрсетіледі, оқушы өзінің қателерін анықтайды.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Оқушылар дәптерлеріне әр есептің тұсына (-;+) арқылы өзін-өзі бағалайды.


Түрлі түсті кеспе қағаздар




Ширату сұрақтары: Әр топ өткен тақырыптарға байланысты құрастырылған мозайкадағы сұрақтарға жауап береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады.

«Синус» тобы тригонометриялық функциялардың таңбаларын оқып келеді. 

«Косинус» тобы тригонометриялық функциялардың периодтылығын оқып келеді.

«Тангенс» тобы тригонометриялық функциялардың жұптылығы мен тақтылығымен танысады.

Сұрақтар:

Синус дегеніміз не?Синус функциясының 0-90 градус аралығындағы мәндерін атап беріңіз?

:Косинус дегеніміз не?Косинус функциясының 0-90 градус аралығындағы мәндерін атап беріңіз?

:Тангенс дегеніміз не?Тангенс функциясының 0-90 градус аралығындағы мәндерін атап беріңіз?

Дескриптор:

-суракка жауап береді 3-балл

Бағалау:

Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады

талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

ДК экраны
Сұрақтар топтамасы.








Оқушылар жаңа сабақты үйде оқып келеді және оны оқушылар бағыты бойынша келесі топтарға түсіндіреді

«Екеуі үйде, үшеуі қонақта» әдісімен бір - біріне «қонаққа» барады. Пікір алмасып, ой бөліседі. 

Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады.

Оқушылар оқулықтан жаңа сабақты оқып, топ ішінде талқылап бір- біріне түсіндіріп әр топ қорғайды:


ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. 3-басылымы. – Алматы : Атамұра, 2013. – 192 бет.

Сабақтың ортасы


Жеке жұмыс.


«Сағат тілі » әдісі бойынша оқушылар орындаған жұмыстарын келесі топпен алмасады.



Саралау:

Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай топта оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі көрініс табады.

Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.


Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. Топтар келесі топтың тапсырмасын алмасып тексереді.

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп картаны толтырады.


Дескриптор:

-ширектерін табады

-тақ, жұптылыгын табады

-периодын табады

3-балл

Бағалау:

Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
.



ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Семантикалык карта



Жеке жұмыс.




Тиімділігі: Оқылым мен айтылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрініс табады.


Берілген тапсырма бойынша есепті орындайды


Дескриптор:

-тақ, жұптылыгын табады

-жауабын жазады

2-балл

Бағалау:

Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады



ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Шыныбеков

«Атамұра» 2019



Жұптық жұмыс.
Жазылым.


Мақсаты: Берілген сөздердің ережесі мен мысалын жазу арқылы бір-бірінен айырмашылығын ажыратады.

Тиімділігі: Оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысы мен жазылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрініс табады.



Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, жуптык талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп есепті орындайды.

Дескриптор:

-тақ, жұптылыгын табады

-жауабын жазады

2-балл

Бағалау:

Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады


.
9-сынып оқулығы.

Шыныбеков

«Атамұра» 2019


Сабақтың соңы.


Ой толғаныс.

Рефлексия


«Пікір алмасу» (Showdown). Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ немесе есеп дайындайды. Әрбір сұрақты немесе есепті стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтар немесе есепді оқиды (көрсетеді), топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.

Үй жұмысы:

Рефлекция: «Уақытпен ойла» әдісі

Мұғалім сөз айтады.

(функция, синус,косинус)


Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін тұжырымдайды.

Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Пікір алмасу» (Showdown). тәсілі көрініс табады

1 минут аралығында оқушылар сол сөзге. Уақыт аяқталған соң іштерінен оқиды. Сдан кейін мына сұрақтарға жауап береді:

Неге мен осы сөздер мен сандарды жаздым?

Осыны жазғанда не ойладым?

Жазғандарым мен үшін қаншалықты қажет?

Дескриптор:

-сұрактарға жауап береді

-есептерді шығарады Бағалау:«Жұлдызша» тақтада топтың атауының тұсына жұлдызшалар қойылады. Ол тақтада көрініп, сол арқылы оқушылар өздерінің сабақта қаншалықты сабақты орындап отырғанын анық біле алады. Топ басшы топ ішінде жұлдызшамен бағалайды.



ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Шыныбеков

«Атамұра» 2019



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


  1. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы берілген уақытта есепті шеше алмаған оқушыға ширектерді еске түсірту арқылы, таңбаларды анықтауға мүмкіндік жаратамыз;

  2. Тапсырма тәсілі арқылы әртүрлі деңгейдегі оқушыларға «көмек керек пе әлде қосымша есептер ме?»-сұралып, сосын сол арқылы жұмысты жүргізу;

Көмек қажет оқушыларға белгілі бір уақыт беріліп, уақыт біткен соң жылдам орындаған оқушылар аяқтай алмаған оқушыларға көмек көрсетеді.

10-баллдык жүйе бойынша багалау

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу тұруына назар аудару.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:




Пәні: Алгебра

Мектеп: Бейнеу жалпы білім беретін мектеп-КММ

Күні: 11.10.2021

Мұғалімнің есімі: Идрейсова Жанар

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Периодтты функциялдар

Сабақ негізделген оқу мақсаты:




Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Период терминінің мағынасын түсіну;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • период және периодты функция ұғымын енгізу;

  • графиктік және аналитикалық тәсілмен берілген функциялардың периодын табуды үйрету.

Кейбір оқушылар: Периодты табуға есептер шығару.

Бағалау критерийлері

Келтіру формулаларын қайталайды

Период терминінің мағынасын түсінеді;

Периодты табуға есептер шығарады..

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

блок, тенденция,қасиеттер, топ, периодтық кесте, ядроны сипатттау , протон, атомдық нөмір, элемент, радиоактивті, қатты заттар, сұйықтар, газдар (бей-) металдар

Оқушылар орындай алады:­

Периодтық кесте элементтер тобына бөлінген

Бір топтағы элементтер бірдей қасиеттерге ие

X у сияқты бір топқа жатады, себебі олардың екеуі де z тең

Неге (элемент) осы топқа жатады?

Құндылықтарды

дарыту

  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегени құрмет;

  • топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;

  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

Пәнаралық байланыс:

Геометрия мен география

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы.

Алдыңғы тақырып




Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы


Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Уақыт тақырыбына қатысты суреттердің мазмұнын ашады.

Мұғалім: «Бүгінгі сабақта керісінше жұмыс жасаймыз, мақалдың мәнін түсініп, сурет және сахналанған көрініс арқылы береміз».

Функция деген не?

Функцияның анықталу облысы деп нені айтады?

Функцияның мәндерінің жиыны деп нені айтады?

Функцияның берілуінің қандай тәсілдерін білеміз?

y=ах+в, y=ax2 , y=ax3 функцияларының графигі не? Функциясының графигін шығару үшін қанша турлендіру орындалады?

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.

Үлестірме қағаз;

Слайд 1-5


«Ой қозғау»
«Джиксо» әдісі
«Есептер банкасы»

Тест

«Рефлексиялық нысана»


Жаңа тақырып:





І тапсырма: Келтіру формулаларын қайталау

ІІ тапсырма : f (x) = f (x+T) орындалатындай формулаларды жинақтау

ІІІ тапсырма: Периодты функцияның анықтамасын шығарып алу

IV тапсырма: Ең кіші оң периодтарын анықтау.

Тапсырма:

Функцияның ең кіші оң периодын анықтаңыз:

(π)

(5π)

(6π)

(2π)

( ) (2π)

( )

Анықталу облысында төмендегі функциялардың ќайсысы жұп:

1) ; 2) ; 3) ; 4) ? (1; 2)

Анықталу облысында төмендегі функциялардың қайсысы тақ:

1) ; 2) 3) ; 4) ?





құрастырғанда парабола, гипербола, эллипс ережелері құралады. «Парабола», «Гипербола», «Эллипс» деп аталатын топтарға бөлінеді.

Тақырыпты ашу мақсатында жетекші сұрақтар қойылады. Бөлінген материалды әр топ оқып және өзара түсіндіреді
Банканың ішінде берілгені салынып, оны топ ішіндегі оқушылар шығарады.

Тест тапсырмалары орындалады. Жұптық болып тексереді

Қатысушы нәтижені бағалауға сәйкес секторларға белгі қояды, нысана орталығына жақын болса, баға ондыққа жақын, нысана шеттерінде баға нөлге тең.

Сабақ соңы


Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?

Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?

Үлестірме қағаз

Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс: Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Қабілеті жоғары оқушылардың жеке жұмыс істеуіне мүмкін беру, яғни қосымша күрделі тапсырмалар беру арқылы.

Мотивациясы төмен оқушыларға қосымша жеңіл есептер мен сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау

«Рефлексиялық нысана»

Қазақ тілі мен әдебиеті

Сыныпта ынтымақтастық, өзара сыйластық, бір-біріне құрметі артады.




11.02.2019

Пән мұғалімі: Идрейсова Жанар

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың атауы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

6.2.2.14; Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі түсіну

6.2.2.15 Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді жүйесін шешу

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін біледі Оқушылардың көпшілігі

бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін құрып, оның шешімдерінің жиынын сан аралығында белгілей және жаза білу дағдысын қалыптастыру.

Оқушылардың кейбірі

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер шешу жолдарын есептерде қолдана алады

Жетістік критерийлері

, Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесіндегі теңсіздіктердің ортақ шешімін таба біледі.;

-Ойын нақты жеткізе алады;

-Өзін-өзі реттейді

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

География

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Есептерді шығару үшін ережелерді қолдана алады.

Пән лексикасы және терминология:

Санды теңсіздіктер жүйесітақырыбына қатысты жаңа сөздер мен терминология.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Келесі көріністе сіздер ………………………….. көре аласыздар.

Назарларыңызға ұсынылған суретте ………………… бейнеленген.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Санды теңсіздіктер» тақырыбында арнайы шығару есептерін дамытып, ережелер дағдыларын дамытты.Есептерде тақырып ережелері түрлерін дұрыс қолдануға дағдыланды.

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Ынтымақтастық атмосферасы

Топқа бөлу

Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды санау арқылы топқа бөлу

«Жүректен-жүрекке» тренингі

Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.Әр оқушы өз достарына жылы лебіз білдіреді

Интерактивті тақта

Үлестермелі қағаз

Бағалау парқшалар

Үй тапсырмасын сұрау


Ой қозғау сұрақтары:
Біз не білеміз?
1. Қандай сан аралықтарын білесіңдер?
2. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтады?
3. Мәндес теңсіздіктер деп қандай теңсіздіктер аталады?
4. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?
5. Теңсіздіктер мәндес теңсіздіктерге қалай түрлендіріледі?
6. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу үшін не істеу керек?

Үлестермелі қағаз

Бағалау парқшалар

Қызығушылықты ояту

Есеп. Оқушы бүтін сан ойлады. Ойлаған санға оның –ін қосса, 10-нан үлкен сан шығады. Егер ойлаған саннан оның -ін азайтса, 5-тен кіші сан шығады. Оқушы қандай сан ойлады?

Шешуі: , , , 8˂х˂10, х=9.





Мағынаны тану


Әр топқа бірдей тапсырмалар беремін, оқушылар тақырыпты жұппен, содан соң топпен талқылап, өздері оқып меңгереді.

Ары қарай «Сұқ саусақ» стратегиясын пайдаланамыз. Бір топ ортаға шығып, қалған топтарға тақырыпты түсіндіреді.

Тапсырма:

1 – мысал.Оқушы 4 дәптер сатып алу үшін 200 теңгеден көп ақша төлейді.егер дәптердің бағасы 20 теңгеге қымбаттаса, ол 360 теңгеден аз ақша төлейді. Дәптердің алғашқы бағасы неше теңге?

Шешуі. х- дәптердің алғашқы бағасы

Есептің шарты бойынша:

бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі құрылады.

Теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін жеке-жеке табайық




,



Теңсіздіктердің табылған шешімдерін бір координаталық түзуде кескіндейміз:






50 70

Жүйедегі теңсіздіктердің екеуіне де ортақ шешімдер жиыны (50;70) аралығы (интервал) немесе 50

  1. Бір айнымалысы бар теңсіздіктердің шешімдерін табу үшін:

  • Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін табу керек;

  • Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндеу керек;

  • Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табу керек;

  • Жүйедегі теңсізідктердің барлығына ортақ шешімдер жиыны жүйенің шешімдері болады;

  • Жүйенің шешімдері сан аралығымен немесе теңсіздікпен жазылады.

Ал, қазір мен сіздердің алдарыңызға бағдаршам суретін таратамын, сол бойынша сіздер тақырыпты қаншалықты меңгергендеріңізді тексере отырып, бірінші тапсырма бойынша өз-өздеріңізді бағалайсыздар. Екінші тапсырма бойынша көршіңізді бағалайсыздар. Үшінші тапсырма бойынша топ басшысы бағалайды.
Есептер шығару: а) карточкамен жұмыс




Үлестермелі қағаз

Бағалау парқшалар

Сергіту сәті







Ой толғаныс


«Математикалық лото» ойыны. Топ лото ойнау арқылы түскен есепті шығарады.
3. Тік төртбұрыштың ені 4 см, оның периметрі 20 см-ден кіші. Тік төртбұрыштың ұзындығын бағалаңдар.
4. Берілген бүтін сан мен сол санның -ін қоса, 10-нан үлкен сан шығады. Егер сол саннан оның -ін азайтса, 5-тен кіші сан шығады. Берілген бүтін санды бағалаңдар.
5. х-тің қандай мәндерінде бөлшек дұрыс бөлшек болады:
. Семантикалық картаны толтырыңдар

Ж ауабы
Теңсіздіктер

[-4;6]

(5;7)

Ø

[-3;4)

[-3;+∞)


































































































Үлестермелі қағаз

Бағалау парқшалар

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

Рефлекция  

сұрақ-жауап) (3 мин)

  1. Бұл сабақты мен қалай түсіндім?

  2. Өзім турал не білеміз?

  3. Сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақты жақсы оқу үшін не істеу керек?

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату









Тақырыбы:


Өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Күні,айы:

25.10.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Идрейсова Жанар

7 «А» сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.1.13

көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

өрнектерді тепе-тең түрлендіруде қысқаша көбейту формулаларды қолдана білу, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету.

Оқушылардың басым бөлігі:

Қысқаша көбейту формуласын қолдана отырып, рационал өрнектерді теңбе-тең түрлендіруге есептер шығаруға дағдыланады.

Кейбір оқушылар:

Ой-өрісін дамыту, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару,іскерліктерін дамыту , теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(МК)

«Егер мен» ойыны

арқылы үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді

Үйге берілген тапсырма сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Тақтадағы сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау, соңына егер мен ойыны арқылы топптар өзера талқыласады

1) Қысқаша көбейту формулаларын тексеру кезеңі: «Жұбыңды тап» тапсырмасын орындау. 2′

2) Ауызша есептеу: «Белгісіз өрнекті анықта». 2′

(а-b)(а2 + +b2)=а3-b3

с2+ 4ас +         =(c+2a) 2

(а - )(а2 +5а +25)=a3 -125

-16bс +64b2 = (c -8b)2

(2- 3с)( 4+ +9с2)=8-27c 3

Дескриптор:

-Қысқаша көбейту формулаларын біледі – 1 балл

- белгісіз мүшелерін анықтайды – 1 балл






Сабақтың ортасы

(МК,Ұ)
Формуланы топтастыру


1) « Математикалық диктант» 2′

  • 1) а мен 3с өрнектерінің қосындысының квадраты.

  • 2) в және 5а өрнектерінің қосындысы мен айырымының көбейтіндісі.

  • 3) 2х және 5у өрнектерінің кубтарының  қосыңдысы

  • 4) х және 4  өрнектерінің айырымы мен қосындысының көбейтіндісі.

2) «Сәйкесін тап» 3′

  • 16-4х2                              (x-6c)(x2+6xc+36c2)  

  • (3a-5b)2                                 a3-6а2 b+12аb2 -b3

  • (2a+3b)2                              (4-2x)(4+2x)

  • (a-2b) 3                         4a2+12аb+9b2

  • х3-216с3                                  (a+1)(a2_a+1)

  • 3 +1                             9a 2 - 30аb+25b 2  

Дескриптор:

-Қысқаша көбейту формулаларын біледі – 1 балл

- тапсырманың жұбын анықтайды – 1 балл

3) «Деңгейлік тапсырма» 5′

І-деңгей:      

  • 1) Көбейткіштерге жікте: а) 49n2-25;

ә) 8-m3;

  • 2) Көпмүше түрінде жаз: а) (5х-2у)2;

ә) (3+в)3;

ІІ-деңгей:    

  •   1) Өрнекті ықшамда: (m+2n)3-m3+4n3

  • 2) Есепте: 762 -242 

  ІІІ-деңгей:  Теңдеу шешу: 



Оқулық

Аудидиск:
№1Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

(Қ)

Кім жылдам

арқылы сабақты жинақтайды

Есептер шығарады

Әр топтан 2 оқушы ортаға шығып сұрақтарға жауап береді , есептер шығарады

Семантикалық карта» 5′





А)

В)

С)

D)







Көбейткіштерге жікте:

а2-4у2

(а-4у)(а+4у), 

Б                         


(а-4у)2

С


(а-2у)(а+2у), 

Е     


(а+4у)2

Р






Көбейткіштерге жікте:

27а33

(3а+в)(9а2- 3ав+в2),

В             


(3а-в)2

И

(3а-в)(9а2-3а+в2), 

Т                 

(3а- в)(9а+3а2+в), 

Я






Бөлшекті қысқарт: 

72

__________

132-112



2

A



1,5

К


1

М



3

О






Көпмүше түрінде жаз:

(2-х)2

4-4х+х2

Г          

2

Х

      

4-х2

Ф                

4-2х+х2,

 Л   






Көбейткіш

терге жікте:

8-12а+16а23

(4-а)3

Д              

(4+а)3

Ж            

(2-а)3

И              

(2+а)3

Н






Жасырын сөз «Евклид»

«Оқушы шығармашылығы» 5′

  • 1. Евклид кім?

  • 2. Евклидтің қандай еңбегін білесіңдер?

  • 3. Қысқаша көбейту формулалары қашаннан белгілі болған?

  • 4. Евклид қысқаша көбейту формулаларын қалай дәлелдеді?

(a+b)2 =a 2 +2ab+b 2 формуласын геометриялық тәсілмен дәлелдеу.


a·b

a·a
a


b·b

a·b


b


b




a b